Нуссельт саны қалыптасқан ағындағы қабырға мен ағын ядросы арасындағы жылуалмасу үдерісінің ұқсастығын сипаттайды.
Прандтль саны -конвективтік жылуалмасудағы жылутасымалдағыштардың физикалық қасиеттерінің ұқсастығын сипаттайды.
Грасгоф критерийі -сұйықтар ағынының табиғи конвекция жағдайындағы гидродинамикалық кезеңін сипаттайды.
Осы алынған ұқсастық сандар жылуды конвекциямен берудің ұқсастықтар теңдеуін алуға мүмкіндік береді.
f(Re, Gr, Pr, Fo)=0
Мұндағы Nu біркелкі жағдайлардан құралмағандықтан ұқсастықтың анықталатын саны болады, сонда
Nu=f(Re, Gr, Pr, Fo)
Есептеуді жеңілдету үшін, егер жылуалмасу қалыптасқан болса
Nu= f(Re, Gr, Pr)
Еріксіз конвекция кезіндегі критерийлік теңдеуде Gr критерийі алынып тасталынады
Nu =f(Re, Pr), немесе Nu =A Ren Prm
Ерікті конвекция кезіндегі критерийлік теңдеуде Re критерийі алынып тасталынады.
Сұйықтардың еркін ағуындағы жылуберу. Сұйықтардың еркін ағуы (еркін конвекция) ыстық жəне суық бөлшектердің қысымының салдарынан болады. Мұндағы жылуберудің ұқсастық теңдеуі бойынша жазылады:
Nu =c(GrPr)m (2.11)
Мұндағы с, m -тұрақтылар, олар сұйықтардың қандай кезеңде ағуына байланысты болады: ламинарлық кезеңде Gr·Pr<5·102, мұндағы c=1,18 n=0,125; өтпелі кезеңде Gr·Pr=5·102÷2·107, мұндағы c=0,54 n=0,25; турбулентті кезеңде Gr·Pr>2·107, мұндағы c=0,135 n=0,33. Грасгоф критерийін есептегенде (2.28) бойынша анықтаушы геометриялық өлшем ретінде цилиндрлік жəне сфералық денелер үшін диаметр, ал жазық қабырға үшін олардың биіктігі алынады. Анықтаушы температура ретінде шекаралық қабаттың орташа температурасы t=0,5(tқ+tc) алынады. Осы температура бойынша керекті физикалық мəндердің шамалары анықталады. Сұйықтардың еріксіз ағуындағы жылуберу. Сұйықтардың еріксіз ағуы кезіндегі жылуберудің қарқындылығы бірінші кезекте сұйықтардың ағу кезеңіне байланысты. Ламинарлы кезеңдегі (Re<2300) жылуберу сұйықтардың еркін жəне еріксіз қозғалыстарымен анықталады. Ламинарлы кезеңдегі жылуберуді есептеу үшін мына теңдеу пайдаланылады.
Nu=0.43Re0.33 Pr0.43 Gr0.1 (Pr/Prқаб)0.25. (2.12)
Бұл теңдеу l/d>50 болған кезде дұрыс, мұндағы l -құбыр ұзындығы, м. Анықталмаған шама ретінде каналдың эквивалентті диаметрі dэ алынған. Агрегаттық жағдай өзгергендегі жылуберу. Жылуалмасу үдерісінде көп жағдайда қыздырылатын немесе суытылатын заттар өздерінің агрегаттық жағдайын өзгертеді: буланады, суланады, балқиды немесе кристалданады. Жылуалмасу үдерісінің мұндағы ерекшелігі сол, мұндағы жылу заттарға тұрақты температура кезінде беріледі немесе алынады, ал оның таралуы бір фазада емес, екі фазада өтеді. Жылуберудің осы ерекшелігін ескеруде қосымша ұқсастық сан алады. ∆t=tқаныққан–tқабырға, яғни мұндағы бу өзінің қанығу температурасынан төмен температуралы қабырғамен жанасып конденсацияланудағы температуралар айырымы. К -фазалар шекарасындағы агрегаттық жағдайдың өзгеруі салдарынан болатын ағатын сұйықтың салыстырмалы өзгеру мөлшерін сипаттайды. Басқаша айтқанда, заттың агрегаттық күйінің өзгерісін сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |