Дәрілер технологиясы кафедрасы Дәріс комплекстері


Ерітудің ерекше жағдайлары



бет6/47
Дата07.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#485826
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
ЛекцияОсновы-фармацевтической-технологии-3-курс-6-семестр-каз

Ерітудің ерекше жағдайлары.

    • егер дәрiлiк заттың мөлшерi 3%-ға дейiн болса, онда тазартылған су мөлшерiн рецептте қанша жазылса, сонша көлемде алу керек, себебi, ұнтақтың мөлшерi оны ерiткен кездегi ерiтiндi көлемiнiң өзгеруi (ҚР ДСМ 2.06.2003 ж. N 85 бұйрығындағы ауытқу нормаларына кiредi);

    • егер ерiтiндi құрамында улы, күштi әсер ететiн заттар жазылған болса, онда ең алдымен осы заттардың дозаларының дұрыстығын тексередi;

    • аса гигроскопиялық заттардың (кальций хлориді, кальций ацетаты) сұйық дәрiлiк түрлерiн дайындау кезiнде олардың концентраттарын қолданады, мысалы, кальций хлоридi ерiтiндiлерiнiң технологиясында 50%-дық немесе 20%-дық концентрлi ерiтiндiлерi қолданылады;

    • ерітінділерді дайындау кезінде дәрілік заттардың қасиеттерін ескеру қажет: баяу және аз еритiн дәрiлiк заттар; ірі кристалды заттар; тотықтырғыш қасиетi бар заттар; жеңiл еритiн комплекстi қосылыс түзетiн заттар және т.б.



Салмақтық тәсiлмен:

  • қатты және сұйық дәрiлiк заттардың, салмақпен дозаланатын тұтқыр және ұшқыш ерiткiштердегi ерiтiндiлерi;

  • дисперстiк орта табиғатына байланыссыз (сулы, спирттi-сулы, бейсу), дисперстiк фаза концентрациясы 3% және одан жоғары суспензиялар;

  • дисперстiк фазасының концентрациясына байланыссыз эмульсиялар;

  • сұйық гомеопатиялық дәрiлiк құралдар.

Салмақтық-көлемдiк тәсiлмен:

  • сулы ерiтiндiлер;

  • сулы-спирттi ерiтiндiлер;

  • галендi, жаңа галендi дәрiлiк құралдар (тұндырмалар, сұйық экстракттар, адонизид және басқалар) дайындалады.

Салмақтық-көлемдiк тәсiлмен дәрiханада сұйық дәрiлiк түрлердi (микстураларды) дайындау үшiн: өлшегiш құралдар комплектiсi; бюреткалық қондырғылар үшiн арнайы концентрлi ерiтiндiлер; микстураларды дайындау үшiн арнайы есептеулер жүргiзу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет