Дәрілік аллергия



Дата21.02.2022
өлшемі0.74 Mb.
#455619
Аллергия

Аллергия


Аллергия — (көне грекше: ἄλλος— басқаша, ergon — әрекет, жауап) — организмнің қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне әдеттегіден тыс сезімталдығы. Аллергия терминін алғаш 1906 жылы Австрия педиаторлары К.Пирке мен Б.Шик енгізген. Аллергия туралы деректер көне заманнан белгілі. Гален (2 ғасыр) раушан гүлінен адам мұрынының бітіп қалатыны туралы жазған. Аллергияны туындататын заттарды аллергендер дейді. Аллергендер организмге сырттан түсетін (экзогендік) және организмнің өзінде өндірілетін (эндогендік) болып ажыратылады.

Экзогендік аллергендерге өсімдіктердің тозаңдары, жануарлардың түбіті, қайызғағы, үй шаңы, кір жуғыш ұнтақтар, кейбір тағамдық заттар, дәрі-дәрмектер (новокаин, пенициллин, витаминдер т.б.), микробтар мен вирустар, өндірістік өнімдер жатады. Эндогендік аллергендер көпшілік жағдайларда әртүрлі микробтардың, вирустардың, суық немесе ыстық температуралардың, улы химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерлерінен организімнің өзінде пайда болады. Аллерген организмге алғаш рет түскенде иммундық жүйелерге әсер етіп, оның сол аллергенге сезімталдығын көтереді. Кейін бұл аллергеннің қайталап түсуі салдарынан аллергиялық ауру пайда болады. Аллергияның кең тараған түрлеріне: бронхиалдық демікпе, есекжем, Кванке ісінуі, поллиноздар және анафилаксиялық шок жатады. Аллергиямен ауырған адам аллерголог-дәрігердің бақылауында болуы керек.

Дәрілік аллергия

Бронх демікпесі

  • Соңғы жылдары бронх демікпесімен ауыру өте жиілеп кетті.Мұны негізгі 3 факторлармен байланыстыруға болады. Біріншіден, аллергиялық реактивтіліктің жоғарылауы. Екіншіден, химиялық өнеркәсіптердің дамуымен, қоршаған ортаның ластануымен және тағы басқа жағдайлармен қатынастың жоғарылауынан аллергендермен байланыс артты. Үшіншіден, бронх демікпесінің дамуына ықпал етуші тыныс алу жолдарының созылмалы аурулардың жиілеуі. Сонымен бірге аурудың жастық құрылымы да өзгереді. Қазіргі таңда бронх демікпесімен ауыратын барлық науқастардың 44% -ын қарт және егде жастағы адамдар құрайды. Қарт және егде жаста аурудың инфекциялық аллергиялық түрі кездеседі. Ол көбіне тыныс алу мүшелерінің қабыну ауруларының (созылмалы пневмония, созылмалы бронхит және т.б.) нәтижесінде туындайды. Осы инфекциялық ошақтан ағза өз тіндерінің ыдырау өнімдерімен, бактериялармен және токсиндермен сенсибилизацияланады. Бронх демікпесі өкпедегі қабыну үдерістерімен, жиі бронхит, бронхиолит, пневмониямен бірге басталуы мүмкін.

Поллиноз

  • Поллиноз (латын тілінде pollen — өсімдік пен шөп тозаңы және osіs — ауру) — жоғарғы тыныс жолдары мен көздің шырышты қабығына өсімдік тозаңының түсуінен пайда болатын аллергиялық ауру. Аурудың маусымдық сипаты бар, әсіресе желмен тозаңданатын өсімдіктер гүлдеп, ауада тозаң көбейіп, организмнің сезімталдығы көтерілетін кезде байқалады. Поллиноз бір немесе бірнеше аллергендерде дамуы мүмкін. Аллергендер мұрынның шырышты қабығы, ас қорыту жолдары арқылы организмге түсіп, онда арнайы аллергиялық антиденелердің өндірілуіне әкеледі.

Бұл антиденелерді реагиндер деп атайды. Реагиндер шырышты қабықтарда, тегіс салалы еттерде болатын клеткалар мен қан базофилдерінің беттеріне жабысып, артынан аллерген организмге қайталап түскенде, онымен байланысады. Осыдан клеткалар мен базофилдер өздерінен түйіршіктер бөліп шығарады. Бұл түйіршіктерде биологиялық белсенді заттар болады. Осы заттардың әсерінен ауық-ауық тыныс алу жолдарының шырышты қабығы қабынады, мұрын бітеліп, одан көп мөлшерде су бөлінеді, көзден жас ағып, түшкірік жиілейді. Жоғары тыныс алу жолдарынан шырыш көп бөлініп, қақырық пайда болады, майда кеңірдекшелердің тегіс еттерінің жиырылуынан тыныс алу қиындайды.

  • Бұл антиденелерді реагиндер деп атайды. Реагиндер шырышты қабықтарда, тегіс салалы еттерде болатын клеткалар мен қан базофилдерінің беттеріне жабысып, артынан аллерген организмге қайталап түскенде, онымен байланысады. Осыдан клеткалар мен базофилдер өздерінен түйіршіктер бөліп шығарады. Бұл түйіршіктерде биологиялық белсенді заттар болады. Осы заттардың әсерінен ауық-ауық тыныс алу жолдарының шырышты қабығы қабынады, мұрын бітеліп, одан көп мөлшерде су бөлінеді, көзден жас ағып, түшкірік жиілейді. Жоғары тыныс алу жолдарынан шырыш көп бөлініп, қақырық пайда болады, майда кеңірдекшелердің тегіс еттерінің жиырылуынан тыныс алу қиындайды.
  • Емі: ауру адам өсімдік гүлдеген кезде тыныс жолдарына және көзіне тозаң түсірмеуге тырысуы керек; қыс айларында ауруды қоздыратын арнайы аллергенді анықтау қажет. Сол аллергеннің өте аз мөлшерін организмге енгізу арқылы адамның аллергенге көтерілген сезімталдығын азайтады.

дереу дамитын аллергиялық серпілістер. Бұлар организмнің сезімталдығын көтерген аллерген организмге қайталап түскеннен кейін бірнеше минөттің ішінде байқалады және иммундық глобулиндер (антиденелер) қатысатын организмнің сұйықтық (гуморалдық) жүйесі арқылы дамиды деп есептелді;

  • дереу дамитын аллергиялық серпілістер. Бұлар организмнің сезімталдығын көтерген аллерген организмге қайталап түскеннен кейін бірнеше минөттің ішінде байқалады және иммундық глобулиндер (антиденелер) қатысатын организмнің сұйықтық (гуморалдық) жүйесі арқылы дамиды деп есептелді;
  • баяу дамитын аллергиялық серпілістер, сезімталдығы көтерілген Т-лимфоциттер қатысатын, организмнің жасушалық иммундық жүйесі арқылы дамиды және аллерген организмге қайталап түскеннен кейін 24—48 сағат өткен соң байқалады деп есептелді.
  • Қазіргі күні «аллергиялық серпілістер» деген атаусөзбен қатар «жоғары сезімталдық» деген атаусөзде кең тараған. Осыған байланысты аллергиялық серпілістерді дереу дамитын жоғары сезімталдық (ДДЖС) және баяу дамитын жоғары сезімталдық (БДЖС) деп ажыратады.

Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!

Орындаған:Омарғазы Алия

Қабылдаған:Бану Рахимжановна



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет