Мақсаты: емдік
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: астаушаны, көз тамызғышын, мақта шариктерін, мақта турундаларын, дәрілік препаратты, қолғапты, вазелин майын, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (Ф-004 1/у) . Іс-әрекет алгоритмі:
Пациентке емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). Дәрілік ерітіндіні су моншасында t-36-37°С дейін жылытыңыз.
Пациентті сәл басын артқа қарай шалқайтып, қырына қарай бұрып, тамшы тамызатын екінші мұрын жолына қарама-қарсы немесе жастықсыз арқасымен жатқызыңыз.
Гигиеналық деңгейде қолға тазартып қолғапты киіңіз.
Мұрын жолдарын қараңыз, сілемейлі бөлініс немесе қабыршақ болған жағдайда, мұрын қуысына күтімді жүргізіңіз (стандартты қараңыз).
Пластикалық флакондағы мұрынға арналған залалсыздандырылған тамшыны қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз (аударыңыз) және қабырғасын қысып дәріні тамыздырыңыз.
Оң қолға мақта шариктерін алып, оларды V саусақпен алақанға қысыңыз.
Оң қолға тамызғышты алып, мұрынның екі жағына есептей отырып, дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз.
Сол қолдың ІV саусақтарын пациенттің маңдайына қойып, ал үлкен саусақпен мұрынның ұшын жоғары көтеріңіз.
10.Мұрын жолына 1-1,5 см тереңдікке тамызғышты енгізіңіз, оның қабырғасына тигізбеуге тырысыңыз.
11.Мұрынның шырышты қабатына 4-5 тамшы дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.
12.Мұрынның қанатын сүйек қалқасына мақта шаригімен қысып, жеңіл қозғалмалы айналысты жасаңыз.
13.Дәрілік ерітіндіні енгізген жағына қарай пациенттің басын еңкейтіңіз.
14.2 минуттан кейін екінші мұрын жолында дәрілік ерітіндіні сол тізбектілікпен тамызыңыз. Пациенттен хал-жағдайын сұраңыз.
15.Қолыңызды жуып кептіріңіз. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
16.Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа, пайдаланған мақта шариктерін, мақта турундаларын, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Ескерту:
майлы ерітіндіні мұрынға тамызғанда пациент тамшының дәмін сезуі қажет және бірнеше минут жатуы қажет, тамшы жұтқыншақтың артқы қабырғасына түсуі керек (мұрын қанатын сүйек қалқанына баспаңыз).
пластикалық флаконның тығынына тамызғыш қондырылған дәрілік ерітіндітек қана бір пациентке қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |