Студенттің білімі келесі кесте бойынша бағаланады.
БАҒА
|
әріптік жүйемен
|
баллмен
|
пайыздық мазмұнда
|
дәстүрлі жүйе бойынша
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65-69
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
Д
|
1,33
|
55-59
|
Д
|
1,0
|
50-54
|
Ғ
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы).
Студенттерге қойылатын талаптар: әрдайым жұмыс үстінде болғанда ғана жақсы бағаға қол жеткізуге болады. Бұл баға барлық семестр бойы жиналады деген сөз. Сондықтан да сіздер сабақ уақытында белсенділік танытуларыңыз қажет. Жоғары баға тапсырылған жұмыс дұрыс, нақты жауап берілгенде ғана қойылады.
1. Сабаққа қатысу.
Сабаққа қатысу міндетті түрде. Қатыспаған сабақтар оқу-әдістемелік жинақта көрсетілгендей толық түрде тапсырылады. Себепсіз қатыспаған сабақтар, курстың жартысынан асып кетсе, курстан шығарылады.
2. Аудиторияда өзін-өзі ұстауы.
Студент сабаққа кешікпеуі, сабақ үстінде сөйлемеуі, газет-журнал оқымауы, ұялы телефоны айырылуы, сабақ барысына белсенді қатысуы керек.
3. Үй тапсырмасы.
Үй тапсырмасы міндетті түрде орындалып, оқытушымен келісілген уақытта тапсырылуы керек. Үй тапсырмасы кешіккен студенттен қабылданбайды. Сіздердің тапсыруларыңызға қарап баға қойылады, ол өз кезегінде қорытынды бағаға әсерін тигізеді.
4. Аралық бақылау.
Семестр кезінде 7 және 15 аптада 2 аралық бақылау өткізіледі.
Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары
Қосалқы тарихи пәндер бойынша тест сұрақтары.
1. Палеография – бұл . . .
А) түрлі өлшем бірліктерді зерттейтін қосалқы тарихи пән.
Б) ақша жүйесін зертейтін қосалқы тарихи пән.
В) түп деректердің сыртқы белгілерін зерттейтін қосалқы тарихи пән.
Г) жеке атауларды зерттейтін қосалқы тарихи пән.
2. ХҮІ ғ. метрологияның ғылыми пән ретінде қалыптасуын кімдердің есімдерімен байланыстырады?
А) А.П. Пронштейн және В.Я. Кияшко.
Б) Г.Агрикол және Ж.Скалигер.
В) Ж.Скалигер және М.В. Ломоносов.
Г) В.Я. Кияшко және Е.И.Каменцева.
3. Глоголица алфавитінде қанша таңба?
А) 45.
Б) 43.
В) 39.
Г) 36.
4. Сұйық денелер сыйымдылығының өлшемдері:
А) бочка, ведро, корчага.
Б) гривна, осьмин, кадь.
В) верст, ведро, половник.
Г) сажень, пядь, вершок.
5. 54 см-лік локоть қаншаға тең?
А) 26 см-ден 2 пядьке.
Б) 48 золотникке.
В) пядьке.
Г) 18 см-ден 3 пядьке.
6. Ғылыми пән ретінде палеография қашан және қайда пайда болды?
А) ХҮІІ ғ. Ресейде.
Б) ХҮІ ғ. ІІ жартысында, Италияда.
В) ХҮІІІ ғ. І жартысында, Францияда.
Г) ХҮІІ ғ. ІІ жартысында, Англияда.
7. 1755 ж. жарық көрген «Орыс грамматикасының» авторы:
А) А.Т.Николаева.
Б) М.В.Ломоносов.
В) И.И.Срезневский.
Г) Н.И.Греч.
8. ХҮІ – ХҮІІ ғ.ғ. негізгі жазу материалы?
А) пергамен.
Б) қағаз.
В) береста.
Г) грамота.
9. «Палимпсестер» дегеніміз не?
А) бір материалда бірнеше рет қайталанып жазылған қолжазбалар.
Б) ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. жазу графикасы.
В) Усиавтағы жазуды қысқарту әдісі.
Г) ХІҮ ғ. қолжазбаларды әсемдеу әдісі.
10. Феодалдық бытыраңқылық кезеңінде миниатюра құрылымында қандай өзгерістер жүрді?
А) жеке тұлғаларды бейнелеу басталды.
Б) табиғат әсемдіктерін бейнелеу басталды.
В) тек билеуші тұлғаларды бейнелеу орын алды.
Г) саяси өмірді және тұрмыс жағдайларын бейнелейтін сюжеттер пайда болды.
11. «Пергамент» сөзі Орыс мемлекетінде қашаннан бастап қолданыла бастады?
А) ХҮІ ғ. ІІ ж. бастап.
Б) ХҮІІІ ғ. бастап.
В) ХІХ ғ. І ширегінен бастап.
Г) ХІХ ғ. соңында.
12. ХХ ғ. басында Кирилл алфавитіне алынып тасталған әріптің орнына қандай жаңа әріптер қосылды?
А) Б, П, I.
Б) N, Т, Х.
В) Ъ, Ш, Ж.
Г) Й, Э, Е.
13. 1564 ж. Москвалық баспа сарайында басылған ортағасырлық баспа ісінің тамаша үлгісі болған туындыны атаңыз?
А) «Соборлық Жарғы».
Б) «Остромирово евангелиясы».
В) «Апостол».
Г) «Мстислав евангелиясы».
14.Глаголица алфавиті қай жерлерде басқаларынан неғұрлым көбірек қолданылды?
А) Батыс Европаның солтүстік-шығыс аудандарында.
Б) Шығыс Аравияда.
В) Шығыс Адратика аудандарында.
Г) Қытайдың солтүстік аудандарында, Орта Азияда.
15. Қағаздың уақытын анықтаушы белгі қалай аталады?
А) штемпель.
Б) клеймо.
В) филигрань.
Г) рококо.
16. Г.Агриколдің «римдіктер мен гректердегі өлшемдер туралы бес кітап»
атты туындысы қашан жарияланды?
А) 1550 ж.
Б) 1675 ж.
В) 1762 ж.
Г) 1803 ж.
17. ХІ-ХҮ ғ.ғ. ұзындық өлшемдерін арнайы зерттеген академик Б.А.Рыбаков кіші пядьтың қанша см-ге тең екендігін анықтады?
А) 22 см.
Б) 23 см.
В) 25 см.
Г) 19 см.
18. Адам қолының екі жаққа созылғандағы үлкен екі саусақтарының арасындағы қашықтыққа тең болған, 19 см-гі 8 пядьтен құралған сажень қалай аталады?
А) қисық сажень.
Б) қарапайым немесе түзу сажень.
В) өлшемдік сажень.
Г) қашықтықтық сажень.
19. ХІҮ-ХҮ ғ.ғ итальян қағаздарындағы судағы белгілерінде не бейнеленді?
А) дельфин.
Б) ит.
В) мануфактура иелерінің елтаңбалары.
Г) шағын құмыра.
20. Қай жазу графикасында алғаш рет екі қатар тұрған әріптерді қосып жазуға әрекет жасалды?
А) жедел жазу.
Б) устав.
В) жартылай устав.
Г) барокко.
21. Жедел жазу – бұл . . .
А) қарапайым суретті жазу.
Б) әріптердің геометриялылығы сақталған, тік әріптермен жазылған жазу.
В) шағын адамдар тобына ғана түсінікті жазу.
Г) әріптері қосылып, тездетілген жазу.
22. Жеке бөлімнің немесе беттің басындағы, мәтіннің үстіндегі сурет қалай аталады?
А) концовка.
Б) заставка.
В) инициал.
Г) вязь.
23. ХҮ-ХҮІ ғ.ғ. локотьты біртіндеп ығыстырған неғұрлым ірі өлшем бірлігі?
А) сажень.
Б) пядь.
В) аршын.
Г) верст.
24. И.И. Кауфманның айтуынша Ежелгі Русьте қолданылған гривна қаншаға тең болды?
А) 409,512 г.
Б) 348,69 г.
В) 136,44 г.
Г) 296,75 г.
25. ХҮІ ғ. ортасына дейін Ресейде қай елден әкелінген қағаздар қолданылды?
А) Голландия.
Б) Франция.
В) Италия.
Г) Швеция.
26.Метрология ғылымы нені зерттейді?
А) түп деректердің сыртқы белгілерін.
Б) түрлі өлшем бірліктердің даму тарихын.
В) ақша жүйесін.
Г) жеке атаулардың пайда болу тарихын.
27. Славян алфавитінің құрастырылуы туралы мәселе кімдердің есімімен байланысты?
А) И.И. Срезневский және Л.В.Черепнин.
Б) Мефодий және Агрикол.
В) Ю.Цезарь және Август.
Г) Кирилл және Мефодий.
28. Кириллица алфавиті қанша таңбадан тұрады?
А) 39.
Б) 42.
В) 43.
Г) 40.
29. Сусымалы денелер сыйымдылығының өлшемдері?
А) бочка, ведро, корчага.
Б) половник, осьмин, кадь.
В) гривна, половник, кадь.
Г) верст, сажень, осьмин.
30. ХҮІ ғ. пайда болған, 27 ағылшын дюймына тең болған аршын қанша см-ді құрады?
А) 72,4 см.
Б) 68,6 см.
В) 88,2 см.
Г) 76,8 см.
31. Кітап гравюрасы қашан пайда болды?
А) ХҮІІІ ғ.
Б) ХҮ ғ.
В) ХІХ ғ. І ж.
Г) ХІХ ғ. ІІ ж.
32. 1885 ж. жарық көрген палеография жөніндегі басшылық құралының авторы?
А) В.Н.Щепкин.
Б) Е.Ф.Карский.
В) А.В.Муравьев.
Г) И.И.Срезневский.
33. ХІҮ ғ. аяғына дейін қандай графика үстемдік етті?
А) жедел жазу.
Б) жартылай устав.
В) устав.
Г) құпия жазу.
34. ХҮІІІ ғ. ІІ ж. жедел жазу графикасына әсер еткен маңызды факторлардың бірі?
А) халықаралық қатынастардың жақсаруы.
Б) азаматтық шрифттің енгізілуі.
В) Петр І реформалары.
Г) Моңғол-татар шапқыншылығы.
35. Рококо – бұл . . .
А) Жазу графикасының ХҮІІІ ғ. неғұрлым жаңа түрі.
Б) Жазу материалы.
В) ХҮІІІ ғ. кітап орнаментіндегі бейнелеу стилі.
Г) ХҮІІІ ғ. миниатюра.
36. Европалық өнеркәсіптердегі қағаздарда судағы белгілер қашан пайда болды?
А) ХІҮ ғ. І ж.
Б) ХІІІ ғ.
В) ХІҮ ғ. соңында.
Г) ХҮ ғ.
37. Орыс алфавитінің құрылымын өзгерту үшін зор маңызға ие болған 1918 ж. реформа бойынша қандай әріптер алынып тасталды?
А) ять, фита, ижица.
Б) юсы, кси, пси.
В) ижица, омега, пси.
Г) аз, буки, ерь.
38. ХІ – ХІҮ ғ.ғ. ұзындық өлшемдерін зерттеу үшін негізгі дерек көздерінің бірі?
А) «Соборлық Жарғы».
Б) «Игумен Данилдің Қасиетті жерге баруы».
В) «Апостол».
Г) «Мстислав евангелиясы».
39.1966 ж. жарық көрген «Орыс палеографиясы» еңбегінің авторы кім?
А) С.А.Рейсер.
Б) Н.С.Чаев.
В) М.Н.Сперанский.
Г) М.В. Муравьев.
40. Палеографияда судағы белгілерін бейнелеу үшін қолданылатын тордағы вертикаль сызықтар қалай аталады?
А) филигрань.
Б) вержер.
В) пантюзо.
Г) барокко.
41. Қағаздағы ерте штемпельдің пайда болуын С.А.Клепиков қай уақытқа жатқызады?
А) 1828 ж.
Б) 1839 ж.
В) 1863 ж.
Г) 1889 ж.
42. ХІ-ХҮ ғ.ғ. ұзындық өлшемдерін арнайы зерттеген академик Б.А.Рыбаков үлкен пядьтың қанша см-ге тең екендігін анықтады?
А) 19-20 см.
Б) 22-23 см.
В) 20-21 см.
Г) 25-26 см.
43. Адамның жоғары созғандағы қолының саусақтарынан аяғының саусақтарына дейінгі қашықтықта анықталғансажень қалай аталады?
А) өлшемдік сажень.
Б) қарапайым сажень.
В) қисық сажень.
Г) түзу сажень.
44. ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. француз қағаздарының судағы белгілерінде не бейнеленді?
А) секира.
Б) дельфин.
В) бір басты бүркіт.
Г) бұқаның өрнектелген басы.
45. ХҮ ғ. жартылай уставта болгар кітап шығарушылары әкелген қандай тыныс белгісі пайда болды?
А) сызықша.
Б) қос нүкте.
В) нүкте.
Г) үтір.
46. Устав – бұл . . .
А) әріптердің геометриялылығы, ара қашықтығы сақталған жазу.
Б) қарапайым суретті жазу.
В) шағын адамдар тобына ғана түсінікті жазу.
Г) әріптері қосылып, тездетілген жазу түрі.
47. Мәтіннің жаңа жолдағы ерекшеленіп боялған бастапқы әрпі қалай аталады?
А) концовка.
Б) заставка.
В) инициал.
Г) жағалау өрнек.
48. Ежелгі Русь мемлекетіндегі ХҮ ғ. ең ірі ұзындық өлшемі?
А) уборок.
Б) поприще.
В) лукно.
Г) лукошко.
49. Кейбір зерттеушілер гривнаны византиялық салмақ өлшемі литрмен (римдік - либра) байланыстырады және оны алғашқыда қаншаға тең деп есептеді?
А) 409,512 г.
Б) 204,36 г.
В) 348,29 г.
Г) 136,44 г.
50. ХҮІІ ғ. бастап Ресейде қай елден әкелінген қағаздар қолданыла бастады?
А) Франция.
Б) Голландия.
В) Италия.
Г) Испания.
1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
-
Қосалқы тарихи пәндер және оның тарих ғылымындағы орны.
-
Қосалқы тарихи пән тарихнамасы.
-
Палеография пәні, міндеттері және зерттеу әдістері.
-
Палеографияның даму тарихы.
-
Шығыс славяндарда жазу сызудың пайда болуы.
-
Кириллица және глоголица.
-
Палеография әдістерін тарихи зерттеу процесінде қолдану.
-
Пергамен, оның пайда болуы.
-
ХІ-ХІІ ғғ. Ежелгі Русьтегі жазба ескерткіштері.
-
ХІІ-ХҮ ғғ. Русьтегі жазба ескерткіштері.
-
ХҮ-ХҮІІ ғғ. Орыс мемлекетінің жазба ескерткіштерінің сыртқы белгілері.
-
ХҮІІІ-ХІХ ғғ. жазудың дамуына әсер еткен факторлар.
-
Тарихи метрология пәні, міндеттері және әдісі.
-
Тарихи зерттеу процесіндегі метрологияның ролі.
-
ХІ-ХІҮ ғғ. орыс метрологиясы.
-
ХҮ-ХҮІІ ғғ. орыс метрологиясы.
-
Орыс метрологиясының дамуына әсер еткен факторлар.
-
ХҮ-ХҮІІ ғғ. өлшем бірліктер және олардың түрлері.
-
Кеңестік метрологиялық жүйе.
-
Тарихи хронология пәні, міндеттері және әдістері.
-
Тарихи хронология түп деректерін тарих ғылымында пайдалану.
-
Уақыт есебінің жүйесі.
-
Алғашқы күнтізбелер және олардың түрлері.
-
Юлиан және григориан күнтізбелері.
-
КСРО халықтарының хронологиясы.
-
Эра және олардың түрлері.
-
Мұсылмандық күнтізбелер.
-
Ежелгі грузиялық және ежелгі армяндық күнтізбелік жүйе.
-
Жазғы және қысқы уақыт.
-
1699 ж. күнтізбелік реформа.
8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
-
Француз революциясының күнтізбесі.
-
Дүниежүзілік күнтізбе жобалары.
-
Нумизматика пәні, міндеттері және әдістері.
-
Нумизматиканың пайда болуы.
-
Ақшаның шығуы, ақша түрлері.
-
Орыс ақша айналымының тарихы.
-
ХҮІ-ХҮІІ ғғ. ақша жүйесі.
-
КСРО монеттері.
-
1922-1924 жж. ақша реформасы.
-
Петр І ақша реформасы.
-
Батыс Европа елдерінің монеттері.
-
Сфрагистика пәні, міндеттері және әдістері.
-
Мөрлердің пайда болуы, олардың түрлері.
-
Ресей империясының мөрлері.
-
КСРО мөрлері.
-
Геральдика пәні, міндеттері және әдістері.
-
Гербтің шығу тарихы.
-
Теориялық геральдика.
-
Герб түрлері.
-
Тарихи ономастика пәні және міндеттері.
-
Тарихи топонимика зерттеу объектісі, зерттеу тәсілдері.
-
Топонимикалық субстрат.
-
Тарихи этнонимика пәні және міндеттері.
-
Тарихи антропонимика.
-
Фамилияның пайда болуы.
-
Генеалогия пәні, міндеттері және әдістері.
-
Генеалогиялық кестелер.
-
Тарихи генеалогияның маңызы.
-
Орыс мемлекетіндегі ХҮ-ХҮІІ ғғ. шендер мен наградалар.
-
Қазіргі кезеңдегі шендер мен наградалар.
Емтиханға дайындық сұрақтары.
-
Палеография дегеніміз не?
-
Ғылыми пән ретінде палеография қашан және қайда пайда болды?
-
1885 ж. жарық көрген палеография жөніндегі басшылық құралының авторы?
-
Кириллица алфавиті қанша таңбадан тұрды?
-
Глаголица алфавитінде қанша таңба?
-
ХІҮ ғ. аяғына дейін қандай графика үстемдік етті?
-
Қандай сөздерді қысқартуға тиым салынды?
-
Палимпсестер дегеніміз не?
-
Рококо – бұл...
-
Метрология нені зерттейді?
-
ХҮІ ғ. пайда болған өлшем бірлік және ол қаншаға тең?
-
Легенда дегеніміз не?
-
Реверс – бұл ...
-
Нумизматиканың зерттеу объектісі?
-
Ғылыми нумизматиканың негізін қалаушы?
-
Жазудың дамуы қандай қажеттіліктерден туындады?
-
«Пергамент» сөзі Орыс мемлекетінде қашаннан бастап қолданыла бастады?
-
ХҮІ-ХҮІІ ғғ. негізгі жазу материалы?
-
ХҮІІІ ғ. ІІ жартысында графикаға не үлкен әсер етті?
-
Сұйық денелер сыйымдылығының өлшемдері?
-
Сусымалы денелер сыйымдылығының өлшемдері?
-
Ведро қанша метрге тең?
-
Сомның салмақтық негізіне не алынды?
-
Сом қанша гривеньге тең?
-
Қанша полушка тиынды құрайды?
-
Аршын қанша см-ге тең?
-
Ұзындық өлшемдері?
-
Алғашқы күнтізбелер қашан пайда болды?
-
Юлиан күнтізбесінің негізін салушы?
-
Юлиан күнтізбесі бойынша неліктен 1 қаңтар жыл басы деп саналды?
-
Юлиан күнтізбесінің орташа ұзақтығы қандай?
-
Григориан күнтізбесі алғашқыда қай мемлекеттерге енгізілді?
-
Григориан күнтізбесін құрастырушы кім?
-
Григориан күнтізбесін енгізу үшін жүргізілген реформа қандай міндеттерді шешуі тиіс еді?
-
Ежелгі орыс мемлекетінде жыл басы жылдың қай мезгілінен басталды?
-
Индикт дегеніміз не?
-
Сфрагистика дегеніміз ...
-
Геральдиканың зерттеу объектісі?
-
Нумизматиканың негізгі міндеті?
-
Жеке атаулардызерттейтін ғылым саласы?
-
«Орыс» халқының атауы қайдан шыққан?
-
Шендер мен титулдар Ресейде қашан пайда болды?
-
1722 ж. «Рангілер туралы табель» бойынша қанша рангі болды?
-
«Алтын Жұлдыз» медалі қашан енгізілді?
-
Ұлы Отан соғысы жылдары қандай орден түрлері енгізілді?
-
1944 ж. енгізілген Ушаков және Нахимов ордендері кімдерге арналды?
-
Хронология Европада дербес ғылыми тарихи пән ретінде қашан қалыптасты?
-
Мұсылман эрасы қалай аталады?
-
ХҮІ ғ. метрологияның ғылыми пән ретінде қалыптасуынкімдердің есімдерімен байланыстырады?
-
Геналогияның зерттеу объектісі?
12 . ЖОҚ
13.ЖОҚ
Достарыңызбен бөлісу: |