Дәріс 1 Ауылшаруашылық дақылдары туралы жалпы мағлұматтар Ауылшаруашылық дақылдарының агрономиядағы орны мен маңызы



Дата14.02.2023
өлшемі42.33 Kb.
#469546
Дәріс 1


Дәріс 1 Ауылшаруашылық дақылдары туралы жалпы мағлұматтар
Ауылшаруашылық дақылдарының агрономиядағы орны мен маңызы
Ауылшаруашылық дақылдары өсіру және техникасы
Дәнді-дақылдарының агрономиядағы орны мен маңызы
Арзан да қоректілігі жоғары азық дайындау жолдары
Ауылшаруашылығы кез келген мемлекет экономикасының маңызды саласының бірі болып табылады. Ол адамзатқа өміртіршілігі үшін қажетті – негізгі азық түлік түрлерін және күнделікті өмірге қажет пайдалану заттары үшін шикізат береді. Ауылшаруашылығы Қазақстандағы ұлттық байлықтың 15%, қоғамдық (азақ-түліктің) ағымды пайдалану заттардың 12% өндіреді. Ауылшаруашылығы елдің агроөндірістік кешенінің орталық бөлігі. АӨК (агроөндірістік кешен) құрамы үш сфераға бөлінеді.
Біріншісі – ауылшаруашылығы үшін өндірістік күштерді шығаратын сала: трактор және ауылшаруашылық машиналарды жасау, мал азығы және малшаруашылық машиналарын жасау, мелиоративтік техника жасау, минералды тыңайтқыштар, ауылшаруашылығы құрылыс бұйымдарын, микробиологиялық және құрамажем өнеркәсібі, ауылшаруашылық өндірісіне қызмет ететін мекемелер. Екіншісі – ауылшаруашылық өндірісі (егін шаруашылығы, мал шаруашылығы) және орман шаруашылығы. Үшіншісі – ауылшаруашылық шикізатын өңдеу саласы – тамақ, жеңіл өнеркәсіп (зығыр, жүнді алғашқы өңдеу мекемелері), және ауылшаруашылық өнімдерін дайындау, тасымалдау, сақтау, сату салалары.
Дамыған елдерде, соңғы өнім алу үрдісінде ең негізгі рольді АӨК-нің үшінші сферасы алады. Мысалы АҚШ-та АӨК өндірген өнімінің 73% шикізатты өңдеу және сату саласының үлесінде, ал ауылшаруашылық сала үлесіне жалпы өнімнің 13% ғана келеді екен. АӨК барлық саласының тең дамуы – елдің азық-түлік және шикізатпен тұрақты қамтамасыз етілуі кепілі. Қазіргі кезде осы үшінші — өңдеу саласының елімізде нашар дамуы, ауылшаруашылығы өндірген өнімнің орасан зор шығынына әкеледі. Мысалы 2009 жылы өндірген көп астықтың 30%, көкөністің 40-45% — өңдеу және сақтау құрылымдарының болмауынан ысырап болды. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін салалардың жабдықтарының тозуы 76% жетіп отыр, ал олардың жабдыққа деген қажеттілігі тек 55-60% ғана орындалады. Ауылшаруашылығы саласының экстенсивті даму мүмкіндігі шегіне жетті, сондықтан интенсифті даму әдістері, саланы дамытудың тиімді және бірегей тәсілі болып саналады. Бұл дегеніміз, әр гектардан жоғарғы өнім алу үшін, жердің әр бірлік ауданына еңбек және материалдық шығынды көбейту, сапаны жақсарту, еңбек өнімділігін арттыру, өнімнің бірлігінің өзіндік құнын азайту шараларын іске асыру деген сөз. Интенсифтендірудің негізгі бағыттары болып: ауылшаруашылығын кешенді механикаландыру, химияландыру, жерді суландыру (мелиорация), ауылшаруашылық жұмыстарының энергиялық қуатын арттыру, пайдаланатын өндірістік технологияларды жетілдіру, әр саланы терең мамандандыру саналады.
Ауыл шаруашылық дақылдарынан тұрақты, сапалы, мол өнім алу үшін жерді өңдеп баптау тәсілдерінің жүйесі. Қазақстанда егіншіліктің өзіндік көне тарихы бар. Ежелгі арийлердің (бзб 1-2 мыңжылдықтар) сақтардың (бзб 9-12 ғасырлар) үйсін қаңлы мемлекеттері тұрғындарының, ғұндардың, түркілердің мал шаруашылығы мен бірге өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде суармалы егіншілік, диқаншылықпен де айналысқаны белгілі. Бірақ , ол замандардағы егіншіліктің нақтылы ауылы белгісіз. 20-ғасырдың басында Қазақстандағы егіс көлемі көбейіп, күріш өсіру 41 млн га-ға жетті. Егістің басым көпшілігі дәнді –дақыл болатын. Оның жартысынан көбі Ақмола, Торғай аймақтарында, қалғаны Қостанай, Ақтөбе, Жайық, Павлодар, Семей, өңірінде егілді.Сырдария өзенінің төменгі жағында күріш, Жетісуда мақта егілді. 1913 ж. дәнді дақылдардың өнімділігі орта есеппен әр гектарына 5,6 ц-ге жетті. Өнім мөлшері әр жердің топырағының табиғи құнарлылығына, ауа райының құбылмалылығына байланысты әр жерде, әр жылы өзгеріп тұрды. Дегенмен егістік жер көлемі, одан алынатын өнім мөлшері 1917 жылға дейін бір қалыпты сақталып келді. Қазан төңкерісінен кейінгі 4-5 жыл ішінде егістік жер аумағы 1,8 млн га-ға дейін азайып, оның өнімділігі де күрт төмендеді. Тек 1923 жылдан бастап бұл көрсеткіштер бұрынғы қалпына келе бастады. 1953 ж. егістік жер аумағы 11,8 млн га-ға жетті. Оның ішінде дәнді дақыл егісі 7 млн га құрады. Қазақстанда егіс шаруашылығын одан әрі дамыту жолында, әсіресе соғыс жылдары, одан кейін де көптеген жұмыстар атқарылды. Машина-трактор станциялары құрылып, егістікті күтіп-баптау жұмыстарын барынша механикаландыруға мүмкіншілік туды. Егістіктің 86,5 % сепкішпен себіліп, 97%-і комбайнмен жиналды. Өндіріске ауыспалы егіс жүйесі өндіріліп, тұқым шаруашылығына, тұқымның сапасына тиісті көңіл бөлінді. Егістік жердің 73,5 %-на жоғарғы сапалы тұқым сорттары егілді. 1953ж. егістік жерден республика бойынша орта есеппен гектарынан 7,7 ц өнім жиналды. Басқа дақылдардан да мол өнім алуға қол жетті. Үш дақыл бойынша Қазақстанда өнімділіктің дүниежүзілік рекорды тіркелді. 1954ж. тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру басталды. Алғашқы 5-6 жыл ішінде-ақ Республика бойынша 25 млн га тың жер игерілді. Оның 17 млн га – ға жуығы еліміздің солтүстігінде орналасқан. Көп көлемде жаңа жер игеруге байланысты, дәнді дақылдардың егістік көлемі айтарлықтай ұлғайды. Жүгері, тары, қарақұмық дақылдарының да егістік көлемі барынша ұлғайды. Органикалық және минералдық тыңайтқышқа, өсімдікті түрлі зиянкестер мен аурулардан, арамшөптен қорғаудың химиялық, биологиялық, агротехникалық шараларына көңіл бөлінді. 1960-90 ж. орта есеппен дәнді дақыл жыл сайын 24,5 млн ға егіліп, әр га-нан 8,9 ц өнім жиналды. Алайда тың игеру науқаны мен егістікке қолайсыз жерлердің де жаппай жыртылуы жер қыртысының бүлінуіне, жайылымдық жерлердің тарылуына алып келді. 20-ғасырдың соңғы онжылдығында ауыл шаруашылығында жүргізілген реформаларға байланысты, егістік жер көлемі біршама азайды. Мысалға 1998 ж. 18,6 млн га болса, 1999 ж.15,2 млн га болды. Топырақ, ландшафт және климат жағдайларының әр түрлілігіне байланысты дақылдарды іріктеу, топыраққа әдістері мен тәсілдері белдемдік және нақты жағдайларға сәйкес жүргізіле бастады. Осыған байланысты әр белдем үшін егіншілік жүйесі жасалды. Егіншіліктің экстентивті және интенсивті түрлері бар. Экстентивті түрінде егіншіліктен өнім алу үшін қосымша күш көп жұмсалмайды. Жалпы түсімнің артуы көбінесе топырақ құнарлылығына және егін егетін жер көлемінің жаңадан кеңейтілуіне байланысты. Өндірістік күштердің және ғылымның дамуына байланысты. Егіншіліктер экстенсивті түрден интенсивті түрге ауысты. Егіншіліктің интенсивті түрінде пайдаланылып жүрген жерге қосымша еңбек қаржы (механикаландыру, суландыру, тыңайту, агротехникалық шаралар жүйесін көтеру т.б) жұмсап, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін арттырды.Қазақстанда егіншіліктің құрғау, суармалы тәлімі мен таудағы түрлері қалыптасқан. Құрғау егіншілігі жауыны аз, желді, құрғау далалы аймақтарда орналасқан.бұл жерлерде құрғаушылыққа төзімді дақылдар өсіріліп, топырақта ылғалды сақтандыру агротехникалық шаралар жүйесі қолданылады. Суармалы егіншілікте көбінесе, мақта, қант қызылшасы, дәнді дақылда, көп жылдық жем шөптер, күріш өсіріледі. Таудағы егіншілік тау баурайын, тау аралығындағы ойпаң жерлерді қамтиды. Ауыл шаруашылық дақылдарын, егін өсірудің және топырақ құнарлылығын жоғарылатудың жаңа тәсілдерін зерттейтін агрономия ғылымының саласы егіншілік ғылым ретінде топырақ құнарлығын арттыру, оны эрозиядан қорғау, топырақ пен өсімдіктің және топыраққа механикалық, биологиялық және химиялық әдістермен әсер ете отырып, жоғары әрі тұрақты өнім алу егістікті зиянкестер мен арамшөптерден, қолайсыз жағдайлардан қорғау мәселелерін зерттейді.
Еліміздің нарықтық экономикаға көшуіне байланысты 1990 жылдары жер реформасының алғашқы кезеңі басталды. Жер реформасының алғашқы жылдарында республика парламенті «шаруа шаруашылығы», «жер кодексі», «жер реформасы», және «жер салығы» жайлы төрт түрлі заң қабылдады. Осы заңдарды жүзеге асыру нәтижесінде жер реформасының бірінші кезеңі жүрді (1990-1993 жылдар). Бұрынғы жерге және өндіріс құралдарына иеліктері бар, акционерлік қоғам, жолдастық шаруашылық, кооператив, кәсіпорын, шаруа шаруашылығы және олардың қауымдастықтары болып қайта құрылды.
Жер реформасының екінші кезеңінде ( 1994-1995 жылдары) жер туралы заңды нарықтық экономика жағдайына қарай ыңғайлау, яғни жерді мемлекет меншігінде сақтай отырып,жерді пайдалануға сатып алу, сату заңдарын белгілеу енгізілді.
Жер реформасының үшінші кезеңінде (1995 жылдан бері қарай) жерге жеке меншіктік заңдарды белгілеу енгізілді. Республикада 3,5 млн жеке меншік иелері 350 мың га жерге ие болды. Жекешелендірудің және аграрлық секторды реформалаудың барысында республика жаңа әлеуметтік – экономикалық құрылым қалыптасты. Жер реформасының негізгі мақсаты – жерді пайдаланудың тиімділігін арттыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарушы өндірістерді көбейту және халықтың тұрмысы мен әл-ауқатын жақсарту. Жалпы жер мәселесі өте күрделі процесс, оны әр ел өзінің даму кезеңдеріне сәйкес әр түрлі шешеді. Жер мәселесі жалпы қоғамның экономикалық, саяси және ұлттық дамуын қамтиды. Сондықтан жер мәселесі жан-жақты ойластырылып шешілді. Өнім алу үшін пайдаланылып отырған ауыл шаруашылық жер егістік жер, егін егілген жер көлемдерінің қаншалықты азайып кеткенін жоғарыда нақты деректермен көрсеттік. Егін егілген жердің көлемі ғана емес сондай-ақ дақылдардың әр гектардан алынатын түсімі де кеміп кетті. Өндіріс екі жағынан да күйзеліске ұшырап отыр.
Суармалы жерлердің жай-күйі:
Суармалы жер қоры 2364,8 мың га құрап, бұл жерлер ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 30% — нан астамын өндіруді қамтамасыз етеді. 1991 жылы ауыл шаруашылығы өндірісінде 2284 мың га суармалы жер пайдаланылды, ал 2001 жылы нақты 1317 мың гектар жер суарылды қалған 1047 мың га сортаң жерлердің айналымынан шығарылуына, суару жүйелерінің ақауларына, судың болмауына немесе жетіспеуіне, топырақты суландыру жағдайларының ұйымдастыру іс-шараларының нашарлауына, ең алдымен қаржылық және материалдық – техникалық ресурстардың болмауына байланысты пайдаланылмады.
Ауыл шаруашылығында су пайдалану проблемалары.
Ауыл шаруашылығында суды пайдалануды, жер суландыру құрылыстарына меншік қатынасын реттейтін заңнамалық базаның жоқтығы.
Суды жеткізіп беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құны қымбат болғандықтан республиканың оңтүстік облыстарындағы шаруашылықтарды 408 млн теңге көлемінде дебиторлық берешек қалыптасты, бұл ауыл шаруашылығында суды пайдаланушыларға қызмет көрсететін шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің залалды болуына себепші болады.
Жер суландыру құрылыстарының әбден тозығы жетуі салдарынан жер суландыру жүйелерінің ПӘК-і нормативтік көрсеткіштен екі есе төмен;
Оңтүстік облыстардың сумен жабдықталуынан трансшекаралық өзендердің суларын бөілісу жөніндегі мемлекетаралық қатынастардың реттелуіне тәуелділігі.
Химияландыру
1987 жылға дейін ауыл шаруашылығына минералдық тыңайтқыштар берудің және қолданудың көлемі бірте-бірте ұлғайғаны байқалды. 1987 жылдан бастап республикада тыңайтқыштарды қолдану төмендей бастады. Әсіресе 1991 жылдан бастап күрт төмендегені байқалады.бастапқы кезеңмен салыстырғанда осы кезеңде 30%-ға азайды. Минералды тыңайтқыштарды қолдану көлемі азаюымен бір мезгілде ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімдігі кемиді. Топырақтағы минералдық коректің жылжымалы нысандары азаяды. Отандық минералдық тыңайтқыштар өндірісі 1990жылғы 1484,9 мың тоннадан, 2000 жылы 6,7 мың тоннаға кеміді.соңғы екі жылда химиялық жолмен отау көлемі 15-20 % -ға ұлғайғанына қарамастан олар қажетті деңгейдің тек әлі де 50-55% -ын құрайды. Тамыр өркені және тамыр сабақ арамшөптерінің басып кетуі 6-10 %-ға азайғаны байқалады. Біржылдық қосжапырақты және біржылдық астық тұқымдас арамшөптердің басып кетуі 12%-ға, ал қара сұлы бойынша 17%-ға ұлғайды.
1991 жылдан бастап дәнді дақылдардың тұқымын және одан кейінгі жылдарда себілген тұқымның 40-50 %-на дейінін дәрілеу көлемінің азайюына байланысты топырақта және тұқымдық материалда фитопатогендердің шоғырлануы үдеп бара жатыр. Егістіктердің дәнді дақылдар ауруларының барлық түрімен зақымдануы жоғары күйде қалып отыр – тамыр шірігі жыл сайын 40-50%-да байқалады, бидай мен арпаның тозаңды қаракүйемен залалдануы – 13%, арпа егістіктерінің қатты қаракүйемен залалдануы -6 %-ға дейін, жаздық және күздік бидай егістіктерінің – 8 %, дәнді дақылдар егістіктерінің ақ дақпен және өсімдік татымен залалдануы 1 млн гектардан артық алқапта байқалды, залалдану 30-40% — ға жетеді, ал фунгицидтер қолданудың көлемі 5% дан 20% -ға дейін жетті.
Топырақ құнарлылығын сақтау және ұдайы молықтыру жөніндегі шаралар:
Облыстарда агрохимиялық қызмет станциялары жүйесі бір мемлекеттік мекеме нысанындағы ғылыми — әдістемелік агрохимиялық қызмет орталығын ұйымдастыру арқылы ауыл шаруашылығының агрохимиялық қызметін қалпына келтіру, әртүрлі нысандағы тіркелген агрохимиялық қызмет станцияларының және ғылыми мекемелер мен МемҒӨӨ — жер зертханаларының бәсекелестік ортада агрохимиялық зерттеу жүргізу, минералдық және агрохимиялық тыңайтқыштарды тиімді қолдану бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Минералдық тыңайтқыштарды қолдану көлемін еліміз бойынша тұтас алғанда 2003 жылы -380,1 мың тоннаға, 2004 жылы — 439,0 мың т – ға және 2005 жылы – 599,5 мың тоннаға жеткізу.
2003 жылы 1333 мың га алқаптағы жерге агрохимиялық зерттеу жүргізу.
Отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің минералдық тыңайтқыштар сатып алуына субсидия беру.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен дәрілеуіштер мен гербицидтер арзандату жолымен оларды қолдануға субсидия беру.
Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылғын төмендетпеуі үшін жауапкершілік тетегін әзірлеу.
Бұрын минералдық тыңайтқыштар өндірген «Казфосфат», ЖШС, «Қазақстан ЖАҚ, және « Аутал ЛТД» ЖШС кәсіпорындарында оларды қолданылып жүрген құрамдағы заттарымен өндіруді 600 мың тоннаға жеткізу және олардың түр-түрін ұлғайту.
Минералдық тыңайтқыштар енгізетін арнаулы техника өндірісін қалпына келтіру үшін қаржы лизинг тетігін қолдану арқылы жағдай жасау.
Мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес жыл сайын 25-30 адам шамасында агрохимик және топырақтанушы мамандар даярлауды көздеу.
Ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамытудың негізгі бағыттары;
Ауыл шарушылығы тауарын өндірушілердің төлем қабілетінің жоқтығына орай және осыған байланысты сұраныстың болмауынан ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын кәсіпорындар өндірілетін өнімнің номенклатурасын әртараптандыратын және соның нәтижесінде қазіргі уақытта тек ауылшаруашылығы техникасын шығаруға ғана маманданған кәсіпорындар іс жүзінде жоқ.
«Қазақстантрактор» ААҚ (Павлодар қаласы) 4 класты Т- 95,4 шынжыр табанды тракторын шығаруды игерді;
Кейбір машина жасайтын кәсіпорындар техниканың әлеуметтігін сақтау мақсатында одан әрі дамытуды қажет ететін ауыл шаруашылығы техникасын шығару жөніндегі жекелеген жобаларды іске асыруда. Мәселен 2001 жылғы шілдеден бастап «Шағын литражды двигательдер зауыты» ЖШС Петропавл зауытынан Украиналық машина жасаушылармен бірлесе отырып өнімділік қабілеті 7-8 кг/сек және 9-11 кг/сек эксперименттік 9 «Нан» комбайны құрастырылып шығарылды.
Тіркемелі кең ауқымды ЖВП-9, 1 дестемелегішін Қазақстандық кәсіпорындардың 48 %-дық үлестік қатысуымен құрастырып шығару игерілді; «ЗИНСТО» ААҚ-да трактор тіркемелерін, сыдыра жыртқыш және шөп шабатын, агрегаттар шығару жолға қойылды. «Агромаш» АҚ (Астана) тұқым сепкіштер, топырақ эрозиясына қарсы қолданылатын құралдар шығаруды қайта қалпына келтірді. Бүгінгі күнде республикамызда ауыл шаруашылығы техникалары мен қосалқы бөлшектер шығаруға бағдарланған 129 зауыт бар. Бұл зауыттар ауыл шаруашылығы мақсатындағы өнімнің 391 түрін шығарады. Зауыттардың 2002 жылғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жалпы кредиторлық және дебиторлық берешектері 5,8 млрд теңгені құрайды, оның ішінде кредиторлық берешек – 2,7 млрд теңге болады.1994 жылдан 1999 жылға дейін ауыл шаруашылығы іс жүзінде жаңа техника алған жоқ. Бюджеттік бағдарламаларды қоса алғанда соңғы үш жылда барлығы 7279 бірлік техника сатып алынды, оның 1193-і трактор және 2388-і комбайн. Бұл республикадағы осы саланы техникалық жарақтандырылуына тұтас алғанда айтарлықтай ықпал етпейді.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру агрономиялық тәсілдерді жетілдіруді әрқашан талап етіп келеді және талап ете бермек. Осы уақытқа дейін өндірісте кең тараған технология белгілі бір ауыспалы егіс топырақты негізгі және егу алдындағы өңдеу жүйесімен, ылғал жинау, аурулармен, зиянкестермен күресу жүйесімен сипатталады. Топырақ құнарының арту жағдайы егін шаруашылығы өндірісінде жақсы агротехникалық ортада барынша жоғары өнім беретіндігімен ерекшеленетін сапалы жаңа сорттарды пайдалануды қажет етеді. Селекцияда мұндай сорттар интенсивті жеке типтегі сорттар, ал бұл сорттарды өсіру технологиясы интенсивті технология деп аталады.
Бүгінгі күнгі егін шаруашылығы жағдайында интенсивті технология — ның мәнісі:
1) Егістікті ауыспалы егіс жүйесіндегі ең жақсы дақыл бойынша,ең алдымен таза қара парлар бойынша орналастыруда;
2) Дәннің сапасы жоғары, жақсы өнімді интенсивті типке жататын сорттарды өсіруде;
3) Өсімдіктерді минералдық корек элементтерімен және олардың топырақтың мөлшерін есепке ала отырып үйлесімді түрде қамтамасыз ету, вегетация кезінде оларды бөлшектеп қолдануда;4)Өсімдіктерді арамшөптерден, зиянкестерден және аурулардан қорғаудың интеграцияланған жүйесін құруда;
5) Топырақты эрозиядан қорғауға, ылғал жинау мен сақтауға ауыл шаруашылығы дақылдарының дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған технологиялық тәсілдердің уақтылы және сапалы орындалуында интенсивті технологияның түпкі мақсаты дақыл өнімінің өсуі мен тұрақтылығын арттыруды және дәннің жақсартуды қамтамасыз ету.
Интенсивті технологияны енгізу шараларын жүргізгенде ;
1) Белгілі бір дақылды күтіп-баптаудың интенсивті технологиясы жөніндегі ұсыныстарды, зерттей үйреніп, оның негізгі элементтерінің мазмұндарын қорыту керек;
2) Интенсивті технологияны енгізген озат шаруашылықтарды таңдап алып, солардың ұқсас мәліметтерін қорыту қажет.
3) Пайдаланып отырған шаруашылық бойынша белгілі бір дақыл үшін негізге алатын мәліметтер қолда болуы тиіс.
4) Ауытқуларды анықтап, тұжырымдар мен ұсыныстарды қисынға келтіріп мазмұндау керек.
Астықты интенсивті технология бойынша өндіруді ұйымдастыру мен оның тиімділігін талдай отырып, сондай-ақ қосымша шығынның көзін табу қажет. Ол үшін интенсивті технология бойынша өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылының барлық егіс көлеміне есептегенде шығынның жалпы арту мөлшерін есептеп шығару керек.
Астық – елдің азық-түліктік қауіпсіздігінің негізгі компоненті. Соңғы үш жылда (1999-2001ж) дәнді дақылдар егіс алаңдарының тұрақтанғандығына орай олардың түсімділігі өткен үш жылмен салыстырғанда 4,8 ц / га –ға немесе 67% -ға өсіп, 11,5 ц / га –ға жетті. Астық өндіру 3,9 млн тоннаға немесе 39 % — ға ұлғайды және орташа жылдамдық деңгейі шамамен 13,9 млн тоннаға жетті. Негізгі экспорттық дақыл – бидай өндірудің көлемі 1996-1998 жылдардағы 7,1 млн тоннадан 1999-2001 жылдарда 11,0 млн тоннаға дейін өсті. Қазақстан астық экспорттаудан әлемде алтыншы орынды иеленеді. Қазақстанның бірегей климаты басқа елдердің бидай ұнының қасиеттерін жақсартушы ретінде әлемдік рынокта сұранысқа ие болып отырған жоғары сапалы, құрамында протейн мол астықтың қалыптасуына ықпал етеді. Астықты ішкі рыногын тұрақтандыру және реттеу, нан және тоқаш нан тағамдарының бағасы негізсіз қымбаттауына жол бермеу мақсатында, көктем, жаз кезеңінде астықтың сату резервтеріне интервенция жүргізуінен тұрады. Соңғы үш жылда (199-2001ж) күрішті өндіруден орташа түсімділігі 28,8 ц /га болып , жыл сайынғы түсімі 204,1 мың тонна көлемінде тұрақтанды, майлы дақылдардың егістік алаңының азаю үрдісі байқалуда. Сонымен қатар түсімділігінің 4-6 ц /га деңгейінде тұрақтануы майлы дақылдардың жалпы өнімін 18-20 % -ға арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстанның астық саласының техникамен орташа қамтамасыз етілуі, техникалық дақылдың коэффициентін қоса есептегенде 55 % — дан аспайды. Астық өндірісі құрылымының жетілмегендігі, астық өндірісіндегі бидайдың үлес салмағы жемдік, дәнді бұршақ, жарма дақылдары есебінен 1999-2001 жылдары орта есеппен 79 %-ды құрады, егістік алаңдары құрылымындағы шаусыр, қыша және рапс сияқты майлы дақылдардың үлесі 4-%-ды құрайды.
Өсімдік шаруашылығы егістіктен, бау-бақша және жүзім шаруашылықтарынан құралған. Егістік дақыл түрлеріне дәнді дақыл, техникалық дақыл, мал азықтық дақылдар жатады. Қазақстанның өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығының негізгі мамандану бағытын айқындайды. Сондықтан өсімдік шаруашылығы жетекші рөл атқарады. Өсімдік шаруашылығының алдына қойған негізгі міндеттері – мәдени дақылдарды жан-жақты зерттеп, мол өнім алудың тәсілдерін ойластыру. Өсімдік шаруашылығында жарық пен жылудың, ылғал мен минералды қоректердің, топырақ құрамының бір-біріне қатынасы ауылшаруашылық дақылдарының түсіміне мол әсер етеді. Республикамызда егістік жер солтүстік, солтүстік –батыс, шығыс және оңтүстіктегі тау етектеріндегі игерілген аумақты алып жатыр. Жалпы егістіктің көлемі 1990ж. 36 млн гектарды құрады. Кейінгі жылдары елімізде жүргізіліп жатқан жекешелендіруге және құнарлығын арттыруға байланысты егістік көлемі 12-13 млн га жерге артты. Бұл бұрынғы көлемге қарағанда 1,5-2 есе азайған. Себебі: егіс танаптарының құнарлығы кемігендіктен ол жер шабындыққа, мал жайылымына берілді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы алқабындағы дәнді дақылдардың үлесі 48%-дан, 65 %-ға дейін, ал дәнді дақылдардың құрылымында тиісінше 71%-дан 82 %- ға дейін ұлғайды.
Дәнді дақыл шаруашылығы – егіншілігінің басты саласы. Еліміз қоңыржай белдеуде орналасқандықтан, дәнді дақылдардың барлығы дерлік егіледі. Дәнді дақыл шаруашылығы халықты нан өнімдерімен, ал мал шаруашылығы жем-шөппен қамтамасыз етеді. Дәнді дақылдаран біздің елімізде негізінен мыналар өсіріледі; күздік бидай, арпа , сұлы, жүгері, тары, күріш, қарақұмық. Қарақұмықтан басқасы астық тұқымдастарына жатады.
Елімізде негізгі астық дақылы – бидай, барлық егіс көлемінің 1/2-ін алады. Бидайдың өсіп-өнуі үшін топырақ пен жылудың маңызы зор. Құнарлы қара топырақ зонасы республикамыздың солтүстік, солтүстік – батыс және солтүстік –шығыс бөлігін алып жатыр. Біздің елімізде бидайдың екі түрі бар. Жаздық бидай және күздік бидай өсіріледі. Жаздық бидай ылғалды көп қажет етеді, ол қара және қызыл – қоңыр топырақта жақсы өседі. Оны көктемде себеді. Жаздық бидайдың коректік сапасы жоғары, белокқа, крахмалға, майға бай. Өсірілетін негізгі аудандар – Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары. Күздік дақылдарға бір жылдық астық тұқымдас өсімдіктер жатады.
Республикамыздың шығыс, орталық, солтүстігінің қары қалың, топырағы құнарлы, күзгі және көктемгі жауын – шашыны жеткілікті аймақта өсіріледі. Күздік бидайдың шаруашылықта маңызы зор, оның дәнінен жоғарғы сортты ұн, макарон және жарма, сонымен қатар кондитерлік тағамдар жасалынады.
Қазақстан Кеңес Одағы кезінде бидай өнімін беруші ірі аймақ болды.1986-90 жылдары орташа жылдық өнім 24,4 млн тоннаны, ал сыртқа шығар көлемі 4,6 млн тоннаны құрады. 1990 жылдан кейін Қазақстанның бидай өнімдері егістік көлемінің қысқаруына байланысты өтпелі дағдарыс кезеңін бастан өткізді.
Тары – құрғаққа төзімді жарма дақылы. Тарының шаруашылықтағы маңызы жоғары, азық-түлікке және май азықтық мақсатта өсіріледі. Тары үй құстары үшін бағалы азық. Республикамыздың қара топырақты, тың және тыңайған жерлерінде, яғни Ақтөбе, Ақмола, Павлодар облыстарында жақсы өсіріледі.
Арпа – шаруашылықтағы маңызды азық-түліктік, мал азықтық және техникалық мақсатта өсіріледі. Бидай ұнымен қосып нан пісіруге болады. Арпаның негізгі бір ерекшелігі – климат жағдайына байланысты дәніндегі химиялық құрамының өзгергіштігі. Оңтүстік аудандарда өскен арпаның дәні белокқа бай, ал солтүстікте өскен арпаның дәнінде крахмал көп мөлшерде кездеседі.
Сұлы жемшөптік дақылдарға жатады. Ол жылқы және жас төлдер үшін аса бағалы концентратты жем болып табылады. Сұлы ұнынан кисель жасалады. Сұлы ылғалды өте көп қажет етеді, бірақ топырақ талғамайды.
Жүгері – жылу сүйгіш дақыл, құрғақшылыққа төзімді. Сазды қара және қоңыр топырақта жақсы өседі, сондықтан да еліміздің барлық аудандарында өсіріледі. Оның дәнінен крахмал, сірке, спирт, май қағаз, консервілер дайындалады. Коректік сапасы жоғары, құрамы белок, крахмал, майға бай. Ауыл шаруашылығы үшін құнарлы азық, сабағы мен жапырақтарынан қоректілігі жоғары сүрлем дайындалады.
Қарақұмық – суды аз қажет ететін жарма дақылы. Сондықтан ол Павлодар облысы мен Алтайдағы тәлімі егіншілік алқаптарында өсіріліеді. Қарақұмық негізіенен организмге сіңімді, жарма алу мақсатында өсіріледі, дәнінде белок, май, крахмал, мөлшері көп.
Қазақстанның суармалы аймақтарын күріш алқабы алып жатыр. Күріш – негізгі астық дақылдарының бірі. Күріш жармасының тамақтық сапасы өте жоғары әрі сіңімді. Күріш ұнында белок, май, органикалық фофорлы қосылыстар мен көп. Күріш сабанынан сапалы қағаздар, жұқа және берік темекі орау қағаздары жасалынады. Ол Қызылорда облысының Сырдария өзенінің аңғарында, Оңтүстік Қазақстан облысында Шардара өзенінің бойында, Алматы облысында Қаратал, Іле өзендері аңғарында өсіріледі. Техникалық дақылдарға шитті мақта, қант қызылшасы, күнбағыс, темекі, зығыр жатады.

Елімізде, жаңа формацияға ену кезеңінде жүргізілген реформалар ауылшаруашылығының құлдырауына әкелді. Ірі егін шаруашылықтары, мал шаруашылығы кешендері жекешелендіріліп, көп жыл қалыптасқан байла-ныстар, қол жеткен жетістіктер құрдымға кетті. Қайта өрлеу кезінде бірталай жетістіктерге жетіп отырмыз. Бірақ шешімін таппаған мәселелер де көп. Соның бірі, ауыл шаруашылық процестерін кешенді механикаландыру, ауылшаруашылық техникасын тиімді пайдалану, жаңа технологияларды енгізіп, өнімнің сапасын жоғарлату. Мұндай жетістіктерге жету тек елдің Солтүстік облыстарындағы ірі егін шаруашылықтарының ғана қолынан келіп отыр. Ал басқа облыстардағы ұсақ шаруашылықтардың жаңа технологияны енгізуге, техниканы жаңар-туына мүмкіндіктері жоқ.


Сапалы және өзіндік құны төмен өнім өндіру үшін заманауи техноло-гиялар мен техниканы пайдалану керек. Сондай технологияның бірі егін шаруашылығында қуатты тракторлар мен кешенді агрегаттарды пайдалану. Қуаты аз тракторлармен жерді өңдеу кезінде бір ауылшаруашылық машина-сын сүйреп, егістік алқапты бір неше рет өту қажет, ол топырақтың төменгі қабатының тығыздалуына, ылғалдылықты жоғалтуға, шаңдануға әкеледі. Өнімнің сапасына әрине бұл тікелей кері әсер етеді. Ал қуатты трактор, кешенді агрегатты сүйреп, бірнеше операцияны бір ретте орындайды. Бұл дақыл өсіп — өнетін топырақтың айтылған қасиеттерін бұзбауға, егін егу немесе оны ору уақытын азайтуға, өнім сапасын жақсартуға мүмкіндік тудырады. Қазіргі, шет елдік егін ору комбайндары бірнеше операцияларды бір сәтте орындайды. Мысалы, бұрынғы технология бойынша алдымен егінді орып дестеге түсіру, оны жинау, бастыру,соңынан сабанды алқаптан әкету операциялары, жоғарыда айтылған топырақтың қасиеттерінің төмендеуіне, артық жанар-жағармай шығынына, артық еңбек шығынына, өнімнің шығынына әкелетін. Ал, қазіргі Солтүстік Қазақстанда пайдаланылатын Канадалық комбайндардың өнімділіктері өте жоғары, олар сабанның өзін турап, егін алқабына қайта шашып кетеді және бидайды бастыру технологиясы да дәннің үгітілуін болдырмайды. Нәтижесінде алынатын астық сапасы да арта түседі.
Техниканы тиімді пайдаланудың тағы бір жолы – бұл мамандан- дырылған, орталықтандырылған машина-трактор парктерін құру. Бұл модельді Ресей ғалымдары ұсынып отыр. Әрине бұл 30-шы жылдардағы МТС-терге ұқсас, бірақ тиімділігі өте көп. Қазіргі кезде елімізде 4 мыңнан астам мал азығын оруға арналған шетелдік «Класс», «Нью-Хиланд», «Кейс», «Джон-Дир» фирмаларының комбайндары жұмыс істеуде. Оларды экономикалық жағдайлары жақсы кәсіпорындар, холдингтер, инвесторлар сатып алуда. Өйткені аталған техниканың сенімділіктері өте жоғары, өнім-ділігі 3-4 есе артық және пайдалануға қолайлы (комфортты).
Елімізде, соңғы жылдары, лизенгіге техника сатып алу, жеке бизнестің ауылшаруашылығына бет бұруы, жаңа технологияны игеруі, ауылшаруа-шылық ұсақ мекемелердің жарақтануын жақсартуға қолайлы жағдай туғызып отыр. Иновациялық жобалар қолға алынып жатыр. Бәсекелестікке сай, сапалы өнім шығару үшін материалдық базаны жақсарту қажет. Жоғарыда айтылғандай Агро өнеркәсіп кешенінің — ауылшаруашылық, шикізат өңдеу және машина жасау, тыңайтқыштарды өндіру салаларын бірге жетілдіру керек. Ал иновацияның негізі, бұл ауылшаруашылық ғылымын өркениетті елдердің деңгейіне жеткізу. Иновациялық іс-әрекет үш құрам бөліктен тұрады: а) ғылыми зерттеулер б) аяқталған ғылыми-зерттеу, тәжірибе — конструкторлық, технология-лық жұмыстарды иновациялық жоба дәрежесіне жеткізу (дайын өнім, товар, технология т.б). с) дайын иновациялық жобаларды, өнім өндіру технологияларын үйрену немесе өндіріске енгізу. Ауылшаруашылық товар өндірушілер арасында – идея, технология, иновациялық жобаларды енгізу барысында бәсекелестік (жарысу) туған кезде ғана еліміздің ауылшаруашылық өндірісі тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізеді.
Ресурстармен іске асыру мерзімдері тығыз байланыстағы жоспарланған астықты алуда, еңбек шығының азайту және өнім сапасын жақсарту жолында механизаторлар мен басқа да жұмысшылардың жұмысын ұйымдастыру тәсілі – ауыл шаруашылық дақылдарын индустриалды және қарқынды технологиялармен өсіру.
Ауыл шаруашылық өндірісінде индустриалды және қарқынды технологияларды енгізу сәйкес материалдық – техникалық базаны жасауды талап етеді.
Осыған байланысты курстық жобада бөлімшелердегі технология мен қолда бар техникалар негізінде ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің алдыңғы технологиялары негізделеді, машиналар жүйесі анықталады. Тапсырмаға сәйкес бөлімшеде барлық дақылдарға технологиялық карталар жасалады, бірақта карталар саны үштен кем болмауға тиісті.
Бөлімшеде бар дақыл үштен кем болған жағдайда, тракторларды біркелкі жүктеу үшін, бөлімше бойынша, негізігі технологиялық картаға енбеген, барлық басқа тракторлар енетін қосымша карталар жасалынады (сүдігер, өндеу, мал шаруашылығы мен құрылыстағы жұмыстар, жол тазалау, тасымалдау және тағы басқа жұмыстар). Бұл жұмыстардың көлемі жобамен технологиялық картадағы сәйкес графалар мәліметтерін қосқанда алынатын шартты эт. га барлық трактор жұмыс көлемінің 15 – 20 % құрайды. Технологиялық карта 2.1 – кестеде көрсетілген.
Қолда бар технологиялық карта шаруашылықтың материалдық және еңбек ресурстарын үнемді пайдалануды алдыңғы қатарлы агротехниканы, прогресивтік технологияларды кеңінен енгізуге, аз шығындар мен өнім шығымын ұлғайтуға мүмкіндік берумен қатар, ауыл шаруашылығында кешенді механикаландыруды енгізуге мүмкіндік береді.
Технологиялық карталар негізінде техникаға, тасымалдау құралдарына және еңбек ресурстарына қажеттілік айқындалады, қосылатын капитал мөлшері, жоспарлы өзіндік құнның деңгейін есептеуге және шаруашылық есепке тапсырма жоспарлауға түпкілік материалдар анықталады, неғұрлым тиімді агрегаттарды таңдау, үнемді пайдалану тәсілдері мен оларды жүктеу, машиналарды техникалық пайдалану үшін бастапқы жадығаттар негізделеді.
Технологиялық карталарды құрастыруға, нақты шаруашылық жағдайда көрсететін, келесі көрсеткіштер: егістік көлемі, материалдарды (тұқым, тыңайтқыш, улы химикттар) жұмсаудың бекітілген агротехникалық нормативтері, ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі, жүктерді тасу арақашықтары.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет