Дәріс №1. Еңбек қорғаудағы құрама бөліктер Жоспар



бет18/22
Дата20.10.2023
өлшемі0.87 Mb.
#481268
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
лекция ЕК

Бақылау сұрақтары:

  1. Өндірістік бөлмелерде талап етілетін микроклиматтық көрсеткіштері?

  2. Жылу бөлу көздерінен қорғану

  3. Ауа бассейінін жақсарту іс-шаралары

  4. Жұмыс аумағындағы ауаның құрамындағы зиянды заттарды мөлшерлеу

  5. Жұмыс аумағындағы ауаның ластану себебі мен сипаты

  6. Қоршаған ортаның ауасын жақсарту

  7. Микроклиматтың тиімді көрсеткіштері



Дәріс 13. Өрт қауіпті, жарылыс қауіпті бөлмелердің жабдықтары
Жоспар:

  1. Өрттің алдын алу міндеттері және жалпы шаралары. Өртке қарсы үзілімдер.

  2. Өндірістердің өрт және жарылыс қауіптілігі бойынша жіктелуі.

  3. Құрылыс материалдары мен конструкцияларының жанғыштығы. Отқа төзімділік. Өртке қарсы бөгеттер. Ғимараттардың жарылысқа төзімділігі.

  4. Жайлардан газдар мен түтіндерді апаттық жою. Қоймалардағы қауіпсіздік шарттары.

  5. Өрт және жарылыс өндірістеріне арналған электр жабдықтары.

Су басқа да өрт сөндіру заттарымен салыстырғанда жылу сыйымдылығы төмен және көпшілік жанғыш заттарды өшіру үшін тиімді. Судың термиялық тұрақтылығы басқа да өрт сөндіру заттарынан жоғары болып келеді. Су өрт орнына лақтыру жеңі арқылы беріледі, бас бөлігіне металдан жасалған ствол жалғанады, оның қысымды судың шашырауын бағыттау үшін керек. Жабық бөлмелердегі өрттерді сөндіру үшін су буын пайдаланады, ол түрлі сұйық және қатты заттарды сөндіру үшін қолданылады. Құралдардың тұтануын және оның өртке өтуін алдын алу үшін ай сайын электр желілердің қаптамасының бүтіндігін және өрт кезінде қызметкерлерді эвакуация жасау үшін авариялық шығыстар тексеріледі.
Өрттің пайда болуы үшін жанатын материалдар, тотықтырғыштар және от көзі болуы қажет.
Практикада өрттің жануын толық және толық емес деп айырды. Толық жану оттектің жеткілікті көлемі кезінде болады , толық емес жану - оттектің жетіспеушілігінен болады.
Өзіндік жану жанғыш заттың химиялық үрдіс салдарынан ішкі жылыту кезінде пайда болады. өзіндік жану Температурасы әр түрлі себептерден тәуелді болады: жанатын қоспалардың құрамы және көлемі , қысымдар және т.б. Көпшілік газдардың және сұйықтықтардың тұтануы 400-600С температура кезінде, ал қатты денелердің (ағаш, көмір, торф және т.б.) - 250-450 С-та болады.
Барлық жанатын сұйықтықтар өртке қауіпті Олар ауада булардың шоғырлануына тәуелді белгілі бір жағдайларда жанады.
Жанатын сұйықтықтар тұтану температураға байланысты екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа 450С тұтанатын сұйықтар жатады. Практикада бірінші топ сұйықтықтарды жеңіл тұтанатын, ал екінші топ - жанғыштар деп аталады.
Оңай тұтанатын сұйықтықтарды сөндіру үшін газбен сұйықтық қоспалы көбікті пайдаланады.
Сумен сөндіруге болмайтын өрттерді сөндіру үшін көбікті, ұнтақты және көмір қышқылды өрт сөндіргіштер қолданады.
Отты сөндіру әр түрлі өрт сөндіру заттарды пайдаланумен жүзеге асырылады. Оңай тұтанатын сұйықтықтарды сөндіру үшін химиялық және ауа – механикалық көбіктер пайдаланылады.
Инертті газдар және булар – тиімді өрт сөндіру заттары. Жанатын булар және газдармен араласып, олар оттектің шоғырлануын төмендетеді және жанғыш заттардың жануын тоқтатуына мүмкіндік туғызады.
Қатты өрт сөндіру заттарына жатады: сілтілі және сілтілі - жер металлдардың хлориды, екі көмір қышқыл және көмір қышқыл сода, құм, құрғақ жер және т.б. Өрт сөндіру әрекетң болып олар өзінің салмағымен жану аймағын жанғыш заттардан оқшайлайды.
Өндірістік кәсіпорындарында өрттер көбінесе электротехникалық құралдарды орнату ережесін сақтамағандықтан болады. Электрлік жүйе өрт қауіпсіздік ережелеріне сәйкес болуы қажет. Оны орнатқан кезде арнайы автоматты өшіргіштер және еркін балқитын сақтағыштар қолданады. Өрт шығудың себебі электрлік және элктрлік емес сипатта болады. Өрт келесі себептерден пайда болуы мүмкін: электр желілерінің тозуынан, тармақтарды құрайтын электр желілерінің ақаулығы, электр тармақтарының қысқа тұйықталыуы, ұзақ уақытты электроқысымдар, жасанды жылыту құралдары және т.б. Жұмыс ортасы жақсы өндірістік бөлмелерде электр сымдарының қапталуын жылына бір рет тексереді. Жарылғыш заттарды өндіруде және оны өңдеуде өртке қарсы іс шаралар қауіпсіз техникаларымен тығыз байланысты.
Өрт және жырылыс қаупі бар ғимараттарға қойылытан талаптар өте көп, және әртүрлі. Бірақ олардың көптігіне қарамастан жанғыш зат алатын және олардың жабдығын өндіретін барлық ғимараттарға қойылатын негізгі талаптарды қарастыруға болады. Бұл талаптар келесідей:

  1. Есіктері мен текпешектері өрт қаупі туындағанда адамдарды эвакуациялауға қажетті ауқымды қамтамасыздандырушы көлемінде болуы тиіс, 15 метрден кем емес. Барлық өндірістік шеберханалардың қабырғалары өртке төзімді болуы тиіс. Ғимарат, бөлімдері ішінде сыбалып, ақ майлы бояумен сырлануы тиіс. Бұл өндіріс процессінде туындаған тозаң бір тегіс ақ қабырғадан оңай жуылып алынатындай болуы тиіс.

  2. Едендерді өндірістік шеберханаларда өртке төзімді материалдан жасалып, соққы мен зақым келтірілгенде шақпақ тәрізді ұшқын шывармайтын яғни өрт қаупін тудырмайтын материалдан жасалуы тиіс. Бұл үшін ұшқынсыз асфальт немесе линониум алынуы тиіс. Жаңғыш зат алынатын шеберханаларда ешқандай ағаш төсем болмауы тиіс. Бұл күкірт және азот қышқылдарының бөлім ішінде өрт кауіпін тудыратындығымен байланысты. Жабдықтаушы шеберханалардағы төсем де өрт қауіпін тудырады.өйіткені ондағы жаңғыш зат тозаңы қонып, тез өрт қауіпін тудырады.

Едендердегі тегіс емес, жұмсарған жерлеріне рұқсат жоқ. Саңылау ойыстарға жанатын заттың тозаңы жиылып өзінен-өзі ыдырап өрт қауіпін тудырады. Әсіресе өртке өте сезімтал жаңғыш зат шеберханасындағы жұміс істеу кезінде қатаң тазалық сақталуы тиіс.

  1. Өндірістік бөлімдердің жылу жүйесі тек сумен жылитын болуы тиіс. Құбыр температурасы 700С аспауы керек. Жылыту элементтері қабырғадан 50 мм. қашықтықта орналастырылуы тиіс. Бумен жылыту жүйелері ЖЗ өндіріс цехтарын жылытуға жоғары температуралы болғаны үшін жарамсыз.

Өрттен қорғаныс мыналармен қамтамасыз етілуі керек:

  • өрт қауіптілігі бар материалдардың орнына мүмкіндігінше жанбайтын немесе өте қиын жанатын заттармен алмастыру, жанатын заттарды шектеу, жанғыш ортаны оқшауландыру, өртті өрт ошағынан асып таралмауын;

  • өрт сөндіргіштерді қолдану; объект құрламдарын жану және отқа төзімділік шегін регламенттелгенді қолдану, адамдарды көшіру;

  • объектіні өрттен қорғауды ұйымдастыру.
    Жанғыш заттарды және оларды орналастыру, қолданыстағы санын шектеу мына төмендегі регламенттеумен болады; сыртқы немесе ішкі бөлменің өрт құрылыс қауіптілігі класына сәйкес электр жабдықтарын қолдану, жарыс қауіптілігі бар қосынды мен жұмыс істейтін техмологиялық процесс пен жабдықтардың электр ұшқыны шықпайтындай талаптарға сәйкес болуы:

  • ғимараттарды, құрылыстарды және жабдықтарды найзағайдан қорғау құрылымдар мен қамтамасыз ету;

  • жаңғыш ортамен контактіге кіретін материалдар, жабдықтар және өнімдердің ең жоғарғы қызу температурасын регламенттеу;

  • жаңғыш ортада пайда болатын, ұшқын шығаратын қуатты максималды регламенттеу;

  • жаңғыш ортадағы ұшқын разряды бар максималды қатаң регламенттеу;

  • жаңғыш заттар, материалдар және құрылымдарды максималды жіберілетін қызу температурасын регламенттеу;

  • тез жаңғыш заттармен жұмыс істегенде ұшқын шығармайтын аспаптарды қолдану;

  • материалдарды, құрылымдарды өнімдердің жылулық, химиялық немесе микробиологиялық айналысымдағы өз-өзінен жану ғимараттарын жою.

Өрттің алдын алу:

  • өртке қарсы тосқауылмен (қабырға, қорғаныс бөліктері ара қашықтық, жәнө т.б);

  • өртке қарсы бөліністер мен секциялар және т.б. шектік аймағы;

  • коммуникация, аппараттар, авариялық өшірілуі;

  • өрт кезінде сұйық заттардың төгіліп, жайылып көтпеуін қарастыру;

  • өрт тосқауылдарын қолдану;

  • коммуникация мен аппараттарға бөлгіш тосқауыл мембраналар қолдану.

Өртті өшіретін заттар, өрттің көлемін мейлінше азайтып, оны өшіру қажет. Өрт болу мүмкіндігін шектеу үшін конструкцияларда өрт төзімділігі өндірістік процестердің өрт жарылыс қауіптілігіне байланысты белгіленеді. Әрбір объектінің көлемдік-жоспарлау және техникалық шешімі болу керек, яғни норма мен белгіленген, өрттің қауіпті факторларының төнуінен бұрын адамдар басқа жақа көшіріліп үлгеруі қажет. Басқа жақа көшірілу үшін мыналар қажетті:

  • эвакуоциялық кіретін және шығатын жолдардың өлшемін, санын белгілеп, олардың конструктивті жасалуын қамтамасыз ету;

  • адамдардың эвакуация жолдары мен кедергісіз өтуін қамтамасыз ету.

Жеке бас және ұжымдық қорғаныс құралдары өрттің қауіпті факторларын әсер ету уақытының аяғына дейін қорғай алатын болуы тиіс.
Объектінің қорғаныс конструкцияның орындалуы, қорғаныс бөлмелері және паналар арқылы іске асырылады Адамдарды жеке немесе ұжымдық қорғануы кезінде және эвакуацияға жіберген кездік түтігіне қарсы қорғаныс жүйесінің түтін шығармауын қарастырылады.
Әрбір объект өрттің алғашқы шығу дәрежесінен- ақ хабарлау және сигнализация жүйесімен қамтамасыз етілуі қажет.
Жарылыс қауіпсіздігі, жарылыс сақтандыру, жарылысты қорғау ұйымдастырушылық және техникалық-ұйымдастырушылық шаралармен іске асырылады.
Жеке өндірістік процестерге қойылатын конструктивтік жарылыс қауіптілігіне қойылатын талаптар осы прцестерге бөлінген нормативті техникалық құжаттарға сәйкестендіру қажет. Ортаның жарылыс қауіптілігі мынандай негізгі параметрлермен мінездемеленеді:

  • жану аймағымен;

  • өзіндік жану температурасымен;

  • жалынның қалыпты таралу жылдамдығы, оттөгінің ең кем жарылу қауіпі бар үлесімен;

  • жағудың ең кем қуатымен;

  • детонация мен жарылысқа бейімділігімен;

  • механикалық әсерге сезімталдығымен.

Жарылыс қауіптілігінің негізгі параметрлері:

  • соққы толқынның қысымы;

  • жарылыс қысымның жоғарылығы;

  • жарылыс кезінде қысымның жоғарылу жылдамдылығының ең орташасы;

  • жылу қауіптілігі бар ортаның бөлшектенуі мөн фугастың қасиеттері.

Жарылу қауіпі бар өндірістік процесті нормативті-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету үшін, оған қауіпсіз коэффициенті белгіленген.
Жарылыс кезінде адамдарға әсер беретін қатерлі және зиянды
факторлар:

  • шектік дәрежеден асатын соққы толқынның қысымы;

  • жалын, өрт;

  • жабдықтардың, желілердің, қондырғылардың, кешендер мен ғимараттардың қирауы, кесінділердің жан-жаққа ұшып кетуі;

  • ішінде зиянды заттары бар жарылыс кезінде бұзылған аппараттардан ауаға шектік концентрациясынан асатын газ жолдарының пайда болуы.

Жарылыстан сақтандыруға қойылатын талаптар.


Жарылыстың алдын алу үшін алдымен жарылыс пайда болатын ортаны болдырмау. Жарылыс қауіптісі бар ортаның шығу кезеңдері:

  • заттардың (газ, бу, шаң) ауамен және басқа тотығыштар мен пайда болатын жарылыстың қабілеті бар қосындылар (оттегі, хлор, азот және т.б.)

  • жарылуға дайын жеке заттар (ацетилин, азон, гидразин, аммиакты селитра және т.б.)

Жарылыс көздері:

  • жанатын, қызатын заттар;

  • электролық разрядтар;

  • механикалық қозғалыстар мен химиялық реакция жылуларының шығуы;

  • соққыдан пайда болған ұшқындар;

  • соққылық толқындар;

  • электромагниттік және де басқа сәулелердің күндік радиациясы.

Қорғанысқа қарсы талаптар


Жарылыс және материалдық құндылықтарды сақтау салдарынан болған, адамдарға әсер ететін қауіпті және зиянды факторлардың алдын алу үшін мыналармен қамтамасыз етілуі тиіс:



  • қорғанысқа қауіпті кәсіпорын жерлерін, қорғаныс кабиналарға сиғызу;

  • қопарылыс қысымына есептелінген, құралдарды қолданумен;

  • қысымды түсіретін авариялық қондырғылар жарылыс кезінде, аппараттардың ластануынан сақтаумен: кері клапондарымен тез әсер етуші шөкімтерді пайдаланумен;

  • қопарылысты активті түрде жою жүйелерімен қолданумен.

Жарылыстан қорғау шаралары нормативті – техникалық құжаттармен нақты кәсіпорынды процестерде қолдануы тиіс.
Жарылыстан сақтандыруға қойылатын талаптар.
Жарылыстың алдын алу үшін алдымен жарылыс пайда болатын ортаны болдырмау. Жарылыс қауіптісі бар ортаның шығу кезеңдері: процестерді жарылыс қауіпті өндірістің процесі жүргізетін;

  • өрт қауіпсіздігін өндірістің санитариясы, техника қауіпсіздігінің ережесі мен нормасына технологиялық ереженің сақталуын қадағалау;

  • аварияға қарсы, тау жұмыстарын қорғау, газдан сақтау жұмыстарын ұйымдастыру және авариялық жағдайда жұмыстарды жүргізу тәртібі.

Әрбір зауыт, өндіріс орындары егер жарылғыш және өрт қауіпті зат өндіретін болса, міндетті түрде арнайы даярланған командасы болуы тиіс. Бұл өрт сөндіру камандалары негізгі қауіпті өндірістен алыста орналаспауы тиіс. Оларда сигнализация және телефон байланысы болуы тиіс. Бірақ аз уақыт ішінде жарылғыш зат жанған кезде жарылыс болуы мүмкін. Егер жұмысшының өзі шешім қабылдау керек болса, оның өртті өртсөндіргіш, су не топырақпен сөндіруі тиіс. Сонымен қоса ол өрт сөндіргіш команданы не өрт сөндірушілерді тез арада шақыруы тиіс. Өрт сөндіру командасы жану өртке айналмаса да шақыруы тиіс. Бұл ережені есте мұқият сақтап, кез-келген жануды жасыруға тырыспау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет