Дәріс №1. Жерге орналастырудың міндеттері, мазмұны және негізгі әрекеттері


Жер иеленушілерге келтірілген залалдарды анықтау және өтеу



бет16/37
Дата08.04.2024
өлшемі482.5 Kb.
#497895
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
23-24 ЗУ и ЗП дәрістер

Жер иеленушілерге келтірілген залалдарды анықтау және өтеу. Жердің ауылшаруашылық емес мұқтаждықтарға алғанның салдарынан жер иеленушілер бiрқатар залалдарға ұшырайды. Олар: алынған жерде орналасқан ғимараттар мен құрылыстар немесе учаскеден тиіс орналасқан, бірақта пайдалануға келмей қалған осындай тәріздес объектілер; жеміс-жидек және басқа көпжылдық көшеттер; аяқталмаған өндіріс (жерді өңдеуге, тыңайтқышқа, тұқым себуге және басқа технологиялық картамен қамтылған жұмыстарға жұмсалған шығындар); алынбай қалған өнім және т.с.с.
Топырақтың құнарлы қабатын (ТҚҚ) алу және пайдалану жөніндегі техникалық шарттарды дайындау. Бұл мәселе жерге орналастыру жобасының құрамында бөлек жұмысшы жобаны жасауға арналған тапсырма ретінде қаралады. Техникалық шарттарда ТҚҚ алынатын учаскелердің аудандары, құнарлы қабатының қалыңдығы, оны пайдалану жолдары, уақытша 1 үйінділердің орналасуы, жақсартылуға жататын алаптардың аудандары, онда төселетін ТҚҚ қалыңдығы және бұл жерлерді пайдалану жөніндегі талаптар белгіленеді. Қосымша тиісті сызбалар жасалады.
Рекультивация жүргізу жөніндегі техникалық шарттарды дайындау. Бұл мәселе де жерге орналастыру жобасының құрамында қамтылады. Осы жөніндегі шарттарда бүлінген жерлерің аудандары мен орналасуы, олардың қалпына келтірілгеннен кейін (төселетін TҚҚ қалыңдығы, құнарлы қабаты алынатын танаптардың аудандары т.с.с.) бүлінген жерлерді қалпына келтіру мерзімі айқындалады. Бұған да керекті сызбалар дайындалады.
Берілген жерді пайдалану жөніндегі ұсыныстарды дайындау. Бұл ұсыныстар жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың қорытындысы дайындалып, аудандық әкімшіліктің шешімінде көрсетіледі. Осы мәселе бойынша табиғат пен қоршаған ортаны қорғау, ауылшаруашылық алаптарды сақтап қалу, жерді эрозия мен басқа теpic құбылыстардан қорғау шаралары қарастырылады. Сонымен қатар бұл құжатта мәдени және тарихи ескерткіштерің бүлінбеуі, транспорттық байланыстардың бұзылмауы, басқа жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың құқықтарын шектемеуі ескеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет