1. Achillea millefolium (кәдімгі мыңжапырақ - тысячелистник обыкновенный).
Көпжылдық, биіктігі 20-60 см, тамырсабағы жіңішке жылжымалы. Сабақтары онша көп емес, кейде дара. Қазақстанның орманды, орманды дала және дала аймақтарында және таулардың шалғынды баурайларында көбірек таралған, жалпы алғанда Кавказда, Батыс және Шығыс Сібірде, Орта Азияда, Орталық Европада, Жерорта аймағында, Балқанда, Кіші Азияда, Иранда, Батыс Қытайда, Монғолияда кездеседі.
Өсімдіктегі эфир майының мөлшері өсімдіктің фазасына және тіршілік ететін ортасына байланысты өзгереді 0,25-0,46 % және эфир майының құрамында 8-10% цинеол, 30% проазулен, 10-13% борнилацетат, камфор, тунон және тағы басқа қосымша заттар болатындығы анықталған (Горяев, 1952, Гурова, 1974).
Кәдімгі мыңжапырақ ғылыми және халықтық медицинада пайдаланылады. Бұл өсімдіктің эфир майлары бактерияларды өлтіретін қасиеттері бар. Косметикада бастың терісінің саңырауқұлақ жұқтырған ауруын емдеуге, күйікті емдеуге пайдаланылады.
Сабақтың гүлдеп тұрған жоғарғы бөлігі сүт және арақ-шарап өндірісінде пайдаланылады.
2. Chamonillа recutita (дәрілік ромашка - ромашка обыкновенная).
Біржылдық биіктігі - 10-35см. Сабағы түбінен бастап бұтақтанған, тамыр мойнындағы жапырақтары ұзынша, қауырсын немесе екі рет қауырсынды сағақсыз.
Үйлердің айналасында, бау-бақшаларда, қоқыс тастарда жерлерде өседі. Бұл өсімдіктегі эфир майының мөлшері 0,5 -0,660мк шамасында (І00 гр құрғақ шикізатта).
3. Tanacetum vulgare (кәдімгі түймешөп - пижма обыкновенная).
Көпжылдық, биіктігі - 30-150см, түктенген. Сабақтары дара немесе көп, жоғарғы үш жағында тармақталған тамыр мойнындағы жапырақтары тез өліп қалады, сабақтың төменгі жағындағылары ұзын сағақты, ал жоғарғы жапырақтары сағақсыз. Орман және дала аймақтарында, өзендердің жағасында, алқабында өседі.
Бұл өсімдіктің бүкіл жер бетіндегі мүшелері эфир майлы 0,34-0,70% шамасында. Эфир майының құрамында: камфора, борнеол, туион, изотуион, кадинин, фелогдрен, азулендер, кариофиллен, изоболен болады.
Кәдімгі түймешөп эфир майлары медицинада орта ғасырлардан бері пайдаланылады. Өйткені бұл өсімдіктің микробтарды өлтіретін қасиеті бар.
Бұл өсімдік тамақ және химиялық фармацевтика өндірісінде пайдаланылады. Өсімдіктің жапырақтары ет өнімдерін консервілегенде және кулинарияда тағамдарды хош иістендіру үшін пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |