Дәріс-2: Қазақстандағы биологиялық алуантүрлілік жағдайын қысқаша талдау
-Қазақстандағы өсімдіктер және жануарлар алуантүрлілігі
-Әкімшілік бұйрық жүйесі жағдайындағы экожүйелердің бұзылуы
-Қазақстан территориясындағы соңғы 30-40 жылдары жоғалған өсімдіктер және жануарлар түрлері
2724,9 мың шаршы шақырым алып жатқан кең байтақ ҚР территориясы Евразия орталығында Батыс-Сібір тегістігінен және оңтүстік Оралдан ыстық, құрғақ Орталық Азия шөлдеріне және Тянь-Шянь тау жүйелерінедейін 1600 км, Батыс шығысқа қарай Волга өзенінің төменгі бөлігі және Каспийден Алтайға дейін 2925 км созылып жатқандықтан, табиғат жағдайларының үлкені әртүрлілігін қамтамасыз етеді.қазақстан территориясында жер шарының барлық ландшафтарының типтері құрғақ суптропикадағы жіне ыстық қапырық шөлдердің әртүрлі типтерінен биік тау тундрасына және мұздарына дейін кездеседі. Осындай әртүрлі ландшафтардың, оған қосымша Каспий,Арал, Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты континентшілік теңіздердің және көлдердің болуы Қазақстан биотоларының бай және әртүрлі болуын қамтамасыз етеді. Қазақстанның ерекше белгісі – ол оның Евразияның ортасында болуына байланысты, оның қатал климат жағдайы және үлкен тегістігінде дала және шөл ландшафтарының дамуы. Қазақстанг территориясының 40% -дан аса бөлігін дала және 55% шамасында шөлдер алып жатыр, экожүйелер антропогендік әсерге әлсіз, оңай тұрақсызданады және қайтадан қалпына келу қабілеттілігі өте нашар.
Бұл региондарда халықтың аздығы кең-байтақ территорияларда қорғаныс базаларын және сынақ палигондарын салуға, жер қойнауының байлығын қазып шығаратын өнеркәсіптің дамуына, ал солтүстікке құнарлы жерлердің болуы тың және тыңайған жерлерді игеруге алып келеді. Әкімшілік бұйрық жүйесі жағдайында экономика табиғат байлығын барынша мол сығып алу мақсатында экстенсивтік жолмени дамыды. Әрине, тезірек жер қойнауы байлықтарын алуға мақсат еткен шаруалық қызмет жағдайында ол процестің кейіннен экологияға әсері ескерілген жоқ. Соның салдарынан экожүйелер терең, кең көлемді бұзылды, көп жерлер шөлге айналды және биологиялық алуантүрлілікке үлкен зиян келді. Флораның биологиялық алуантүрлілігі және өсімдіктер ресурстары зияе шекті.
Қазақстан өсімдіктер жабынын 6000 түрден астам 128 тұқымдасқа жататын жоғары сатыдағы өсімдіктер жасайды. Олардың 14%-ы эндемдер флоралық әртүрлілік деңгейі Қазақстанның әртүрлі бөліктерінде бірдей емес. Қазақстанныі тегістік бөліктерінде, шөлдер мен далаларда флораның әртүрлілігі және өзіндік ерекшелігі батыстан шығысқа қарай ұлғайады. Ал тау жүйелерінде флораның әртүрлілігі және өзіндік ерекшелігі солштүстік-щығыстан (Алтай) оңтүстік-батысқа (Батыс Тянь-Шянь, Қаратау) қарай ұлғаяды. Қазақстанда 10 монотиптік эндомикалық туысты ерекше атауға болады: Phisandra (рафидофитон), Pseudeoeremistashis-жалған шөлмасақ, Botshanzivia (бочанцевия), Pseudomarrubium (ложная шандра – жалған шандра), Cankriniella (канкриниелла) Spiraeanthus (тавелгоцвет – тобылғы түс), Pterygostemon (птеригостемон), Pastinacopsis (пастернаковник), Niedziwedzkia (недзвецкия). Қазақстанның 1981 жылы баспадан шыққан Қызыл кітабына жоғары сатыдағы өсімдіктердің 279 түрі кіргізілген болса, соңғы жылдары баспаға тапсырылған Қызыл кітаптың екінші басылымына өсімдіктердің 400 сирек Кездесетін түрі енгізілген.
Қазақстан территориясында соңғы 10 жылдықтарда бірқатар өсімдіктер түрлері көрінбейді. Ол түрлер жойылып кетті деген болжамдар бар. Ол түрлердің Оңтүстік Қазақстан регионында кездесетіндері:Dryopteris mindshel kensis(щитовник менжелькенский – усасыр мыңжылқы), Stroganovia robusta (строгановия коренастая – шымыр строгиновая), Prangos eguisetoides(прангос), Dorema varataviense(дорема каратауская) Қаратау сасыққурайы), Acantholimon minshelkense (аконтолимон минжелкенский – мыңжылқы кемпіршөп), Eremostashis pectinata(пустынноколосник- гребенчатый – тарақша шөлмасақ),Orotamche karatavica(заразиха каратауская-Қаратау сұңғыласы), Contaurea kultiassovi(василек культиасова)-Культиасов гүл кекіресі).
Орталық Қазақстанда: Adiantum capillus-veneris (aquantum) Borberis karkaralensis (барбарис каркаралински – Қарқаралы бөріқарақаты), betula kirghisorum- береза киргизская – қызыл қайың) Paris quadrifolia (вороний глаз обыкнавенный- кәдімгі қарға көз). Alnus qlutinosa (ольха клея- жабысқан қандыағаш), hymnadenia conopcta(кокушник комарник- масалы көкекшөп), dactylornisa fuhsii (пальчатокоренник).
Шығыс қазақстанда: (Rubia rezniczencianna – марена резниченковская –Резниченко риясы), arenata potaninii (песчанка Потанина- Потанин құмдық шөбі)
Антропогендік азғындаудың(деградация) салдарынан адвенцивтік (қосымша) түрлердің таралуы нітижесінде өсімдіктер жабынында адамдар арқылы таралатын өсімдіктер көбейеді. Яғни синантронпизация процесі басталады.
Адвентивтік өсімдіктер жергілікті өсімдіктер түрлеріне ортаның абиотикалық факторларын пайдалануға бәсекелес болады, өте жиі олармен буңдандасып,т агрессивті қасиеттермен будандар (гибриттер) пайда бролады.
Жоғары сатыдағы өсімдіектер флорасының құрамында пайдалы иілік дәрілік, малазықтық, техникалық, тағамдық, сәндік және басқа түрлері бар.
Иілік өсімдіктер- шикізаттық өсімдіктер ішіндегі толығырақ зерттелген. Көпжыдық зерттеулер нәтижесінде Қазақстанда практикада бағалы, құрамында таниндер бар20-дан астам түрлер анықталған, олардың ішінде ең белгілері: Polygonym coriarium (горец дубильный- иілік таран),Poligonum bucharicum(горец бухарский – бұқара тараны), Rumex tianschanicum (щавель Тянь шанский- тянь-шань қымыздығы), Rumex paulsenianus (щавель Паульсена- Паульсен қымыздығы) Rheum tataricum (ревень татарский- түйе жапырақ татар рауғашы), Rheum maximowozii (ревень Максимовича - Максимович рағашы). Бұл өсімдіктердің құрғақ тамырларының қоры 200 мың тонна шмасында.
Достарыңызбен бөлісу: |