Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар


Thymus marchallianus - (Маршалл жебірі - тимьян маршаллиевский)



бет47/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   77
5.Лекциялық кешен

4. Thymus marchallianus - (Маршалл жебірі - тимьян маршаллиевский).
Жартылай бүтін діндері дамымаған, төменгі жағы сүректенген: жапырақтары сағақсыз. Қазақстанда тау белдеулерінің далалық бауырларында ормандар белдеуіне дейін өседі. Жалпы таралуы туралы айтатын болсақ, Кавказда, Батыс Сібірде, Орта Азияда, Балқанда таралған.
Әдебиеттегі мәліметтер бойынша (Прохорова, Лебедев, 1932, Горяев, 1952 және т.б) Маршалл сібірінде эфир майларының мөлшері құрғақ массасында - 0,22-1,60%.
Маршалл жебірі өндірістік маңызы бар: эфир майы өсімдік халық медицинасында дәрілік өсімдік ретінде пайдаланылады. Бұл өсімдік балды өсімдіктерге жатады.
Өскен тіршілік ортасына байланысты Маршалл жебірі құрамындағы компоненттер мөлшері өзгеріп отырады. Мысалы, Р-цимол - 8-53%, карвалол - 1-3%, Х-пинеп - 10,7%, камфор -3,6%, сабинен - 9,9%, ундекан қышқылы - 0,2%, борнеол - 30%, амил спирті - 2%. Тимол - 5,5%. Сесквитерпендер - 17%, қарамай - 1,8 %.
5. Mentha arvensis (дала жалбызы - мята полевая).
Көпжылдық биіктігі - 15-60 (110 см). Жылжымалы тамырсабақты жоғарғы жапырақтары сағақсыз, төменгілері сағақты. Дала жалбызы өзендердің, көлдердің жағалауларында суарылатын жерлерде және тауда 2000 м биіктікке дейін өседі.
Эфир майы өсімдіктің барлық мүшелерінде жиналады. М.В.Бодругтың (1981) мәліметтері бойынша дала жалбызының сабағында эфир майының мөлшері - 0,08%, ал жапырақтарында - 0,20%, гүлшоғында - 1,11%.
Дала жалбызының эфир майының негізгі компоненттері: көмірсулар 8,4-10,3%; ментоизоментон 5,6-14,7%; ментолдар және олардың эфирлері 14,2-20,7%; нулетон 15,0-39,8%; пинеритон 1,6-19,8 %; пиперитенон 4,6-14,5 %.
Дала жалбызының эфир майы үсікті емдеу үшін қолданылады. Өсімдіктің өзі асқазанды емдеуге және ауруды басатын дәрі ретінде пайдаланылады.
Asteraceae (астралар - астровые).
Астралар тұқымдасынан негізгі эфир майлы өсімдіктер мыналар:
1. Achillea millefolium (кәдімгі мыңжапырақ - тысячелистник обыкновенный).
2. Achillea setaceae (түкті мыңжапырақ - тысячелистник щетинистый).
3. Chamomilla recutita (дәрілік ромашка - ромашка обыкновенная).
4. Tanacetum vulgare (кәдімгі түймешөп - пижма обыкновенная).
5. Tanacetum pseudaoachillea (жалған мыңжапырақ түймешөбі - пижма ложнотасячелетни-ковая).
6. Ajania fastigiata (қалқан аяния - аяния щитковая).
7. Ajania fruticulosa (бұташық - аяния кустарничковая).
8. Artemisia proceraeformis (бұта жусан - полынь кустарниковая).
9. Artemisia austriaca (австрия жусаны – бөрте жусан -полынь австрийская).
10. Artemisia santoliniflora (Сантолин жапырақ жусан - полынь сантолиолистая).
11. Artemisia obtusiloba (мұқыл жусан – полынь туподольчатая).
12. Artemisia frigida (мұз жусан - полынь холодная).
13. Artemisia sericea (жібек жусан - полынь шелковистая).
14. Artemisia rutifolia (рутожапырақты жусан - полынь рутолистая).
15. Artemisia siversianа (Сиверс жусаны – полынь сиверская)
16. Artemisia dracunlus (шыралжып жусан - полынь эстрагон)
17. Artemisia schenktana (Шренк жусаны - полынь шренкоская).
18. Artemisia saissanica (Зайсан жусаны - полынь зайсанская).
19. Artemisa semiarida (құрғақ жусан – полынь полусуxая).
20. Artemisia gracillescens (жіңішке жусан - полынь тонковатая).
21. Artemisia lessingiana (Лессинг жусаны - полынь лессинговская).
22. Artemisia albida (ақшыл жусан – полынь почти белая).
23. Artemisia scoparia (шашақты жусан - полынь метельчатая).
Енді осы астраларға жататын 23 эфир майлы өсімдіктің кейбір өкілдеріне қысқаша сипаттама беріп өтейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет