Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар


Дәріс-3: Қазақстан жануарлар әлемінің алуантүрлілігі



бет5/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
5.Лекциялық кешен

Дәріс-3: Қазақстан жануарлар әлемінің алуантүрлілігі

Қазақстанда тіршілік ететін жануарлар - республикамыздағы байлықтарымыздың бірі. Сондықтан оларды қорғау, тиімді пайдалану - біздің борышымыз, жануарлардың біразы сапалы ет, май, сүт, бағалы терілер берсе, кейбіреулері ауыл мен орман шаруашылығының зиянкестері


Қазақстанда жануар әлемі 835 омыртқалы түрі, оның ішінде 178 сүтқоректілер түрі, оның 48 түрі (27%) кәсіптік ауланатын түрлерге жатады. Тұяқтылардың 12 түрінің 7 түрі ақбөкен, киік - сайғақ, бұлан- лось, елік - касуля, қабан, таутеке, құдыр-қабырға, марал кәсіптік ауланатындар. Республикамыз терісі үшін ауланатын жануарларға өте бай. мысалы, кәмшат-соболь, түлкі-лисица, ондатор, суыр-сурок, сары шұнақ- суслик, және т.б. Соңғы жылдары экологияның өзгеруіне байланысты жабайы аңдардаң мекен жайлары жаңарып қайта құрылуда деуге болады. Олардың саны да өзгереді. Кейбір жануарлардың жалпы саны азаяды, ал кейбіреулері көбейеді. 1996 мәліметтер бойынша, ақбөкен саны- 850-900мың, елік - 30 мың, қабандар- 10 мың, таутеке 20 мың, марал- 15 мың шамасында. Қасқырлар мен шибөрілер саны көбеді. Қасқырлар - 100 мың, шибөрілер - 50 мың шамасында. Бұл жыртқыштар санын азайту республикамызда мал шаруашылығын дамытып, кәсіптік аңдарды сақтауда маңызы зо.
Қазақстанда кездесетін әртүрлі мәліметтер тбойынша құстар түрлерінің 140 түрі кәсіптік ауланатындар қатарына жатады. Олардың ішінде ең маңызды топтар- ол суда жүзгіш жабайы құстар(43 түрі). Олардың ішінде: қаздар, үйректер, қасқалдақтар. Олардың қоры белгісіз Қазақстан су қоймаларында 7-8 мың құс ұя салады, ал маусымдық миграция кезінде 8-10 мың құс Қазақстан жері арқылы ұшып өтеді. Қазақстанның байырғы ихтиофаунасында Каспий теңізіндегі түрлері қосқанда 96-97 түрі белгілі, акклииматизациялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан ихтиофаунасы 23 жаңа түрмен толықты. Көптеген аулақтанған су қоймаларының ихтиофаунасы жасанды құрылған. Мысалы, Балқаш су қоймасында 13 байырғы түрінде 24 жаңа түр қосылған. Талас су қоймаларының 6-7 жергілікті түрлеріне 13 жаңа түр қосылған.
Қазіргі қазақстан ихтиофаунасы бір-бірінен жекеленіп, Каспий, Арал, Ертіс, Балқаш және т.б. көлдер жүйелерінен құралған. Әрбір су бассейінде оның ихтофаунасын қайта құру туралы жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде олардағы түрлердің құрамы өзгереді.
Каспий бассейні
Олар Ембі мжәне Каспий теңізі акваториясында балықтардың аз түрі мекендейді. Каспий су қоймасына қатысты ерекше көңіл аударуды қажет ететін балықтар, ол бекіреге жататын 5 балық түрі:
1. қортпа (белуга)
2.бекіре (осетр)
3. шоқыр (севрюга)
4. сүйрік (стерлядь)
5. пілмей бекіре (шип)
Бұл аталған балықтардың қоры соңғы жылдары бақылаусыз аулаудың нәтижесінде азайып кетті.
Арал бассейні
Арал бассейнінің ихтиофаунасыалуан түрлі. Аралдың алуан түрлі ихтиофаунасы Әмудария және Сырдария өзендерінің ортаңғы ағысында мекендейді. Қазақстан территориясындағы бөлігінде балықтардың 59 түрі кездеседі, оның 11-12 түрі эндемдержәне 24 түрі жерсіндірілген. Арнайы мақсат қойып зерттелмегендіктен балықтардың кейбір түрлері анықталды, ал кейбір түрлерцһі жоғалды деп нақты айту қыйын. Мысалы: Арал арбыты, шортан тәрізді акмарка және т.б. туралы.т Теңіздегі өткінші 10 түрдің популяциялары жоғалды, яғни түрлердің алуантүрлілігі қысқарды. Шаруашылықтағы бағалы балықтардың Аралдағы қоры түгел жойылды деуге болады. Бұрн 20 мың тонна балық ауланатын болса қәзіргі кезеңдегі Сырдария және Шу су қоймаларынан ауланатын балықтар бұрынғы балық өнімдерінен орнын толтыра алмайды. Қазіргі кезеңде кіші Арал қалпына келтіріліп, балықтар өсірілуде. Бәрі орнына келіп жөнделеді деп айтуға болады.
Ертіс бассейні
Ертіс су қоймаларында балықтардың 32 түрі кездеседі, оның 5 жерсіңдірілген,сырттан ендірілген балықтар саны іс жүзінде көбірек, өйткені Синцянь жағынан жерсіңдірілген балықтардың экспансиясын байқауға болады., бірақ ол туралы арнайы зерттеулер жүргізілмеген. Биологиялық азайып кету қаупі бар, әсіресе өздерінің белгілі ареалдары бар, бірақ популяция саны Қазақстанда азайып бара жатқан түрлердің мысалы, Сібір бекіресі, сылан және т.б олардың саны кәсіптік алаудың салдарынан азаюда.
Балқаш-Алакөл көлдер бассейні
Бұл бассейіннің жергілікті ихтиофаунасы 13 түрден құралған. Олардың ішінде байырғы - эндем, алабұға. Биологиялық ауантүрлілігі жоғалып бара жатқан, Қолталма(гольян озерный) талма балық (голец) түрлері әлі толық зерттелмеген. Балқаш және Іле өзені ихтиофаунасында сырттан ендірілген 24 балық бар екендігі айқындалған. Олардың саны Синцяннан миграция болуының нәтижесінде тұрақты көбеюде.
Балық және балық тәрізділердің 16 түрінен сирек және жоғалып бара жатқандар қатарына 7 түрді жатқызуға болады. Сырдария тасбекіресі, Арал пілмайы, Арал және Каспий албырты, Шу сүйірқанаты, Іле шармайы Қазақстан су қоймаларынан жойылып кетті деген болжам бар. Саны күрт азайып бара жатқан категорияға 7 түрдің және түр тармақтарын жатқызуға болады:Каспий тілтістілері- каспиская минога, Волга майшабағы- волская многотичинская сельд; Таймень, сылан - нельма, Бұқтырма - Зайсан популяциясын, Арал және Түркістан қаязасы- усачи, Балқаш алабұғасы- балхашский окунь және Балқаш- Іле популяция.
Балықтардың байырғы түрлері және түр тармақтарының апатты жағдайының негізгі себептері- су қоймаларының гидрологиялық режимінің бұзылуы және химиялық ластануы оларға қосымша ихтифаунаға жат түрлерді бақылаусыз жерсіндіру.
Қазақстанда омыртқасыздардың 100 мыңнан астам түрі мекендейді. Түрлер саны жағынан олар омырқалылардан 100 есе артық. Омыртқасыздардың биомассасы омыртқалылардан неғұрлым артық, олар табиғатта заттардаң айналуында үлкен рөл атқарады. Қазақстандағы омыртқасыздардың негізгі маңызды типтері:
1. Былқылдақ денелілер (моллюски)-300 шамасында
2. буынаяқтылар (членистиногие)- 60 мың
3. жәндіктер(насекомые)-50 мың
4. өрмекші тәрізділер( паукообразные) - 10 мыңдай
5. буылтық құрттар (колтчатые червы)- 100
6. жалпақ құрттар ( плоские червы)- 100 ден астам
7. қарапайымдылар ( простейшие) тип топтарының құрамасы - 10 мыңнан астам.
Тың жерлерді жаппай жыртудың, топырақ ьэрозиясының, табиғаттың техногенді және ауылшаруашылықластауының нәтижесінде далалардағы және таулардағы далалық белдеулерде жануарлар дүниесі зардап шекті. Көптеген жәндіктер - фитофактар, өсімдіктерді тозаңдандыратын аралар, жыртқыш және арамтамқ буынаяқтылар және басқа да пайдалы омыртқасыздар сирек немесе тіптен мүлде жойылып кетті. зооценоздар құрылымы өзгеріп кетті. Пайдалы омыртқасыздардың түрлік құрамы кедейленіп, олардың сандары азайып қана қоймай, кейбір омртқасыздар саны көбейді. Мысалы, ауыл мен орман шаруашылық зиянкестері - эвриобионттар көбейді. Екінші жағынан тар маманданған тиүрлер, оның ішінде сирек кездесетін, көнеден қалған және байырғы түрлер саны күрт азайып, кейбір жерлерде тіпті азайып кетті.
Омыртқасыздар фаунасындағы үлкен өзгерістер, әсіресе олардың сандарының азабы ірі өндіріс орталықтары маңайында, әсері палигондар территориясында және пайдалы қазбаларда өндіру аударында байқалады. Еліміздің фаунасындағы қолайсыз, теріс өзгерістерді Қазақстанның "Қызыл кітабынан" көруге болады. “Қызыл кітапқа” жәндіктердің (насекомые) - 96 түрі, былқылдакденелілердің - 6 түрі, буылтық құрттардан (кольчатные червы) - 2 түр, шаян тәрізділерден (ракообразные) - 1 түр, омыртқалылардың 125 түрі (түр тармағы, популяциялар) кіргізілген, оның ішінде құстар - 56, балықтар - 16. Бауырмен жоргалаушылар (пресмыкающиеся) - 10, қосмекенділер (земноводньте) - 3, Қызыл кітапқа енгізілген сүтқоректілердің 40 түрінің ішінде 9 түріне жоғалып кету қаупі төніп тұр. Ол 9 түрдің ішінде 4 түрі (қызыл қасқыр, Европа су күзені - норка, қабылан - гепард, қызыл құм тау қойы) Қазақстан территориясынан әлдеқашан жоғалып кеткен.
Сандары азайып бара жатқан топқа немесе категорияға жататындар: құланның түркімендік түршесі, арқардың тянь-шяньдық түршесі, Орта Азиялық су қүндызы (выдра), Батыс Тянь-Шань эндемі, Мензбир суыры (сурок) жұпар тышқан (выхуколь).
Жоғалып бара жатқан түрлерге жататын құстардың 15 түрінің ішінде мрамор шүрегейін (мраморный чурок) Қазакстан территориясында 20 жылдан бері ешкім кездестірген жок.
Ақ дегелек (белый айст) жоғалып кету алдында тұр.
Сүңқардың (сокол) жоғалып кету алдында уш түрі (балабан, сапсан, шахин) апаттық жағдайда тұр. Әсіресе, Балабан сұңқары - арабтардың сүйікті объектісі, құстардың бағасы өте жоғары болуына байланысты, оларға үлкен зиян келуде. Бірінші категорияға енген құстардың ішінде мыналарды атап көрсетуіе болады: қызғылт бірқазан (розовый пеликан), дуадақ (дрофа), тарғақ (кречетка), мойнақ шағала (реликтовая чайка), ақбас үйрек (савка), балықшы тұйғын (скопа), ұзынқүйрық орлан (орлан долгохвост).
Құстардың 15 түрінің сандары азаюда. Бұйра бірқазан (пеликан кудрявый), сарықұтан (цапля желтая), қарабай (кара- вайка), қоқиқаз (фламинго), жалбыгай (колпица), қызылжемсау қарашақаз (краснозобая казарка), сұңқылдақ аққу (лебедь кликун), жыланша (змееяд), аққұйрық су бүркіт (орлан-бело- хвост), Алтай ұлары (алтайский улар), көкмаңдай (султанка), безгелдек (стрепет), жек дуадақ (джек), қарабас өгіз шағала (хохотун черноголовый), үкі (филин). Жоғарыда келтірілген түрлерден, негізінен ауланатын құстар түрлері немесе ерекше құрылысы бары - сұңқарлар және үкі (бас киімдерді әшекейлеу уніін қауырсындары алынады) және т.б. сандарының азайып бара жатқанын байқауға болады. Қосмекенділерден ең сирек кездесетіндері қызыл аяқ бақа (лягушка сибирская), бауырмен жорғалауушылардан - сүр кесел (варон серый)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет