Тестінің валидтілігін тексеретін,жақсылап өңделген рәсімдер бар: тест
мазмұнына, объективті қасиеттерімен байланысын анықтау үшін, тест
құрылымын айқындау үшін. Егерде педагогикалық
зерделеуге біз сапалық
қасиеттерін анықтайтын тест қолдансақ, диагностикалық мағынады бұның
құндылығы әрқашан күмәнді болуы ақиқат. Тестілерді қолдана отырып
зерттеуші оның көмегімен ағымдағы сәттегі даму деңгейін қайсыбір
психикалық қасиетінің бар екенін анықтай алатынын көңілден таса қылмауы
керек. Ол келешекте қалай көрсетеді деп болжауға болмайды.
2.
Сенімділік-психологиялық өлшемдердің
нақтылығын білдіреді,
тестілеу рәсімінің кемшіліктерінің жоқтығы, яғни тестілік сынақтың
көрсеткіштерінің тұрақтылығы. Сандық көрсеткіш ретінде корреляция
коэффиценті басқа тестілердің (әдістердің) нәтижелерімен бірге көрсеткіш
болып шығады. Сапалық көрсеткіштер
басқа тестілердің көмегімен
нәтижелерін тексеру арқылы айқындалады; тестіні екіге бөлу (ол сауалнама
болса, жұп және тақ бөлігіне бөлінеді), сұрақтар мен жауаптардың мазмұнын
талдау, қайталап тестілегенде нәтижелердің тұрақтылық деңгейін талдайды.
3.
Ғылыми-тестінің тұрақты зерттеулермен байланысы бар екенін
айқындайды, яғни тест негізінде бір ғылыми концерция болуы керек. Бұл
сапа қасиеті ғылыми тестіні әуесқойлық тестінен ажыратуға көмектеседі.
4.
Тестілеудің нәтижелерін стандарттау. Тест қолдану құжаттарды
рәсімдеу мен нәтижелерін өңдеуінің біркелкілігін талап етеді. Нәтижелерді
бағалау нормативтер көмегімен іске асады, оларды зерттелушілерді алдан ала
тестіге ұқсас сынаудан өткізген қорытындыларға негізделген. Норманы әр
көрсеткіштерге
нәтижелерді дұрыстап бөліп, (нормативті) графикалық
жолмен алуға болады.
Көптеген заманауи тестілерде «стайндық»(стандартты тоғыз) және
«стендік»(стандартты ондық) норма болып көрсетіледі. Бірінші жағдайда
мөлшерді ауытқыма үлесім графикте (сурет) кесім абцисс осінде алтыға емес
тоғызға бөлінеді,екінші жағдайда онда бөлінеді.
Заманауи педагогикалық зерделеуде көбінесе тестінің үш түрі
қолданылады:
-нақты психодиагностикалық тестілер. Оларды қолдану мақсаты:
оқушының тұлғасының қалыптасу үдерісін тиімді басқару және мұғалімнің
педагогикалық әрекетінің стилін түзету;
-дидактикалық тестілер. Оларды қолдану мақсаты:
педагогика-оқыту
ісінің нәтижелерін зерттеу, оқу үдерісіноптимизациялау. Бұл топқа
енетіндер: қабілеттер тестілері, жетістіктер тестілері,
интеллект тестілері,
білім нысаналық теестілері (жиі бірқатар оқу пәндерінің кешені),
прогностикалық тестілері;
-эксперименталды тапсырмалар түрінде функционалды сынау, ойлау
қабілеттерін, уәждемені, қызығушылықты арттыруға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: