Дәріс № 13
Тақырыбы: Ас қорыту патофизиологиясы.
Бауыр қызметтерінің бұзылыстары
Бауыр организмде ішкі ортаның ұрақтылығын сақтап тұруға бағытталған көптеген өте маңызды қызметтер атқарады.
Бауыр аурулары жиі қабынумен (гепатит), бауыр жасушаларында зат алмасудың бірінші бұзылыстары нәтижесінде дамитын дистрофиялармен (гепатоздар), осылардың нәтижесінде бауырда дөнекер тіннің көптеп өсуімен (цирроз), өспе өсуімен, өт өндірілу мен өттің ішекке шығарылуьгның бұзылыстарымен көрінеді.
Бауырдың өзіндік бүліністерінің себепкер ықпалдары болып:
1. бактериялар мен вирустар (вирустық гепатиттер А, В, С, Д, Е энтеровирустар, туберкулез, мерез, іш сүзегі ж. б. қоздырғыштары);
2. қарапайым жануарлар мен құрттар (амеба, лямблийлер, эхинококтар, аскарида т. б.);
3. экзогендік, эндогендік улы өнімдер, дәрі-дәрмектер (сынап, фосфор, сулфаниламидтер, антибиотиктер, алкогөл, тіннің ыдырау өнімдері ж. б.).
4. өт жолдарының қабынуынан, тас байлануынан т. б. жағдайлардан дамитын өттің іркіліп қалуы;
5. аллергиялық серпілістер (вакцина, емдік сары су, тағамдық немесе дәрілік аллергендер организмге енгенде);
6. тағамдық факторлар (нәруыздық, витаминдік ашығулар, тым майлы тағам ж. б.);
7. өспелер (гепатома);
8. физикалық әсерлер (иондағыш сәулелер, жарақат ж. б.) есептеледі.
Сарғыштық (icterus) — өт нілдерінің жиналуынан терінің, шырышты қабықтардың, көз ағының сарғыш түске боялуымен көрінетін синдром.
Даму жолдарына қарай сарғыштықтың үш түрін бөледі:
1. Бауырлық — бауыр жасушаларының бірінші бүлінулерінен өт өндірілуі мен оның ішекке шығарылуының бұзылуынан, өт ұзақ мерзімде бауырда жиналып қалуынан немесе өт түзілуге қажетті ферменттердің гендік ақаулары болуы нәтижелерінде дамиды;
2. Механикалық немесе бауыр асты сарғыштық — жалпы өт өзегінің ішінен бітеліп немесе сыртынан қысылып қалғанында дамиды;
3. Гемолиздік немесе бауыр үсті сарғыштық — эритроциттердің артық ыдырауынан өт нілдерінң түзілуі көбейуден дамиды.
Механикалық сарғыштану.
Өттің жалпы өзегі сыртынан ісікпен қысылып немесе ішінен таспен, құрттармен, қою өтпен бітеліп қалғанда өт ішекке түспейді, қанга тікелей немесе лимфамен түседі. адамның терісі мен шырышты қабықтары сарғыштанады; зәрмен билирубин және өт қышқылы шығарыла бастайды. Сондықтан зәрдің түсі қою қоңыр болады.
Өт қышқылдары орталық нерв жүйесіне улы әсер етеді. Осыдан организмнің жалпы әлсіздігі, қызбалығы, артынан көңіл-күйдің тұнжырауы, түнде үйқы қашып, күндіз ұйқы басуы, бас ауыруы және адамның тез қалжырауы байқалады. Өт қышқылдары терідегі сезімтал нервтердің аяқшаларын қоздырып, қатты қышынуға әкеледі. Олардың қанда көбейуі эритроциттердің, лейкоциттердің ыдырауына, қан ұюының әлсіреуіне, түйіскен жерінде жасуша мембраналарының өткізгіштігін жоғарылатып, тіндердің бүліністеріне әкелуі мүмкін. Сондықтан өт қышқылдарының тікелей бүліндіруші әсерлерінен гепатит, цирроз дамиды. Өт тікелей іш қуысына түсуінен іш пердесінің, ұйқы безіне түсуінен оның тез дамитын қабынулары дамиды.
Бауырлық сарғыштану.
Этиологиясы. 1. жұқпалардың (вирустық гепатит А, В, С, Е, В, сепсис, іш сүзегі), уланулардың (саңырауқұлақтармен, химиялық улы заттармен, алкогөлмен, кейбір дәрі-дәрмектермен) әсерлерінен бауыр жасушаларының тікелей бүліністерінде;
2. ұзақ мерзімде өттің бауырда іркіліп қалуында;
3. ферменттердің гекетикалық ақаулары нәтижелерінде бауырлық сарғыштану дамуы мүмкін.
өттің бір бөлшегі өт шығаратын өзектерге, екінші бөлшегі қанға түседі. Қабынудың нәтижесінде ісінген бауыр жасушалары өт өзектерін қысып, оның ішекке қарай өтуін бұзып, қанға кері сорылуын ұлғайтуы мүмкін.
Бауырлық сарғыштану үш сатыда өтеді:
1. Сарғыштану алды сатысы. Бауыр жасушалары бөліністерінің ең бірінші көрінісі болып қанда және зәрде уробилиногеннің пайда болуы есептеледі.
2. Сарғыштану сатысы. сау жасушаларда өндірілген өт қан тамырларына түсіп, қанда өт қышқылдарының, тура билирубиннің деңгейін көтереді. Тура билирубин бүйрек арқылы зәрге шығады, содан зәрдің түсі қою қоңыр болады.
3. Кома алды сатысы. Бауыр жасушалары тура емес билирубинді тура билирубинге айналдыру қабілетін мүлде жоғалтады. Осыдан қанда тура емес билирубиннің деңгейі көтеріледі, тура билирубин азайады, уробилиноген толық жоғалады. Артынан бауырлық кома дамиды (жоғары қараңыз).
Гемолиздік сарғыштану
Гемолиздік сарғыштықтың себебі болып эритроциттердің тым артық ыдырауы есептеледі. Эритроциттердің ыдырауының артуы химиялық заттармен (фенилгидразинмен, мышьяк. сутегімен), биологиялық улармен (жылан, ара улары) уланғанда, тобы бойынша немесе резус сәйкессіздігі бар қан құйғанда, күйіктік, үсіктік аурулары, тұқым қуалайтын гемолиздік анемиялар ж. б. жағдайлар кездерінде болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |