Академмик Е. А. Бөкетов атындағы



бет1/3
Дата18.05.2024
өлшемі15.24 Kb.
#501438
  1   2   3

Академмик Е. А. Бөкетов атындағы

  • Академмик Е. А. Бөкетов атындағы
  • Қарағанды университетінің
  • Факультет Педагогикалық
  • Мектепке дейінгі және психологиялық - педагогикалық даярлық кафедрасы
  • Мамандығы: Педагогика және психология
  • 3 курс студенді
  • Сейдуалиева Маржан Жарылкасыновна
  • Темперамент – ағзаның физиологиялық өзгешеліктерімен, әсірісе жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан, психикалық күйі мен тереңдігінен, адамның көңіл ерекшеліктерінен де эмоция сезімдерінен де жақсы байқалады.
  • Темперамент (латын тілінен аударғанда – қоспа, сәйкестілік) - деп, әдетте адамның психикасының сипатын оның байсалдылық және қозғалғыштық деңгейін анықтайтын туа біткен ерекшеліктерін айтады.
  • Б.М.Теплов темпераментке келесiдей анықтама бередi: «Темперамент дегенiмiз бiр жағынан эмоциялы қозуға, яғни сезiмнiң туу шапшаңдығына, екiншi жағынан олардың күшiне байланысты болатын белгiлi бiр адамға тән психикалық ерекшелiктердiң жиынтығы».
  • Темперамент қасиетi жеке адам қасиеттерiне тек шартты түрде бағынады және ол биологиялық, әрi туа бiткен қасиет болғандықтан көбiнесе индивидтiк ерекшелiк болып табылады.
  • Темперамент туралы iлiм өте ерте замандарда пайда болған. Темпераменттiң негiзiн салған ежелгi грек дәрiгерi Гиппократ (б.з.д.460-377ж) темпераментке алғаш түсiнiктеме берiп, оны негiзiнен жүйке жүйесiнiң қасиеттерiмен емес, ағзада әр түрлi сұйықтықтардың (қан, шырын, сары және қара өт) бiреуiнiң басым болуымен байланыстырған. Ағзадағы осы сұйықтықтардың бiрiнiң басымдығы адамның темпераментiн анықтайды: қан басым болса-сангвиник, шырын басым болса - флегматик, сары өт басым болса- холерик және қара өт басым болса- меланхолик айқындалады деген.
  • Немiс анатомы Гейне темпераменттiң түрлiше болып келуi жүйке жүйесiнiң тонусына байланысты деген. Орыс педагогы Лесгафт темпераменттер қан тамырларының жуандығы мен кеңдiгiне байланысты дедi.
  • Римнiң атақты дәрiгерi К.Гален темпераменттiң физиологиялық ерекшелiктермен қоса, психологиялық типтін, адамның адамгершiлiк қасиеттерiне қатысты сапалармен байланысты деп түсiндiрдi.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет