Жобалау - бұл ақпараттық жүйені жоспарлау.
Берілген сатыда алда құрылатын жүйенің жалпы құрылымы құрылады, программа каркасы, деректер құрылымы құрылады.
Объектінің төзімділігі – бұл оның ішкі байланыс шарасы.
Объектілердің байланысы – бұл объектілердің бір-бірімен әрекеттесу шарасы.
Ұқсас принциптер әрбір деңгейдің ішіндегі модульге қызмет етеді:
Модуль құрамында берілген деңгейдің басқа модульдері туралы минимум ақпарат бар.
Әрбір модуль басқа модульдердің ішкі құрылымын білмейді. Модульдер арасындағы байланыс қатты, алдын ала анықталған интерфейс арқылы жүзеге асады.
Әрбір модуль жоғары төзімділік және басқа модульдермен әлсіз байланыста болады.
Өндіру
Өндіру – бұл жобаны программа мен физикалық жүйеге айналдыру процесі.
Қазіргі CASE-әдістер деректер базасы, программа немесе WEB-сайт болсын, кодтың автоматты генерациясын жүргізуге мүмкіндік береді. Болашақта бұл тенденция күшейе түседі.
Өндіру (немесе программалау, кодтау) программалау тілінде программа мәтінінде программалық спецификация мен жобаның нақты жүзеге асуына бағытталуы керек. Негізгі критерийі – нақтылық пен сенімділік.
Тестілеу
Тестілеу – бұл ақпараттық жүйедегі қателіктерді іздеу.
Қателік – бұл бар немесе болуы керек ақпараттың сәйкессіздігі.
Қорғаныс – бұл әрбір қателік бағасының есебімен есептелген уақыттың қандайда бір периодында жұмыс істеу ықтималдығы.
Тестілеу принциптері
Тестілеу жақсы жобаланған жүйедегі қалған қателіктерді табу үшін жүргізіледі және осыған сәйкес оның қауіпсіздігін, сонымен қатар бағалылығын жоғарлатады.
Егер біз программаны тестілесек, онда тестілеуге шыққан шығынды қайтарып алу керекпіз, қандайда бір әдіспен программа құндылығын жоғарлатамыз. Оны программаның қауіпсіздігін жоғарлату арқылы ғна жасай аламыз, сол үшін де тестілеу жүргізіледі. Қауіпсіздікті құру процесінде енгізілген қателіктерді түзету арқылы ғана жоғарлата аламыз.
Егер тест қатені тапса, онда ол тиімді болып есептеледі. Егер бірде-бір қатені таппаса, онда тест тиімді емес деп есептеледі.
Тест – бұл енгізілген мәліметтер және пайдаланушының күткен нәтижесін көрсетудегі іс-әрекеті немесе программаның кері әсерінің жиынтығы.
Отладка Талқылау
Отладка – бұл табылған қателіктерді түзету.
Көбінесе тестілеу кезінде қатенің өзі табылмайды, ал олардың сиптомдары. Отладка кезінде кеткен қатенің алдын алу (яғни программадағы орынын, қайда орналасқанын анықтау) керек, содан кейін ғана түзетіп, түзету дұрыстығын тексеру және қатенің анализін жүргізу керек.
Қатені түзету кезінде жаңа қате енгізу ықтималдығы жоғары (20% мөлшерінде). Егер программаны автор түзетпесе, онда ықтималдық одан да жоғары.
Әрбір қателіктің қайдан кетенін біліп алу керек, неге ол туындағанын, оның алдын алу немесе ертерек табу үшін қажет.
Ендіру
Ендіру – бұл ақпараттық жүйенің пәндік облысқа енгізілуі.
Ендіру – маңызды саты, мұнда көбі пайдаланушыға, құрастырушыға және олардың бірігіп істеген жұмысына байланысты. Ендіру алдын ала ойластырылу керек. Саты бойынша күнтізбелік жоспар құрылады, содан кейін ол оның орындалуының тұрақты бақылауымен іске асады.
Достарыңызбен бөлісу: |