Дәріс №2 «Мәдениет – адам тәрбиесінің маңызды құралдарының бірі»



бет4/5
Дата22.09.2022
өлшемі191.82 Kb.
#461097
1   2   3   4   5
Дәріс №2 Мәдениеттану

Адам өзінен тыс жоғары құндылықтаға қол созады, яғни өзі арман еткен болашақтың немесе кәсіптің жетілген биіктігін бойына сіңірген саяси лидерді, танымал актерді, рок-жұлдызды, философиялық, көркем, адамгершілік идеясын өзіне идеал етіп алады. Бұл тілек адамның өзін бүкіл әлемнің, дүниенің бір бөлігі ретінде сезінуіне мүмкіндік жасайды. Бұл бір тамаша сезім, осындай сана сезім, өзін-өзі бір керемет деп сезіну адамды бақытты етеді. Сонымен қатар, адам әр уақытта өзіне-өзі “осы мен кіммін”, “қайдан шықтым?”, “қайда барам?” сияқты сұрақтарды қойып отырады. Бұның өзі оған одан әрі нығая беруіне, тамыр жая беруіне жағдай жасайды. Осы қасиеттердің бәрі адам тіршілігінің жоғары құндылықтары жинақталатын, тоғысатын, рухани өмірді білдіреді.


3
Адам тіршілігінің құндылықтары

Адамның ең жоғарғы құндылықтары

  • шығармашылық
  • махаббат
  • еркіндік
  • қайғыру
  • бақыт
  • рухани өмір туралы толғаулар
  • адам еркін бе, әлде құл ма?
  • «Еркін болу дегеніміз не» сияқты сұрақтардан басталады.

РУХАНИЯТТЫҢ ҚОҒАМ ДАМУЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ

  • әдебиет, өнер, халық даналығы, салт, мәдени дәстүрлер, ғылым, білім арқылы келеді. Мәдениет әр түрлі құндылықтардың бірлігі ретінде адамды рухани бостандыққа жетектейді. Рухани мәдениет адамның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасты, қадірі, адамшылығы, ұяттылығы, тәрбиелігі, зиялылығы, қарапайымдылығы арқылы көрінеді. Адамның адамгершілік қасиеттерінің жоғарлығы – руханилықтың негізі.

Адамдарды моральдық азғындықтан, сезімдік жадаулықтан құтқаратын бір күш бар. Оның аты – руханият.
РУХАНИЯТ
  • адамның дүниетанымының кеңдігінен, жанының нәзіктігінен, санасының жоғарлығынан, әділеттілік үшін белсенділігінен, өзгелерге қайырымдылығы мен ізгі ниеттілігінен көрініс беретін оның ішкі әлемі.

  • Адамның руханилығы жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтеуінен, игілікті құндылықтарды көздеуінен де көрінеді. Адамгершілік қасиеттерді қастерлейтін адам белгілі бір рухани мұраттар мен құндылықтарды ұстанады. Олардың әрекеттерінен мейірімділік, ар сақтау, ұятқа қалмауға тырысу сезіліп тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет