Дәріс 7 Денсаулық мектебі



бет1/3
Дата04.03.2024
өлшемі455.85 Kb.
#494267
түріСабақ
  1   2   3
Денсаулык мектеды Дәріс 7


Дәріс 7
Денсаулық мектебі
Денсаулық мектебі – бұл халықтың нысаналы топтарын осы топ үшін денсаулықты нығайту мен сақтаудың басым мәселелері бойынша оқытудың ұйымдық нысаны.
Мектептің мақсаты – пациенттердің уәждемелерін арттыру және дәрігердің ұсынымдарын орындауын жақсарту, емдеу, оңалту және профилактикада дәрігермен әріптестік қарым-қатынасты қалыптастыру.
Пациент мектебінің идеясы – пациент пен медицина қызметкерлерінің өзара жауапкершілігі, денсаулықты қолдау және жақсарту мәдениеті, қарым-қатынас мәдениеті, дәрігердің барлық талаптарын адал сақтау ғана емес, сонымен қатар өз жағдайының барлық нюанстарын қадағалай отырып, түзету енгізу мақсатында теріс және оң өзгерістер туралы емдеуші дәрігерді уақтылы хабардар ете отырып, ауруды дәрігерге дейінгі бақылау дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері: ауру, қауіп факторлары және прогрессивті ағымының жағдайлары туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, бұл науқасқа емделушілердің өздерінің және олардың жақындарының болашақта сауықтыру процесінде белсенді өмірлік ұстанымын неғұрлым нақты қалыптастыруға және ұзақ уақыт бойы ұсынымдар кешенін орындауға мүмкіндік береді.
Сабақ өткізу технологиясы. Презентация, бейнематериалдар, көрнекі құралдар, әңгіме, сұрақ-жауаптар, интерактивті қарым-қатынас, өзін-өзі көмек көрсетуге үйрету, мотивациялық сұхбат.



«Диабет» денсаулық мектебі











Өзектілігі. Әлемде қантты диабетпен ауыратын 382 млн. адам бар. Сонымен қатар, глюкозаға төзімділігі бұзылған 316 млн. адамда аурудың даму қаупі жоғары. Қантты диабетпен ауыратын науқастардың басым бөлігі еңбекке қабілетті 40-59 жасқа келеді, бұл осы проблеманың әлеуметтік маңыздылығын көрсетеді. Қантты диабет – бұл барлық елдерді диабетпен күресу үшін біріктіруге шақыратын, БҰҰ 2006 жылы №61/225 қарар қабылдауға итермелеген алғашқы жұқпалы емес аурулардың бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет