Дәріс №8 Тақырыбы



бет1/2
Дата05.06.2024
өлшемі17.44 Kb.
#502354
  1   2
8 лекция (1)


Дәріс №8
Тақырыбы: Биотаға токсикалық әсерді бағалау принциптері. Биотестілеу мониторинг, табиғи экологиялық апаттар. 2 сағ.
Мақсаты: Биотаға токсикалық әсерді бағалау принциптерімен және биотестілеу мониторинг, табиғи экологиялық апаттармен танысу.
Дәрістің жоспары:
1. Биотаға токсикалық әсерді бағалау принциптері.
2. Биотестілеу мониторинг, табиғи экологиялық апаттар, олардың салдары, сонымен бірге ұзақ және қысқа уақытта болжау, тоқтату жолдары.Кері салдарын жою.
1. Биотаға токсикалық әсерді бағалау принциптері.
Биогеоценозда қолайсыз жағдайларды туғызуы ықтимал заттардың көмегінің арқасында жүретін механизмдер алуан түрлі және көбінесе әр жағдай өз алдына қайталанбайды. Осылай, экотоксиканттардың аралас, жартылай, тікелей әсерін бөліп көрсетуге болады.
Тікелей әсер-бұл берілген ортаның ксенобиотикалық профилінің экотоксиканттардың бірлестігімен немесе экотоксикантпен белгілі бір популяция организмінің немесе бірнеше популяциялардың (биоценоздардың) тікелей зақымдалуы. Адамға осындай механизмдер әсері ретінде кадмийді алуға болады. Бұл металл қоршаған ортада оның ең минималды құрамы ағзада жинақталады және критикалық концентрациясына жеткенде токсикалық процесс тыныс алу жүйесі, бүйрек, иммуносупрессия және канцерогенозды тудырады.
Жартылай әсер- бұл популяцияның мекен ортасының биотикалық немесе абиотикалық элементтеріне қоршаған ортаның ксенобиотикалық профилінің әсері, нәтижесінде ортаның ресурстары мен жағдайлары тіршілік үшін оптималды болуын тоқтатады.
Экотоксикалылық-берілген ортаның ксенобиотикалық профилінің қабілеті өзіне сай биоценозда қолайсыз экотоксикалық эффекттерді туғызады.
Жеке ағза деңгейінде(аутэкотоксикалық)-орта факторының басқа да әрекеттеріне резистенттіліктің төмендеуімен,белсенділіктің төмендеуімен,аурулармен,ағзаның өлімімен, канцерогенозбен,репродуктивті функциялардың бұзылуымен айқындалады.
Популяция деңгейінде (демэкотоксикалық) –популяция өлімімен, аурулардың жоғрылауы, туылудың төмендеуімен, дамудың туа біткен дефекттердің санының
көбеюімен,демографиялық сипаттамалардың бұзылуымен(жастардың қатынасы,жыныстардың,т.б.), өмір ұзақтығының орташа көрсеткішінің өзгеруімен, мәдени деградациялануымен көрсетіледі.
Биегеоценоз деңгейінде (синэкотоксикалық)-ценоздың популяциялық спектрінің өзгерісімен, жеке түрлердің жоюлуы және жаңа түрлердің пайда болуына дейін, берілген биоценозға тән емес түраралық қарым-қатынастардың бұзылуымен айқындалады.
Экожүйеге экотоксиканттардың әрекетінің ұзақтығына байланысты экотоксикалылықтың созылмалы және өткір улану туралы айтуға болады. Өткір экотоксикалылық
Биоценозға заттардың өткір токсикалық әрекеті апат және авариялардың зардабынан пайда болған қоршаған ортаға көп мөлшерде тұрақсыз токсиканттың немесе химикаттардың дұрыс емес қолданылуынан болатын заттар.
Ең ауыр экологиялық қауіп- жоғары токсикалық химиялық заттарды әскери мақсатта қолдану болып саналады. І Дүниежүзілік соғыс жылдарында соғысып жатқан мемлекеттер соғыс алаңында 120000 тонна улану заттарын қолданған. Нәтижесінде, 1,3 млн. адам уланды, бұл оқиғаны тарихта ең ірі экологиялық апат деп санауға болады. өткір экотоксикалық әсер әрқашанда адамдардың немесе басқа да биологиялық түрлердің өліміне немесе ауыр ауруларға әкелмейді. Осылай, І Дүниежүзілік соғыста қолданған өткір заттардың ішінде күкіртті иприт болды. Бұл канцерогенді зат болған соң, жаңа түзілістен зақымдалған ұзақ уақыттан кейін келген өлімнің себепшісі болды. Созылмалы экотоксикалылық Созылмалы экотоксикалылық қасиетін көрсететін заттар көп жағдайда сублеталды нәтиже көрсетеді. Жиі бұл анықтамаға репродуктивті функциялардың бұзылуын, иммунды өзгерістер, эндокринді патологияны, дамудың өзгерістерін, аллергизацияны түсінеді. Бірақ токсиканттың созылмалы әсері жеке түрлердің арасындағы даралардың өліміне әкелуі мүмкін.
Адамға экотоксиканттың әсерінің байқалуы алуантүрлі және белгілі бір әсердің интенсивтілік деңгейі әрекет етуші фактор үшін спецификалық болуы мүмкін. Биологиялық мониторинг‑табиғи объектілердің биотикалық компоненттерінің экологиялық жағдайын бақылау жүйесі, қоршаған орта сапасына биологиялық баға беру.
Биотестілеу және биоиндикация қоршаған орта жағдайын анықтайтын биологиялық мониторингтің негізгі бөліктері.
Қоршаған ортаның ластануын бағалау үшін тек физико-химиялық әдістерді ғана емес, сонымен қатар биологиялық индикация әдістерін де қолданады. Биологиялық индикация дегеніміз-ортаның өзіне тән ерекшеліктерін әр түрлі тірі ағзалардың көмегімен анықтау. Биоиндикация –қоршаған орта жағдайын бақылауда осы ортадағы өзгерістер мен зиянды заттардың пайда болуына аса сезімтал кейбір ағзаларды қолдануға негізделген.
Биоиндикация әдісі арқылы нақты жағдайларда табиғи және антропогендік эффектің қоршаған ортаға әсеріне сандық және сапалық баға ( ластану дәрежесін анықтамай ) беруге болады.
Биологиялық әдістер ластаушы заттардың ең төменгі ерітіндісінде де табиғи ортадағы зиянды өзгерістерді болжауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет