Кіріспе
Қазіргі кездегі біздің қоғамның даму кезеңдерінің негізгі тапсырмалары тұрақтылық негізінде халықтың жағдайының әрі қарай өсуінің қамтуынан, халықтық шаруашылықтың жылжымалы келуінен, ғылыми-техникалық прогрестің жылдамдауынан және экономиканың интенсивті даму жолына ауысуынан тұрады.
Берілген дипломдық жоба тақырыбының маңыздылығы емдеу мекемелеріндегі өрттер үлкен адамдар өлімімен және материалды шығындарымен байланысты, өйткені берілген объект адамдар жаппай келетін объектке жатады.
Дипломдық жобаның мақсаты емдеу мекемелерінде өрт болған кезде өрт сөндіру және адамдарды дер кезінде құқару жұмыстары бойынша іс-шаралар кешенін орындау бойынша жоспар дайындау.
Өрт тактикасы зерттеуге, заңдылықтарды анықтауға, өртке қарсы қызметінің бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылдарды дайындауға және жүргізуге бағытталған, ең негізгісі - өрт сөндіруге. Сондықтан да ол өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылдарының минималды мерзімде өрт сөндірудің қолайлы формалары мен әдістері теориясына мән береді. Сонымен, өрт тактикасы өзара байланысқан екі негізгі тапсырманы шешеді:
-
заңдылықтарды білу және өртте адамдарды құтқару әдістері мен қимылдарын өңдеу;
-
заңдылықтарды білу және өртті сөндіру бойынша өртке қарсы қызметінің бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің әдістері мен тәсілдері.
Өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылдарының жаңа әдістері мен тәсілдерін өңдеу үшін, олардың тактикалық мүмкіндіктерін білу қажет, ол өрт тактикасының тапсырмасы болып табылады.
Өртке қарсы қызмет гарнизондарының тактикалық дайындығын дұрыс ұйымдастырусыз, сөндіруге дайындық және өртті табысты сөндіру мүмкін емес. Тактикалық дайындық психологиялық дайындықпен тығыз байланысты, яғни өрттің кез-келген жағдайларында өртке қарсы қызметі жеке құрамының жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге дайындығы, оның ішінде стресті, экстрималды жағдайлар. Сонымен қатар бұл сұрақтар түрлі объектілерде өртті сөндіру бойынша жауынгерлік іс-қимылдарды дайындау мәселесі өрт тактикасының тапсырмаларына жатады.
Аурухана ғимаратының ішкі жоспарлануы коридорлы бір жақты әртүрлі бөлмелер орналасуымен. Коридорлар үлкен қашықтықта болуы мүмкін және табиғи жарықтануы болмауы мүмкін, ал орталық сатылы торлары көбінесе ашық орындайды. Қабаттарда дәрігерлердің, емдік, рентген кабинеттерін, 25-30 орынды секцияға қосатын науқастарға палаталарды, дәріханаларды, тіркеу орындарын, рентген пленкаларын, дәрі-дәрмектерді сақтау орындарын, сонымен қатар аурухананың қызмет көрсетуі бойынша әртүрлі бөлмелер (тамақтандыру орындары, киім ілгіштер т.б.) орналастырады.
Аурухананың көптеген бөлмелерін желдеткіш каналдарының таратқыш жүйесінен ауаны кондиционерлеу қондырғысымен жабдықтайды. Қазіргі уақытта ауалы жылыту, орталықтандырылған шаңды жинау жүйесі, қоқыс құбырлары, әртүрлі электр және радио қондырғылар, телевидение және т.б. кеңінен қолданылады.
Өрт кезінде аса қауіп палаталар орналасқан қабаттардан төнеді, өйткені онда тәулік бойымен әртүрлі жағдайдағы науқастар болады.
Бөлмеден от және жану өнімдері коридорға тарайды. Егер саты торлары коридорлардан бөлінбесе, онда жану өнімдері және от жоғарыорналасқан қабаттарға тез тарайды және науқастарға құтқару жолдарын бөгеп қалуы мүмкін. Ауруханалар мен поликлиникалардың жеке ғимараттарында бірнеше саты торлары қосылған, бұл олардың тез түтіндеуіне әкеп соғады.
Жалынның және түтіннің тез тарауына желдету, ауалы жылыту жүйелері, қоқыс құбырлары әсер етеді. Мұндай ғимараттарда оттың тарау жылдамдығы 2-3 м/мин дейін жетеді, ал коридорларда, галереяларда және өтпелерде кейде 4-5 м/мин. Өрттің тез дамуына жеңіл тұтанғыш заттардың және дәріханалардағы материалдар, зертханалардағы, қоймалардағы дәрі-дәрмектер және т.б. әсер етеді.
Ауруханалардағы өрт кезінде ең алдымен науқастарға қауіп төнеді. Көбінесе қауіп рентген кабинеттерінен, дәріханалардан, дәрі-дәрмек қоймаларынан, фармацевтикалық бөлімдерден әртүрлі улы булар мен газдар бөлінетін жерлерден төнеді.
-
Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жауынгерлік іс-қимылдар туралы жалпы түсінік
1.1 Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдары
Өрттердi сөндiру бойынша жауынгерлiк iс–қимылдар (бұдан әрі - жауынгерлік іс-қимылдар) өрт туралы мәліметті алу мезгілінен басталады және бөлімшенің үнемі дислокация орнына оралу, кезекші қарауылды және техниканы жауынгерлік даярлыққа келтіру уақытында аяқталды деп саналады және оған:
шақыруларды өңдеу;
шығу және шақыру орнына (өртке) бағыт алу;
өрттi барлау;
адамдар менмүлiктердi құтқару, көшіру;
жауынгерлiк қанат жаю;
жануды жою;
арнаулы, авариялық–құтқару және басқа да жедел жұмыстарды орындау;
жиналу және бөлiмшеге оралу кiредi.
Жауынгерлiк iс–қимылдар өрт сөндiру тактикасына байланысты және өртте еңбектi қорғау мен техника қауiпсiздiгiнiң белгiленген талаптарына сәйкес орындалуы тиiс, сондай–ақ өрт сөндiруге қатысушылардың жоғарғы психологиялық және физикалық тапсырма, жоғарғы қауiп-қатер, өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiпте өтуi мүмкiн.
Кәсiпорындардағы өрттердi сөндiру кезiнде жауынгерлiк iс-қимылдар, белгiленген тәртiпке сәйкес жасалынған табиғи және техногендiк сипаттағы аварияны тоқтату және жою жоспарының ерекшелiгi есепке алына отырып жүргiзiлуi тиiс.
Барлау, адамдар мен мүлiктердi құтқару, көшіру және жауынгерлiк қанат жаю, жануды жою және арнаулы, бiрiншi кезектегi авариялық–құтқару және басқа да кідіртуге болмайтын жұмыстар кезiнде жауынгерлiк iс-қимылдар бiр мезгiлде жүргiзiледi.
Жауынгерлiк шептегі аса қажеттi жағдайдағы жауынгерлiк iс-қимылдар қауіпті факторлардан болған өрттi сөндiруге қатысушы адамдардың өмiрi мен денсаулығына төнген тiкелей қауiпке байланысты еңбектi қорғаудың және техника қауiпсiздiгiнiң талаптарынан ауытқу арқылы тек ерекше жағдайларда (ерікті жағдайда және өрт сөндіру жетекшісінің (бұдан әрі - ӨСЖ) шешімі бойынша ғана орындалады).
1.2 Шақыруларды өңдеу
Шақыруды өңдеу белгiленген тәртiп бойынша өртке қарсы қызметінің өрт сөндіру байланысының орталық пунктінің (бұдан әрі - ӨБОП),бөлімнің байланыс пунктінің (бұдан әрі - ББП) кезекші диспетчерімен (радиотелефонисімен) жүргiзеді және өзiне:
хабарлаушыдан хабарламаны қабылдау және тiркеу;
алынған ақпаратты бағалау және шығу кестесiнде (күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарында) көрсетiлген күштер мен құралдарды шақыру орнына бағыттауға шешiм қабылдау;
«ДАБЫЛ» белгiсiн қосу;
өртке шығу жолдамасын, сондай-ақ болған жағдайда, өрт сөндiру жедел жоспары мен карточкасын, жанып жатқан объектi жөнiндегi ақпаратты қарауыл немесе ауысым кезекшiлiгін басқаратын лауазымды тұлғаға (бұдан әрi – қарауыл бастығы) дайындап өткізу (тапсыру);
лауазымды тұлғаларды шығу объектісі (өрт) туралы қолда бар ақпараттармен қамтамасыз ету жатады.
Хабарлаушыдан өрт туралы ақпаратты қабылдағанда кезекші диспетчер мүмкiндiгiнше:
шақыру объектінің мекен-жайын немесе оның орналасқан жері туралы басқа да мәлiметтердi;
адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiптiң барын және оның сипаттамасын;
объектiнiң ерекшелiгiн;
хабарлаушының тегін, аты-жөнін және телефон нөмірін;
хабарлау уақытын;
бөлiмнiң жауынгерлiк тапсырманы орындауына әсер ететiн басқа да мәлiметтердi анықтауы және жазуы қажет.
Өрттiң мекен жайын немесе шақырудың (өрттiң) орны туралы басқа да мәлiметтер анықталғаннан және шығу жөнiнде шешiм қабылдағанан кейiн дереу «ДАБЫЛ» белгiсi қосылады.
Шақыруды өңдеу қысқа уақытта жүргiзiлiп, өрт орнына (өртке) шығу мен бағыт алуды кiдiртпеу керек.
Қолдағы байланыс арнасы арқылы өрт туралы қосымша (нақты) ақпаратты диспетчер лауазымды тұлғаларға, оның ішінде шақыру (өрт) орнына бағыт алған тұлғаларға дереу жеткізеді.
Автоматтандырылған жүйелерді пайдалана отырып, шақыруларды өңдеу кезінде қосымша нұсқаулармен және тәлімдемелермен регламенттелетін кезекші диспетчердің өзге іс-қимылдары мен міндеттері қарастырылуы мүмкін.
1.3 Шақыру орынына (өртке) шығу және бағыт алу
Шығу және бағыт алуға «Дабыл» белгiсi бойынша жеке құрамның жиналуы және оларды шақыру орынына (өртке) өрт автокөлiктерiмен және басқа да арнаулы көлiктерiмен жеткiзу кiредi.
Шығу және шақыру орынына (өртке) бағыт алудың ең қысқа мерзiмде орындалуы:
қарауыл жеке құрамының шапшаң жиналуы және шығуымен (нормативтiк уақыттан аспауы қажет);
шығу ауданының ерекшелiгiн бiлуімен;
өрт сөндіру және авариялық-құтқару автокөлiктерiнiң жүрiсi қысқа кесте бойынша мүмкiндiгiнше шегiне жеткен қауiпсiз жылдамдықты сақтап қамтамасыз ету, оның iшiнде арнаулы белгiлердi пайдалану.
Өрт автомобилдерінің шақыру (өрт) орынына жету уақытын қысқарту үшiн қажет болған жағдайларда және белгiленген тәртiп бойынша олардың жол жүру бағытындағы жол қозғалысы жабылуы мүмкiн.
Жолға шыққан кезде өрттің жойылғаны немесе оның болмауы туралы мәлімет алған жағдайда өрт сөндіру бөлімшесі өрт орнына қайту туралы аға бастықтың, кезекші өрт сөндіру қызметінің (бұдан әрі - КӨСҚ) қызметкерінің, орталық өрт сөндіру байланысы (бұдан әрі - ОӨББ), күштер мен каруларды жедел басқару орталығы (бұдан әрі - КҚЖБО) немесе бірыңғай диспетчерлік кезекші қызметінің (бұдан әрі – БДКҚ) диспетчерінің өкім берген жағдайларынан басқа жағдайда шақыру (өрт) орнына баруға міндетті.
Жол үстiнде бастапқы өрт автомобилі тоқтауға мәжбүр немесе ЖКО болған жағдайда, оның соңындағы автомобилдер тоқтайды, одан арғы козғалысты тек қарауыл бастығының нұсқауы бойынша жалғастырады. Екiншi немесе одан кейiн келе жатқан өрт автомобилдері тоқтауға мәжбүр болған жағдайда қалғандары кiдiрместен шақыру орынына (өртке) қарай жүре бередi. Тоқтауға мәжбүр болғанда өрт автомобиліндегі аға бастық кезекшi диспетчерге дереу хабарлайды.
Шақыру орнына (өртке) өз ерiктерiмен қарауыл бөлiмшесi бағыт алғанда және өрт автомобилі тоқтауға мәжбүр болғанда, қарауыл бастығы, бөлiмше командирi болған жағдайды кезекшi диспетчерге хабарлайды және шақыру орынына (өртке) жеке құрамды және ӨТЖ жеткiзу үшiн шара қолданады.
Бағыт алу жолында басқа өрттi байқаған кезде бөлiмшені басқарушы бастық оны сөндiру үшiн күштер мен құралдардың бiр бөлiгiн бөлуге мiндеттi және осы өрттiң орны мен қабылданған шешiмi туралы ӨБОП-ке (ББП) дер кезінде хабарлайды.
ЖКО кезiнде машинаның басшысы (ол болмаған жағдайда - жүргізуші) қозғалысты тоқтатуға мiндеттi және әрi қарай жол жүру ережесiн басшылыққа алады.
Бағыт алу жолында бөлімнің аға бастығы ӨБОП-мен (ББП) үздіксіз байланыста болуға міндетті. Өрт сөндіру автомобилін тоқтатуға мәжбүр болған барлық жағдайлар ӨБОП-на (ББП) хабарланады.
Өртке қарсы қызметтiң бөлiмдерi шақыру орнына (өртке) темiржол, су немесе әуе көлiгiмен бағыт алғанда өрт бөлiмшелерін басқаратын аға бастық тиiстi министрлiктердiң, ведомствалардың нұсқауының талаптарын белгiленген тәртiпке сәйкес басшылыққа алуға мiндеттi және:
өрт техникаларының сақталуын;
өрт техникаларының орнықты бекiтiлуiн;
жеке құрамның орналасуын, тамақтануын және демалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етедi.
1.4 Өрттi барлау
Барлау жағдайды бағалау және жауынгерлік іс-қимылдарды ұйымдастыру бойынша шешімдерді қабылдау үшін өрт туралы мәліметтерді жинау мақсатында жүргізілетін іс-шаралардың жиынтығын құрайды.
Өрттi барлау бөлiмнiң өртке шығу сәтiнен оны сөндiргенге дейiн үздiксiз жүргiзiледi.
Барлау табыстылығы оны дер кезiнде және үздiксiз жургiзу, мәлiметтердiң дәлдiгi, iс-қимылдың белсендiлiгiне және мақсаттылығына байланысты.
Барлау мәлiметтерiн алудың негiзгi тәсiлдерi: техникалық құралдардың көрсеткiшi; бақылау (шолу, байқау); бiлетiн адамдарды сұрастыру және құжаттармен танысу болып табылады.
Барлауды жүргiзгенде:
адамдарға қауiптiң барлығын және олардың нақты орнын, қүтқарудың (қорғаудың) жолдары және тәсiлдерiн, сондай-ақ мүлiктердi қорғаудың (шығарудың) мүмкiндiктерiн;
Өрттің қауіпті фактысының (бұдан әрі - ӨҚФ), оның ішінде берілген объектідегі өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуының ерекшеліктеріне байланысты болуын және екінші рет қайталануын;
жанудың орны мен көлемiн, ненiң жанып жатқанын, сондай-ақ оттың таралу жолдарын;
өрт объектілерінде құрылыс құрылымдарының күйі мен жағдайы, оларды бұзу және ашу орындары;
өртке қарсы қызметiнiң күштерi мен құралдарының барын және қолдану мүмкiндiгiн;
таяу жердегi су көздерiнiң және оларды пайдалану тәсiлдерiнiң мүмкiндiгiн;
қуатта тұрған электр қондырғыларының бар екендiгiн және оларды ажыратудың мүмкінділігі мен қажеттiлiгiн;
құрылыс құрылымдарын ашу және бөлшектеу орнын;
өрттi сөндiру үшiн күштер мен құралдарды енгiзу жолдарының мүмкiндiгiн және шешушi бағытты анықтау үшiн басқа да керектi мәлiметтердi;
өрттi сөндiруге жұмылдырылған күштер мен құралдардың жеткiлiктiлiгiн анықтау керек.
Барлау барысында өрт болған объектінің жайғастыру жоспарын білетін, өндірістің технологиялық процестерінің ерекшеліктерін, өрт болған объектінің лауазымды тұлғалары ұсынған құжаттарды және мәліметтерді қолдану қажет.
Барлауды ӨСЖ және оның тапсырмасы бойынша басқа да тұлғалар басқарады.
Барлауды әрбiр командир және өрт сөндiруге қатысушы өзiнiң жұмыс учаскесінде жүргiзедi.
Барлау тобының құрамына:
егер өртке бiр бөлiмше келсе, ӨСЖ және байланысшы көру және тыныс органдарын қорғау құралдарымен (бідан әрі – ТОЖҚҚ) барлау жүргізу кезінде топтың құрамы үш адамға дейін көбейеді);
егер өртке екi және одан көп бөлiмше келсе ӨСЖ, бөлiмшелердiң бiреуiнiң командирi және байланысшы кіреді.
Өрттегi жедел жағдайға байланысты ӨСЖ барлау тобының құрамын және санын өзгертуi мүмкiн.
Әртүрлi бағыттарда барлау жүргiзу қажет болған жағдайда бiрнеше барлау топтары құрылады. Әрбiр топты бөлiмше командирi лауазымынан кiшi болмайтын тұлға басқарады және құрамы екi адамнан, ал ТОЖҚҚ жүргiзгенде – үш адамнан кем болмайды.
Жанып жатқан бөлмелерде қалып қойған адамдар туралы мәлiметтер болған жағдайда, зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында барлаудың құрамы күшейтiлуге тиiсті.
Барлау бiрнеше бағыт бойынша:
егер жанып жатқан немесе түтiнге бөленген бөлмелерде адамдар қалса және олардың тұрған орындары белгiсiз болған жағдай туралы мәліметтер болғанда;
егер өрттiң сыртқы белгiлерi болмаған және өрт бөлiмшені ешкiм қарсы алмаған;
адамдардың жаппай болатын ғимараттарында өрт болғанда;
биiк және өте жоғары қабатты ғимаратттарда өрт болғанда;
егер өрт ауқымы көлемдi алғанда;
жанудың бiрнеше ошағы болған жағдайда жүргізіледі.
Бiр мезгiлде бiрнеше бағыт бойынша барлауды ұйымдастыру үшiн ӨСЖ:
бiр мезгiлде шектес, жоғары және төмен орналасқан бөлмелерде барлау жүргiзудi ұйымдастыруға;
барлау топтарының санын, оның құрамын және iс–қимылдар аймағын анықтауға;
барлау топтарының командирлерiн бекiтуге және оларға мiндеттер қоюға;
ақпарат берудiң тәртібін белгiлеуге;
өрттiң аса күрделi және жауапты учаскесіндегі барлауды өзi жүргiзуге;
ӨТЖ-ың түрлерiн, сондай–ақ әрбір барлау топтарының жеке құрамына қауiпсiздiк шараларын анықтауға және көрсетуге мiндеттi.
Барлау жүргiзетiн жеке құрам:
барлық техникалық құралдарды, құжаттамаларды, ғимараттардың құрылымдық ерекшелiктерi мен жобаларын, өндiрiстiң технологиялық процесiн және құралдарын бiлетiн адамдардың мәлiметтерiн, технологиялық процесс пен өндірістің құрал-жабдықтарын пайдалануға;
мүмкiндiгiнше, барлау жүргiзудiң қысқа жолдарын пайдалануға;
адамдарға тікелей қауiп төнген жағдайда оларды құтқару жұмыстарын жүргiзуге;
қажет болған жағдайда зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге;
бiр мезгiлде өрттi барлаумен бiрге оны сөндiру және мүлiктердi қорғау үшiн мүмкiндiгiнше барлық құралдарды пайдалану шараларын қолдануға;
от пен түтiннiң таралуы мүмкiн болатын жолдарда орналасқан бөлмелердi ашуға және тексеруге;
техника қауiпсiздiгi талаптарын көру және тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарында жұмыс iстеу ережесiн орындауға;
барлаудың нәтижесiн және оны жүргiзгенде алынған ақпаратты ӨСЖ (өрттегі жедел штабқа) өз уақытында белгiленген тәртiп бойынша баяндауға мiндеттi.
Жану белгiлерi айқын кезде барлауды жүргiзу үшiн жең желiлерi пайдаланылады.
Барлау жүргiзу кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында:
өзiмен бiрге құтқару және өзiн-өзi құтқару құралдары, құрылымдарды
ашуға және бөлшектеуге қажеттi құралдары, жарық беру приборлары, байланыс құралдары, ТОЖҚҚ, iлмешектер және сөндiру құралдары болуы керек;
түтiндi бөлмелердiң кiре берiсiне ГТҚҚ-нің қауiпсiздiк бекетiн қою және онымен тұрақты байланыс ұстау;
газ-түтiннен қорғаушылардың резервiн құру, ТОЖҚҚ жұмыс iстейтiн жеке құрамды әлсiн-әлсiн ауыстыруды қамтамасыз ету;
жүрген жолды есте сақтау;
жанып жатқан бөлмелердiң есiгiн абайлап ашу, оттың немесе газдың мүмкiн болатын шарпуынан күйiп қалудан сақтану үшiн есiктiң қалқанын пайдалану;
жанатын және тез тұтанатын заттар және жанғыш газдар болуы мүмкiн орындарда ашық отты пайдаланбау;
жоғары кернеулi (380 В) электр қондырғыларымен жабдықталған бөлмелерге және ықтимал жарылу, улану радиоактивтi немесе биологиялық зақымдану болатын бөлмелерге, осы жайлар үшiн белгiленген барлық сақтық шараларын қабылдағаннан кейiн ғана және осы бөлмелерге қызмет көрсететiн техникалық қызметкердiң жазбаша түрдегi рұқсаты болған жағдайда ғана кiру;
құрылыс құрылымдарының және технологиялық құралдардың ықтимал құлауынан және басып қалуларынан сақтық шараларын сақтау,
әдетте берiк қабырғаларды немесе терезе ойықтары бар қабырғаларды жағалап қозғалу қажет;
өрт сөндіру бөлімшелерін тасымалдауға арналған лифтілерден басқа, лифтiлердi пайдаланбау;
барлау тобы жетекшісінің рұқсатынсыз оның құрамынан кетпеу қажет.
Барлау жүргізу барысында, қажет болған кезде және жағдайға байланысты басқа да жауынгерлік тапсырмалар шешілуі мүмкін.
1.5 Адамдар мен мүлiктi құтқару
Өртте адамдарды құтқару жауынгерлiк iс-қимылдардың маңызды түрi болып табылады, қауіпті факторлардың және олардың екiншi рет бiлiнген немесе әсер ету аймағынан адамдарды құтқару шараларының жиынтығы болып табылады.
Құтқару жұмыстары:
адамдар тұрған жерге от, жоғары температура, жарылу немесе құрылымның құлау қаупi төнгенде немесе бөлменің iшi түтiнмен немесе зиянды газдармен толғанда;
адамдар қауiптi жерден өздiгiмен кете алмайтын немесе үрейленген жағдайда;
көшiру жолдарына от пен түтiннiң таралу қаупi болғанда;
адамдардың өмiрi және денсаулығына қауiптi от сөндiргiш заттар мен құрамдар қолданылатын жағдайда ұйымдастырылады және жүргiзiледi.
Жоғары қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн техникалық құралдар мен әдiстердi қолдана отырып, өртте адамдарды құтқару және қажетiнше үрейдi болдырмау шараларын iске асыру керек.
Өртте адамдарды құтқару, әдетте өрттi сөндiру үшiн күштер мен құралдардың қанат жаюымен бiр мезгiлде жүргiзiледi.
Егер от адамдарға тiкелей қауiп төндiрсе және құтқару жолдары кесiлсе немесе оны от бөгейтiн болса, адамдарды қауiпсiз құтқару жағдайын қамтамасыз ету үшiн оқпан беру мiндеттi.
Егер адамдарды құтқару және өрттi сөндiру жөнiндегi жұмыстарды бiр мезгiлде өткiзу үшiн күштер мен құралдар жеткiлiксiз болса, адамдарды құтқару үшiн өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің жеке құрамы толық пайдаланылады және қосымша күштер мен құралдар шақырылады, басқа жауынгерлiк iс-қимылдар жүргiзiлмейдi.
Адамдарды құтқару үшiн:
қысқа және қауiпсiз жолдар;
негiзгi кiру және шығу есіктері;
қосымша шығатын есіктер;
терезе ойықтары, балкондар, лоджиялар мен галереялар;
егер олар арқылы ғимараттан шығатын болса немесе оның қауiпсiз жағына көшуге болса аражабындағы люктер;
өрт сөндiрушiлер жасаған қалқа, шатыр арқалығы және қабырға тесiктерi пайдаланылады.
Сонымен қатар:
тұрақты және өрт сөндіру қол сатылары;
автосатылар және автокөтергiштері;
авариялық-құтқару жабдықтары және құрылғылары;
құтқару құрылғылары (құтқару жеңдерi, арқандар, басқыш және жеке құтқару құрылғылары);
үрлемелi және амортизациялық жабдықтары;
ТОЖҚҚ;
ұшу аппараттары құралдары пайдаланылады.
Адамдарды құтқарудың негiзгi тәсiлдерi:
өртке қарсы қызметінің қызметкерлерi көрсеткен қауiпсiз бағытқа адамдардың өздiгiмен шығуы;
құтқару жолдарын түтiн алғанда немесе қауiптi аймақтан өздiгiнен шығу мүмкiндiгiне жағдайы мен жас шамасы мүмкiндiк бермегенде өрт сөндiрушiлердiң көмегiмен құтқарылатындарды басқа орынға шығару;
өздiгiнен жүрiп-тұруға мүмкiндiгi жоқ адамдарды алып шығу;
құтқару жолдары от, түтiн немесе үйіндімен бөлiп тасталған және құтқарудың басқа тәсiлдерi мүмкiн болмаған кезде құтқарылатындарды тұрақты және өрт сөндіру қол сатыларымен, автосатылармен және өрт автокөтергiштерiмен, техникалық құтқару құралдарының көмегiмен түсiру болып табылады.
Адамдарды құтқару тәсiлдерi мен тәртiбiн, өрттегi жағдайға байланысты және көмектi қажет ететiн адамдардың жағдайына қарай ӨСЖ анықтайды.
Құтқару жұмыстарын жүргiзу кезiнде:
iшкi хабарландыру жүйесiн және басқа құралдарды пайдаланып үрейленудi болдырмау жөнiндегi шараларды қолдану;
әкімшілік, қызмет көрсетушілерді өртке қарсы қызметi құрылымдарының жеке құрамын жұмылдыру;
медициналық жедел жәрдемдi шақыру және ол келгенге дейін зардап шеккендерге өртке қарсы қызметі жеке құрамының және өрт орнындағы медициналық қызметкерлердің күшімен алғашғы көмек көрсету;
құтқарылғандарды уақытша орналастыру үшiн орындар қарастыру қажет.
Егер адамдар бар орындар туралы мәлiметтер болса және құтқарушылар оларды сол жерден таба алмаса, адамдар болуы мүмкiн деген барлық түтiндеген және жанған барлық көрші бөлмелерді ұқыпты қарап, тексеру қажет. Адамдарды iздестiру тек құтқаруды қажет ететiндердiң жоқ екендiгi анықталғаннан кейiн ғана тоқтатылады.
Өрттегі мүлiктердi құтқару жауынгерлік тапсырмалардың маңыздылығы мен жеделдігіне байланысты ӨСЖ нұсқауы бойынша iске асырылады.
1.6 Жауынгерлiк қанат жаю
Жауынгерлiк қанат жаю - өрт сөндiрудiң жауынгерлiк тапсырмаларын орындау үшiн шақыру орынына келген өрт сөндіру техникасын дайындыққа келтiрудегi жеке құрамның iс-қимылдары.
Жауынгерлiк қанат жаю адамдарды құтқару мен басқа орынға көшiру жөнiндегi жұмыстың қалыпты барысын бұзбауы тиiсті.
Жауынгерлiк қанат жаю:
қанат жаюға әзiрлiк;
алдын-ала қанат жаю;
толық қанат жаю кезеңдерінен тұрады;
Қанат жаюға әзiрлiк бөлiмнiң өртке келiсiмен, барлаумен бiр мезгiлде жүргiзiледi және оған:
өрт автокөлiгiн су көзiне орналастыру, су жеңiн жалғау және сорғышқа су тарту;
ӨТЖ-ды бекiткен орындарынан алу;
жергiлiктi жағдайға байланысты басқа да әзiрлiк шараларын жүргiзу енеді.
Автоцистернаны қанат жаюға әзiрлеу (оны су көзiне орналатпастан):
насосты жұмыс жағдайына келтiруден;
оқпанды жең жолдарын насостың қысым түтiкшесiне жалғастырудан тұрады.
Егерде магистралдық жең желiсiнiң бағытын сыртқы белгiлері бойынша анықтау мүмкiн болса немесе келген өрт бөлімшелерін қарсы алуға бөлiнген тұлға көрсетсе, онда шақыру орнына келген бөлiмше алдын-ала қанат жаяды.
Алдын-ала қанат жаюға:
осы Жарғының 60-тармағында көрсетiлген жұмыстарды атқару;
магистралдық жең желiлерiн жүргiзу және тарам қондырғыларын орнату, тарамдарға қысым жеңдерiн, оқпандарды, сатыларды жеткiзу және басқа да өрт сөндiру үшiн қажеттi ӨТЖ енедi.
Шақыру орнында (өртте) толық қанат жаю ӨСЖ нұсқауымен, сонымен қатар от сөндiру заттарын беру айқын қажет болған жағдайда өткiзiледi.
Толық қанат жаю кезiнде:
осы Жарғының 62-тармағында көрсетiлген iс-қимылдарды орындайды;
жұмыс жең жолдары жайылатын оқпаншылардың жауынгерлiк шептерін анықтайды;
магистралды және жұмысшы (қайта жабу оқпаны бар болса) жең желiлерiн от сөндiргiш заттармен толтырады.
Жең жолдарын жаю және өрттiң ошағына кiру үшiн барлық кiретiн жолдарды, тұрақты сатыларды қолдану керек;
мүмкiндiгiнше адамды көшiрудiң негiзгi жолдарын (көшiру аяқталғанша) бос ұстау;
қысқа, оқпаншылар шебіне ең қолайлы жолдарды таңдау, егер жолдар бөгелген болса командир кедергiлердi алудың шараларын iске асырады (құрылымдарды ашу, бөлшектеу) немесе буынды автокөтергiштiң, өрт сатысының көмегiмен басқа шеп жолдарына шығуды қамтамасыз етедi;
жең жолдарын сақтауды және зақымданудан қорғауды қамтамасыз ету, оның iшiнде жең көпiрiн құру мен жең ұстағыштарын пайдалану арқылы;
жолдан тыс жерге жең тарамын қондыру;
жауынгерлiк iс-қимылдың шешушi бағытына пайдалану үшiн өрт жеңдерiнiң қорын жасау керек.
Жең автокөлiктерiн жең желiлерiн тартуға қолданғанда оны пайдалану Нұсқауына сәйкес жүргiзу қажет.
Өрт орнына бiрiншi келген өрт автоцистернасынан жауынгерлiк қанат жаю шешушi бағытқа бiрiншi оқпанды беру арқылы жүзеге асырылады.
Басқа өрт автокөлiктерiнiң қанат жаюы, соның iшiнде арнаулы, оларды пайдалану Нұсқауына және сипаттамасына сәйкес ӨСЖ нұсқауы бойынша жүзеге асырылады.
Жауынгерлiк қанат жаю кезiнде оқпаншылар өз шептеріне қысқа және барынша қауiпсiз жолдармен шығады.
Егер жолдар бөгелген болса, командир кедергiлердi алудың (құрылымдарды ашу, бөлшектеу) шараларын қолданады немесе өрт сатыларының, буынды автокөтергiштердiң және тағы басқалардың көмегiмен басқа да жолдар арқылы шепке шығуды қамтамасыз етедi.
Жауынгерлiк қанат жаю кезiнде өрт автокөлiктерi мен ӨТЖ:
келiп жатқан күштер мен құралдарды орналастыруға кедергi келтiрмеуге;
қажеттi учаскелерде, күштер мен құралдарды шапшаң шоғырландыруды қамтамасыз етуге;
жең жолдарының сақталуын қамтамасыз етуге, өрт орнында мүмкiндiгiнше көше қозғалысын қиындатпауға;
резервтегi техникалардың тұрақ орындарын қамтамасыз етуге және басқа өртті сөндіруге өту жолдарына кедергi келтiрмейтiндей болып орналасуға тиiсті.
Жауынгерлік iс-қимылдарды қамтамасыз ету үшiн жағдайға байланысты өрт сөндіру қол сатылары, автосатылары және автокөтергiштер қолданылады.
Өрт сатылары өрт өршiген кезде жану аймағында қалмайтындай немесе от бөлiп тастамайтындай етiп орнатылады.
Өрт сатыларын от лаулаған терезеге қарсы орнату су шашумен бiр мезгiлде жүргiзiледi.
Өрт сатыларын жаңа бағытқа апарып қою тек онымен көтерiлген жеке құрам бұл туралы хабарланғаннан кейiн және оған қайтар немесе басқа бағытқа өту жолы көрсетiлгеннен кейiн ғана жүргiзiледi.
Жауынгерлiк қанат жаю кезiнде және келесi жауынгерлiк iс-қимылда өрт сөндiруге қатысушылардың қауiпсiздiгiн, келген өрт техникасының мүмкiн маневрiн, резервтегi өрт техникасын орналастыруды қамтамасыз ету үшiн өрт орнына өзге тұлғалардың кiруiн, сондай ақ оның төңiрегiндегi аумақта көлiк қозғалысына шектеу немесе тыйым салудың қажеттi әрекеттерi жүргiзiлуi мүмкiн. Iшкi iстер органының тиiстi қызметi келгенше жеке құрам осы әрекеттердi ӨСЖ белгiлеген тәртiппен атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |