Дәріс №9. Компьютерлік графиканың даму тарихы



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата24.09.2022
өлшемі1.49 Mb.
#461269
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Дәріс 9. Компьютерлік графика



Дәріс №9. Компьютерлік графика 
 
Компьютерлік графиканың даму тарихы.
1950 жыл – компьютерлер пайда болды. Олар нәтижесі сандық мәліметтер 
болып табылатын ғылыми және өндірістік мәселелерді шешу үшін қолданылады. 
60 – жылдарға қарай символдық баспа режимінде графиктік мәліметтерді 
өңдеу мүмкіндігіне ие болған неғұрлым қуатты компьютерлер шыға бастады. 
Одан кейін графопостроительдер деп аталатын арнайы қағазға басып шығару 
құрылғылары шықты. Графопостроительдер жұмысын басқару үшін арнайы 
программалық қамтамасыз етулер жасала бастады. Келесі маңызды қадам графиктік 
дисплейлердің пайда болуымен жүзеге асты. Графиктік дисплей растр құрайтын 
біркелкі қатарлар немесе жолдарға тізілген нүктелер жиынынан сурет құрайды. Жол 
бойымен сканерлеу принципі бойынша жұмыс істейтін мониторлар растрлық деп 
аталады. Видеосигнал қалыптасуын қамтамасыз ететін және сол арқылы бейнені 
анықтайтын компьютер платасы видеоадаптер, видеоплата деп аталады. 
Видеоадаптердің негізгі бөліктері – видеожады және дисплейлік процессор. 
Шығарылатын бейне видеожадыда қалыптасады. Дисплейлік процессор 
видеожадыны оқиды да, монитор жұмысын басқарады. Видеоадаптерлер әртүрлі 
режимдерде жұмыс істей алады: текстік және графиктік.
Текстік режимде монитор экраны шартты түрде белгілік орын деп аталатын 
жекелеген учаскелерге бөлінеді. Әрбір белгілік орын ASCII кодтар кестесіндегі 250 
символдармен шығарылуы мүмкін.
Графиктік режимде ақпарат нүктелердің тікбұрышты тор ретінде көрсетіледі, 
олардың әрқайсысының түсі программаға байланысты. Текстік және графиктік 
режимде бейнежадыны толтыруда айтарлықтай айырмашылықтар бар. Графиктік 
режимде бейнежадының элементтер саны экрандағы нүктелер санына сәйкес келеді, 
ал текстік режимде экрандағы символдар санына сәйкес келеді.Текстік режимде әр 
позиция үшін код символы және осы символ атрибуты сақталынады. ІBM PC 
бірінші компьютері – 1981 жылы MDA бейнеадаптерімен жабдықталды. Бейнежүйе 
тек текстік режимдегі жұмыс үшін арналған.
Hercules бейнеадаптері бір жылдан кейін пайда болды, ол 720×348 пиксель 
өлшеміндегі ақ-қара түсті графиктік бейнережимді қабылдаған.
Одан кейін 1983 жылы CGA бейнеадаптері пайда болды.Бұл IBM PC фирмасы 
үшін бірінші түрлі-түсті модель болды.Ол түрлі-түсті текстік және графиктік 
режимде жұмыс істеуге мүмкіндік берді. (320×200 – түрлі-түсті, 640×200–ақ-қара 
түсті,түрлі-түсті 4 түсте қабылдай алады.) 
1984 жылы EGA бейнеадаптері пайда болды. Онда 640×350 пиксель 
өлшеміндегі 16-түрлі-түсті режим болды(оның кемшілігі-пикселдер квадрат емес). 
MCGA(Multicolor) және VGA(Video) (256-түрлі-түсті бейнережим) адаптерлері
1987 жылы пайда болды. VGA ақ-қара түстегі бейнелерді шығаруға мүмкіндік 
алды. 16 түсте бейнережимді қамтамасыз ететін бейнеадаптерлер пайда болды 
800×600, 640×480, 1024×768- Super VGA. 
1995жыл –Targa 24-16 000000 түсті, яғни 24 бит/пиксель. Apple, Macintosh 
позициядан ығыса бастады. 
Қазіргі уақытта Pentium процессорлы IBM PC компьютерлерінде растр 
өлшемі 1600×1200 болғанда 32 бит/пиксель түс тереңдігімен бейнекарталардың 
орасан зор саны қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет