Дәріс. Биогеоценология. Ұғымдары



бет1/5
Дата21.09.2022
өлшемі23.52 Kb.
#461061
  1   2   3   4   5
3лекцЭиУР2022каз


3 ДӘРІС.
Биогеоценология.
3.1 Ұғымдары. Биогеоценология - биогеоценоздар туралы ілім. Бұл ғылымның іргесін қалаушы В. Н. Сукачёв және соның шәкірттері өздерінің жұмыстарында жете түсініктер береді. Ол түсініктер құрауыштардың байланысу, өзара қарым-қатынас мінездемесін, құрылымын ұсынады.
Және биогеоценоздың үйлестіруінде құрауыштардың қызметін көрсетеді.
Табиғатта әр түрлі ағзалардың көпшілігі жоғарғы дәрежедегі жүйені құрайды. Ол жүйе - тірі ағзалардың қоғамдастығы болып, биоценоз деп аталады. Биоценоз (биота) дегені - бір бірімен қатынасып жатқан ортаның бір жағдайында тұрып жатқан өсімдік, жануар және микроағзалардың көбеюлерінің ұйымдасқан тобы. Биоценозды зерттеу үшін шарт бойынша оны келесі құрауыштарға бөледі: фитоценоз - өсімдіктердің қоғамдастығы, зооценоз - жануарлардың әлемі, микробоценоз - микроағзалар.
Ағзалардың қоғамдастықпен қоныстанылған жағдайы - бірыңғайлы кеңістігі биотоп деп аталады. Биотоп (экотоп) дегені - биоценоздың өмір сүретін орыны. Биоценоз бен биотоп бірігіп жоғары дәрежесі бар биогеоценоз деген биологиялық макрожүйені құрады. «Биогеоценоз» ұғымды Сукачёв 1940 жылы ұсынған. Бұл түсунік нақты жағдайда «экожүйе» ұғымға балама болады. Бірақ 1935 жылы А.Тенслимен ұсынған «экожүйе» деген ұғым шексіз. Экожүйе дегені - табиғаттағы тірі және жансыз құбылыстардың тұрақты әрекеттесуі негізінде тірі ағзалардың және солардың мекендік қоғамдастығы. Саз батпақ, аквариум, шалшық, жалпы биосфера, ғарыштық кеменің ұясы (кабинасы) - бұның бәрі экожүйелер. Әр биогеоценозды, экожүйе деп атауға болады, бірақ әр экожүйені биогеоценоз деуге болмайды. Мысалы, жануардың өлігі немесе ағаштың шіріп жатқан өзегі - экожүйеге жатады, бірақ ол биогеоценоз емес.
Жануарларға өмір беретін, (өсімдіктердің қоғамдастықпен) фитоценозбен шектелген экожүйесі биогеоценоз болады, мысалы: орман, жайлым, көгал, дала. Басқаша айтсақ, биогеоценоз экожүйенің бір бөлігі. Заттардың айналымға түсуіне мүмкіндік беретін және ортамен тірі ағзалардың үйлесу нәтижесі - биогеоценоз. Тек қуатка назар аударсақ, биогеоценоз өшпейді. Себебі - ол жүйеде хұзыр (құрамына кіреді) ағзалар фотосинтез арқылы туатын заттардың айналымға керекті қуатын ылғи жеткізіп тұрады. Құрамында өсімдік буыны болмаса, экожүйе тек соны құрастыратын ағзалар өлген ағзалардың денесіндегі (өліктердің, бұтаның өлі жапырақтарының) бар қуаты біткенге дейін сақталып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет