Дәріс 15. Кәсіпкерлік венчурдің жемісін көру
Кәсіпкерлік венчурдің түпкі жетістігі – болашақ бизнесті ұйымдастыру мен басқару туралы шешімге жетелейтінін ұмытпаған жөн. «Жемісін көру» жоспары – бизнес иелері мен инвесторлар жасаған инвестициясының ақшалай қайтарымын қалай және қашан алу жоспары. Зерттеулерге көз жүгіртсек, көп фирма он жыл жұмыс істегеннен кейін не қызметін тоқтатады, не келесі буынның басқаруына өтеді. Одан да маңыздырақ факт – барлық жеке фирманың тек 16%-ы ғана үшінші буынға өтіп, өмірін жалғастырады. Болжам бойынша жеке бизнестің орташа өмір сүру ұзақтығы – 24 жыл, бұл – бизнес құрылтайшылары үшін де қызмет етудің орташа ұзақтығы. Жеке фирмалар жиі бетпе-бет келетін қиындықтардың бірі – менеджерлік бақылауды келесі буынға беруге дайын болмауы. Бір буынның орнын келесі буын басуы – табиғи заңдылық, дегенмен жеке фирмалардың көбінде сабақтастық мәселесі бойынша жоспар болмайды. Бір қарағанда, сабақтастық аса күрделі болып көрінуі мүмкін. Меншік иесі бизнес мұрагерін тағайындап, оны көз алдында ұстап, бизнестің қырсырына дайындаса, тіптен жақсы болар еді. Өкінішке қарай, оны айту оңай болғанымен, іске асыру қиын. Оған себеп боларлық бірнеше мәселе бар: ең басты проблема – иегердің өзі. Көп жағдайда бизнес айтарлықтай дәрежеде иесімен тығыз байланысты. Бизнестің дәл осылай қалыптасуы – жеке тұлға дарыны мен біліктілігі нәтижесі. Бизнес негізін ұстап тұрған адам қызметтен кетсе, компания жұмысы тоқтап қалуы мүмкін. Оның үстіне, ол бизнестен кеткісі келмейтін де шығар. Сабақтастыққа кері әсер ететін тағы бір дүние – бауырлар арасындағы бақталастық, отбасы мүшелерінің өз дәрежесінен айырылып қалудан қорқуы немесе қайғылы жағдайға ұшырау, не тастап кету үрейінен өлімді мүлдем қабылдамау. Жеке кәсіпорын үшін негізгі ереже мынадай: иегер сабақтастық жоспарын жасауы қажет. Себебі көп адам бизнесін өз отбасына қалдырғысы келеді, сондықтан, мұрагерлік туралы шешім қабылдануы керек. Бұл – психологиялық тұрғыдан қиын. Мұрагерді тағайындау – ажал түбі бір келетінін мойындау деген сөз. Алайда иегер мұрагерлік жөнінде шешім қабылдамаса, мәселені шешуге атсалыспаса, онда өзінен кейінгіге қажетсіз көп қиындықтар тудырады. Сабақтастық – шешілмейтін күрделі мәселе емес. Оны шешу үшін мұрагерлікке байланысты негізгі кілтті анықтаған жөн. Сабақтастықтың негізгі факторы Жеке бизнестегі «бірқалыпты сабақтастық» тұжырымы қайшылыққа толы. Оның себебі сабақтастық тек құрылымдық өзгерістерге әкелетін эмоциялық процесс қана емес, ол сонымен бірге мәдениетті де өзгертеді. Отбасылық сабақтастық нақты бизнес аясында этика, құндылықтар және дәстүрлер сабақтастығын да меңзейді. «Отбасылық бизнес» пен «бизнесотбасы» ұғымдары – айырмашылығы бар екі түрлі компонент. Сабақтастыққа бет бұрғанда, осы айырмашылық арасындағы мәселенің ара-жігін ажыратып, шешкен дұрыс. Сабақтастыққа байланысты бірнеше түсінік қалыптасқан. Оларды зерделеудің бір тәсілі – фирма ішіндегі және сыртқы қысымдар мен мүдделерді зерттеу. Тағы бір жолы – жеделдететін оқиғаны қарастыру. Үшінші жолы – сабақтастық дереккөзін зерделеу. Ең соңында сабақтастық жайлы шешімдерге кедергі келтіретін заңды шектеулерге тоқталамыз. 3 Кітап: Тарау: Дәріс: Тіл біліміне кіріспе 4. Кәсіпкерлік венчурдің өсу стратегиялары 25. Кəсіпкерлік венчурдің жемісін көру Сабақтастық қысымдары және фирма ішіндегі мүдделер Жеке бизнесте сабақтастыққа екі түрлі қысым әсер етеді: отбасы және фирма қызметкерлері тарапынан. Сызбаға назар аударыңыз. Отбасы мүшелері фирма қызметкері болған жағдайда, сабақтастыққа байланысты бірнеше мәселе туындауы мүмкін. Біріншіден, отбасы мүшелері бизнесті сақтағысы келеді әрі оны отбасы мен оның мүшелері басқарғанын қалайды. Мұндай кездерде олар фирманы басқаруды бақылауға немесе жалпы билікті күшейтуге тырысады. Тағы да бір жиі кездесетін жағдай – иегерден/менеджерден мұрагерді анықтауды талап ету. Үшінші жағдай – отбасы мүшелері арасындағы бақталастық. Мысалы, меншік иегерінің әр баласы өзін мұрагер сезініп, өзін ғана таңдауын қалайды. Отбасындағы бұл тартыстың салдары бизнесті банкротқа ұшырату немесе оны сату болуы мүмкін. Отбасы мүшесі емес қызметкерлер Кей жағдайларда отбасы мүшесі емес қызметкерлер де иегер/менеджерге қысым көрсетеді. Олар өз мүддесін қорғау үшін осындай әрекетке барады. Мысалы, ұзақ уақыттан бері жұмыс Кітап: Тарау: Дәріс: Тіл біліміне кіріспе 4. Кәсіпкерлік венчурдің өсу стратегиялары 25. Кəсіпкерлік венчурдің жемісін көру 4 істеп келе жатқан қызметкер бизнес иегері өзіне компания бір бөлігін сатып алуға мүмкіндік беруі керек немесе иегердің өз қалауымен белгілі бір пайызын беруі тиіс деген ойда. Қызметкерлер тарапынан болатын мұндай жағдайлармен бизнес иегерлері жиі кездеседі. Жұмысты ары қарай табысты жалғастыру үшін бизнес иегері онымен белгілі бір мәмілеге келіп, келісім жасағаны жөн. Отбасы мүшелері де, отбасы мүшесі емес тұлғалар да фирмаға қысым жасап, сабақтастық мәселесіне қызығушылық танытады. Отбасы мүшелері Отбасы мүшелері бизнеске белсенді қатыспаса да, қысым көрсете алады. Көбінесе олар бизнестің белгілі бір бөлігін мұраға алғысы келеді, осы мақсатқа жету жолында иегер/менеджерге қысым көрсете алады. Кей жағдайларда бизнеске де қысым жасайды. Кейбір отбасы мүшелері иегер/менеджерге өзін жұмысқа алу жөнінде талап қояды. Көп жағдайда мұндай өтініштер басынан қанағаттандырылмайды, себебі фирмаға қосымша қызметкер қажет емес, керісінше тәжірибесі бар адамдар керек. Отбасынан тыс элементтер Тағы бір қысым көрсетуші жақ – сыртқы орта факторына байланысты. Олардың бірі – бәсекелестер. Бәсекелестер стратегияларын үнемі өзгертіп отыратындықтан, соған сай бизнес иесі де жаңа өзгерістерге бейімделгіш келеді. Тағы бір фактор – клиенттер, технология мен жаңа өнімдер өндірісі. Бұл күштер үнемі өзгерісте болатындықтан, бизнес иегері оған жауап беруге міндетті. Өзге элементтерге салық заңдары, реттеуші органдар мен басқару тәжірибесіндегі процестер де кіреді. Иегер/менеджер оны бақылауында ұстап, оған сай әрекеттер жасауы керек. Аталған факторлардың қай-қайсысы да жағымсыз жағдай тудыруы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |