Бүйрек ақауларының диагностикасы. Диагнозды нақтылау үшін, экскреторлы урография, хромоцистоскопия, бүйрек ангиографиясы, УДЗ, жалпы рентгенография, КТ, ретроградты пиелография, ренавазография, сцинтиграфия және лабораторлы зерттеу әдістері жүргізіледі.
Емі. Консервативті ем – симптоиатикалық түзеуші ем тағайындалады, бүйрек жетіспеушілігінде гемодиализ жасалады. Арнайы көрсеткіштермен хирургиялық операция орындалады- уретронефрэктомия, нефрэктомия, энтероренопексия, кистаны алу, бүйректің трансплантациясы және т.б.
Гипоспадия – уретраның дистальді бөлімінің төменгі қабырғасының болмауымен сипатталады. Бұл кезде несеп шығаратын өзектің тесігі еркекжыныс мүшесі басының негізіне (басты түрі) немесе ұманың қасына ашылады(ұмалық түрі). Гипоспадияның бұтаралық түрінде еркек жыныс мүшесі гипертрофияға ұшыраған деліткіге ұқсайды, ал ұма екіге айырылып, жыныс ернулері секілді болады.
Емі. Гипоспадияның басты түрі арнайы емді қажет етпейді. Басқа түрлерінде хирургиялық м несеп шығаратын өзектің жетіспейтін бөлімін қалпына келтіруге бағытталады. Операцияны 1-2 жас аралығында жасайды – фиброзды тіндерді кесіп алып, уретраның тесігін проксимальді бағытта жылжытып бекітеді. 5-13 жаста бос тері қиығымен немесе жергілікті жұмсақ тіндермен уретропластика орындалады.
Эписпадия –бұл несеп шығаратын өзектің дорсальді қабырғасының өсіп бітіспеуі болып табылады. Ол толық эписпадия (еркек жыныс мүшесінің толық бітіспеуі) және толық емес эписпадия (дистальді бөлімінің бітіспеуі) болып бөлінеді. Толық эписпадияда зәрді ұстап тұру қабілеті жоғалады.
Емі. Хирургиялық емнің мақсаты – несеп шығаратын өзекті және зәрді ұстап тұруды қалпына келтіру болып табылады. Уретропластика жергілікті жұмсақ тіндердің көмегімен жасалады. Зәрді ұстай алмайтын жағдайда қуықтың мойнына пластикалық операция жүргізіледі.
Крипторхизм. Бұл ақау баланың құрсақішілік дамуы кезінде бір немесе екң аталық бездің ұмаға түспеуімен сипаттаады. Ол ішастар артындағы кеңістікте немесе шап өзегінде тұрып қалуы мүмін.
Емі. 4-6 жастақа дейін аталық без орнына келмесе, оны хирургиялық жолмен төмен түсіріп, орхидопексия жасайды. Гормональді емді айқын эндокринді бұзылыстар дамығанда ғана тағайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |