Өңештің зақымдануын анықтау



бет1/2
Дата30.03.2024
өлшемі19.55 Kb.
#497018
  1   2
3 дәріс Мойын және өңештің хирургиялық аурулары мен зақымданулары


Өңештің зақымдануын анықтау
Рентгеноскопия және рентгенография әдістері көмегімен көкірекаралықтың эмфиземасын, гидропневмоторакс жағдайын, мойын төңірегіндегі шелдегі эмфиземаны анықтайды.
Көкірекаралықта ауа болмаса, өңешті контрастық зат арқылы зерттейді. Ол үшін науқас біресе етпетінен, біресе шалқасынан, біресе оң жамбасына, біресе сол жамбасына жатады да, осы жағдайларда рентген сәулесімен суретке түсіріледі. Науқасқа наркоз беру арқылы қаттылау эзофагоскоп аспабымен эзофагоскопиялық зерттеу жүргізілуі керек.
Өңеш зақымданған кезде екі түрлі ем колданылады. Бірі –консервативтік ем, екіншісі –
хирургиялық әдістермен жасалатын ем. Хирургиялық емді екі түрге бөледі. Бірі – радикалдық, екіншісі – паллиативтік операциялар. Паллиативті операциялар (эзофагостомия, гастростомия,еюностомия, медиастиностомия, мойын төңірегіндегі тіндерге немесе кеуде қуысына дренаждар қою).
Өңеш өзегіндегі бөтен заттарБөтен заттардың өңеш өзегіне түсу себептері көп. Кейбір адамдардың аузына әр түрлі заттарды салып, соны тілімен аунақшытып ойнап отыратын жаман әдеті бар, ал кейбі-реулер тамак ішкенде қалай болса, солай, асығып-аптығып, сасқалақтап тамақтанған кезде, ал есі дұрыс емес (психикалық ауруы бар адам) әдейі әртүрлі заттарды жұтып қояды да, ол зат өңеште тіреліп тұрып қалады. Өңештен өткен бөтен заттардың ұшы болса, ол өңештің жоғарғы бөлімінде тіреліп тұрып қалады. Өңеш өзегінде ешбір қозғалыссыз тұрып қалған бөтен заттар өңештің физиологиялық жіңішке, тарылған бөлімдерінде тіреліп, әрі қарай өтпейді. Мұндай жағдайда тірелген зат өңештің тіндеріне зиянды әсер етіп, оларды әр түрлі өзгерістерге ұшыратады. Соның бірі өңештің шырышты қабатының нервтерінқоздырғандықтан, бұлшық еттер жиырылып, бөтен затты жан-жағынан қысып тастайды.
Аурудың клиникалық белгілері мен диагностикасы
Аурудың белгілері науқас адамның үрейі ұшып, дегбірі қашып, қорқыныш сезімі пайда болады. Көмекей төңірегінде ауырсыну сезімі, оны қысып, тарылтып тұрғандай сезім науқастың мазасын алады. Мұндай ауырсыну сезімі төс сүйегінің астында да пайда болады. Ауырсыну сезімі, сілекей мен сұйықтықты жұтқанда күшейе түседі. Өңеште бөтен зат тұрып қалғанда жиі кездесетін белгінің бірі – дисфагия. Дисфагия белгісі-өңештің бұлшық еттері жиырылып қалғанда да, қабыну процесі кезінде де пайда болады. Өңештің өзегі біржола, толық жабылып калса, тамак тұрмақ сұйық заттың өзі өте алмайды, ондай кезде кекірік, құсу арқылы сұйықтық кері шығады.
Науқас адамның сілекейі көп жиналады. Өңештің басталған тұсына көлемі үлкен бөтен зат тіреліп қалса, науқас адам тұншығып өлімге ұшырайды. Бөтен заттың өткір ұштары өңешті жаралап, I тесіп жіберген болса, тері шелінде эмфизема, іріңді медиастенит ауруының белгілері (қалтырау, дене қызуының көтерілуі, хал-жағдайының нашарлауы) пайда болады. Бөтен заттың өткір ұштары (жалпы ұйқы артериясын, мойын төңірегіндегі көк тамырын, қолқаны) жараласа, онда қатты қансырау басталады. Өңештің қабырғасы тесілсе, кеуде астары,өкпе тіні зақымданып, өңеш пен кеуде астары арасында жыланкөз пайда болуына әкеп соғады. Өңеш өзегінде ұзақ уақыт тіреліп тұрып қалған бөтен заттан жарақаттану эзофагит ауруына шалындырады. Бара-бара өңештің сол бөлімшесінде тесік пайда болады. Бөтен зат жұтып қойған науқастың диагнозын анықтау үшін рентген сәулесімен зерттеу керек. Темір, металдан жасалған бөтен зат рентгеноскопия әдісімен
анықталады. Рентген сәулесін, ұстай алмайтын бөтен зат жұтылса, рентгенография, томография, суда еритін контрастпен зерттеу керек. Өңештің тесігі бар болса,контрастық зат өңештің сыртына құйылады, медиастинальды эмфизема жағдайын көрсетеді, жыланкөз пайда болса, контраст кеңірдекпенбронхтардың өзектеріне құйылғаны рентген суретінде анық көрінеді. Эзофагоскопия әдісімен бөтен затты көруге және оның тіреліп тұрған тұсын анықтауға болады.
Емі.
Бөтен зат жұтып қойған науқасты жедел түрде хирургиялық бөлімшеге жеткізу керек. Науқас адамға наркоз беріліп, наркозға қосымша миорелаксанттар қосып, қатқылдау эзофагоскоп аспабымен бөтен затты өңештен сыртқа алып шығады. Эзофагоскоп әдісімен бөтен затты өңештен алып шығу әрекеті нәтижесіз болса, сол мезетте науқасты операцияға алыпэзофаготомия жасағаннан кейін бөтен затты алып, өңештің жарасын тігеді. Ұзақ уақыт бойы ешбір белгісіз тұрып қалған бөтен затты алып тастау қажеттілігі, осы бөтен заттың әр түрлі асқындыру салдарынан туады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет