үшін мүліктік жауапкершілікті толық реттемейді, ал көліктік заңнамалар көлік
экспедициясы шарты бойынша жауапкершілік туралы арнайы ережелерді бекітпеген. Бұл
құқық қолданушылар үшін тәжірибеде қиындықтар туындатады.
Көлік-экспедициялық міндеттемелер бойынша жауапкершілікке тасымалдау туралы
ережелерді түгелдей қолдану мүмкін емес. Өйткені
тасымалдау шарты мен көлік
экспедициясы шарттарының тығыз байланысына қарамастан, дербес көліктік шарттар
ретінде екеуінің арасында айырмашылықтар бар, әсіресе мақсаттары мен мазмұндары
бойынша сәйкес келмейді. Егер заңнамада қарастырылған шартты бұзушылықтың нақты
түрі үшін жауапкершілік көліктік заңдардың тиісті нормасына
сәйкес анықталады деп
көрсетілген болса, онда дәл сол нормалар қолданылуы қажет, ал егер де мұндай нұсқау
болмағанда, жауапкершілікті азаматтық заңдардың жалпы ережелеріне сәйкес анықтау
қажет. Ендеше, дербес көлік экспедициясы шартына оның ерекшеліктеріне сай
жауапкершілік қарастырылуы тиіс деп есептейміз.
ҚР АК-нің 35-тарауында экспедитордың жауапкершілігінің ортақ
негізі бекітілген
және міндеттеменің орындалмауына кінәлі болмаса да, клиент алдында тек қана экспедитор
жауап береді (713-б.). Бұл клиент үшін өте қолайлы жағдай. Тасымалдау шартын немесе
экспедиция шартын тиісінше орындамаудың салдарынан міндеттеменің бұзылуының
туындауына байланысты экспедитордың жауапкершілігінің негіздері мен мөлшері
анықталады. Бірақ бұндай ереже экспедитор мен тасымалдаушының жауапкершіліктерінің
негіздері мен көлемі әр түрлі болғандықтан, экспедитордың құқықтық жағдайын
нашарлатады.
Осы орайда Н.В. Морозова экспедитордың жауапкершілігі екіжақты сипатта болады
деп тұжырымдайды: клиенттің кінәсі үшін тасымалдаушы
алдында жауап береді және
тасымалдаушының кінәсі үшін клиент алдында жауап береді. Мәселен, клиенттің
қоймасынан темір жол стансасына дейін жүкті тасымалдағанда, өз көлігі жоқ экспедитор
автокөлік ұйымымен шарт жасасады. Егер жүкті тиеу-түсіру жерінде тұрып қалғаны үшін
шартпен қарастырылған айыппұл экспедитордан өндіріліп алынған болса, онда ол
айыппұлды кінәлі тұлғадан: клиенттен немесе темір жол тасымалдаушысынан өндіріп
алады. Бұл жағдайда бөтен тұлғаның кінәсі үшін
экспедитордың тәуекелі, яғни
жауапкершілігі, орын алған. Мұндай жауапкершілік көлік экспедициясы шарты ғана емес,
міндеттемені орындауды үшінші тұлғаға жүктейтін кез келген шарттың сипаттаушы белгісі
болып табылады.
Экспедициялық қызмет көрсетуден туындайтын міндеттемелерге азаматтық-
құқықтық жауапкершіліктің негіздері туралы жалпы ережелер қолданылады. Себебі ҚР-
ның қолданыстағы көліктік заңнамалары көлік экспедициясы шарты бойынша
жауапкершілік туралы арнайы ережелерді қарастырмайды. ҚР АК-нің 713-бабы бойынша
экспедиция шарты жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті дәрежеде
орындамағаны үшін экспедитор осы Кодекстің 20-тарауындағы
ережелерге сәйкес
белгіленген негіздер мен мөлшер бойынша жауап береді.
Көлік-экспедициялық қатынастардың өзіне тән ерекшелігін ескеретін болсақ,
экспедитор ретінде кәсіпкер болғандықтан, оның жауапкершілігінің негізі ретінде кінәлі
болуы шарт емес, себебі бұл жағдайда экспедитор кәсіпкерлік
тәуекелге бел байлап
отырғандықтан, оның жауапкершілігі ҚР АК- нің 359-бабының 2-бөлімінде қарастырылған.
Демек, тасымалдаушымен салыстырғанда, экспедитор толық жауапкершілікте болып,
барлық келтірілген залалды өтейді.
Достарыңызбен бөлісу: