Дәріс кешені павлодар Дәріс тақырыптарының мазмұны 1-тақырып



бет8/22
Дата24.12.2023
өлшемі312.5 Kb.
#487825
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
лекции по практикуму орфогр и пункт

Шылау сөздердің жазылуы:
Шылаулар, негізінде, бөлек жазылады: сабақтан кейін, қалам мен сия, аз ба, көп пе?
-Ақ, -ау, -ай, -мыс, -міс, -ды, -ді, сынды шылаулары өздерінен бұрынғы сөздерден дефис арқылы бөлініп жазылады.
ма, ме, ба, бе, па, пе сұраулық шылауы түбір мен қосымша арасында да қолданылғанда -мы, мі, бы, бі, пы, пі болып өзгерген қалпында бірігіп жазылады: келемісің? сұлтанбысың?
Одағайлардың жазылуы:
Одағайлар, көбінесе, естілуінше жазылады. Сондықтан бір одағай екі-үш түрлі болып жазылуы мүмкін: ойпырай, ойпырой, ойпыр-о-ой, ойпырмай, ойпырмау.
Бір сөздің екі-үш қайталанып айтылуы одағайларда жиі кездеседі, ондай да араларына дефис қойылады: әй-әй, жә-жә, шоһ-шоһ, ха-ха-ха.
Түбір сөз тұтасымен қайталанбай, жеке дыбстары қайталанып айтылу да одағайларға тән құбылыс, мұндайда да қайталанған дыбыстар дефис арқылы жасалады: еһе-һе-һе, қа-а-п, ура-а-а, ә-й.


6-тақырып. Бас әріптің қолданылуы. Тасымал
- Нүкте, сұрау, леп белгілерінен кейінгі сөйлемнің бірінші сөзі, көбінесе, өлеңнің әрбір жолы бас әріппен басталып жазылады.
- Жалқы есімдер (кісі аттары, географиялық атаулар, кәсіпорындардың аттары, кітап, журнал, шығарма, мереке, ұйым, мекеме т.б.) бас әріппен басталып жазылады: Абай Құнанбаев, Балқаш, Наурыз мейрамы, Мәдениет министрлігі, Тіл білімі институты.
- Күрделі есімдерден құралған атаулардың әрбір сөзі бас әріппен жазылады:
а) Ең жоғарғы мемлекеттік қызмет аттары мен құрметті атақтар: Қазақстан Республикасы Президенті, Президент Әкімшілігі, Қазақстан Халық Қаһарманы;
ә) Мемлекеттердің, республикалардың, жоғарғы мекемелер мен ұйымдардың күрделі атауларының әр сөзі бас әріппен жазылады: Қазақстан Републикасы, Ресей Федерациясы, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы.
- Әр түрлі мекемелердің, білім-ғылым орындарының, партиялардың, ұйымдардың, бірлестіктердің, қорлардың т.б. күрделі атауларының бірінші сөзі ғана бас әріппен жазылады: Сыртқы істер министрлігі, Ғылым академиясы.
- Кісі аттарымен қабаттаса айтылатын тұрақты эпитеттер жалқы есімнің алдынан келсе, бас әріппен, соңынан келсе, кіші әріппен жазылады: Жаяу Мұса, Ер Төстік, Аяз би, Ақан сері.
- Екі я үш сөзден құралған корея, индонезия, бирма, тайланд сияқты халықтарының аты-жөндерінің әрбір сөзі бас әріппен жазылады: Ким Ир Мен, Хо Ши Мин.
- Басқа тілден енген кісі аттарындағы артикль, демеуліктер дефиссіз кіші әріппен бөлек жазылады: Леорандо да Винчи, фон Бисмарк, Бодуэн де Куртенэ.
- Дефис арқылы жазылатын екі сөзден құралған фамилиялардың екеуі де бас әріптен басталып жазылады: Жолио-Кюри, Семенов-Тяньшанский.
- Әр алуан мифологиялық «иелердің», «құдайлардың», «әулиелердің» аттары бас әріппен жазылады: Зевс, Будда, Зеңгібаба, Ойсылқара.
- Ру аттары кіші әріппен жазылады: керей, уақ. Халық, ұлт, тайпа аттары және адамның тұрған жеріне қарай -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнағы жалғанып жасалған атауы кіші әріппен жазылады: қазақ, орыс, қытай, мәскеулік, семейлік.
- Мал, құс, ит т.б. қойылған аттар бас әріппен жазылады: Жолбарыс, Бөрібасар, Қараторғай, Ақбоз, Көкжорға.
- Көше, алаң, парк, шоссе, көпір, канал, жол, тарихи ғимарат т.б. аттарының бірінші сөзі бас әріппен жазылады: Жібек жолы көшесі, Түрксіб темір жолы, Панфиловшылар паркі.
- Тырнақшаға алынып жазылған зауыт, фабрика, колхоз, трест, комбинат, спорт қоғамдары, кәсіпорын, шахта, кинотеатр т.б. аттары бас әріппен жазылады.
- Кітап, газет, журнал аттары бас әріппен жазылады.
- Аса маңызды тарихи дәуірлердің, революциялардың, уақиғалардың, мерекелердің аттары бас әріппен жазылады. Егер ол аттар күрделі болса, бірінші сөзі және кейбір атаулардың алдынан айтылатын ұлы деген сөз бас әріппен жазылады: Ұлы Отан соғысы, Жаңа жыл, Бірінші мамыр.
- Бірінші маусым, Тоғызыншы мамыр дегендердің алғашқы сөзі цифрмен таңбаланса, маусым, мамыр деген сөздер бас әріппен жазылады: 1 Маусым, 9 Мамыр.
- Кейбір аса маңызды құжаттардың (конституция, келіссөз т.б.) аттары бас әріппен жазылады: Тіл комитетін құру туралы жарлық, Қазақстан-Ресей келіссөзі.
- Бұрынғы ордендердің аттары тырнақшаға алынбай, әрбір сөзі бас әріппен жазылады: Еңбек Қызыл Ту ордені, Қызыл Жұлдыз ордені, Халықтар Достығы ордені.
- Кейбір ордендер мен медаль аттары және құрметті атақтар тырнақшаға алынып жазылады, мұндайда олардың бірінші сөзі ғана бас әріппен беріледі: «Ардақты ана» ордені, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі.
- Ресми құжаттардағы шартты атаулар бас әріппен жазылады: Жоғары мәртебелі Президент мырза.
- Жоғары дәрежелі қызмет аттары мен құрметті атақтардың әрбір сөзі бас әріппен жазылады: Кеңес Одағы Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының Президенті.
- Өлеңнің әрбір жолы, көбінесе, бас әріппен жазылады.
- Бірінші әріптерден қысқарған сөздердің әрбір әрпі бас әріппен жазылады: ТМД, ҚР, БҰҰ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет