Дәріс кешені Пән Клиникалык фармакология Код- кf 3219 Мамандығы- 051101 «Мейірбике ісі» Сағат саны- 45 (1 кредит)



бет1/36
Дата05.03.2024
өлшемі427 Kb.
#494437
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
лекц.комп.клин.фарм.СД-2-кур.каз




ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК
Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы

044 -41/18
№ 2 Басылым
40 беттің -беті

Дәріс кешені





Дәріс кешені
Пән - Клиникалык фармакология


Код- КF 3219


Мамандығы- 051101 «Мейірбике ісі»


Сағат саны- 45 (1 кредит)

2013ж.
Дәріс - 1
1. Тақырыбы: Клиникалык фармакология пәні. Міндеттері. Фармакодинамиканың негізгі түсініктері.
2. Мақсаты: Студенттерді клиникалық фармакология пәнінің міндеттерімен фармакодинамиканың негізі, түсініктерімен таныстыру.
3. Дәріс тезистері:
Клиникалық фармакология - фармакокинетика мен фармакодинамиканың жалпы заңдылықтарын зерттейді. Фармакокинетика- ағзадағы дәрілік заттардың тағдырын зерттейді, яғни дәрілік заттардың сіңірілуі, таралуы, биотрансформациясы (зат алмасуы) және ағзадан шығарылуы. (грек тілінен аударғанда pharmacon- дәрі, kineo- қозғалу). Фармакодинамика - дәрілік заттардың биологиялық әсерлері, орны және әсер ету механизмдерін зерттейді (грекше pharmacon- дәрі, dynamis- күш).
Фармакодинамика біріншілік және екіншілік фармакологиялық реакциялардан тұрады. Біріншілік фармакологиялық реакция дегеніміз- ол циторецепторлармен – биомакромолекулалармен әсерлесу. Биомакромолекулалар- биологиялық белсенді затпен, дәрілік затпен әсерлесуге генетикалық әзірленген зат. Циторецепторлармен әсерлесу екіншілік фармакологиялық реакцияның жасушалар мен мүшелердің атқаратын қызметі мен метаболизмінің өзгеруі түрінде қажет. Рецепторсыз әсерлесу механизмі сирек кездеседі. Ингаляциялық наркоздың, осмостық зәр айдаушы дәрілерде, плазма алмастырушыларда, комплексонтүзушілерде циторецепторлар болмайды. Бір біріншілік фармакологиялық реакция әр түрлі екіншілік өзгерістерге әкелуі мүмкін (норадреналин арқылы α-адренорецепторларды қоздырғанда ол көз қарашығын кеңейтеді және тамырларды тарылтады). Екіншілік фармакологиялық реакция негізінде әр түрлі біріншілік механизмдер болуы мүмкін (ацетилхолин арқылы М- холинорецепторларды қоздырғанда немесе гистаминмен Н1- рецепторларды қоздырғанда бронхтардың спазмы болады).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет