Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03


Баланың зейінін дамытатын ойындар



бет58/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   73
Дәріс

3.Баланың зейінін дамытатын ойындар.
«Не өзгерді» ойыны.
Баланың алдына 3-7 ойыншық қойыңыз. Содан кейін мұқият қарап алғаннан соң, көзін жұмуын өтініңіз.Бала көзін жұмған кезде біреуін жасырып қойыңыз,не бір,екі ойыншықтың орнын ауыстырыңыз.Бала көзін ашқаннан кейін қандай өзгеріс болғанын сұраңыз.
«Жеуге жарайтын-жарамайтын заттар»ойыны
Балаңызға әр түрлі заттардың атын атын атап допты лақтырыңыз.Ол тек жеуге жарайтын заттың аты аталған кезде ғана допты қағып алуы керек.
«Ұшты-ұшты» ойыны
Балаңызға әр түрлі заттардың атын атаңыз.
4.Қиялын дамытатын ойындар.
«Иттер қандай болады?»
Баланың көз алдына өзінің сүікті немесе жақсы көретін иті туралы суреттеп айтып беруін өтінуге болады: оның түрі, түсі қандай, ол үлкен бе, кіші ме, қайырымды ма,әлде қабаған ба, ол не жегенді жақсы көреді т.с.с.
«Сипаттама бойынша сурет сал»
Төмендегі мәтінді оқып беріңіз: «Үлкен әрі аппақ үй тұр екен. Онығ шатыры дөңгелек. Үлкен терезесі қызыл, кіші терезесі сары түске боялған. Есігі қоңыр». Мәтінді тағы бір рет баяу оқып беріңіз. Бала көзін жұмысын үйді көзіне елестету қажет. Содан кейін оның суретін салуды өтініңіз.
Бала мектепке бұрын қай мектепке беретініңізді алдын ала ойланып, бірақ шешім қабылдаңыз. Ол үшін мектептің орналасқан жерін, сіздің үйіңіздің ара қашықтығын, қандай сала бойынша дайындайтын мектеп екенін ескеріңіз.
Көп жағдайда үлкендер қалай оқу мен жазуды үйренгендіктерін, таяқшаларды қалай түзу жаза алмай, әріптерді қосып оқи алмай қиналғандықтарын ұмытып кетеді. Егер балаңыз оқу немесе жазу барысында қиналса, әлі-ақ бәрі жақсы болатындығын сендіріңіз. Ол тек сәл тырысу керектігін ескертіңіз. Ата-ананың басты міндеті мектепке дейінгі ересек жастағы баланы тыңдай білуге, назарын аудара білуге үйрету.
Жоғарыда айтылған ақпараттарға талдау жасай келе, ата-аналардың бала тәрбиесі мен мектепке оқуға балаларын даярлауға көмектесетіндей төмендегідей қорытындылар жасауға болады;
-балаңыздың әр жетістігіне қуана біліңіз;
-балаңызды әңгімесін аяғына дейін мұқият тыңдаңыз, оның әңгімесі қызықсыз, не сізді толғандырмайтынын балаңызға білдірмеңіз;
-баламен ілтипатты сөйлесіңіз;
-балаға тым көп сұрақ қоймаңыз;
-бала сізбен сөйлескенде назарыңызбен тыңдап, оған қамқорлық көрсетіңіз.
-баланы өзі дайын емес іске зорламаңыз;
-балаға нақты талаптар қойыңыз;
-бірден көп нәрсені талап етпеңіз, бала өз ойыншығын өзі жинауы үшін біраз уақыт қажет;
-балалармен әңгімелескенде әр түрлі заттарды көбірек атаңыз;
-баланы бірден сынаудың қажеті жоқ, әсіресе өзге адамдардың көзінше сынамаңыз;
-сіздің түсіндірулеріңіз қарапайым әрі ұғымды болуы керек;
-балаға өте көп талаптар қоюға болмайды, олар оған назар аудармайтын болады;
-ақырын сөйлеп, шыдамды болыңыздар;
-балаға күнделікті ертегі, оқып беріңіз;
-балаңызды басқа балалармен, ағасы не әпкесімен, не басқа туыстарыңызбен салыстырмаңыз;
-баланың сауалдарын тыңдап, оған тиянақты жауап беріңіз;
-баладан мейіріміңізді аямаңыз;
-балаңыздың білуге деген құмарлығы мен қиялын қолдап отырыңыз;
-басқа балалармен ойнауын қолдаңыз;
БАЛАНЫҢ ЗЕЙІН ДАМЫТУ ОЙЫНДАРЫ
Отбасы жағдайында баланы мектепке оқуға дайында барысында оның зейінін дамыту өте маңызды. Зейін - адамның ерекше психикалық қасиеті. Мектепке дейінгі кезеңде балада ырықсыз зейіні болғанымен 5-6 жаста ырықты зейіннің дами бастағанын байқауға болды. Ззейіннің: көлемі, тұрақтылығы, бір жерге шоғырлануы, бөліну, ауысу сияқты қасиеттері де дамиды.
Зейіннің ауысуы мен бөлінуін дамыту үшін төмендегідей жаттығуларды пайдалануға болады.
Балаға әр түрлі фигуралар (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, тіктөртбұрыш, трапеция, т.б.) аралас салынған парақты беріп, дөңгелекті тік сызықпен, үшбұрышты көлбеу сызықпен сыз, ал басқа фигураларды сызба деген тапсырма беруге болады.
Сондай-ақ мектепке дейінгі баланың дамыту үшін мынадай тапсырмалар берген жөн:
-көзіңді жұм да өзіңнен басқа балалардың көзінің, шашының түсі қандай екенін сипаттап берші;
- жаныңда ойнап жүрген балалар қандай киім киіп жүргенін сипаттап берші;
- бұрылмай тұрып арт жағыңда тұрған заттардың формасы, көлемі, түсі қандай екенін сипаттап берші;
- көзіңді жұмып тұрып, естіген дыбыстарыңды ата;
- күн сайын үйіңнің қасынан өтіп бара жатып, сен ылғи белгілі затты көресің. Ертең өзің бұрын байқаған бір затқа, құбылысқа суретке мән бер. Бірсүгіні басқа затты байқа. Осылайша күнде көрген заттарыңды, құбылысты бақыла. Мысалы: пәтеріңе дейін қанша баспалдақ бар, бөлмеңде неше терезе бар екенін маған айтып бер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет