Бақылау сұрақтары:
ҚР банк жүйесінің мәңі
Банк операцияларын жоспарлау мен дамытуды басқару
Банк Кеңесінің негізгі мақсаттары?
Банк Басқармасы негізгі мақсаты?
Несие комитеті негізгі мақсаты?
Тексеру комитеті негізгі мақсаты?
Әдебиеттер: Н:1-5 .Қ: 1-6
Тақырып 2: Коммерциялық банктер және олардың қазіргі кезеңдегі қызметінің ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: Коммерциялық банктер және олардың қазіргі кезеңдегі қызметінің ерекшеліктерімен таныстыру.
Жоспар:
1.Коммерциялық банктер – банк жүйесі мен олардың қызметінің негізгі буыны
2. Коммерциялық банктің балансы және оның құрылымы
Глоссарий
Банк - банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банк филиалы бір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) шегінде бірнеше мекен-жай бойынша орналасқан үй-жайларға ие болуға құқылы.
Банктің өкілдігі - заңды тұлға болып табылмайтын, банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банктің атынан және оның тапсыруы бойынша әрекет ететін, банк қызметін жүзеге асырмайтын банктің оқшауланған бөлімшесі.
Банк - банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның лицензиясы болуымен белгiленедi. Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды. Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.
Қазақстан Республикасының екi деңгейлi банк жүйесi бар. Ұлттық Банк мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады.
Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты Ұлттық Банктiң реттеу және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталған.
Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен астамы:
а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң;
б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының;
в) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не заңды тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк.
Банкiлердiң қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттармен (келiсiмдермен), сондай-ақ өздерiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заң құжаттары мен Президентiнiң Заңдары негiзiнде және оларды орындау үшiн шығарылатын уәкiлеттi органның, Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық құжаттарымен реттеледi.
Өз қызметiн үйлестiру, ортақ мүдделердi қорғау және бiлдiру, бiрлескен жобаларды жүзеге асыру және өзге де ортақ мiндеттердi шешу үшiн банкiлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес банкiлер ассоциациялары мен одақтарын құруға құқылы. Банкiлер ассоциациялары (одақтары) коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
Банкiлер ассоциацияларын (одақтарын) банк жүйесiндегi бәсекенi шектеу, сыйақы ставкаларды, несиелер мен өзге де банк қызметтерiн ұсыну шарттарын үйлестiру мақсатында қолдануға болмайды.
Банк ашуға рұқсат беру тәртiбi мен оған рұқсат беруден бас тарту негiздерi банк заңдарында белгiленедi. Банк ашуға берiлген рұқсаттың банк операцияларын жүргiзуге банкке лицензия беру туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдағанға дейiн заңды күшi болады. Банк ашуға берiлген рұқсатты уәкiлеттi орган керi қайтарып ала алады. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия берiлген жағдайда немесе банктiң қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған жағдайда, сондай-ақ көзделген негiздер бойынша рұқсат керi қайтарып алынған жағдайда банк ашуға берiлген рұқсатты банк уәкiлеттi органға қайтаруға тиiс. Банк өзiне банк ашуға берiлген рұқсатты ерiктi түрде қайтаруға және заңда белгiленген тәртiппен қайта тiркелуге құқылы.
Банкiнiң құрылтай құжаттары
Банк Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарындазаңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен, банк заңдарында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып құрылады. Банк құру жөнiндегi құрылтай шартында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәлiметтерден басқа, мiндеттi түрде:
толық атауы мен олардың әрқайсысының тұрған жерiн қоса құрылтайшылар туралы мәлiметтер, сондай-ақ олардың мемлекеттiк тiркеуден өткендiгi жөнiндегi деректер (заңды тұлғалар үшiн), аты-жөнi, азаматтығы, тұрғылықты жерi мен жеке өзiн (жеке адамдар үшiн) куәландыратын құжат деректерi;
акциялардың саны, санаттары мен орналастыру бағалары туралы мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
Банктер акционерлiк қоғамдар нысанында құрылады. Банк өз жарғысында жазылған атауды өзiнiң атауы ретiнде пайдаланады. Банктiң атауында "банк" деген сөз немесе одан туындаған сөз болуға тиiс.
Банктiң жарғылық капиталы акцияларды сату есебiнен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қалыптастырылады. Банк акциялары орналастырылған кезде тек қана ақшамен төленуге тиiс. Жаңадан құрылған банкiнiң жарғылық капиталына оның акционерлерi Әдiлет министрлiгi банкiнi тiркейтiн кезге қарай елу процент мөлшерiнде және тiркеген күннен бастап бiр күнтiзбелiк жыл iшiнде толық төлем жасауға тиiс.
Банктiк операцияларды жүргiзуге арналған лицензияларды уәкiлеттi орган, Ұлттық Банк белгiлеген тәртiппен және өздерiнiң құзыретi шегiнде уәкiлеттi орган немесе Ұлттық Банк бередi.
Банк операцияларын жүргiзуге лицензиялар Ұлттық Банк белгiлеген тәртiп бойынша берiледi.
Банк операцияларын жүргiзуге лицензия алу үшiн өтiнiш берушi мемлекеттiк тiркелген күннен бастап бiр жыл iшiнде:
а) барлық ұйымдық-техникалық шараларды орындауға, оның iшiнде уәкiлеттi органның немесе Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес келетiн үй-жай мен жабдықтар әзiрлеуге, сондай-ақ тиiстi бiлiктiлiгi бар қызметкерлер жалдауға;
б) уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес мөлшерде жарғылық капиталы болуға;
в) лицензиялық алым төлеуге тиіс.
Жұмыс істеп тұрған банк қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін:
1) қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш берген айдың алдындағы қатарынан үш ай ішінде пруденциялық нормативтердің орындалуын қамтамасыз етуге;
2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігінде уәкілетті орган белгілеген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге;
3) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттары туралы ережені табыс етуге тиіс.
Банк операциясын жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiшпен бiр мезгiлде лицензиат талаптардың орындалуын растайтын құжаттарды уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен табыс етуге мiндеттi.
Банктің филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу
Қазақстан Республикасының резидент-банкі банктің директорлар кеңесінің шешімі негізінде уәкілетті органның келісімінсіз Қазақстан Республикасының аумағында да, сонымен қатар одан тысқары жерлерде де өзінің оқшауланған бөлімшелерін - өз филиалдары мен өкілдіктерін ашуға құқылы.
Қазақстан Республикасы аумағында банктің филиалын немесе өкілдігін құруға, жабуға жергілікті өкілді және атқарушы органдардың келісімі талап етілмейді.
Коммерциялық банктер – банк жүйесі мен олардың қызметінің негізгі буыны
Коммерциялық банктер мәртебесі, мақсаты және бағыттары бойынша теңдей емес, дегенмен барлық банктердің балансының және оның құрылымының болуы; негізгі қызметтер мен операциялардың сипаты, өзінің қызметінен кірістер алу сияқты орталық негіздері бар.
Коммерциялық банктер сондай-ақ несие беру жүйесінің негізгі буыны ретінде сипатталады. Бұл банктердің негізгі несие орталығы ретінде несие берудің мол мүмкіндіктерін ашатындығын білдіреді. Банк жүйесінде несиені орталық банк, екінші деңгейдегі банктер, арнаулы несие институттары береді. Нарықтық экономика жағдайындағы коммерциялық банктер – бұл активті іскерлік банктер болып саналады және олар барлық елдердің банк жүйесінде айрықша орын алады. Бұл банктер бүкіл экономикаға қызмет көрсете отырып, шаруашылықтарға, кәсіпкерлерге, жекелеген тұлғаларға несиелер береді, тұтынушыларға неғұрлым жақындай отырып, өндіріс саласы мен айналым дамуына көмегін тигізеді.
Нарық бәсекесі жағдайында әрбір банк өзінің басымдықтарын айқындайды, өзіне несие жүйесінің негізгі буыны ретінде бекітеді.
Елдің банк жүйесіндегі несие беру қызметін мынадай банктер орындайды:
Орталық банк – екінші деңгейдегі банктерге мемлекетке несие беруі кезінде,;
Коммерциялық банктер – меншікті коммерциялық мүдделердің дамуымен қаржы алушылардың қажеттіліктерінің барлық түрлеріне экономика салаларына несиелер беру кезінде.
Коммерциялық банктер клиенттер үшін бүкіл операциялық қызметтерді орындайтын ақша нарығының жұмыс жасаушы әмбебап «буыны» ретінде қатысады. «Коммерциялық банк» түсінігін кең түрде түсіндіре отырып, оларды мынадай белгілері бойынша жіктеуге болады (1 кесте):
Жалпыға белгілідей, коммерциялық банктер өздерінің дәстүрлі базалық қызметтері негізінде жұртшылық арқылы қабылданады, олар клиенттерге сан алуан қаржылық қызметтер көрсетеді, трасталық операциялар жасайды, клиенттер үшін бағалы қағаздар сатып алады, қозғалмайтын мүлік пен кепілдік міндеттемелерді басқарады.
Коммерциялық банктердің қызметтерін дәстүрлі және дәстүрлі емеске, базалық (қатардағы) және жаңа (нарықтық) қызметтерге бөлуге болады. Коммерциялық банктердің қызметін жалпылай топтастырғанда былай болып шығады:
бос ақша капиталдарын жұмылдыру мен шоғырландыру, қор жинау мен сақтықтар (салымдық және депозиттік операциялар);
экономикаға және тұрғын халыққа (активті операциялар) несиелер беру;
төлемдер жасау мен ақша аударымдарын (делдалдық операциялар) ұйымдастыру;
Коммерциялық банктің сипаттамасы
инвестициялық қызмет (бағалы қағаздар салымы және жобалар);
сыртқы сауданы қаржыландыру;
сейфтерде құндылықтарды сақтау;
клиенттерге өзге қаржылық қызметтер көрсету.
Жинақтарды жұмылдыру мен шоғырландыру қызметі жеке адамдардың ұсақ шашыранды ақша қаражаттарын жинақтай отырып, ақша ресурстарының ортақ қорын құру арқылы оларды экономиканың неғұрлым тиімді салаларына бағыттауға болатындығын растайды. Өз ақшаларының жоғары өтімді (ликвидті) формада сақталуына және пайыздық үлес алуға деген салымшылардың қызығушылығы банктер арқылы қамтамасыз етілуі тиіс және ол үшін соңғы жауапкершілікті өзіне алады.
Несие берудегі делдалдық, банк үшін ең айқындаушы қызмет болып саналады, өйткені уақытша бос ақша қаражаттарын шаруашылық жүргізуші субъектілерге саудаға беру жолымен қайыра бөле отырып, одан ол пайда табады. Банктің осы қызметі «несие категориясын» көрсетуге үлкен әсерін тигізеді. Мұндай кезде несие қаржыны тиімді пайдалануға несиеберуші мен қарыз алушы бірдей мүдделілік танытады. Коммерциялық банк үшін несие төлеуге қабілетті қарыз алушыларға ссудалар беру көп кіріс келтіретін операциялар болып саналады.
2. Коммерциялық банктің балансы және оның құрылымы
Егер банктік есеп берушілік туралы толық түсінікке ие болатын болсақ, коммерциялық банк сипаттамасы соғұрлым толық және аяқталған болып саналады. Банктік есеп берушіліктің белгіленуі – бұл банк қызметі туралы толық сенімді қамтамасыз етуді; инвесторларға, кредиторларға, бүкіл мүдделілік танытқан органдарға түсінікті жедел ақпараттар беруді; кірістер, операциялардың көлемі мен тәуекелдер туралы бекітулерді білдіреді.
Коммерциялық банктің қаржылық жағдайын бағалау үшін банктің қызметі туралы жеткілікті ақпараттарға ие болу қажет. Банктің жылдық есебі осындай ақпараттардан тұрады, ал оны бүге-шігесіне дейін талдау үшін бухгалтерлік есеп деректері пайдаланылады.
Әлемдік тәжірибеде банктің қаржылық есеп беру үлгілері (формалары) мынадай негізгі құжаттар арқылы берілген: баланс, пайдалар мен шығындар туралы есеп, қаржыландыру көздерінің қозғалысы туралы есеп, акционерлік капитал туралы есеп, балансқа және өзгелерге түсіндірме.
Банктің балансы ақшалай түрде көрсетілген коммерциялық банк ресурстарының жағдайын, оларды қалыптастыру көздері мен пайдалану бағыттарын, сондай-ақ есепті мерзімнің басы мен аяғындағы банк қызметінің қаржылық нәтижелерін сипаттайды.
Баланс деректері бойынша ақша ресурстарын қалыптастыру мен оны орналастыруға, бағалы қағаздар нарығын қоса отырып, несиелік, есеп айырысу және өзге де банк операцияларының жағдайына бақылауды жүзеге асырады. Коммерциялық банктің баланстары олардың есеп беруінің басты бөлігі болып саналады. Оларға талдау жасау банктердің өтімдігін (ликвидтілігін) бақылауға, банктің қызметін басқаруды жетілдіруге мүмкіндік береді.
Коммерциялық банктер жылдық баланс деректерін және пайдалар мен зияндар туралы есептерді заңдық тәртіпте жариялап отырулары тиіс. Қазақстанның бүкіл коммерциялық банктерінің біріккен балансы тұтастай экономиканы және әр облыс пен аймақтардың жағдайын сипаттауға мүмкіндік береді. Банктердің баланс деректері ҚР Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын әзірлеп-жасауы үшін негізгі көздер болып саналады.
Банктер балансының құрамы мен құрылымы олардың қызмет сипаты мен өзіне тән белгілеріне, банк операцияларында пайдаланылатын бухгалтерлік есептің құрылу қағидаларына қатысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |