1
дәріс 3. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және стратификация.
Дәрістің негізгі мақсаты - қоғамның әлеуметтік құрылымын, әлеуметтік
теңсіздік және стратификациялау өлшемдерін анықтау. Әлеуметтік
ұтқырлыктің типтерін, заңдылықтары мен кедергілерін, негізгі арналарын
қарастыру.
Негізгі сұрақтар:
1. Қоғам, теңдік және теңсіздік.
2. Ашық және жабық қоғам.
3. Стратификация құрылымдық теңсіздік ретінде.
4. Әлеуметтік ұтқырлық, оның түрлері мен ерекшеліктері.
3.1 Қоғам - нақтылы мүддесі мен тілегіне сәйкес біріккен адамдардың
жиынтығы. Бұл қарапайым ғана анықтама. Социологияда қоғам деген
түсініктің мазмұны кең, әмбебаптық маңызы бар. Қоғамды қандай белгісіне
қарап ажыратуға болады? Жоғарыда қоғам дегеніміз - жеке адамдардың өзара
қарым-қатынасы, олардың арасындағы қалыптасқан байланыстар мен
қатынастардың жиынтығы дедік.
Қоғамның негізгі маңызды белгісі - территория (аймақ), онда әлеуметтік
байланыстар іске асырылады. Территория - индивидтер арасында қатынастар
мен өзара әрекеттердің қалыптасатын, дамитын әлеуметтік кеңістігінің негізі
болды. Қоғамның екінші ерекшелік белгісі оның ішкі өзара байланыстарының
жоғары интенсивтілігін қолдап отыру және ұдайы өндіру қабілеті.
Тұрақтылық қоғамның маңызды сипаты деп айтылса да, социологтар оның
негіз болатын себептерін түсіндіруде әртүрлі көзқарастарда болды.
Э.Дюркгейм қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығының басты негізіне
«ұжымдық сананы», ортақ жігердің болуын алады. Р.Мертон болса қоғамның
сақталуын халықтың көпшілігі меңгерген және әрбір индивидті біріктіретін
тіршілік әрекеттерінің нормаларын сақтауға бағыттайтын «келелі
құндылықтар» арқасында болады деп есептейді. Э.Шилз қоғам бүкіл
территорияға бақылау жасайтын және ортақ мәдениетті таңатын тек қана
«ортақ биліктің» ықпалымен өмір сүреді деген сенімде болған. Қоғамның
үшінші белгісіне оның автономдығы және өзін-өзі жоғары деңгейде
реттеушілігі жатады. Қоғамның автономдығы оның көп функциялылығымен
іске асады, яғни индивидтердің алуан түрлі қажеттігін қанағаттандыру үшін
керекті жағдайлар жасау қабілетінің болуы және индивидтерге өзін көрсету,
өзін бекіту үшін кең мүмкіндіктер жасауы. Қоғам өз ішінде пайда болған және
жасалған нормалар мен принциптердің негізінде, институттар мен
ұжымдардың арасында реттеліп отырады және басқарылады. Төртіншіден,
қоғамды үлкен интеграциялық күш ерекшелейді. Ол әрбір жаңа ұрпақты
әлеуметтендіреді, сол ұрпақты қалыптасқан қатынастар жүйесіне қосады,
2
оларды бәрі мойындап қабылдаған нормалар мен ережелерге бағындырады.
Қоғам мен тілдің, мәдениеттің шығу тегінің көрінбес жіптермен байланысқан
адамдардың өздері оған ұмтылады. Ол адамдарға әдеттегі мінез-құлық
үлгілерін қолдануға мүмкіндік береді, тұрақталған принциптерді басшылыққа
алдыртады.
Қоғамды дамытатын өзіндік заңдар мен заңдылықтар қалыптасады.
Солардың бірі - эволюционизм. О.Конт қоғам эволюциясын анықтаушы
алғышартқа білімдік прогресті жатқызды. Білімнің теологиялық, мистикалық
түрінен позитивтікке, яғни ғылымға қарай дамуы адамның әскери қоғамнан
индустриялы қоғамға өтуін қамтамасыз етеді. Г.Спенсер эволюцияның
мәнін қоғамның күрделенуінен, оның ішкі жітелісінің күшеюінен көре білді.
Бұл процесс қоғам дамуының әрбір жаңа кезеңінде әлеуметтік организмнің
тұтастығын қалпына келтіріп отырады. Әлеуметтік прогресс дегеніміз -
Г.Спенсердің сөзімен айтқанда, адамзаттардың еркіндігін көбейтуге
жеткізетін күрделі қоғам болады.
Марксизм әлеуметтік дамудың шешуші алғышарты етіп өндіргіш
күштерді алған. Өндіргіш күштердің дамуы өндіріс тәсілдерін өзгертуге әкеліп
соқтырады, оның нәтижесінде қоғамда түбегейлі өзгерістер жасалып,
қоғамдық - экономикалық формациялардың бірінен екіншісіне ауысуы
қамтамасыз етіледі. Осы аталған бағыттың төңірегінде әлеуметтік
эволюцияның кейбір үрдістері анықталады. Қоғам қарапайым күйден күрделі
күйге қозғалып өтеді, яғни терең құрылымды, жіктелген қоғамға көшеді.
Қоғамның дәйектілікпен даму принципін басшылыққа алған дәстүрлі
эволюционизм шеңберінде қоғамның кері қозғалуын, дағдарыстары мен
ыдырауын, бүтін өркениеттің жойылуын түсіндіру мүмкін болмай қалды.
Мұндай құбылыстарды түсіндіру үшін зерттеушілер циклдық даму теориясын
ойлап шығарды (О. Шпенглер, А.Тойнби).
Осыған орай әлеуметтік өзгеру теориясы пайда болды. Оның мән-
мағынасын Т.Парсонс өз тұжырымдамаларында ашып берді.
Бақылау барысында қайсыбір іс-әрекеттің, оқиғаның нәтижесінде
жүйедегі тепе-теңдікті сақтап тұрған күштердің, элементтердің арасалмағы
бұзылатын болса (кейбір топтардың ықпал жасауы артады, мемлекеттік
органдардың жаңа құрамы қалыптасады, т.б.), онда қоғам өзгеріске түседі.
Мұндай өзгерудің түрін Т.Парсонс «тепе-теңдіктің өзгеруі» деп атаған.
Алайда қоғамдық жүйе мен оның элементтерінің арақсында бұзылған тепе-
теңдікті қоғам тез қалпына келтіріп отырады. Жүйе ішкі резервтердің
көмегімен өзгеріске бейімделетін болады және пайда болған жаңа түзілімдерді
өзіне қосып алады.
Т.Парсонс эволюциялық әмбебап ұғымын енгізіп, сол арқылы жаңа
күйдегі, сапалы жүйе пайда болуын анықтайтын құрылымдарды белгілеген.
Әлеуметтік жүйеде ең алдымен төрт әмбебеп қалыптасады: қатынастар
жүйесі, туыстық жүйе, дін және технология жүйелері құрылымы, бюрократия,
ақша мен нарық кешендері, демократия бірлестіктері пайда болады.
3
Қоғамның әлеуметтік құрылымы әлеуметтік жүйенің бөлімі және екі
компоненттен тұрады: әлеуметтік байланыс және әлеуметтік құрам.
Әлеуметтік құрам - әлеуметтік құрылымды құрайтын элементтердің
жиынтығы.
Құрылым термині - structura латын тілінен алынған - ол, жалпы алғанда,
белгілі бір заттың, құбылыстың элементтері арасындағы байланыстардың
айтарлықтай бір тұтастығын білдіретін термин.
«Әлеуметтік құрылым» ұғымы сөздің кең және тар мағынасында
қолданылады. Кең мағынасында әлеуметтік құрылым дегенде қоғамның
жалпы құрылысын, оның демографиялық, таптық, территориялық (латын
тілінен аударғанда «жер кеңістігі» деген), этникалық, кәсіби, діни, т.б.
құрылымын түсінеді. Тар мағынада әлеуметтік құрылым дегенде таптарға,
әлеуметтік жіктер мен топтарға бөлу түсініледі.
Сонымен, әлеуметтік құрылым - әлеуметтік жүйедегі элементтердің
тұрақты байланысы. Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі - белгілі
мәртебесі бар және белгілі әлеуметтік қызмет атқаратын жеке адамдар, ал жеке
адамдар - мәртебелік белгілеріне сәйкес топқа бірігеді. Әлеуметтік құрылым
қоғамның бірліктерге, тапқа, топқа жікке бөлінуін көрсетеді, адамдардың бір-
бірімен қарым-қатынасының да көптеген критерияларына сәйкес әртүрлілігін
көрсетеді.
Әлеуметтік құрылымның әрбір элементі өз тарапынан, өзінің
байланыстарына қарай күрделі әлеуметтік жүйе. Қоғамдық жүйе деп қарау
көптеген белгілі социологтарға тән. Жүйе - өз элементтерінің жиынтығына
сәйкес келетін тұтастық. Тұтастықтық ерекшелігі арнаулы тәсілмен
қамтамасыз етіледі, оның бөлімдерінің өзара байланысу және өзара тәуелділігі
арқылы.
Э. Дюркгейм үшін қоғамның мазмұндықты туындайтын элементі,
тұтастығы ұжымдық санамен қамтамасыз етіледі, әлеуметтік факты, оның
өмір сүруі жеке адамдарға әсер етеді. Шындықтың көзі, оның пікірінше,
әлеуметтік факт, оны тек қана бақылау процесі мен шектемей, зерттеу қажет.
К. Маркс жүйе құрайтын элементтер дегеніміз әлеуметтік қатынас деп
санайды, ол адамдар арасындағы тұрақты байланыстарды, жеке адамдарды,
сонымен бір жеке адамдарды көрсетеді, олардың өзара қарым-қатынасы оның
жиынтығын көрсетеді.
М. Вебер қоғамды әлеуметтік өзара қатынастың күрделі жүйесі деп
қараған. Қоғамды жүйедей зерттеуге ендігі мәселе сол элементтердің
ұйымдастыру тәсілі, сонымен бірге сол элементтердің байланысуы.
Т. Парсонстың пікірі бойынша қоғам жүйе есебінде төмендегі қызметті
атқарғанда ғана өмір сүреді:
1) қоғам өзгерген жағдайға және адамдардың өскен материалдық тілегі
бейімделу қабілетіне ие болуы керек, ішкі ресурстарды тиімді ұйымдастыруға
және бөлуге қабілетті болуы;
2) оның негізгі мақсат және міндет іске асыруға қабілетті болуы және
оларды іске асыратын процестерді қолдауы;
4
3)
жеке
адамдардың
қабылдаған
жалпы
нормалары
мен
құндылықтардың тұрақтылығын сақтауы;
4) қоғамның интеграциялау қабілетіне, жаңа ұрпақты жүйеге тарту
қабілетін іске асыруы.
Т. Парсонс жүйенің негізгі қызметтерін анықтай отырып, соларды
қоғамда іске асыратын орындаушыларды іздеді. Алдымен 4 жүйе көрсетеді:
(экономика, саясат, мәдениет және ағайындық). Одан әрі әрбір жүйе көлемінде
тікелей бейімдеуші, мақсатты тұрақтандырушы, интеграцияландырушы
әлеуметтік институттарды көрсетеді (завод, банк, партия, мемлекеттік
ақпарат, шіркеу, мектеп, отбасы т.б.). Ақырында, тұрақты құндылықтан
шығатын нормалды орындауға негізделген әлеуметтік рөлдің жиынтығын
көрсетеді.
Демократиялық мемлекетте екі қарама-қайшы мүдде теңестіріледі,
біріне-бірі қарсы қойылмайды. Құқықтық, әлеуметтік, экономикалық теңдік
үстем болады, біртектес ұлттық мемлекеттік мүдде жүйесі қалыптасады.
Әлеуметтану, қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы көптеген
тұжырымдамалар бар. Олардың бірі - марксистік ілім. Маркстік социологияда
қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымына жетекші орын беріледі. Бұл бағыт
бойынша қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымы негізгі үш элементтік
топтар. Әлеуметтік құрылымның негізгісі - таптар. Теңсіздіктің екі түрі
ажыратылады. Біріншісі - табиғи теңсіздік. Олар табиғи белгілер арқылы
ерекшеленеді, мәселен, адам жынысы, жасы, бойы, темпераменті, т.б. жатады.
Ал әлеуметтік теңсіздік - әлеуметтік себебі бар қажеттілік, оның себептері
әлеуметтік факторлар арқылы белгіленеді.
Прогрессивті жолмен дамыған қоғамға сенімді ілім керек, ал оларды алу
және жинақтау үшін саясат, экономика, білім, құқық, ғылым туралы барлық
институттардың, яғни қоғамның саулығы мен болашағы тәуелдігі туралы
социологиялық теория қажет. Социологиялық теорияның негізгі жиынтық
тұжырымдамасы әлеуметтік құрылым теориясы болып есептеледі. Оныңаты
әлеуметтік стратификация деп аталады.
Стратификация латынның «stratum» (страттар) - жік (слой) және facere -
істеу деген сөзінен шыққан. Әлеуметтік стратификация әлеуметтік жіктеуден
аудару өмір шындығына, ол теорияның атқаратын қызметіне сәйкес келеді. Ол
теория базалық қажеттілікті өтеу керек. Сонымен қысқаша стратификация
(әлеуметтік жіктеу) дегеніміз - тәртіп, ол бойынша теңсіздік, үлкен
мүмкіндікпен, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріледі. Қоғамда әртүрлі
(страттар) жіктер қалыптасады.
Социологтар стратификациялық құрылымның негізі - адамдардың
табиғи және әлеуметтік теңсіздігі деген көзқарасты түгелдей жақтайды.
Бірақта теңсіздікті ұйымдастыру тәсілі әртүрлі болуы мүмкін. М.Вебер
әртүрлі страттарға жатқызудың критерияларының санын көбейте түскен.
Экономикалық меншікке қатынастың және табыстың дәрежесінен басқа да
критерияларды ұсынады. Олар әлеуметтік атақ және белгілі саяси партияларға
жататындығы. Атақ (престиж) дегеніміз жеке адамның туысынан немесе жеке
5
сапасына сәйкес қабылдаған әлеуметтік мәртебесі, ол оған қоғамда белгілі
орын алуына мүмкіндік береді. Мәртебе қоғамның стратификациялық негізі
деп қарағанда, тағы да бір маңызды сапа алады: ал оларды одан тез
сезінеді. Стратификациялау критерийлерін П.Сорокин ол да әрі тереңдете
түседі. Қандай да бір болмасын стратқа жатқызу үшін критериялардың
біртектес жиынтығы болуы мүмкін емес дейді. Соған сәйкес қоғамда үш
стратификациялық құрылымның бар екендігін көрсетеді: экономикалық,
кәсіби және саяси
1
. Сонымен қоғам теңсіздікті туындайды, ұйымдастырады
бірнеше негіздерге сәйкес: байлық, табыс дәрежесі, әлеуметтік атақ (престиж),
саяси билікті иелену дәрежесі, оған білім және кәсіби дәрежесін қосуға
болады. Әлеуметтік стратификация теориясы қоғамның типтік дәрежесін және
даму сатысын анықтайды. Марксизм қоғам дамуында бес түрлі формация -
сатыны бөліп көрсетеді: алғашқы қауымдық құрылыс, құл иеленушілік қоғам,
феодализм, капитализм және коммунизм. Бұл қоғамның негізгі - өндірістік
қатынастар. Француз социологы Р. Арон және америка ғалымы У. Ростоу
индустриалды қоғам теориясын қалыптастырады.
Қазіргі дамыған қоғамның негізгі таптары
Белгілі бір елдегі адамдардың белгілі бір топқа жағуын қатып-сеніп
қалған, өзгермейтін құбылыс деп қарауға болмайды, ол үздіксіз деп қарауға
болмайды, ол үздіксіз өзгеріс, қозғалыста болады. Бұл өзгеріс, қозғалысты
социологияда «әлеуметтік ұтқырлық» деп атайды. «Әлеуметтік ұтқырлық»
категориясын социологияға тұңғыш енгізген П.Сорокин болды.
Құлдырау не болмаса, бір деңгейдегі бір топтан екінші топқа өту болуы
мүмкін. Мысалы, ерінің немесе әйелінің ажырасып, басқа отбасы құруы, бір
қызметтен дәл сондай екінші қызметке ауысу т.б. көлбеу бойынша өзгеріс
(қозғалыс).
Әлеуметтік
ұтқырлық
жекеше
(жеке
адамдық) немесе ұжымдық болуы мүмкін. Ұжымдық әлеуметтік
ұтқырлық қоғам өмірінде, құрылысында ірі өзгерістер тудыруы мүмкін. Бұл
соңғы экономикалық салада немесе саяси-идеологиялық салада болуы мүмкін.
Адамдардың қоғамдағы әлеуметтік ауыспалық жиынтығын яғни өзінің
мәртебесін өзгертуін әлеуметтік ұтқырлық деп атайды. Адамдар еш уақытта
әлеуметтік сатыда төмендегісі келмейді, қайта жоғары көтерілгісі келеді.
6
Әлеуметтік ұтқырлықтің негізгі екі түрі бар ұрпақ аралық пен ұрпақ ішкі және
екі негізгі типі бар вертикальді және горизонтальді.
Ұрпақ аралық ұтқырлықта балалары ата - аналарына қарағанда
әлеуметтік позицияның ең жоғарғы сатысына жетеді немесе төменгі сатысына
орналасады. Мысалы, шахтердің ұлы инженер болады. Ұрпақ аралық
мобильдік
бұл
балаларының
мәртебесінің
әкесінің
мәртебесімен
салыстырғанда өзгеруі. Мысалы, инженердің ұлы корпорация президенті
болады, немесе керісінше президенттің ұлы инженер болады. Ұрпақ аралық
ұтқырлық көлемі қоғамдағы теңсіздіктің бір ұрпақтан келесі ұрпаққа өтуінің
қандай деңгейде жүретінін көрсетеді. Егерде ұрпақ аралық мобильдік үлкен
болмаса онда бұл осы қоғамда теңсіздіктің терең тамыр жайғандығын
білдіреді, адамның өз тағдырын өзгертуі оның өзіне байланысты емес, туған
ортасымен анықталып қойылғанын көрсетеді. Ұрпақ аралық ұтқырлық
айтарлықтай жағдайда болғанда адамдар жаңа мәртебеге шыққан тегіне
қарамай, өз еңбегінің, күшінің арқасында жетеді.
Ұрпақ ішкілік ұтқырлық - индивидтің өз өмірі барысында бірнеше рет
әлеуметтік позициясын өзгертуі. Басқаша сөзбен айтқанда, оны әлеуметтік
мансап дейді. Мысалы, токарь инженер болады, кейін цех бастығы, завод
директоры, машина жасау саласының шебері болады.
Ұтқырлықтің бірінші түрі ұзақ мерзімаді, ал екіншісі қысқа мерзімді
процеске жатады. Ұтқырлықтің процесінің сипаты көптеген қоғамдарда және
әлеуметтік топтарда әртүрлі және қоғамның немесе топтардың құрылымдық
ерекшеліктеріне байланысты. Кейбір қоғамдарда әлеуметтік мобильдіктің
әртүріне кедергі жасайтын қалыптасқан әлеуметтік құрылым бар, ал ол
басқаларды әлеуметтік көтерілуге, әлеуметтік құлдырауға азды-көпті еркіндік
береді. Ашық таптық қоғамдарда олардың әр мүшесі өзінің күш жігері,
қабілеті негізінде мәртебе бойынша көтеріледі және төмендейді. Жабық
таптық қоғамдарда әрбір әлеуметтік позиция индивидке туғанынан беріледі,
ол қанша тырысса да қоғам оны өз еңбегімен әлеуметтік сатыда көтерілуге,
немесе төмендеуге жол бермейді. Ежелгі Индиядағы касталық қоғам соның
мысалы. Ол бірнеше кастаға бөлінді, олардың әрқайсысының өз әлеуметтік
құрылымы болды және басқа касталардың арасында белгілі бір қатаң орын
алды.
Қазіргі қоғамдарда «жабық» типті, кастаны еске түсіретін әлеуметтік
топтар бар. Көптеген елдерде аса жоғарғы әлеуметтік мәртебе алуға
басымдығы бар, қоғамдық өнімді, билікті бөлуге, жақсы білім алуға т.б.
басымдығы бар элита салыстырмалы түрде жабық топ өмір сүреді.
Сонымен қоғамдарда кейбір әлеуметтік мәртебелі топтар бар, олардың
вертикальді мобильдігі олардың басқа әлеуметтік топтар өкілдері жолында
жасалған тұйықтықпен және кедергілермен қиындатылған.
Вертикальді ұтқырлық - бір қабаттан, жіктен (топ, тап) басқасына
ауысуын білдіреді. Ауысудың бағытына байланысты өршең мобильдік
(әлеуметтік өрлеу, жоғарыға қарай қозғалу) және құлдырау мобильдігіне
(әлеуметтік төмен түсу, төмен қарай қозғалу) бөлінеді. Қызметте көтерілу-
7
өрлеу ұтқырлығына, жұмыстан босау, шенін төмендету құлдырау
ұтқырлықтың мысалдары.
Горизонтальдық ұтқырлық - индивидтің бір әлеуметтік топтан бір
деңгейде орналасқан әлеуметтік топтың екіншісіне өтуі. Бұған православие
діни тобынан католик діни тобына, бір азаматтықтан екінші азаматтыққа
ауысуы, бір отбасынан (ата-ана) басқа отбасына (өзінің қайта құрған
отбасына), бір мамандықтан екіншісіне ауысу мысал бола алады. Мұндай
қозғалыста вертикальді бағыттағыдай әлеуметтік жағдайға айтарлықтай
өзгеріс жасамайды.
Географиялық ұтқырлық - горизанталь ұтқырлыктің бір түрі. Ол
мәртебенің немесе таптың өзгерісін білдірмейді, бұрынғы мәртебесін сақтай
отырып, бір орыннан екінші орынға ауысуды көрсетеді. Бұған халықаралық
және аймақаралық туризм, қаладан ауылға және керісінше, бір кәсіп орыннан
екіншісіне өту мысал бола алады.
Мысалы, Индивидуальдық ұтқырлык, мұнда әр адамның жоғары, төмен
орын алмасуы немесе горизонтальді жүруі басқалардан тәуелсіз өтеді. Топтық
ұтқырлык, ауыспалық ұжыммен жүреді, мысалы, әлеуметтік революциядан
кейін ескі тап үстемдік позициясын жаңа тапқа береді. Индивидуальдық және
топтық ұтқырлык туа біткен және қолымен жеткен мәртебелермен
байланысты. Индивидуальдық ұтқырлык қол жеткен мәртебеге, ал топтық туа
біткен мәртебеге сәйкес келеді. Топтық мобильдік таптық, сословиялық,
касталық, рангтық, категориялық қоғамдық маңыздылығы артқан немесе
кеміген кезде жүреді. П.А.Сорокин пікірінше топтық ұтқырлықтің себептеріне
келесі факторлар ықпал еткен: әлеуметтік революция; шетел интервенциясы,
шапқыншылық, мемлекетаралық және азамат соғыстары әскери төңкерістері
және саяси режимдер ауысуы; ескі конституцияның жаңамен ауыстырылуы;
шаруалар көтерілісі; аристократ тұқымдардың өзара күресі; империя құру.
Әлеуметтік ұтқырлыктің негізгі түрлері, типтері мен формалары осылар.
Вертикальді ұтқырлык жүзеге асуының арнасы-әлеуметттік институрттар.
Әскер сондай институттардың бірі. Ол арна ретінде бейбіт күндері емес, соғыс
кезінде жұмыс істейді. Командалық құрамадағы ірі шығындардан босаған
орындарды төменгі шенділермен толықтыруға әкеледі. Соғыс кезінде
жауынгерлер таланты мен батылдықтың арқасында тез қозғалады. Атақтарын
арттырғаннан кейін олар қолына тиген билікті одан әрі жылжу үшін байлық
жинау үшін қолданады. Оларда тонауға талауға, олжа басып алуға
контибуция алуға ,құлдар әкетуге,титулдар алуға өз билігін мұраға қалдыруға.
мүмкіндік туады. Мұндай мысалдар өте көп, 92 рим императорының 36–ы
бұған төменгі шеннен бастап жеткен. 65 византия императорының 12-і әскери
мансабының арқасында жеткен.
Шіркеу әлеуметтік ұтқырлықтің институты ретінде қоғамдағы төмендегі
көп адамды биікке шығарады. Гебон, Реймес архиепископ құл болған. Папа
Георгий VII - ағаш шеберінің баласы. П.Сорокин 144 рим католик
папаларының өмірбаянын зерттеп, олардың 28–і төменен, 27- і орта жіктен
шыққанын анықтаған.
8
Жоғарыға қарай өрлеу қозғалысымен қатар, шіркеу төменге қарай
қозғалуында арнасы. Мыңдаған еретиктер, пұтқа табынушылар, шіркеу
жаулары сотқа беріледі, ойсырады, жойылды. Солардың арасында корольдер,
княздар, лордтар, арестократтар, дворяндар болған.
Білім және тәрбие институты, қандай формада болсада, ғасырлар бойы
әлеуметтік қозғалу лифтісінің қуатты арнасы қызметін атқарып келеді.
Демократиялық елдерде, мектеп қоғам мүшелерінің қол жетімді оқу орны.
Көптеген елдердің колледждері мен университеттерінде үлкен конкурстың
болуының себебі білім вертикальді ұтқырлықтің жылдам және қолайлы
арнасы болып саналады. Мұндай қоғамда «әлеуметтік лифт» ең төменнен
қозғалады, барлық қабаттардан өтіп, ең биікке жетеді.
Меншік өзін жинақталған байлық пен ақша түрінде анық көрсетеді. Тек
солар ғана әлеуметтік қозғалыстың ең қарапайым тәсілдері. П.Сорокин кейбір
кәсіп пен мамандықтың байлық жинауға ықпал еткенін анықтады. Оның есебі
бойынша 29% жағдайда байлық жинауға фабриканттың кәсібі 28%– банкирлер
мен биржошылар, 12%– саудагер кәсібі мүмкіндік берген. Мұндай мүмкіндік
әртіс, суретші, өнертапқыш, мемлекеттік қызметші, шахтер және кейбір
басқада мамандықтар бермейді.
Отбасы мен некеде әлеуметтік ұтқырлық сол уақытта іске асады, егерде
әр түрлі әлеуметтік мәртебе өкілдері одақ құрса. Еуропа қоғамында титулы бар
кедейлердің ақсүйек емес байлармен некеге отыруы кең тараған. Нәтижесінде
екі жағыда әлеуметтік сатыда қозғалып, әрқайсысы өз керегін алды.
Ата - аналары балаларына жақсы тәрбие берді, бұл аристократтар үшін
міндетті нормаға айналды. Кедей отбасындағы ата-аналар қажетті білім мен
тәрбие бере алмады. Бұны тек ақсүйек отбасылар ғана берді. Олар басқару
элитасының қатарын толтырды. Отбасы қоғам мүшелерін қабаттарға, жіктерге
бөлудің бір институты болды.
Бакылау сурактар:
1. Негізгі стратификациялық теориялар: таптық теория, функционалдық
теория
2. Әлеуметтік теңсіздік қоғамның стратификациясы құрылымының негізгі
ретінде.
3. «Теңсіздік» ұғымының мәні және теңсіздіктің пайда болуының негізгі
себептері.
4. Ж. Руссо қоғамдағы теңсіздіктің физикалық, моральдық түрлері туралы.
5. Қазақстандағы орта тап дамуының негізгі факторлары, табыстары,
ерекшеліктері және болашағы.
Достарыңызбен бөлісу: |