Жұтқыншақ (pharynx) Жұтқыншақта ас 0,5 секундта өтеді. ортаңғы, төменгі қысқыштардан Констрикторлардан тұрады. Осы жиырылуынан жұтыну пайда болады. Жұтқыншақ мұрын, ауыз, көмекей қуыстарымен шектелуіне қарай: 1. жұтқыншақ мұрын бөлігі; 3. жұтқыншақ көмекей бөлігі.
Жұту- рефлекс арқылы іске асырылатын күрделі процесс. Бұл процесс 3 кезеңге бөлінеді:
1.Ауызда-шайналып бапталған асты адам өз еркімен жұтуға даярлайды. Көлемі 5-15см3 ас кесегі шайналып бапталған соң, тілдің –ұрттың еттерінің итермелеуімен тіл үстіне жылжытады. Одан әрі тіл түбірі көтеріліп ас кесегін таңдайға қысады да таңдай доғасына, содан соң жұтқыншаққа ысырады.
2. Жұтқыншаққа ас кесегі өткен кезде алдымен жұмсақ таңдай мен тілшік, жұтқыншаққа қарай көтеріледі де, оның мұрын бөлімін ауыз бөлімінен бөліп тастайды, сөйтіп жұтынған сәтте ас кесегінің мұрынға өтіп кетуіне кедергі жасалады. Мұнымен қатар көмекей көтеріледі. Тіл түбірі жұтқыншаққа өткен ас кесегімен көмей қақпақшасын үстінен басады да көмей жауып тастайды.
3. Өңешке қарай ас кесегі жылжиды. Дәл осы кезде жұтқыншақ көтеріліп, өңештің кіреберісіндегі сфинктер босаңсып жазылады да өңеш ашылады. Сөйтіп ас кесегі өңешке барып түседі. Өңештің жиырылып, жазылу қимылымен 6-8 сек. ішінде ас қарынға жетеді. Қарын кіреберісіндегі сфинктер босаңсып ашылады да ол қарынға өтеді.
Өңеш (esophagus) Жаңа туған балада 10-15см, ересектерде- 25см. Өңештен жұтылған тағам 8 секундта өтеді. Өңеш – бұл бұлшықетті түтік, ішінен кілегейлі қабатпен қапталған. Асқазан (gaster,ventriculus) Сыйымдылығы 2-4л, ұзындығы 25-30см, сыйымдылығы 7-10мл, 1 аптадан соң 80мл.
Достарыңызбен бөлісу: |