Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1 №1-дәріс. Тақырыбы: Психология ғылымының жалпы мәселелері



бет32/51
Дата12.11.2022
өлшемі0.79 Mb.
#464642
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51
Дәрістер тезистері

Ауызша сөйлесудің ең жеңіл түрі ол диалог болып табылады, яғни екі адам бір-бірімен сөйлесу арқылы бірлесіп қандайда-бір сұрақтарды шешіп, өз ойларын жеткізіп, бір мәселені шешеді. Сөйлесіп әңгімелесу үшін репликалар тән, яғни онда әңгімелесушілер, жеке сөздері мен фразаларын қайталау әңгілесушісіне ғана түсінікті ымдар, түрлі қосымша сөздер, түсіндіру, толықтыру, сұрақтарымен бір-бірінің орын алмастырады. Осындай сөйлеудің ерекшеліктері көп жағдайда әңгімелесушілердің өзара түсінушілігіне және өзара қарым-қатынасына байланысты. Дегенмен педагог отбасында мектептегі класына қойған сұрақтары сияқты сұрақ қоймайды, яғни ол өзгеше диалог жүргізеді. Сөйлесу кезінде ең бастысы эмоционалдық қозудыңдың деңгейі үлкен мән береді. Бір нәрсеге ашулы, қорқып ұялып отырған немес қуанып тұрған адам тыныштық бір қалыпты күйде тұрған адам сияқты болмайды, ол басқаша сөйлеп дауыс ырғағынмен айтып қана қоймай, сонымен қатар түрлі сөздерді , қыстырма сөздерді қолданады.
Ауызша сөйлесудің екінші түрі ол монолог- ол дегеніміз адамның өзінің, оны тыңдайтын бір адамға немесе көптеген адамдарға сөйлеуі, яғни бұл: мұғалімнің әңгімесі, оқушының толықтай берген жауабы, баяндамасы және т.б., яғни бұның бір ерекшелігі бір адам сөйлейді, ал қалғандары айтқанын тыңдайды. Мононлогтық сөйлеу композициялықлық қатынасы өте күрделі, яғни монолог не айтқысы келседе, алдымен сол айтушы өзінің ойын толығымен айтып алуын , мейлінше грамматикалық ережелер сақталып, қатаң логикасының болуымен және мазмұнының тиянақтылығын сақтауды талап етеді, содан кейін ғана өз ойларын айтады. Толықтай ашылған түрі диологтық сөйлеумен салыстырғанда, онтогенезде кеш дамыған, сондықтан да оның оқушыларда қалыптасуына арнайы міндеттерді қояды, яғни педагогқа оқытудың барлық жылдары бойына шешуіне тура келеді. Кей кездері еркін, қиындықсыз әңгімелесетін, бірақ жаңалықтар айту кезінде қиналатын болса, ( баяндамалар, сахнада сөйлеу т.б.) алдын-ала дайындалып жазылған мәтінге сүйенетін ересек адамдар да кездеседі. Аз деңгейде болса да, осындай монологтық сөйлеулердің оқушыларда қалыптасуына мектеп мұғалімдерінің жеткіліксіз көңіл аудару салдарынан да болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет