6 тақырып. Еңбек субъектісінің ішкі құрылымы
Өскелең ұрпақты еңбекке даярлаудағы әлеуметтік тапсырыс бұл мәселенің психологиялық аспектісін зерттеудің өзектілігін белгілеп отыр.
Кәсіби қалыптасу мәселесіне Д.Сьюпердің кәсіби даму стадиялық теориясы қызығушылық танытады. Д.Сьюпер бес стадияны қарастырды: пайда болу, зерттеу, консолидация, сақталу және құлдырау. Зерттеушілердің көпшілігі кәсіптік бағдарлау процесінде екі кезеңді белгілейді. Бірінші кезең тұлғаның мамандық әлеміне бағдарлануына ұмтылумен, олардың мазмұны туралы өзінде түсінікті қалыптастырумен сипатталады. Ал екінші кезең тұланың кәсіптік әрекетті меңгеруге ұмтылумен, нақты бір кәсіптік топтың құрамына енумен сипатталады. Бірінші кезеңде тұлға өзінің ақпаратталған деңгейіне қанағаттанады, ал екіншісінде - өзінің мамандыққа жақындасуына неиесе жұмысқа қабылдауына қанағаттанады.
Дж. Холланд 6 кәсіптік топтарды немесе әрекет титерін анықтады: моторлы (жүргізушілер, машинисттер), интеллектуалды (зерттеушілер), ұстамдылар (мұғалімдер, дәрігерлер), келісуші (хатшылар, мекеме қызметкерлері), көндіруші (сауда қызметкерлері, бизнесмендер), эстетикалық (музыканттар, суретшілер). Оның ойынша, әрбір кәсіптік топ өзіндік мәселелерімен, орындайтын рольдерімен ерекшеленетін спецификалық образ.
Әлеуметтік зерттеулер бойынша жастардың мамандық таңдауының басты түрткілер: мамандыққа деген қызығушылық, өз білім деңгейінің көтерілу перспективасы, жаңадан бір нәрсені ойлап табуға деген құлшыныс.
А. Г Ковалевтің көрсетуінше жеткіншектердің мамандық таңдауы екі белгімен сипатталады 1. Таңдалатын мамандықтың эмоционалдық тардымдылығымен. 2. Жеткіншектердің қабілеттері мен икемділіктерінің сәйкес келуімен.
Мамандықтың беделділігі әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсері негізінде басты белгі ретінде қалыптасады. Мамандықтың беделділігіне әсер ететін жағдайлар мыналар болып табылады: еңбек механизациясының деңгейі, оның санитарлық-гигиеналық жағдайы, материалдық қамтамасыз етуі, интеллектуалдық мазмұны т.б.
Ю.К.Васильев еңбек тәрбиесі процесінде кезендік кәсіптік бағдарлауды ұсынды:
1. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын зерттеу.
2. Оқушылардың белгілі бір әрекет түріне бағдарлануы.
3. Кәсіптік қызығушылықтарды қалыптастыру.
4. Кәсіптік таңдау жасау.
А.Климов кәсіптік жарамдылықтың төрт деңгейін атап айтты:
1. Қандай да бір мамандыққа жарамсыздық. Кейде ол уақытша болуы мүмкін.
2. Мамандыққа жарамдылық.
3. Әрекеттің аймағына сәйкестілік.
4. Әрекеттің кәсіптік аймағына құлшыныстық – бұл адамның кәсіби жарамдылығының ең жоғарғы деңгейі.
Б.А.Федоришин кәсіптік бағдарланудағы адамның саналы мамандық таңдауының үш компонентін көрсетті: кәсіптік ақпарат, кәсіптік консультация және бастапқы кәсіпті таңдау. Кәсіптік ақпарат барлық мектептік кәсіби бағдарлау жұмысының орталық элементі болып табылады. Кәсіби ақпарат – бұл оқушыларда түрлі кәсіптік әрекеттер туралы жағымды көзқарасты қалыптастыру. Кәсіптік консультация – оқушыға мамандық таңдауға көмектесу.
Көптеген психологтар кәсіптік бағдарланудың төрт негізгі компонентін бөліп қарастырады: кәсіптік ақпарат, оқушылардың психофизиологиялық қасиеттеріне таалдау жэасау, кәсіптік бағдар және мамандық таңдау. Олар кәсіптік бағдарлануды принциптер, әдістер туралы арнайы ғылым ретінде анықтады. Кәсіптік бағдарлану – арнайы фазалары бар ұзақ процесс: дайындық, қалыптастырушы, бағыттаушы және бекітуші.
Мамандық таңдау мотивациясының теориялық және әдістемелік мәселелерін В.В.Ярошенко қарастырды. Мамандық таңдаудың мотивациясы-өзара әрекеттесетін күрделі түрткілер комплексі. Мұнда мамандық таңдайтын оқушының ролі шешуші болып табылады. Өз күші мен қабілеттерін көрсетуге тырысу, өзінің кәсіби жарамдылығын бағалау мамандық таңдаудағы жетекші түрткілердің біріне айналды. Автор саналы таңдаудың негізін құратын мамандық таңдау түрткісінің үш негізгі комплексін көрсетті: қызығушылық, міндет, кәсіптік жарамдылық. Ол мамандық таңдау түртілерінің жіктелуін, түрткілердің өзара байланысын, оқушылардың мамандық таңдауына әсер ететін факторларды, оқу-тәрбие процесінде оларда мамандық таңдау түрткілерін қалыптастыру жолдарын қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |