Дәрістер
1 тақырып. Еңбек психологиясының әдіснамалық және теориялық негізі
Психология адамның өзі түсінетін не түсінбейтін субъективтік құбылыстарының, процестерінің және күйлерінің, сонымен қатар оның мінез-құлқының ішкі мазмұнын, қарастырады; ол психиканың объективті заңдылықтары мен көріністерін зерттейді.
Психология – психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтары туралы ғылым.
Еңбек психологиясы — адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін карастырады.
Психологиялық ғылымның бұл саласы еңбекті әрекеті деп қарастырып, еңбек атқаратын адамды еңбек субъектісі ретінде зерттейді. Психиканың еңбек кезінде көрінуі мен дамуын анықтап, еңбек процесі мен нәтижесінің сәйкестігін, адамның еңбек талаптарына жарамдылығын айқындайды. Оның сыртында, еңбек психологиясы кәсіптік бағдарлану, кәсіптік іріктеу, еңбек сақтау, кәсіптік оқыту, маманның дамуын жобалау, кәсіпке бейімделу, кәсіптік бақылаумен және т.б. мәселелермен айналысады.
Еңбек психологиясының зерттеу пәні құндылықтар жасау процесіне қатысушы адамның өзі болып табылады. Дегенмен, еңбек әрекетіндегі адам басқа да әлеуметтік, биологиялық ғылымдармен зерттелінеді: еңбек процесінің физиологиясы, еңбек гигиенасы, кәсіби сырқаттар терапия мен профилактикасы, экономика, еңбек құқығы, еңбек сақтау, этика, әлуметтану, еңбекке тәрбиелеу теориясы.
Еңбек психологиясы алдында тұратын негізгі міндеттеріне еңбек гуманизациясы мен еңбек тиімділіғін жоғарлату мәселелері жатады.
Еңбек гуманизациясы – қызметкерлердің жалығу, қажу, шаршауының, кәсіптік сырқаттардың алдын алу, өндірістік зақымдану мен тұлғаның кәсіби бұзылуын болдырмау, еңбек тиімділігін жоғарлату. Осы міндеттерді орындау үшін әртүрлі техникалық, технологиялық, санитарлық-гигиеналық шаралар қолданылады. Мысалы, қарапайым станоктар орнына жоғары технологиялық құрал-жабдықтарды пайдалану өндіріс тиымдылығын көтереді, ал жұмыс орындарының жағдайларын жақсарту жұмысшылар денсаулығын сақтайды. Психология еңбек гуманизациясы мәселесін арнайы әдістермен шешеді. Адам ресурстарын тиімді, толық қолдану, жұмыс кезінде адам күйін жоғары деңгейге жеткізу кәсіптік психологиялық іріктеу, кәсіптік дайындау мен оқытуды жақсарту, жұмысшының психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес әлеуметтік және физикалық жағдайларды өркендету сияқты практикалық шаралар арқылы жүзеге асады. Осы шаларадың барлығы еңбекті ғылыми ұйымдастыру құрылымына жатады.
Еңбек психологиясының алдында тұрған міндеттерін орындау үшін психологияның басқа салаларының нәтижелері пайдаланып, олардың әдістері алынады. Мысалы, әрекетті бағалау мен талдау әдістері, қабілеттерді диагностикалау және жобалау, ұжым ішіндегі әлеуметтік климатты, әлеуметтік құрылымын анықтау, адам күйін бағалау әдістері.
Іс жүзіндегі міндеттерді шешу үшін мынадай теориялық сұрақтар қарастырылуы керек:
Адам мен оның кәсібі арасындағы үйлестікті зерттеу, «еңбек субъектісі – кәсіптік орта» жүйесінің динамикалық заңдылықтарын анықтау;
Кәсіпке маңызды қасиеттер құрылымы мен динамикасын, адамның кәсіптік өркендеуін анықтау;
Оптимальды және төтенше жағдайда қажет болатын икемділік, қабілеттерді зерттеп, осы факторлер тұрақтылығы мен өзгеруін айқындау;
Еңбек мотивациясы мен тартылыстарды анықтау, еңбекке ынталандыру мәселелерін шешу жолдарын іздестіру;
Жұмыс атқаратын адам күйлерін бағалап, олардың қалыптасу мен өзгеру сұрақтарын шешу;
Тұлға қасиеттері мен психикалық ерекшелердің жұмыс қауыпсыздығына тигізетін әсерін талқылау.
Осы міндеттерің барлығы қазіргі кездегі еңбек психологиясының алдында тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |