Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
Басылым: екінші
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым
Моносахаридтердің 2-ші көміртегі атомымен байланысқан гидроксил тобы амин
тобымен (NН
2
) алмасқан туындысы аминді қанттар деп аталады.
Тірі организмдерде Д-
глюкозамин және Д-галактозамин ерекше орын алады.
Хондрозаминнің қалдығы шеміршек құрамында болатын полисахаридтердің
құрылуына қатысады. Нейрамин қышқылы аминді моносахаридтердің
арасында еркеше
орын алады және оның туындысы сиал қышқылы болып табылады. Бұл қышқыл жеке
күйінде бел-омыртқа жұлындарында кездеседі. Осы
айтылған қышқылдар қан мен
тканьдердегі арнайы компоненттердің құрамында кездеседі,
сонымен бірге мидың нерв
жүйлерін қоздыруға қатысады.
Олигосахаридтер (дисахаридтер)
Олигосахаридтер дисахаридтер, трисахаридтер, тетрасахаридтерге т.б. бөлінеді.
Дисахаридтер күрделі заттар, гидролизденгенде екі
моносахарид молекулаларына
ыдырайды. Моносахарид молекуласындағы жартылай ацеталь тобы екінші молекуладағы
жартылай ацеталь тобы немесе спирттік
гидроксил тобымен әрекеттесіп, дисахарид
молекуласын құрады. Егер дисахаридтегі жартылай ацеталь гидроксил тобы альдегид тобына
айналса, онда альдегидтерге
тән химиялық қасиеттер, яғни тотықсыздандырғыш қасиет
көрсетеді. Дисахаридтер де моносахаридтер сияқты жай және күрделі эфирлер түзеді.
D-Глюкозамин
D-Галактозамин