Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет213/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

РЕВМАТОИДТЫҚ АРТРИТ


Буын синдромы сүйек бұлшықет және дәнекер тіні жүйесі ауруларының негізгі көрінісі болып табылады.
клиникалық симптамокомплекс, буынның анатомиялық құрылымының әртүрлі этиология аурулар есебінен және тікелей жарақат әсерінен зақымдалуы.
Ревматоидтық артрит – көбінесе шеттік ( синовиялық ) буындардың симетриялық эрозиялық-деструциялық зақымдануына және буыннан тыс бұзылыстарға әкелетін дәнекер тіннің тоқтаусыз меңдейтін жүйелі ауруы.
Ревматоидтық артрит көптен белгілі ауру болғанымен оның клиникалық көрінісіне алғаш толық суреттеме берген Гарро ( 1863 ж ).
Ревматоидтық артриттің даму себептері белгісіз, дегенмен оның дамуында келесі факторлар әсер етеді:

  1. ген ерекшеліктері. Ревматоидық артритке шалдыққандардың қандас туыстарында осы дерт 4 есе жиі кездеседі.

  2. инфекциялық агенттер.

Потенциалды этиологиялық факторлар:

  • Эпштейн – Барр вирусы

  • Лимфотропты Т-кл вирусы

  • Адам парвовирусы В 19

Генетикалық бейімділік:

  • тұқым қуалаушылық

  • HLA I және Iiкл( DR3 DR4 DR1)антигендерімен тұрақты ассоциация

Ревматоидты артрит жіктелуі
Функционалды класстар

  • І кәсіби және кәсіби емес еңбекке жарамдылық және өзін өзі күту сақталған

  • ІІ кәсіби еңбекке жарамдылық және өзін өзі күту сақталған

  • ІІІ кәсіби және кәсіби емес еңбекке жарамдылық шектелген және өзін өзі күту сақталған

  • IV кәсіби және кәсіби емес еңбекке жарамдылық және өзін өзі күтуі шектелген

Клиникалық көрінісінен ревматоидтық артрит екіге бөлінеді. Біріншісі – буындық түрі, ревматоидтық артритпен ауырғандардың 80%-да кездеседі. Оның басты белгісі – буындардың қабынуы мен деформациясы. Екіншісі – буын – висцеральды түрі. Бұл түрінде буынмен бірге түрлі ағзалар зақымданады.
Буындық белгілер: буында ісіну, ауырсыну, деформациясы, буын шығуы және анкилоздар. Таңертеңгілік құрысулар бір сағаттан артық болуы.
буыннан тыс белгілер:

  • ревматоидты түйіндер,

  • жайылған амиотрофия, миопатия,

  • Анемия

  • терілік васкулит

  • нейропатия

  • плеврит перикардит

  • жайылған лимфоаденопатия, гепатоспленомегалия

  • Гломерулонефрит

  • құрғақ синдром

  • Рейно синдром

Көбінесе ревматоидтық артрит баяу басталады. Бірақ, кейде оның бастамасы биік қызбадан, буындардың бірден қатаң сіресуінен, ісініп ауырсуынан жіті басталады. Ревматоидтық артрит басталған кезінде ең алдымен өзінің " сүйікті " буындарын зақымдайды: алақан-саусақ, проксимальды флангааралық, кейіндеу – табан-бақай және тілерсек буындарын. Бұл ауруға буындардың симметриялы зақымдануы тән.
Жүре бара патологиялық процесс меңдеп, көптеген буындарға таралады. Бірақ ревматоидтық артрит тиіспейтін буындар да бар: омыртқа жотасының бел және кеуде бөлігінің, дистальды саусақаралық. Бұл ерекшелік ревматоидтық артритті өзге артриттерден айыруға көмектеседі.

Ревматодиты артритпен зақымдалған буын

Диагноз осы ауруға тән клиникалық, рентгендік және лабораториялық белгілерге негізделеді. Ең негізгі клиникалық белгілері: алақан саусақтық, проксимальды фалангааралық және табан бақайлық буындардың симетриялы қабынуы, буындардың таңертенгілік сіресуі, жаңа буындардың біртіндеп зақымдануы, теріастылық ревматоидтық түйіндер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет