Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет13/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ
Өкпе туберкулезі - бұл өзіне тән жұқпа түрімен қоздырылатын жұқпалы сырқат. Қазіргі кезде дүние жүзінде туберкулездің ашық түрімен сырқатталынған 15 млн адам бары анықталған. Жыл сайын 4 млн адам туберкулезбен ауырса, оның ішінде 0,5млн сырқат өлімге ұшырайды. Туберкулез ауруы ерте заманнан келе жатқан сырқаттардың біріне жатады. 1882 жылы Роберт Кох осы аурумен сырқатталынған науқастың қақырығынан туберкулез бацилласын тапқан. Сондықтан туберкулез таяқшасы -Кох бацилласы деп аталады. 5-6 айға дейін қақырықтағы таяқша өзінің күшін сақтайды және де қақырық кеуіп кеткен жағдайда ол өз күшін жоймайды. Туберкулез жұқпасы көбінесе қақырықтан, іріңнен, үлкен дәреттен ауа арқылы жұғуы мүмкін. Кейбір жағдайларда туберкулез адамдарға малдардан да жұғады(сүт, қаймақ, ірімшік).
Жіктелуі: Мүшелердің зақымдануына байланысты:

  • тыныс алу мүшелерінің туберкулезі

  • басқа мүшелердің туберкулезі

Дамуына байланысты:

  • алғашқы түрі(ағзаға жұқпа түсе салып дамиды)

  • қайталану түрі(бұрынғы ошақтың қозуынан)

1996 жылдан бастап келесі жіктелу кестесі қолданылады:
А. Негізгі клиникалық түрлері:
1топ. Балалармен жас өспірімдердің туберкулезбен улануы


11 топ. Тыныс алу ағзаларының туберкулезі: бірінші туберкулездік жиынтығы, кеудедегі лимфа түйіндерінің туберкулезі, ошақты өкпе туберкулезі, фиброзды-кавернозды өкпе туберкулезі, циррозды өкпе туберкулезі, туберкулезді плеврит, өкпенің инфильтративтік туберкулезі, өкпе туберкуломасы.


111топ. Басқа ағзалардың туберкулезі: ми қабының туберкулезі, ішектің, іш пердесінің туберкулезі, жыныс, зәр шығару ағзаларының туберкулезі, шеткі лимфа бездерінің туберкулезі, көздің туберкулезі, сүйек туберкулезі.


Б. Аурудың дамуына байланыст:

В.Аурудың асқынулары:
-өкпеден қан кету, кеуде қуысына ауа жиналу, өкпе-жүрек жеткіліксіздігі,өкпе ателектазы,бүйрек жеткіліксіздігі.
Г. Аурудың аяқталуы(толық жазылу, фиброздық өзгерістер, пневмосклероз)
Патогенезі: Кейде таяқша ағзаға түссе де адам ауырмауы мүмкін. Бұл ағзаның қорғаныс күшіне байланысты. Туберкулезбен зақымдану 2 жолмен өтеді: алғашқы зақымдану, қайталанып зақымдану. Алғашқы зақымдану көбінесе жас өспірімдерде кездеседі. Ағзаға енген жұқпа өкпені қабындырады, бірақ қабыну ошағы алғашқыда біліне қоймайды. Ал қайталанып зақымдалуды ағзаның күші әлсіреген кезде пайда болады. Қайталанып зақымдану(реинфекция) бұрынғы қабынған ошақты қайтадан қоздырады. Соның салдарынан эксудативтік туберкулез дамиды.
Аурудың өту ағымында 2 кезең байқалады. Қозу, ыдырау кезеңі және тыртықтану, сіңірілу кезеңі. Қозу, ыдырау кезеңінде қақырықта туберкулез таяқшасының анықталуы (ВК+) және анықталмауы (ВК-) мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет