Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Бронхтардың обструкция синдромы



бет54/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Бронхтардың обструкция синдромы Обструкция синдромы деп бронхоспазм нәтижесінде бронхтардың өткізгіштігінің бұзылуынан пайда болған организмнің патологиялық жағдайын атайды. Бұл синдромның клини-калық белгілерінің негізінде бронхтардың өткізгіштігінің бұзылуы, соның нәтижесінде нашарлаған әр келкі (көбінесе ауа шығару жылдамдықтың шек-телуіне байланысты) вентиляция және өкпенің қалдықты көлемінің ұлғаюы жатады. Нақты бронхообструкция синдромына ұсақ бронхтардың өткізгіш-тігінің өзгеруі жатады. Бұндай жағдай бронхтардың шырыш қабатының қабынуы мен ісінуінен (созылмалы бронхит, аллергиялық компонент) дағды-да шырыш қабатының ісінуімен бірге жүретін бронхоспазмнан(өкпе демікпе-сі), көбінесе бронхтарды сырттан қысып тарылтатын диффузды перибронхи-алды фиброздан пайда болады. Созылмалы обструктивті аурулардың негізгі клиникалық белгілері болып келесі симптомдар есептелінеді: 1) қою және тұтқыр қақырығы бар жөтел; 2) қатты ентігу; 3) «өкпелік жүрек» синдромы-ның дамуы; 4) ең ақырында тыныс алу және жүрек жетіспеушілігінің дамуы. Бұл аурудың ең жиі кездесетін этиологиялық факторы — ол темекі тарту. Созылмалы обструктивті бронхитпен ауырған науқастарда цианоз бен жүрек қызметінің жетіспеушілігі жиі анықталады. Обструктивтік синдромның осындай варианты кезінде терминалды бронхиолалардың шырыш қабатының қабынып, ісінуінің нөтижесінде пайда болған альвеолалар гипожелдеткіші, отгетінің парциалды қысымының төмендеуі, көмір қышқылының парциалды қысымының жоғарылауы — гипоксемия мен гиперкапния, кейін альвеолар-лық капиллярлардың тарылуы және кіші қан айналым шеңберіндегі гипертензия пайда болады. Бұдан әрі өкпелік жүрек пайда болады, оның қалпына келе алмайтын перифериялық ісінуге әкеліп соғады.
Өкпенің созылмалы обструктивті синдромының келесі бір себебі - ол обструктивтік эмфизема, бұл кезде көгеру айқын анықталмайды. Бұл ауруда да бронхиалды обструкция байқалады, бірақ та негізінен альвеолалардың созылымды қасиеттері жойылғандықтан, бронхиолалардьң қабырғалары бір-біріне жақындайды, ол әсіресе дем шығарған кезінде жақсы анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет