О
ҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
«Гигиена-2» кафедрасы
ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
Пәні –«Жалпы гигиена»
Пән коды - ZhG 3211
Мамандық - 5В110400- «Медициналық профилактикалық іс»
Оқу сағатының көлемі (кредит) - 225 сағат/5 кредит
Курсы және оқу семестрі: 3 курс, V, VІ - семестр
Құрастырған: оқытушылар
Төлеуова А.Е., Бекжан Е.У.
2013 жыл
Дәрістік әдістемелік нұсқау гигиена – 2 кафедрасы мәжілісінде талқыланды.
Хаттама № «_____» ____________ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі м.ғ.к. ________________ Ескерова С.Ө.
5 семестр
№1
І.Тақырыбы: Гигиена негізгі алдын алу пәні. Мақсаты, міндеті және зерттеу нысандары.
II.Мақсаты: Студенттерді гигиенаның мақсаты, міндеттерімен таныстыру.
III.Дәріс тезистері: Гигиена термині ежелгі гректің hygienos-денсаулықты алып келетін деген сөзінен шыққан. Ежелгі грек мифологиясы бойынша емшілік құдайы Асклепийдің (Эскулап) қызы Гигейя аурудың алдын алу шараларын жүргізуге көмектескен. Ежелгі гректер оны денсаулық падишасы деп есептеп, медицинада аурудың алдын алуға бағытталған ғылым-гигиенада дамыған.
Медицина гигиеналық бағыттың кең дамуы Кеңес өкіметі тұсында жанданды.
Ресейдің алғашқы гигиенистері А.П. Доброславин мен Ф.Ф. Эрисман негізінен жалпы гигиена сұрақтары бойынша айналысса, ал Ф.Ф. Эрисманның шәкірті Г.В. Хлопин-Ресейде коммуналдық гигиенаның негізін салушылардың бірі. Ол су гигиенасы, су көздерін қорғау, тұрғын үй гигиенасына санитарлық – гигиеналық зерттеулер жүргізумен қатар “Гигиена және санитария” журналының редакторы, көптеген оқулықтардың авторы атанды.
1922жылы Одақтық Үкіметтің қаулысымен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және мемлекеттік бақылау ұйымдастырылды. 1933жылы КСРО-ның барлық Республикасында Мемлекеттік санитарлық инспекция құрылды.
Медицина ғылымының басты мақсаты-адамдар денінің саулығы, ал оны қалыптастыру екі жолмен іске асырылады.
-
Профилактикалық (аурудың алдын алу)
-
Қайта қалпына келтіру (ауруды емдеу)
“Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде”-дейді халқымыз. Профилактикалық бағыттың тиімді екендігін ескерсек, гигиенаның жалпы медицинада алатын орнының қаншалықты зор екендігін көруге болады.
Гигиенаға ғылым ретінде берілген анықтама өте көп. XX ғасырдың басында өмір сүрген ұлы гигиенист Ф.Ф. Эрисман “Гигиена-эксперимент және статистика арқылы қоғам денсаулығын жақсартуға бағытталған ғылым” деп жазса, В.В. Дальдың 1898 жылғы түсіндірмелі сөздігінде “гигиена-денсаулықты нығайтуға, әртүрлі зиянды факторлардан сақтауға бағытталған білім деген анықтама берілген.”
Қазіргі кездегі түсінік бойынша “Гигиена-қоршаған орта факторларының адам ағзасына әсер ету заңдылықтарын ескере отырып, гигиеналық нормативтерді, санитарлық ережелер мен іс-шараларды тұжырымдайтын ғылым.”
Гигиенаның негізгі міндеттері:
-
Табиғи және антропогендік факторларды зерттеу.
-
Табиғи және антропогендік факторлардың адам ағзасына әсер ету
заңдылықтарын зерттеу.
-
Денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған, ғылыми тұрғыда
негізделген гигиеналық нормативтерді, ережелер мен іс-шараларды тұжырымдау.
-
Гигиеналық нормативтерді, ережелер мен іс-шараларды денсаулық
сақтау саласына енгізіп, оның эффективтілігін бағалау.
-
Санитарлық жағдайларды алдын-ала болжау.
Химиялық заттарды нормалаудың принципі ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтау, яғни ол зат адамның жалпы өмір сүру барысында оның денсаулығына тікелей немесе жанама әсер етпеуі тиіс. ШРЕК-тің сақталуы адам денсаулығының толық қауіпсіздік кепілі болуы тиіс.
Физикалық факторлар үшін шектеулі рұқсат етілген деңгей белгіленеді (ШРЕД). Мысалы, шудың, дірілдің, күн радиациясының деңгейі.
Гигиеналық нормативтік құжаттарға санитарлық ережелер мен нормалар (Сан Пин), құрылыстық епежелер мен нормалар (СНиП), мемлекеттік жалпы кеңестік стандарттар (ГОСТ) жатады.
Егер гигиена ғылымы әр түрлі нормативтер мен ережелерді тұжырымдаса, оның тәжірибеге енгізілуі санитария жүктелген. (Санитария латынның Sanitas-денсаулық деген сөзінен шыққан.) Ұлы гигиенист Г.В. Хлопин: “Егер гигиена денсаулықты сақтауға және жақсартуға бағытталған ғылым болса, ал санитария оны тәжірибеге енгізетін ғылым” деп жазды. Жалпы санитария-санитарлық эпидемиологиялық қызмет жүзеге асыратын, гигиеналық нормалардың, ережелердің, іс-шаралардың сақталуын бақылайтын жүйе.
ІV.Иллюстрациялы материалдар: слайдтар.
V.Әдебиет:
Қазақ тілінде:
Негізгі:
1. Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М., Жоламанов М.Е., Алимова Н.Е. Тамақтану гигиенасы. Алматы, 2007., 144 б.
2. Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Алматы, 1997. – 29 б.
3. Неменко Б.А. Коммуналдық гигиена. Алматы. 2004. – 277 б.
4. Гигиена: Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық / У.И.Кенесариев және т.б. – Алматы: 2010ж. – 656 б.
5. Торгаутов, Б.К. Жалпы гигиена: оқулық. –Шымкент: «Нұрдана –LTD», 2011. -432 бет.
6. Бектұрғанов Р.С. Жалпы гигиена пәнінен тәжірибелік сабақтарға арналған нұсқаулық. - Шымкент, 2010.
Қосымша:
1. Габелев А. Неке гигиенасы: монография. –Алматы, 1992.
2. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков : Учебник-М.: Медицина, 2001-384с.
3. Беляков В.Д. Жук Е.Г: Военная гигиена и эпидемиология -М. Медицина, 1988.
4.Трушкина Л.Ю Гигиена и экология человека: учебное пособие.4- е изд М: Проспект,2006
5.Крымская И.Г.Гигиена и основы экологии человека : учебное пособие Ростов на Дону
6.Шарманов Т.Ш.Йодный дефицит в Казахстане: состояние проблемы и пути решение : Астана, 2008
7.Барановский А.Ю.Болезни нарушение питания. Лечение и профилактика: Наука и техника , 2007
Орыс тілінде:
Негізгі:
1. Гигиена / Под ред.акад.РАМН Г.И.Румянцева. – М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 2000-608с.
2. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., и др. Гигиена и основы экологии человекав., 4-е исп. и доп.- Ростов- на Дону «Феникс», 2008-415с.
3. Гончарук Е.И. и др. Общая гигина: пропедевтика гигиены. – 2-е изд., перераб. И доп.- К.: Вища шк., 1999-652с.
Қосымша:
1.Голубев В.В.и др. Практикум по основам педиатрии и гигиены детей дошкольного возраста.- М.: Издательский центр «Академия».2000.-200с.
2.Коммунальная гигиена/ Под.ред. К.И.Акулова, К.А.Буштуевой.-М.: Медицина,2001-607с.
3.Королев А.А. Гигиена питания.- М-.: Издательский Центр «Академия».2006-528с.
4.Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков: Учебник.-М.: Медицина.2001.-384с.
5.Неменко Б.А., Кенесариев У.И. Коммунальная гигиена- Алматы: НИЦ «Гылым», 2003.-464с.
6.Беляков В.Д., Жук Е.Г. Военная гигиена и эпидемиология.- М.: Медицина, 1988.
7.Рубина Е.А. Санитария и гигиена питания: Учебное пособие для студентов ВУЗов-М.:Издательский Центр «Академия»,2005.-288с.
Электронды ресурстар:
1. Бейсембаева З.И. Аурухана, стоматологиялық емхана және дәріхана мекемелерінің гигиенасы: оқу құралы. –Шымкент, 2010.
2. Жалпы гигиена Торғаутов Б.К – Шымкент :2009
3. Гигиена учебник для вузов /под. ред Г.И.Румянцева – 2-е изд М:2009
4. Мазаев В.Т.Коммунальная гигиена 1-2 часть: учебник ГЭОТАР – Медиа, 2009
5. Справочник диетолога ,,Равновесие,,2006
6. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков : учебник ГЭОТАР – Медиа, 2010
7 . Гигиена труда Н.Ф.Измерова ГЭОТАР – Медиа 2008
VІ. Қорытынды сұрақтар:
-
Гигиена пәні нені оқытады?
-
Гигиенаның мақсатын атаңыз?
-
Гигиенаның міндеттерін атаңыз?
№2
І.Тақырып: Гигиенаның әдістері. Гигиенаның даму тарихы.
ІІ.Мақсаты: студенттерді гигиенаның даму тарихы мен негізгі зерттеу әдістерімен таныстыру.
ІІІ.Дәріс тезисі: медицина және денсаулық сақтау ісінде болжаудың басты мақсаты-тұрғындар денсаулығын қорғау және жақсарту.
Болжамдау түсінігін анықтаудың бірнеше нұсқалары бар. И.М. Макаров (1980). “Болжам (прогноз) жасау-нысандардың болашақта мүмкін болатын жағдайлары немесе осы жағдайларға жетудің мерзімдері және соның ұқсас жолдары туралы ғылыми негізделген тұжырым” деген анықтама берсе, 1972 жылы академик Г.М. Сидореико гигиеналық болжам теориясын ұсынды, оның мәні нысандардың болашақтағы қасиеттері мен күйлерін анықтау.
Қойылған міндеттерге байланысты болжамдауды 4түрге бөлуге болады.
-
ағымдағы
-
қысқа мерзімді (1жылдық)
-
орташа мерзімді (3-5жыл)
-
ұзақ мерзімді (10жыл және одан да көп).
Қоршаған ортаның адам ағзасына тигізетін әсерін толық бағалау үшін физикалық, химиялық, биологиялық және әлеуметтік факторларды ғана емес, олардың бірлескен әсерін де ескеру қажет.
Гигиенаның зерттеу нысандары. Гигиенаның зерттеу нысандарына қоршаған орта мен адам денсаулығы жатады. Қоршаған орта дегеніміз табиғат қана емес, адамның бүкіл өмір сүру ортасы, яғни еңбек пен демалыс, өндіріс күштері мен қатынастары және осы процеске байланысты әртүрлі факторлар жатады. Қоршаған ортадан тыс өмір сүру мүмкін емес.
Химиялық факторларға ауаның, судың, топырақтың, азық-түліктің химиялық құрамы жатады. Олардың шамадан тыс аз немесе көп болуы ағзада патологиялық процестің дамуына әкеліп соқтырады.
Биологиялық факторларға адамды қоршаған барлық тірі ағзалар жатады. Мысалы, өсімдіктер, жануарлар дүниесі, бактериялар, вирустар, гельминттер т.б.
Психогендік факторларға баспа арқылы шыққан мақалалар, айтылған сөз, жазылған хат, отбасындағы, ұжымдағы қарым-қатынас т.б. жатады. Олар адам эмоциясына әртүрлі дәрежеде әсер етіп, кейде ауруға шалдықтыруы мүмкін.
Гигиенаның зерттеу әдістері. Гигиена ғылымы химия, физика, биология, физиология, клиникалық медицина, медициналық статистика және басқа да ғылымдармен тығыз байланысты.
Химиялық әдіс арқылы температура, ылғалдылық, ауа қозғалысы, шу, діріл деңгейі анықталады.
Бактериологиялық әдіс ауаның, судың, топырақтың, азық түліктің т.б. нысандарда ауру қоздырғыш микроағзаларды анықтауға мүмкіндік береді.
Жануарларға жүргізілетін экспериментті-токсикологиялық әдіс арқылы ауадағы, судағы және азық түліктегі т.б. нысандардағы улы заттардың ШРЕК белгіленеді.
Клиникалық әдіс арқылы қоршаған орта факторларының адам ағзасында қандай өзгерістер тудыратындығы анықталады.
Статистикалық әдіс қоршаған орта жағдайының тұрғындардың денсаулығына, аурушаңдығы мен мүгедектігіне, физикалық дамуына, туу және өлім көрсеткіштеріне, табиғи өсім деңгейіне т.б. әсерін анықтауға мүмкіндік береді.
Гигиеналық зерттеулердің ішіндегі аса маңыздысы –санитарлық бақылау. Ол негізінен атмосфералық ауаның, судың, топырақтың, елді мекен аймағының ластануын болдырмауға, сондай-ақ тұрмыс, еңбек, тәрбие, оқу, тұрғындардың дем алу жағдайын сауықтыру, аурушаңдығын болдырмау немесе азайту әрекеттеріне бағытталған санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемияға қарсы шаралардың орындалуын қадағалайды.
ІV.Иллюстрациялы материалдар: слайдтар.
V.Әдебиет:
Қазақ тілінде:
Негізгі:
1. Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М., Жоламанов М.Е., Алимова Н.Е. Тамақтану гигиенасы. Алматы, 2007., 144 б.
2. Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Алматы, 1997. – 29 б.
3. Неменко Б.А. Коммуналдық гигиена. Алматы. 2004. – 277 б.
4. Гигиена: Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық / У.И.Кенесариев және т.б. – Алматы: 2010ж. – 656 б.
5. Торгаутов, Б.К. Жалпы гигиена: оқулық. –Шымкент: «Нұрдана –LTD», 2011. -432 бет.
6. Бектұрғанов Р.С. Жалпы гигиена пәнінен тәжірибелік сабақтарға арналған нұсқаулық. - Шымкент, 2010.
Қосымша:
1. Габелев А. Неке гигиенасы: монография. –Алматы, 1992.
2. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков : Учебник-М.: Медицина, 2001-384с.
3. Беляков В.Д. Жук Е.Г: Военная гигиена и эпидемиология -М. Медицина, 1988.
4.Трушкина Л.Ю Гигиена и экология человека: учебное пособие.4- е изд М: Проспект,2006
5.Крымская И.Г.Гигиена и основы экологии человека : учебное пособие Ростов на Дону
6.Шарманов Т.Ш.Йодный дефицит в Казахстане: состояние проблемы и пути решение : Астана, 2008
7.Барановский А.Ю.Болезни нарушение питания. Лечение и профилактика: Наука и техника , 2007
Орыс тілінде:
Негізгі:
1. Гигиена / Под ред.акад.РАМН Г.И.Румянцева. – М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 2000-608с.
2. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., и др. Гигиена и основы экологии человекав., 4-е исп. и доп.- Ростов- на Дону «Феникс», 2008-415с.
3. Гончарук Е.И. и др. Общая гигина: пропедевтика гигиены. – 2-е изд., перераб. И доп.- К.: Вища шк., 1999-652с.
Қосымша:
1.Голубев В.В.и др. Практикум по основам педиатрии и гигиены детей дошкольного возраста.- М.: Издательский центр «Академия».2000.-200с.
2.Коммунальная гигиена/ Под.ред. К.И.Акулова, К.А.Буштуевой.-М.: Медицина,2001-607с.
3.Королев А.А. Гигиена питания.- М-.: Издательский Центр «Академия».2006-528с.
4.Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков: Учебник.-М.: Медицина.2001.-384с.
5.Неменко Б.А., Кенесариев У.И. Коммунальная гигиена- Алматы: НИЦ «Гылым», 2003.-464с.
6.Беляков В.Д., Жук Е.Г. Военная гигиена и эпидемиология.- М.: Медицина, 1988.
7.Рубина Е.А. Санитария и гигиена питания: Учебное пособие для студентов ВУЗов-М.:Издательский Центр «Академия»,2005.-288с.
Электронды ресурстар:
1. Бейсембаева З.И. Аурухана, стоматологиялық емхана және дәріхана мекемелерінің гигиенасы: оқу құралы. –Шымкент, 2010.
2. Жалпы гигиена Торғаутов Б.К – Шымкент :2009
3. Гигиена учебник для вузов /под. ред Г.И.Румянцева – 2-е изд М:2009
4. Мазаев В.Т.Коммунальная гигиена 1-2 часть: учебник ГЭОТАР – Медиа, 2009
5. Справочник диетолога ,,Равновесие,,2006
6. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков : учебник ГЭОТАР – Медиа, 2010
7 . Гигиена труда Н.Ф.Измерова ГЭОТАР – Медиа 2008
VІ. Қорытынды сұрақтары:
-
Гигиенаның негізгі зерттеу әдістерін атаңыз.
-
Гигиенаның қандай бөлімдерін білесіз?
-
Гигиена ғылымы қалай дамыды?
№3
І.Тақырыбы: Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің құрылымы. Ескертпелі және ағымды санитарлық бақылау.
ІІ.Мақсаты: суденттерді санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің құрылымы, бөлімдері және санитарлық бақылаумен таныстыру.
ІІІ.Дәріс тезисі:
Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің негізгі іс-әрекеті 1997жылы 19мамырда қабылданған “Қазақстан Республикасы тұрғындарының денсаулығын сақтау туралы” ҚР Заңы және 2002жылы 6-желтоқсанда қабылданған “Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы” ҚР Заңы бойынша жүргізіледі.
Гигиена басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Қоршаған орта факторла- рын және олардың адам агзасына әсерін зерттеу мақсатында ол іргелік медицина пәндерінің-анатомияның, гистологияның, қалыпты және патологиялық физиологияның, патологиялық анатомияның, биохимияның, биологияның, микробиологияның, эпидемиологияның және климатология, метеорологня, агрохимия, топырақтану, агрономия, математика, сияқты т.б. медициналық емес ғылымдардың мәліметтерін және зерттеу әдістерін қолданады.
Барлық клиникалық пәндермен өзара байланыссыз гигиенаның болуы мүмкін емес, себебі, денсаулық жағдайын бағалау үшін өзінің зерттеулерінде гигиена, клиникалық зерттеу әдістерін және қоршаған орта факторларының әсерінен пайда болатын патологиялардың клиникалық көріністері мен ағымының сипаты туралы мәліметтерді кеңінен қолданады. Сонымен қатар, қоршаган орта факторларының гигиеналық сипаттамасы, гигиена дайындаған нормативтер, ұсыныстар, ережелср емдеу медицинасының барлық емдеу-алдын алу іс-әрекеттері тұрғызылатын негіз болып табылады.
Қазіргі кезде гигиена көп салалы пән, оның құрамына коммуналдық гигиена тамақтану гигиенасы, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер, емдеу-алдын алу мекемелерінің гигиенасы, әлеуметтік гигиена, радиациялық гигиена, әскери гигиена және басқалар кіреді. Бұл бөлімдердің өрбірсуі гигиена ғылымы мен практикасының өз алдына жеке салаларын қамтиды. Болашақ дәрігер-гигиена мамандары үшін пропедевтикалық гигиеналық пән және болашақ емдеуші дәрігерді гигиеналық біліммен қаруландыратын пән болып табылатын жалпы гигиена олардың ішінде айрықша орын алады.
IV.Иллюстрациялы материалдар: слайдтар.
V.Әдебиет:
Қазақ тілінде:
Негізгі:
1. Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М., Жоламанов М.Е., Алимова Н.Е. Тамақтану гигиенасы. Алматы, 2007., 144 б.
2. Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Алматы, 1997. – 29 б.
3. Неменко Б.А. Коммуналдық гигиена. Алматы. 2004. – 277 б.
4. Гигиена: Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық / У.И.Кенесариев және т.б. – Алматы: 2010ж. – 656 б.
5. Торгаутов, Б.К. Жалпы гигиена: оқулық. –Шымкент: «Нұрдана –LTD», 2011. -432 бет.
6. Бектұрғанов Р.С. Жалпы гигиена пәнінен тәжірибелік сабақтарға арналған нұсқаулық. - Шымкент, 2010.
Қосымша:
1. Габелев А. Неке гигиенасы: монография. –Алматы, 1992.
2. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков : Учебник-М.: Медицина, 2001-384с.
3. Беляков В.Д. Жук Е.Г: Военная гигиена и эпидемиология -М. Медицина, 1988.
4.Трушкина Л.Ю Гигиена и экология человека: учебное пособие.4- е изд М: Проспект,2006
5.Крымская И.Г.Гигиена и основы экологии человека : учебное пособие Ростов на Дону
6.Шарманов Т.Ш.Йодный дефицит в Казахстане: состояние проблемы и пути решение : Астана, 2008
7.Барановский А.Ю.Болезни нарушение питания. Лечение и профилактика: Наука и техника , 2007
Орыс тілінде:
Негізгі:
1. Гигиена / Под ред.акад.РАМН Г.И.Румянцева. – М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 2000-608с.
2. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., и др. Гигиена и основы экологии человекав., 4-е исп. и доп.- Ростов- на Дону «Феникс», 2008-415с.
3. Гончарук Е.И. и др. Общая гигина: пропедевтика гигиены. – 2-е изд., перераб. И доп.- К.: Вища шк., 1999-652с.
Қосымша:
1.Голубев В.В.и др. Практикум по основам педиатрии и гигиены детей дошкольного возраста.- М.: Издательский центр «Академия».2000.-200с.
2.Коммунальная гигиена/ Под.ред. К.И.Акулова, К.А.Буштуевой.-М.: Медицина,2001-607с.
3.Королев А.А. Гигиена питания.- М-.: Издательский Центр «Академия».2006-528с.
4.Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков: Учебник.-М.: Медицина.2001.-384с.
5.Неменко Б.А., Кенесариев У.И. Коммунальная гигиена- Алматы: НИЦ «Гылым», 2003.-464с.
6.Беляков В.Д., Жук Е.Г. Военная гигиена и эпидемиология.- М.: Медицина, 1988.
7.Рубина Е.А. Санитария и гигиена питания: Учебное пособие для студентов ВУЗов-М.:Издательский Центр «Академия»,2005.-288с.
Электронды ресурстар:
1. Бейсембаева З.И. Аурухана, стоматологиялық емхана және дәріхана мекемелерінің гигиенасы: оқу құралы. –Шымкент, 2010.
2. Жалпы гигиена Торғаутов Б.К – Шымкент :2009
3. Гигиена учебник для вузов /под. ред Г.И.Румянцева – 2-е изд М:2009
4. Мазаев В.Т.Коммунальная гигиена 1-2 часть: учебник ГЭОТАР – Медиа, 2009
5. Справочник диетолога ,,Равновесие,,2006
6. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков : учебник ГЭОТАР – Медиа, 2010
7 . Гигиена труда Н.Ф.Измерова ГЭОТАР – Медиа 2008
VI.Қорытынды сұрақтар:
1. «Санитарлық қадағалау» түсінігінің анықтамасын беріңіз.
2. Ескертпелі санитарлық қадағалаудыжүргізудің мақсатын айтыңыз.
3. Ескертпелі санитарлық қадағалауды жүргізу кезеңдерін атаңыз.
4.Ағымды санитарлық қадағалаудың гигиеналық маңызы қандай?
5.ҚР санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің функциясын айтып беріңіз.
№4
І.Тақырыбы: Гигиеналық нормалаудың ғылыми негіздері. Нормалау қағидалары.
ІІ.Мақсаты: студенттерді гигиеналық нормалаудың зерттеу әдістері және нормалау қағидаларымен таныстыру.
ІІІ. Дәріс тезисі: Қоршагаи орта факторларын зерттеу деп олардың табиғатын, жаратылысын, қасиеттерін, әсер ету деңгейлерін, қоршаған ортадағы қүбылыстарын жэне басқаларын сипаттау түсініледі. Мысалы, жаңадан синтезделген химиялық қосылысты өндіріске енгізу ұсынылады. Бул кезде гигиена маманының міндеті - заттың химиялық құрылысы мен қүрылымын, оның физико-химиялык қасиеттерін, реакцияласу қабілетін, тез ыдырау қабілетін, қоршаған ортада көшу жолдарын, олардың көзі болатын технологиялық тізбектегі буындарын анықтау, өндірісте қолданылып жүрген аналогтарының болуы, олардың қасиеттері мен нормативтері туралы ақпараттар іздестіру, т.б. болып табылады. Сөйтіп, адамға әсер етуі сипатын шамалауға мүмкіншілік беретін қосылыстың толық сандық жэне сапалық сипаттамасы беріледі.
Заттың өзі туралы барлық қажетті мәліметтерді алғаннан кейін, оның адам агзасына және қоршаган ортага әсері зерттеледі. Заттың адам ағзасына түсу жолдары, зат алмасуында айналымға түсуі, агзада жэне жеке мүшелерде жиналу мүмкіншілігі, улылық және қауіптілік дәрежесі, улылық әсерінің механизмі жэне басқалар анықталады, ол үшін, эдетте, жануарларға гигиеналық эксперимент қойылады. Алынған мәліметтер берілген заттың қауіпсіз әсері деңгейін (гигиенальқ нормативін) дайындау үшін ғылыми негіз ретінде қолданылады. Мүнымен қатар, қоршаған орта ластануының алдын алуга немесе ластану деңгейін темендетуге мүмкіндік беретін шаралар жазылган ұсыныстар, ережелер, нүсқаулар, т.б. дайындалады.
Факторларды гигиенальқ нормалау алдын алу шаралары негізделетін негіз-гі буыны (звеносы) болып табылады. Гигиеналық нормалау деп адамға бүкіл өмірі бойына немесе букіл еңбек іс-әрекеті бойына күнделікті эсер еткен кезде, денсаулығына жэне оньщ үрпағының денсаулығына тікелей немесе басқа орта арқылы эсер етпейтін, табиғаты эр түрлі факторлардың концентрацияларын, дозаларын және деңгейлерін анықтау тусініледі. Гигиеналық нормативтер ретінде химиялық факторлар үшін ШРЕК (шектік рүқсат етілген концентрация) және ӘШАҚД (эсерінің шамамен алынған қауіпсіз деңгейі), физикалық факторлар үшін ШРЕД (шектік рүқсат етілген деңгей), биологиялық факторлар үшін ШРЕК қолданылады.
Келесі міндеті - дайындалған нормативтерді, үсыныстарды, ережелерді іс жүзіне (практикаға) енгізу жэне олардың тиімділігін бағалау. Тиімділігі технологиялық үрдісінде біз келтірген мысалдағы жаңадан синтезделген затты қолданатын нысанды санитарлық тексеру, жүмыс зонасы ауасындағы және басқа да ортадағы ол заттың концентрациясын анықтау, жүмысшылардың денсаулығын және жүмысқа қабілеттілігін зерттеу арқылы бағаланады. Медициналъщ-әлеуметтік тиімділігі аурушаңдықтың азаюымен, жұмысқа қабілетінің жогарылауымен көрсетіледі. Сондай-ақ, экономикалық тиімділігі де анықталады, яғни дайындалган нормативтер мен шараларды іс жүзіне енгізу нәтижесінде жүмысқа жарамсыздық қағазы бойынша тәлем ақының төмендеуі, еңбек өнімділігінің артуы есебінен, т.б. алынған кіріс анықталады. Егер нысанның санитарлық жағдайында теріс динамика байқалса, кэсіби ауру-сырқау кебейгені белгілі болса, жүмысшылардың жұмыс қабілеті төмен болса, дайындалған нормативтер мен шаралар түзетулерді қажет етеді.
Математикалық модельдер көмегімен іске асырылатын жақын жэне алыс болашақтағы санитарлыц жагдайды болжау, қажетті алдын алу шараларын ез уақытында жоспарлауға және жүргізуге мүмкіндік береді.
Гигиенаның зерттейтін тақырыбы (нысаны) іс жүзінде дені сау адамдар, олардың жеке басының, ұжымының, қогамы денсаулықтары, сондай-ақ белгілі бір әлеуметтік жагдашарда адам ағзасына эсер ететін цоршаган 6 ортаның физикалық, химиялық, биологиялық және психогендік (ақпараттық) факторлары.
Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық факторлары табиги және аитропогенді (әлеуметтік) болуы мүмкін. Мысалы, табиги химиялык факторларға атмосфералық ауаның, судың, топырақтың, тагамның және басқалардың табиғи химиялық құрамына кіретін заттар жатады, ал антропогенді факторларға ортаның осы нысандарына адамның әр түрлі іс-әрекеттері нәтижесінде түсетін химиялық ластаушы заттар жатады. Табиғи және антропогенді химиялық факторлар адам денсаулығына эсер етеді. Адам үшін көптеген табиғи құрам бөліктерінің өмірлік маңызы бар, олардың жеткіліксіздігі немесе артық болуы аурудың дамуына әкеп соғуы мүмкін. Антропогенді химиялық факторлар заңды түрде улы болып табылады және адамның денсаулыгына теріс эсер етеді.
Күн сәулесі, ауаның температурасы, ылғалдылығы, қозғалысы, атмосфе-ралық қысым, геомагниттік өрістер және басқалар табиғи физикалық факторлар болып табылады. Бүл факторлар адамның тіршілігі үшін қажетті, бірақ олардың экстремальды деңгейлері терең өзгерістер, аурулар тудыруы, тіпті ағзаның өліміне әкеп согуы мүмкін. Антропогенді физикалық факторлар - діріл, шу, лазерлік сәулелену, иондағыш сәулелену, т.б., бүлар көбінде адам ағзасына зиянды эсер етеді.
Биологияльқ факторларға әр түрлі тірі ағзалар (бактериялар, вирустар, қарапайымдылар, микроскопиялық саңыраукүлақтар, гельминттер, жеуге жарамды және жарамсыз саңырауқүлақтар, өсімдіктер, т.б.), сондай-ақ олардың тіршілік өнімдері (токсиндер, вакциналар, антибиотиктер, т.б.) жатады. Олардың ағзаға эсері бір мағыналы емес. Мысалы, шартты түрде патогенді және патогенді микробтар әр түрлі жүқпалы және паразиттік аурулар дамытуы, улы өсімдіктер мен саңыраукүлақтар уланулар тудыруы мүмкін. Сонымен бірге, ашытқан сүт онімдерінің кұрамындағы сүт қышқылдық бактериялар адамның денсаулығына қолайлы эсер ететін пробиотиктер (симбионттар) болып табылады.
Психогенді факторлардың табиғаты таза элеуметтік болып келеді. Оларға жататындар адамга екінші сигналдық жүйе арқылы эсер ететін факторлар: сөз, сөйлеу, дыбыстар, музыка, түрлі түстер, хат, баспа онімдері, үжымдағы арақатынастар, т.б. жатады. Бүл факторлар эр түрлі коңіл-күй тудырып, психикалық жағдайын озгертіп, адамға оң немесе теріс эсер етеді.
Адам биоәлеуметтік жаратылыс болып табылады, сондықтан оның денсаулығы әлеуметтік ортамен байланысты жағдай, яғни көбінесе әлеуметтік факторлармен: жүмыс жағдайымен, тұрғын үй жағдайымен, материалдық жағдайымен, тамақтануымен, биологиялық-генетикалық ерекшеліктерімен, жынысымен, салауатты емес емір салтымен (темекі шегу, арақпаздық, нашақорлық), т.б. анықталады. Бұл элеуметтік жағдайдың адам денсаулыгына эсері әлеуметтік ортаның химиялық, физикалық, биологиялықжәне психогендік факторлары арқылы беріледі. Мысалы, темекі шегу, химиялық фактор ретіндегі темекінің ағзаға әсері салдарынан, онымен байланысты аурудың дамуына экеп соғады, т.с.с.
Шынайы өмірінде адам бір мезгілде көптеген факторлардың әсеріне үшырайды, олардың қабаттасқан әсерлерінің сипаты әр түрлі болуы мумкін: қолайлы, бейтарап немесе зиянды және қауіпті.
Достарыңызбен бөлісу: |