Дәрістердің тірек конспектісі



Дата29.06.2016
өлшемі234 Kb.
#165358

Дәрістердің тірек конспектісі









Нысан

ПМУ ҰСН 7.18.2/05



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы

050418 «Кітапханатану және библиография» мамандығының студенттеріне

«Автоматтандырылған кітапхана – ақпараттық жүйелер» пәнінен


дәрістердің тірек

конспектісі





Павлодар




Дәрістердің тірек конспектілерін бекіту парағы





Нысан

ПМУ ҰСН 7.18.1/05




БЕКІТЕМІН

ФМжАТФ деканы

__________ Ж.К.Нұрбекова

«__»_____________20___ ж.



Құрастырушы: оқытушы Бельгибаева С.А.

Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы

050418 «Кітапханатану және библиография» мамандығының студенттеріне «Автоматтандырылған кітапхана – ақпараттық жүйелер» пәнінен

ДӘРІСТЕРДІҢ ТІРЕК КОНСПЕКТІСІ

Кафедраның отырысында қарастырылған «__»_______________________20___ж. №_____ хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ А.Ж.Асаинова

(қолы)
Факультеттің әдістемелік кеңесінде құпталған

«___»___________200__ж. №__ хаттама
ӘК төрайымы _____________ Ж.Г.Муканова

(қолы)
1 Кіріспе

Ақпараттық технологиялар дамуының физикалық негізі – микроэлектроника.

ДК-дің өнімділігінің артуы, жады көлемі, өлшемі мен құнының азаюы – микротехнологияларға байланысты.

1978 жылы Intel 8080 микропроцесорының тактілік жиілігі – 4,7 МГц, микросхемалардың саны 29 болса, 2000 жылғы Pentium III микропроцесорының тактілік жиілігі 1200 МГц, микросхемалар саны 11000...45000 дейін.

1996-98 жылдары DVD технологиясы енгізілген соң оптикалық дискінің көлемі 500 Мбайттан 9,6 ; 17,4 ГБайтқа артты.

Операциялық жүйе Windows, MPEG стандартты DVD програмалық өнімдері қысқа уақыт ішінде текстік материалды өңдеуден мультимедиалық, гипермедиалық, видео-технологияларға өтуге мүмкіндік берді. Қолданбалы салалар, картографиялық схемалар, мәліметтер базасы, анимациялық, ойын және құжаттық кинофильмдер егізіле бастады.

АКАЖ-рін бағдарламалармен қамтамасыз ету соңғы жылдары артуда. Бағдарламашылардың білімі мен мүмкіндіктері мекемелердегі бар бағдарламаларға қолдау көрсетуге арналған.

Электрондық кітапхана. Электрондық құжаттардың әр алуан коллекцияларын ауқымды желілер арқылы жинақтауға, сақтауға және тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе.

США – 80 ж, Ұлыбританияда – 90 ж құруды бастады.

Жапонияда – 21 ғасырдың ЭК құруда.

Германия – Global – Info.



АКАЖ бен ЭК ортақ не?

  • Олар бір-бірін толықтырады;

  • Қолданылатын құралдар мен технологиялар бір-біріне байланысты. Кітапханадағы АКАЖ өз қызметінде Интернетті, кітапханааралық абонементтік қызметте құжатты электрондық түрде жеткізуді пайдаланады. Осы мақсатта кітапханалада жұмыс станциялары мен кластары ашылады.

Кітапханалық технологиялар дамуының негізгі бағыттары.

  1. Телекоммуникациялық желілердің дамуына байланысты ЭК, электрондық қорлар мен электрондық архивтер құру және олардың жұмысын қолдап, дамыту.

  2. Сыртқы кітапханалық және ақпараттық ресурстарды пайдалану кітапхананың жұмыс режимінің және оқырмандарға қызмет етудің бірден бір шарты болады.

  3. CD-RW, DVD-RW технологияларының дамуы:

    • Үлкен көлемді ақпаратты жазып алып, қажетінше пайдалануға,

    • Сақталған ақпаратты табиғи тіл лексикасын пайдаланып берілген сөз немесе сөз тіркесі бойынша қажет құжатты немесе оның фрагментін қағазға және магниттік тасымалдаушыларға көшіру

    • Электрондың басылым ортасында өз тексін жазуға, басқа да мәселені шешуге мүмкіндік береді.

  4. Жеке тұлғаларда өз үй кітапханаларын ашуға және қызмет көрсетудің жаңа кеңейтілген әдістеріне қызығушылық пайда болады.

  5. Қызметтің жаңа кеңейтілген әдістеріне жатады.

  • Үйден, мекемеден, транспорттан, мультимедиалық, гипермедиалық құжаттар мен мәліметтерге, кітапханадағы видеофильмдерге қол жеткізу.

  • Әдебиетке және қызмет көрсетуге қашықтықтан тапсырыс беру.

  • Кітапхана аралық абоненттің шапшаң түрлері, құжатты электрондық түрде жеткізу.

  • Толық тексті құжаттарды және видеофильмдерді уақытша және тұрақты пайдалануға.

  • Нашар көретін адамдарға қызмет көрсетудің түрлерін (дыбыс синтезаторы, Брайн панелдері)

  • Тақырып бойынша жаңа түсілім туралы абоненттерді қашықтықтан хабардар ету.



2 Ақпараттық және кітапханалық қызмет етуді автоматтандыру

Автоматтандырылған ақпараттық жүйе (ААЖ) - мәліметтерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, іздеуге берілген формада немесе әртүрлі мәселе түрінде шығаруға арналған бағдарламалық, психикалық, ақпараттық, лингвистикалық ұйымдастыру – технологиялық құралдары мен қызметтердің кешені.

Автоматтандырылған ақпараттық -логикалық жүйе (ААЛЖ) - әр түрлі және анықталмаған терминалогияны пайдаланатын ақпаратты сақтайтын, өңдейтін ААЖ.

Интеллектуалды ақпараттық жүйе (ИАЖ) – пайдаланушыға табиғи немесе кәсіби – бағытталған тілде қатысуға мүмкіндік беретін интеллектуалды интерфейспен жабдықталған ААЖ.

Ақпараттық–анықтама жүйесі - ақпараттық пайдаланушылардың ақиқаттық сүраныстарын қанағаттандыратын процестердің жиыны.

Ақпараттық қамсыздандыру – шешу кезендеріне сәйкес басқару, ғылыми, технологиялық, өндірістік, коммерциялық .

АКАЖ – автоматтандырылған кітапхананцң ақпараттық жүйелері.

РАКАЖ (РАБИС) – Республикалық автоматтандырылған кітапханануң ақпараттық жүйесі.

РАКАЖ ҚРҰК-да жұмыс істейді.



ИРБИС – авторы Ресейдегі мемлекеттік көпшілік ғылыми-техникалық кітапхана.

Библиотека 4.02 Ломоносов ат. ММУ

Ғылыми өндірістік бірлестік ИНФОРМ жүйесі 5.01 нұсқа

АМ – 11В – бұл кітапхананың автоматтандырылған жүйесі, Австралия.

КОРБИС – кітапханадағы ақпараттық жүйе, авторы Мәмбеталиев К.

Қызметі:


      • библиографилық аөқпаратты сақтаудың МАКС деп аталатын халықаралық стандартыга сәйкес жазу, қарау, түзету.

      • Құжаттардың мәтінін енгізу, қарау, түзету.

      • Бибилиографиялық сипаттамаларды кезкелген өріс бойынша және мәтін бойынша іздеу.

      • Каталог карточкаларын басып шығару

      • Библиографиялық сипаттамалармен жұмыс кезінде және оларды іздеугн АПК (АПУ) енгізу, қарау, түзету.

      • Тақырыптық тізімдерді дайындау және басып шығару.

      • Жүйені пайдалануға және ақпараттың сақталуын қамтамасыз ететін функциялар.

1. Жүйе мәтіндік құжаттарағы теру, түзету, басып шығаруға байланысты технологияларды қамтамасыз етеді.

  1. Бұл толық тексті деректер базасын, мысалы, заңдар мен нормативті актілерді, осы базалар бойынша библиографиялық анықтамалар, әдебиеттер тізімі және текстік құжаттардың толық тексін немесе фрагменттерін шығаруға мүмкіндік береді.

  2. Библиографиялық сипаттамаларды өндеу жүйесі кітапхана жұмысын автоматтандырудың негізі болып табылады. Жұмыс нәтижесінде жүйе жұмысқа қосылған уақыттан бастап, кітапханадағы жаңа түскендердің библиографиялық сипаттамалары бар электрондық каталог құрылады.

  3. Электрондық каталог әдебиетті іздеуге және таңдауға, кітапхананың әр түрлі функцияларын: жаңа түсілімдердің тақырыптық тізімін құруды, кітап фондық сақтауды ұйымдастыруды, оқырмандарға қызмет көрсетеді, кітапханалар арасындағы абонементті ыңғайлы етеді.

  4. Технологиялық функциялар:

- ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге және жүйенің пайдалануы мен жұмысын қолдауға арналған. Оларға: файлдарды көшіру, қалпына келтіру, индекстеу және қысу жатады. Технологиялық функцияларды администратор орындайды. Қажет бағдарламалар жүйенің құрамына кіреді. Сондықтан ақпаратты сақтауға басқа бағдарламалар қажет емес.

  1. РАБИС 5 модульден тұрады:

    • «Каталогтар»

    • «Оқырмандарды тіркеу»

    • «Іздеу және заказ(тапсырыс)»

    • «Кітап беру»

    • «Интернет- модуль»

«Каталогтар» модулі кітапхана бөлімдері қызметкерлерінің жұмыс станцияларында орнатылады, электрондық каталог, база мен мәліметтер банкін құруға арналған .

РАБИС Windows жүйесіндегі кез келген жергілікті желіде жұмыс істейді.



  1. Пайдаланушы интерфейсі 3 тілді. Толық тексті және гипертексті базаны құруды қолдайды. Модуль әр қызметкерге пароль береді, сол бойынша мәліметтер базасын пайдалануға рұқсат береді.

- «Оқырманды тіркеу» модулінде «оқырман» мәліметтер базасында құрылады, ол барлық модулдерде пайдаланылады.

7. «Кітап беру» модулі алдыңғы модульдердің мәліметтерін пайдаланады, оқырманға кітап беруді автоматтандырады, кітап пен оқырманды бақылауға алады. 2003 жылдан бастап берілетін әдебиетті штрих-кодтау жүргізіледі.

«Іздеу және заң » модулі


  1. Библиографиялық ақпаратты іздеу автоматтандырылады. «Интернет- модуль» - корпоративтік каталогтардың Қазақстандық орталығының жұмысын қолдайды.

ҚРҰК РАБИС- де 40 шақты мәліметтер базасы: служебные және пользовотельские.

9. Электрондық каталогтардың құрылу тәртібі: құжатты өндеу бөлімінің каталогтарында мәліметтер базасында жаңа түсініктер мен толықтыратын, түзететін, өеделген құжаттарды сақтауға жіберетін және ҚР ҰК негізгі каталогтарына жіберетін қызметші каталогтар бар.



3 АКАЖ құрамы және құрылымы

Бөлім идеологиясы – еліміздегі бас кітапхананың кітапханалық қорын сақтау мен қалыптастырудың ғылыми негіздегі саясатын әзірлеу. Қор құрудағы басымдық болып табылатындар - Қазақстанда жасалған ақпараттар жинағы және Қазақстан жайындағы, оның жетістіктері, табиғаты, географиясы, өндірісі, қоғамы мен мәдениеті - еліміздің имиджін халықаралық аренаға жеткізетіндердің барлығы. Дәстүрлі жинақтаумен қатар электронды толымдау бағытында да төмендегідей істер атқарылады:

- ақылы он-лайн ресурстар (Мәліметтер базасы) сапасын бағалау, лицензиялау мүмкіндігіне, жинақтау саясатына сәйкес релевантты ресурстарды сұрыптау;

- ақысыз негіздегі он-лайн ресурстарының сапасын бағалау, рұқсат берілген жағдайда құжаттарды кітапхана серверіне түсіру және әрі қарай электронды ресурстар каталогына жазбалар енгізу;

- CD, DVD форматындағы электронды ресурстар сапасын бағалау;

Электронды каталог қызметі. Электронды каталог қызметі жаңа түсімдерді өңдеуді жүзеге асырады, электронды каталог құруға қатысады, электронды каталог саласындағы жаңа технологияларды енгізу мен оны әзірлеуге жауапты. Осы аталған қызметте жүргізілетін штрих кодтау жүйесі, әдебиеттерді барынша тез іздестіруге көмектеседі.  Құжаттарды өңдеудің алғашқы сатысындағылар - кітапхананың кез келген бөліміндегі кітап жолын бақылауға мүмкін болатын әрбір данаға бір-бірден штрих-код беру, электронды оқырман билетіндегі кітап туралы ақпаратты енгізіп/шығару, құжаттарды қолдану мен оқырманның нендей кітап талап ететініне мониторинг жүргізу.

Кітап сақтау бөлімі. Кітапхананың негізгі қорын (КҚ) сақтайтын бұл бөлім 1 және 5 қабаттарда орналасқан, ол 6 250 шаршы метр алаңды алып жатыр. Бөлім ақпарат жеткізгіштеріндегі 1.5 миллионнан аса қатты даналарды қолдану мен ұдайы сақтауға арналған. Бұлар - кітаптар, журналдар, газеттер, атластар, альбомдар, карталар, мультимедиалық материалдар мен басқа да баспа басылымдары. Арнайы жабдықталған бөлмеде қорды сақтаудың физикалық, химиялық және биологиялық қолайлы режимі жасалған. Кітап қоймасында кітаптар мен құжаттарды тасымалдауға арналған транспортер бар;

Оқу  залдарына сай құжаттарды немесе кітаптарды қабылдау мен жеткізуге арналған 4 көтергіш кран;

Оқу залдарынан не басқа бөлімдерден жаңа түсімдерді қабылдайтын 4 диспетчерлік пункт;

Қызмет көрсетудің автоматтандырылған жүйесі;

Стеллаждар, қол арбалар.

Кітапхананы болжау мен дамыту секторы және ғылыми-ұйымдастыру бөлімі. Негізгі қызметтік бағыттар:

- кітапхана қызметін реттейтін нормативті-ұйымдастыру құжаттарының базасын қалыптастыру;

- анықтамалық аппарат құру және енгізу, құжаттармен іс жүргізуді ұйымдастыру, құжаттаудың бірегей тәртібімен қамтe;

- бейне және фотоматериалдар қорын құру бойынша жұмыс жүргізу;

- ақпараттық көрсеткіштер мен құжаттар жасауды реттеу, ұйымдастыру техникалық құралдарын қолдану негізінде құжаттама ақпараттарын және құжаттар айналымын тіркеудің жаңа технологиялық процесстерін әзірлеп, енгізу;

- республикамыздағы кітапханалар жайын болжау және талдау жасау;

- кітапханаларды диагностикалық-сараптамалық тексеру;

- аймақаралық әдістемелік бірлестіктермен жұмыстарды үйлестіру;

- кітапханадағы инновациялық процесстерді ұйымдастыру;



- кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;

- кәсіби байланыстарды дамыту және т.б.

Орталық міндеттеріне консультациялық және тәжірибелік көмек көрсету, сонымен бірге оны әрі қарай дамыту басымдықтарын айқындау мақсатында ОКЖ қарасты әрбір кітапхананың қызметіне жасалған диагностикалық сараптамалық зерттеулер кіреді. Зерттеулер нәтижесі бойынша аналитикалық анықтамалар, ұсыныстар жасалып, зерттеу қорытындысы мәдени орындардағы орган жетекшілеріне мәлімдеуге жеткізіледі. Кітапхананы жаңарту мен дамыту процесстерінің маңызды құраушысына кітапхана мамандарын кәсіби дайындау деңгейін біртіндеп көтеру жатады: жаңа жағдайдағы жұмыстарға үйрету, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін шыңдау. 

Пайдаланушыларға қызмет көрсету орталығы. Пайданаланушыларға қызмет көрсету орталығы 20 оқу залына есептелген. Мұнда 500 тұтынушыға бір мезгілде қызмет көрсетуге мүмкінідік бар.

- ақпараттар мен тіркеу секторы;

- 100 орындық  көпшілік оқу залы;

- мерзімді басылымдар залы;

- ғылыми қызметкерлерге арналған зал;

- көрме залы;

- әлем әдебиеттері залы;

- өнер залы;

- бейнесалон;

- электронды ресурстар залы;

- үнді зерделеу орталығы;

- ақпараттық даму орталығы;

- ақпараттық қызмет орталығы;

- электронды каталог залы;

- құжаттарды электронда жеткізу секторы;

- 140 орындық мәжіліс «Көгілдір» залы;

- кіші мәжіліс залы.

Ақпараттық библиографиялық сервис қызметі. Шексіз ақпараттар ағымында Сізге дұрыс бағдар беретін - ақпараттық-библиографиялық сервис қызметі. Оның міндеті – қажет әдебиеттерді, библиографиялық және фактографиялық мәліметтерді іздестіруде оқырмандарға көмек көрсету. Библиограф орындалған сұрауларды принтер, факс, телефон, электронды пошта және кітапхана вэб-сайтындағы интерактивті мүмкіндіктер негізінде жібереді.

Ақпараттық технологиялар қызметі. Ақпараттық технологиялар қызметі АҚРҰАК электронды ресурстарын, яғни, мәліметтер базасын, электронды каталогтарды, вэб-порталды және тақырыптық желілік жобаларды тиімді басқару мақсатында құрылған. Орталықтағы басты жұмыс бағытына алыс-жақын шетелдердегі алпауыт ақпарат ұстаушылардың электронды каталогы мен қашықтағы мәліметтер базасына қол жеткізумен қамту әрі оны тестіден өткізу, баға беру, қадағалау. Тұтынушылардың сұрауы бойынша алыстағы электронды каталогтар мен мәліметтер базасындағы ақпараттар терең іздестіріледі, қашықтағы мәліметтер базасы секілді АҚРҰАК жеке қорынан құжаттарды электронда жеткізуге өтінімдер қабылданады. Бұдан басқа, электронды ресурстарды басқару қызметі сандық кітапхананы, әдебиеттердің меншікті электронды коллекцияларын құру үшін құжаттар көлемін анықтайды. 

4 АКАЖ лингвистикалық қамсыздандырудың технологиялық жүйесі

ЛҚ қызметі - төмендегі қызметі іске асыратын жүйелік функцияларды ақпараттық тілдердің, лингвистикалық тілдердің және ақпараттық-тілдік сөздіктердің жиыны.

- АКАЖ деректер базасында тақырыптық іздеу (электрондық каталогтарда);

- ақпараттық басылымдар шығару;

- жүйеаралық ақпараттық әрекеттер;
АКАЖ-дың ақпараттық тілдері формальды тілдер болып табылады, мына түрлерге бөлінеді:


  • индекстеу тілдері (ИТ), яғни құжаттарды немесе тақырыптық сұраныстарды алғашқы образын құру тілдері;

  • ақпараттық-іздеу тілдері, (AIT), яғни тікелей ақпараттық-іздеуге идентификациялайтын тілдер. Құжаттардың тақырыптық сұраныстарға сәйкестіғ критерийлері іске асырылады.

  • Ақпараттық –делдал тілдер (языки-посредники), құжаттардың жазбаларында ПОД-коммуникативті форматта беру тілдері.

АКАЖ деректер базасында кеңейтілген тақырыптық сұраныс бойынша және детальдық ұғымдарға дейін дәл анықталған сұраныс бойынша іздеу жүргізілу қажет. Кеңейтілген тақырыптық сұраныс бойынша іздеу үшін, классификация АІТ тиімді болады, ал детальдық сұраныстар бойынша вербалды АІТ. Вербалды (посткоординаталық) және классификациялық АІТ тексті бірінен-біріне аударылмайды. Сондықтан ЛҚ-дың құрамында кем дегенде бір вербалдық және бір классификациялық АІТ болу керек.

АКАЖ ЛҚ-ның классификациялық тілдерінің құрамы АКАЖ жобалау кезінде жүйенің сипатына және басқа да отандық, шет елдік жүйелермен байланысу мәселелеріне байланысты анықталады.

Классификациялық тілдердің ең минимумы-ГРНТИ, УДК, ДКД және ББК.

Тиімді вербалдық AIT – бірі, - кілттік теримндер тілі. Кең таралған вербалдық тілдің бірі – пәндік рубрикалар тілі. ПОД – пәндік рубрикаларды индекстеу тілінен (ИТ) индекстеу тіліне, одан соң кілттік терминдердің AIT-не аударылды. АКАЖ-де пәндік рубрика тілдерін (ПРТ) AIT-рі ретінде пайдалану қиындау мәселе болады. Сондықтан, АКАЖ ЛҚ-құрамына ПРТ индекстеу тілінің ретінде, ал вербалдық тіл – AIT ретінде кіргізіледі.СондықтанАКАЖ ЛҚ-ның құрамына лингвистикалық процессорларды енгізуге негіз болды.

Индекстеу, қызметінің аударма қызметінің, және словарлық – терминалогиялық қызметтің өткізу мүмкіндіктерін (пропускнаяы способность) арттыру қажеттілігі.

Лингвистикалық процессорларға жатады:



  • форматтау конверторы (RUSMARC-UNIMARC-USMARC);

  • алфавиттік кодтың конверторы;

  • ішкі тарнслятор, оның ішінде ПОД-бір ИТ-нен екінші ИТ-не аударады.

  • Іздеу лингвистикалық процессорлары яғни, ПОД пен АІТ-де берілген іздеу жазбаларын салыстыратын және олардың тақырыптық сәйкестігі жөнінде шешім қабылдайтын процессорлар.

  • Комуникативті транслятор олардың ішінде тікелей комуникативтік трансляторлар ПОД-ты индекстеу тілінен (ИТ) делдалдық тілге (язык посредник) аударады және кері комуникативтік тілдер (ПОД-ты ЯП-тен ИТ-ке аударады).

  • Лингвопроцессорлық және ақпараттық тілдік словарьларды актуальдайтын процессорлар;



5 АКАЖ-дың ұйымдастырылған-технологиялық қамсыздандырылуы

АКАЖ – жұмыс өнімділігі барлық технологиялық процестердің толықтығымен және сапалылығмен, бір – бірімен байлыныстағы процесстер мен операциялардың, байланыс жүйелерімен анықталатын күрделі басқару объектісі. Сондықтан АКАЖ-гі



  • Жекелей операциялардың орындалу уақыты мен орындаушылардың еңбегін төлеу, еңбек нормасын;

  • Технологиялық ерекшеліктерді бақылау мен басқару жүйелерін, ақпараттық қызмет пен өнімнің сапасын қадағалауды бақылайды;

  • Қамтамасыз етуді дайындауды қажет етеді;

АКАЖ-гі әр түрлі құжаттарға, пайдаланушыларға қызмет көрсетудің әр түрлі әдістері мен түрлеріне, аз тиражды басылымдарды шығаруға байлансыты персоналдың жұмысын анықтайтын ұйымдық- технологиялық құжаттарға технологиялық карталар, технологиялық инструкциялар, әрбір операциялық схемалар жатады.

АКАЖ ұйымдық – технологиялық құжаттары.

Әр операциялық және ұйымдық – технологиялық схемалар.

Әр операциялық схемалар орындаушылардың әр түрлі топтарының жұмысына байланысты барлық қызмет мәселелеріне дайындалады. Бұл мәселелер автоматтандырылған жүйе орындайтын негізгі технологиялық процестермен тікелей байланысты. Бұндай мәселелерге жатады:



  • Кірістік құжаттар ағының өндеу;

  • АКАЖ электрондық каталогын толықтыру үшін фондық ретроспективтерін өндеу;

  • Жүйенің сөздіктерін жүргізу;

  • Электрондық каталогты актулдау және әдебиетті жарамсыздандыру(списование);

  • Абонементте оқырмандарға қызмет көрсету;

  • ИРИ режимінде қызмет көрсету;

  • Басылымдар дайындау;

Әр операциялық схема - төбелері операциялар (нақты бір қызметкерлер орындайтын нақты бір жұмыстар) болатын бағытталған граф.

Әрбір операция оған берілген номермен ерекшеленеді. Графтың қабырғасы құжаттар мен мәліметтерді келесі операцияларға жіберетін сызықтар болады.

Календарлық сеткаға енгізілген соң, әр операциялық схемалар құжаттар мен мәліметтерді өндеу және оларды әр операцияларға жіберу регламентінің талаптарын көрсетеді.

Құжаттар мен мәліметтердің өтетін өндеу стадиялары әр болғандықтан, олардың белгілі бір белгілері мен өндеу технологиялары бойынша топтарға бөлінеді.



Технологиялық карталар мен инструкциялар.

Технологиялық карталар әр операциялық схемаларға операциялар туралы мәліметтері бар текстік толықтырулар болып табылады. Олар кесте түрінде орындалады және мынадай мәліметтерден тұрады:



  • Орындаушы бөлімінің аты;

  • Технологиялық процестің, оның кезеңдерінің немесе операция топтарының аттары.

  • Технологиялық оперцияның немесе операция топтарының аты.

  • әр операциялық схемаға сәйкес операцияның шартты шифры немесе номері;

  • технологиялық инструкциялардың және олардың бөлімдерінің жүйелік номерлері;

  • Орындаушының лауазымдық немесе квалификациялық категориясы;

  • Орындалатын жұмыс бірлігі (мысалы, библиографиялық жазу құру, бір кітапқа аннотация жазу, оқырманның бір тапсырмасын орындау.);

  • Әр мамандық лауазымына немесе категориясына арналған жұмыс бірлігінің уақыт нормасы(сағ. мин.);

  • Әр түрлі құжаттардың белгілі бір операциялардан, кезеңмен, немесе өндеу стадиясынан өтуге арналған бақылау мерзімі;

Әр АКАЖ ерекшеліктеріне байланысты технологиялық карталар қосымша мәліметтермен толықтырылуы мүмкін. Кезеңдердің бағасы, құжатты өндеу мерзімі.

Технологиялық инструкциялар нақты бір істің түріне, кезеңіне құрылады. Олар жүйенің жоғарғы техникалық – экономикалық көрсеткіштерін қамтамасыз етудің жұмыс тәртібіне, мазмұны мен түріне қойылатын талаптарды іске асыру құралдары ьолып табылады.

Одан басқа тезнологиялық инструкцияларға мынадай мәліметтер кіргізілуі мүмкін:


  • Берілген технологиялық инструкцияларға байланысты басқа нормативті құжаттарға сілтемелер;

  • Қамсыздандыру құралдары мен пайдалану тәртібі жайында мәліметтер;

  • Құжаттардың типтік үлгілері мен оларды толтыру мен өңдеу үлгілері;

  • Берілген инструкцияларға өзгерістер енгізген тұлғалар мен уақыты туралы мәлімет;

Технолгиялық инструкцияларға кеңейтілген атымен және осы АКАЖда тағайындалғанережелерге сай классификациялық индекспен ерекшелінеді.

АКАЖ ұйымдық технологиялық қамисыздандырылуының аталған құжатының сипаттамаларынан шығатын қорытынды көрсетілген құжатында дайындау нақты бір автоматтандырылған жүйенің біртұтас бір бөлігі болып табылады.жүйелерді жобалау мен технологиялық процесстерді тейімділеу:



  • Кезеңдер бойынша жүргізіледі;

  • Көрсетілген процесстердің технологиялық жәнеэкономикалық талдауларына негізделген.



6 АКАЖ бағдарламалық қамсыздандырылуы

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы (ҚРҰАК) - 2004 жылдың 23 сәуіріндегі ҚР Үкіметінің № 461 Қаулысымен құрылды. 2004 жылғы 10 маусымда ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев пен Мәскеу мэрі Ю. М. Лужковтың қатысуымен кітапхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті. 2005 жылғы 10 қыркүйекте ҚРҰАК оқырмандарына өз есігін ашты. Қазақстан Үкіметінің жаңа жобасы кітапхана процесстерін автоматтандырудың кешенді жүйесімен қатар, кітапхана ісіндегі жаңа технологияларды дамыту және ақпараттардың ұлттық электронды сақтау қоймасын құру үшін жаңа компьютерлік жабдықтармен жасақталған зияткерлік орталық құруға бағытталған. Бүгінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында электронды ресурстарды 50 терабайттан петабайтқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін электронды сақтау қоймасы мен серверлер кешеніне арналған база құрылды. Кітапхана кітапханалық-библиографиялық процесстерді автоматтандыру деңгейі жөнінен республикамызда көшбасшылық орында. ҚРҰАК базасындағы «РАБИС» ақпараттық-библиографиялық жүйесінің автоматтандырылған негізгі үлгісі Қазақстанда алғаш рет ресми мақұлданды әрі жаңартылды. Бұл жүйе оқырмандарға қызмет көрсету процесіндегі бірегей логикалық тізбек бойынша жұмыс жасайды — оқырмандарды тіркеуден бастап, оларды әдебиеттер іздестіру мен тапсырыс беру, кітап беріліміне дейін бақылау. Бүгінде кітапхана қызметін 15 мыңнан аса оқырман пайдалануда. Кітап қоры 380 000 жуық. Кітаптан бөлек, кітапханаға қазақ, орыс және басқа да шет тілдерінде 1500 аса атаумен отандық, шетелдік мерзімді басылымдар келіп түседі.

Кітапхана өз пайдаланушыларына 15 толық мәтінді ғылыми мәліметтер базасын және әлемдік алпауыт ақпарат орталықтарының он-лайн каталогтарын ұсынады. ҚРҰАК кітапханашылары компьютер технологияларын қолдануды жетік меңгерген, электрондар тасқынындағы ғылыми ақпараттардан да хабардар, қызмет барысында қашықтағы мәліметтер базасын, виртуальді анықтама қызметін, құжаттарды электронда жеткізу секілді осы замандық қызмет көрсету түрлерін жиі қолданады. Сондай-ақ, кәсіби ақпаратты қажет ететін тұрғындарға қызмет көрсету үшін меншіктік ақпараттық мәліметтер базасын қалыптастыруда. ҚРҰАК еліміздің кітапханаларына арналған ақпараттандыру мен автоматтандыруды енгізу бойынша консалтингтік орталық құруды зор сеніммен қолға алуда әрі республикамыздың кітапханалық процесстеріне жаңа технологияларды енгізу саласындағы консалтингтік, болжалдау және талдау жұмыстарын жүзеге асыруда. ҚРҰАК мынадай алып ақпараттық жобалардың инициаторы әрі әзірлеушісі: «Қазақстанның Ұлттық Электронды Кітапханасы» (ҚазҰЭК), «Қазақстанның қашықтағы кітапханалық академиясы», «Қазақстан кітапханаларының бірегей ақпараттық желісі». ҚРҰАК мамандары «Қазақстан кітапханаларын жаңартудың 2007—2009 жылдарға арналған бағдарламасын» әзірлеуде белсенділік танытты. ҚРҰАК қызметіндегі басым бағыттардың бірі — халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

7 Кітапхана қызметшісінің автоматтандырылған жұмыс орындары

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы (ҚРҰАК) - 2004 жылдың 23 сәуіріндегі ҚР Үкіметінің № 461 Қаулысымен құрылды. 2004 жылғы 10 маусымда ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев пен Мәскеу мэрі Ю. М. Лужковтың қатысуымен кітапхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті. 2005 жылғы 10 қыркүйекте ҚРҰАК оқырмандарына өз есігін ашты. Қазақстан Үкіметінің жаңа жобасы кітапхана процесстерін автоматтандырудың кешенді жүйесімен қатар, кітапхана ісіндегі жаңа технологияларды дамыту және ақпараттардың ұлттық электронды сақтау қоймасын құру үшін жаңа компьютерлік жабдықтармен жасақталған зияткерлік орталық құруға бағытталған. Бүгінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында электронды ресурстарды 50 терабайттан петабайтқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін электронды сақтау қоймасы мен серверлер кешеніне арналған база құрылды. Кітапхана кітапханалық-библиографиялық процесстерді автоматтандыру деңгейі жөнінен республикамызда көшбасшылық орында. ҚРҰАК базасындағы «РАБИС» ақпараттық-библиографиялық жүйесінің автоматтандырылған негізгі үлгісі Қазақстанда алғаш рет ресми мақұлданды әрі жаңартылды. Бұл жүйе оқырмандарға қызмет көрсету процесіндегі бірегей логикалық тізбек бойынша жұмыс жасайды — оқырмандарды тіркеуден бастап, оларды әдебиеттер іздестіру мен тапсырыс беру, кітап беріліміне дейін бақылау. Бүгінде кітапхана қызметін 15 мыңнан аса оқырман пайдалануда. Кітап қоры 380 000 жуық. Кітаптан бөлек, кітапханаға қазақ, орыс және басқа да шет тілдерінде 1500 аса атаумен отандық, шетелдік мерзімді басылымдар келіп түседі.

Кітапхана өз пайдаланушыларына 15 толық мәтінді ғылыми мәліметтер базасын және әлемдік алпауыт ақпарат орталықтарының он-лайн каталогтарын ұсынады. ҚРҰАК кітапханашылары компьютер технологияларын қолдануды жетік меңгерген, электрондар тасқынындағы ғылыми ақпараттардан да хабардар, қызмет барысында қашықтағы мәліметтер базасын, виртуальді анықтама қызметін, құжаттарды электронда жеткізу секілді осы замандық қызмет көрсету түрлерін жиі қолданады. Сондай-ақ, кәсіби ақпаратты қажет ететін тұрғындарға қызмет көрсету үшін меншіктік ақпараттық мәліметтер базасын қалыптастыруда. ҚРҰАК еліміздің кітапханаларына арналған ақпараттандыру мен автоматтандыруды енгізу бойынша консалтингтік орталық құруды зор сеніммен қолға алуда әрі республикамыздың кітапханалық процесстеріне жаңа технологияларды енгізу саласындағы консалтингтік, болжалдау және талдау жұмыстарын жүзеге асыруда. ҚРҰАК мынадай алып ақпараттық жобалардың инициаторы әрі әзірлеушісі: «Қазақстанның Ұлттық Электронды Кітапханасы» (ҚазҰЭК), «Қазақстанның қашықтағы кітапханалық академиясы», «Қазақстан кітапханаларының бірегей ақпараттық желісі». ҚРҰАК мамандары «Қазақстан кітапханаларын жаңартудың 2007—2009 жылдарға арналған бағдарламасын» әзірлеуде белсенділік танытты. ҚРҰАК қызметіндегі басым бағыттардың бірі — халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

8 ЭЕМ-да ақпаратты өңдеу процесстерін алгоритмдеу

Кітапхана штатын желімен жұмыс істеуге үйрету және Виртуалды ақпараттық-библиографиялық құралдардың мүмкіншіліктерімен таныстыру. Қызмет көрсетуші және ақпараттық-библиографиялық бөлімшелер қызметкерлері өз салалары бойынша ең күрделі және сапалы ақпаратқа толы қайнар көздерді анықтау мақсатында интернет желісіндегі қорларды өз беттерімен зерттеулері қажет. Ол үшін интернет желісінің іздестіру құралдары қолданылады. Осымен бірге қайнар көздің қысқаша сипаттамасымен арнайы ақпаратты файлда айрықша ақпаратты серверлерді айқындап көрсету керек. Уақыт өтісімен, желілердің кеңеюіне байланысты, мұндай қайнар көздердің тізімі үлкен құндылыққа айнала бастайды және оларға деген сұраныс артады.

Сұраныс жасаған кездегі виртуалды ресурстарды нәтижелі пайдалану Виртуалды ақпараттық-библиографиялық құралдардың әлеуетіне нақты саралау жүргізуді және интернет желісінде мәліметтерді іздеудің нақты әдістерін белгілеуді талап етеді. Электрондық ғаламда мәлімет іздестірудің ерекше тәсілдерін өңдеп шығару қажеттігі туындап отыр. Мысалға мұндай мәліметті іздестіру тәсілдері карточкалық каталогтарда, CD-ROM немесе ақпараттық баспа басылымдарында қолданылады. Библиографтар мен кітапхананың басқа қызметкерлері арасында интернет желісімен жұмыс істей алатын эксперттер пайда болу керек.

Анықтамалық басқарма құрамына виртуалды қайнар көздердің қосымша ақпараттарын және ғаламдық желіде кітапханалардың өз қорларының мәліметтерін енгізу. Бұл кезең өз құрамында еркін түрде кіре алатын каталогтары, жергілікті оқиғаларға толы күнтізбесі, фактографиялық мәліметтер қоры және басқа ақпараттық қорлары бар толық кітапханалық Web-парақты талап етеді. Осы кезеңде библиографиялық қызмет құрал-тәсілдерінің түпкілікті өзгеруіне тәуелді болып келетін қаржылық саясат пен кітапхананың барлық анықтамалық қызметінің ұйымдастырушы құрылымын айтарлықтай модификациялау қажет болады. Виртуалды ақпараттық-библиографиялық құралдарды кітапханалар қызметіне енгізу олардың жаңа фукнцияларын орындаудың бірінші кезеңі болып есептеледі. Ғаламдық компьютерлік желінің қарқында дамуы сапасы өзге ақпараттық инфрақұрылымның пайда болуына әкеліп соғады. Бұл жерде кітапхана тұтынушылар үшін шексіз ақпараттық ғаламға апаратын жалпы жолды қамтамасыз етуші институт рөлін атқаратын болады [16, б. 24].

Жаңа технологияларды меңгеру, кітаптық, кітаптық емес және видеомәдениеттердің болуы шарттарында кітапханалық қызмет көрсетудің концептуалдық негізінде «ақпараттық мәдениет» категориясы ие болды.

Ақпараттық мәдениеттің тұлғаның қалыптасуында маңызы зор. Барлық білім беру мекемелерінде (жоғарғы оқу орындары, колледждер, лицейлерде) «Ақпараттық мәдениет негіздері» курсы бойынша сабақтар жүргізіледі. Бұл сабақтарда оқытушылар студенттерді кітапхананың анықтамалық аппаратын пайдалануды, каталогтар мен картотекалар бойынша ақпаратты іздеуді үйретеді, т.с.с. Кітапханаларда тұлғаны ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу мәселесі тіпті жоғары қойылады. Себебі, ақпаратпен тікелей жұмыс жасайтын мамандар ақпараттық мәдениеттің маңызын терең ұғынады. Сондықтан, кітапханада кітапханалық сабақтар, библиография күндері, кітапхана ішіндегі экскурсия, ақпарат күндері сияқты шаралар өткізіліп тұрады. Мұндағы мақсат – тұлғаның ақпарат қажеттілігін ояту, ақпараттық мәдениетін дамыту [5, б. 75].



9 Ақпаратты семантикалық өңдеуді автоматтандыру

Ақпараттық мәдениеттің дамуына көптеген себептер әсер етеді. Олардың арасында өмірлік мән факторына (аксиологиялық фактор) сүйенсек, оның шарт, орта, даму, объективтік және субъективтік, биологиялық, психофизиологиялық, валеологиялық-экологиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық функциялары бар. Осыған байланысты ақпараттық мәдениет дамып, ақпаратқа деген сұраныс артады [9, б. 24].

Ақпарат әрқашан адам өмірінің маңызды, құрамды бөлігі болды.

Ақпарат – бұл адаммен немесе арнайы құрылыммен қабылданатын материалдық және рухани әлемнің фактілерінің коммуникация процесіндегі көрінісінің мәліметі.

Адам бар жерде ақпарат бар, сондықтан адамзаттың дамуымен ақпарат та дамып отырған. Соңғы ақпараттық революция XX - XXI ғасырларда болды. Микропроцессорлар мен компьютерлердің пайда болуы қоғамның дамуына жаңа кезеңді ашты. Бұл ақпараттың дамуының соңғы кезеңі – машинаоқушы немесе электрондық кезең. Осыдан қазіргі кезге дейін ақпараттық ресурстар түрленіп, мүмкіндіктері артып келеді.

Ақпараттық мәдениетті тұлғаның өмірлік сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында ақпараттық ресурстарды меңгерудің әр түрлі және күрделі тапсырмаларын шешетін интеллектуалды мәдени аспап (механизм) ретінде де қарастыруға болады [10, б. 219].

Ақпараттық ресурстар – бұл бар ақпараттың сақтау мен қолдану мақсатында қандай-да бір сақтаушыға жазылған қорлары.

Ақпараттық ресурстың құрамы ҚР заңында (Ақпаратты қорғау туралы) былай деп көрсетілген: бұл - ақпараттық жүйедегі (мұрағат, кітапхана, мәліметтер қоры, статистикалық мәліметтер және т.б. сияқты ақпараттық жүйелер) бөлек құжаттар.

Ақпараттық ресурстардың құрамын нақтырақ былай сипаттауға болады:

- кітапхана қоры (кітаптар, мерзімді, ноталық, электрондық басылымдар, аудио-видео кассеталар);

- анықтамалық-библиографиялық аппарат (электронды каталог, библиографиялық қор, картотекалар);

- компьютерлік технологиялар;

- интернет;

- электрондық почта, құжаттарды электронды жеткізу.

Кітапхана ақпараттық-іздестіру жүйесі болып табылады. Ақпараттық-іздестіру жүйесінің компоненттері мыналар:

- анықтамалық-библиографиялық аппарат, оған электронды және карточкалы каталогтар мен картотекалар, сонымен қатар, анықтамалық және библиографиялық қорлар енеді.;

- дәстүрлі және электронды тасымалдаушылардағы кітапханалық қор, мерзімді басылымдар.

Қоғамды жаһандық ақпараттандыру, кітапханаларға есептегіш техникалардың кешенді енуі, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану, жаһанды Интернет желісіне шығу кітапханалық-ақпараттық ресурстардың мүмкіндіктерін арттырды. Электронды кітапханалар, электронды каталогтар, медиатекалар сияқты кітапхананың қазіргі заман жағдайындағы тенденциялары – осыған дәлел [5, б. 4].



10 Құжаттық ақпараттық жүйелердің түрлері

Электронды кітапхана білім берушілік және ғылыми ресурстардың, электрондық журналдардың, дәстүрлі кітаптар мен мерзімді басылымдардың электронды көшірмелерінің жүйелік жиыны болып табылады. Электронды кітапханалар – компьютерлік метафора, яғни желі арқылы әр түрлі елдерде орналасқан әр түрлі мәліметтер банкінен ақпарат алатын оқырман өзін бір виртуалды кітапхананың мәліметін оқып отырғандай сезінеді [13, б. 19].

Электронды кітапхана дайындауда келесі мақсаттар көзделеді:

- ЖОО-да мамандар дайындау профилі бойынша электронды құжаттардың топтамасының қалыптасуы;

- оқу процесін электронды тасымалдаушылардағы оқу материалдарымен қамту;

- жойылған режимде кітапхананың ақпараттық ресурстарына еркін қол жеткізу;

- қолданушыларды кітапхана ресурстарының қазіргі кезгі қолдану әдістемелеріне үйрету.

Электронды кітапхананың құрылымына міндетті және қосымша элементтер кіреді.

Міндетті элементтерге мыналар жатады:

- электрондық ресурстар (электронды ақпараттың түрлері);

- персоналды компьютерлер;

- мәліметтерді жіберу ортасы (Интернет);

- кәсіби кітапханашы.

Қолданушыларға қызмет көрсетуді жақсартатын қосымша элементтер:

- локальды есептегіш желі (ЛЕЖ);

- телекоммуникациялық серверлер;

- жеке электрондық ресурстар;

- файлдық серверлер, веб-серверлер [14, б.35].

Электронды кітапхананың қоры - цифрлік ресурстар жасаудың бірнеше амал-тәсілдері бар, солардың кейбір мысалдары мен мүмкіндіктерін қарастырайық.

Тексттерді клавиатурада қолмен теру немесе мәліметтердің клавиатуралық енгізілуі. Бұл әдістің екі түрін атап өтуге болады. Біріншісі – авторлық тексттер дайындау. Көбінесе бұл творчестволық жұмыс. Қолжазба тексттерді анықтаумен планшеттік құрылғылардың көлемді енуіне дейін барлық жаңа тексттер осылай жасалады. Екіншісі – дайын тексттерді теру немесе қайталау. Бұл өте қиын да ұзақ процесс, дегенмен, қазіргі кезге дейін кең қолданылады.



11 Автоматтандырылған ақпараттық – іздеу жүйелері (ААІЖ)

Қазірігі кезеңде РМК-да электронды депозитарий рөлін кәдімгі файлдық форма атқарады. Мысалы, көшіру, мұрағатқа жіберудегі барлық мәселелер, файл атауларын ойластыру, құқық есебін жүргізу және тағайындаудың күрделі жүйесі және т.б. Бұл жерде басқарма функциясын кітапхана бөлімшесіне беру туралы сөз жоқ. Себебі электронды құжаттардың көшірмелерін энерготәуелсіз тасығыштарда паралель түрде сақтау қажет, сонымен қатар сол тасығыштардың есебі жүйесін және оларды қайта көшіру қажет. Аса ірі емес көлемде мұндай тәсіл жұмыс атқара алады. Бірақ мұндай көлемнен РМК-ның көлемі әлдеқайда алдыда. Сондықтан 2006 жылы электронды депозитарийге арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің өңдемесін жасау қолға алынған. Бағдарламалық шешімнің қажетті базалық құралдардың жинағын басқару, мәліметтерді беруге арналған хаттамаларды жүзеге асыратын Storage Resource Broker коммерциялық бағдарламалық қамту қойылған. РМК-ның қажеттілігін есепке ала отырып, ол қажет сервистер мен интерфейстермен толықтырылған. Көбінесе сенімді ресурстарды сенімді сақтауларды қамтамасыз ету құралдары, кітапханалық метамәліметтерді үдестіру жүйесі, электронды ресурстарды қолдау сервисі бар.

Демек, Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының ақпараттық ресурстары, заманауи ақпараттық жағдаяттарға бейімделу тәсілдері, кітапхана қызметінің технологиялық үдерісі, қазіргі анықтамалық-библиографиялық аппаратының ақпараттық-ресурстық мүмкіндіктері озық елдер кітапханаларының хал-ахуалымен барабар (Ресей Федерациясы, Ресей мемлекеттік кітапханасымен салыстыру негізінде). Кітапханаға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Өз тарапымыздан қосарымыз, кітапхананың ресурстық дами түсуі үшін, Ресей мемлекеттік кітапханасының тәжірибесіндегідей, ірі коммерциялық компаниялар қолдау көрсетсе, нұр үстіне нұр болар еді.

12 Ақпаратты және білімді ұсыну тілдері. Ақпараттық іздеу тілдері

Жүйе технологиясында қолданылатын ақпараттық тілдердің, деректердің сөздік базаларын, лингвистикалық процессорлардың және сөздіктерді актуалдау құралдарының жиыны. ЛҚ қызметі:



  • Құжаттар мен сұраныстарды корпорацияның жалпы ережелеріне сәйкес индекстеу;

  • Корпорацияның жалпы пайдалануға арналған;

  • Құжаттың, фактографиялық, және басқа да базаларында ақпарат іздеу;

  • Корпаративті жүйеге қатысушылардың ішкі лингвистикалық үйлесімі және олардың басқа дамыған АКАЖ жүйелерімен үйлесін қамтамасыз ету;

АКАЖ ЛҚ құралдарының құрамына кіреді:

а) Индекстеу тілдері (ИТ):

Классификацияның типтері ИТ:


  • ЯН ГРНТИ (гос.ребрикатор НТИ);

  • ЯИ УДК;

  • ЯИ ДКД (клас.Дьюхи);

  • ЯИ ББК.

Вервалдық типтері ИТ (ЯИ).

  • кілттік терминдер ЯИ;

  • пәндік рубрикалар ЯИ;

  • Делдал-тілдер (языкы-посредники).

Ақпараттық-іздеу тілдері (АІТ) –

  • УГРНТИ АІТ және ДКД АІТ, салалық сипаттағы сұраныс бойынша іздейді.;

  • Кілттік терминдерді АІТ, пәндік сипаттағы сұраныс бойынша іздейді.

б) Сөздік деректер базасы – құжаттардың кіріс жазбаларын лексикографиялық және терминологиялық бақылауда, ПОД-ді бір индекстеу тілінен екіншіге аударуда, құжаттардың жазба элементтерін автоматты аударуда, пайдаланушылардың сұраныстарын индекстеуде пайдаланылады:

- ГРНТИ деректер базасы;

- УДК деректер базасы (ДБ);

- ДКД ДБ;

- ББК ДБ;

- тезаурустар ДБ;

- авторитетті жазбалардың ДБ;

- грамматикалық сөздіктердің ДБ.

в) Лингвистикалық процессорлар:

- ПОД-ды бір индекстеу тілінен екінщіге аудару процессорлары;

- машиналық аудару процессорлары;

- форматтарды конверттеу процессорлары;

- транслитерациялау процессорлары;

- ПОД-ды индекстеу тілінен делдал тілге (ЯП) және кері аудару процессорлары;

- ПОД-ды ИТ-нен ақпаратты іздеу тіліне аудару процессорлары.

3,4,5 – процессорлар құжаттар мен мәліметтерді конверттеу кезінде, ал қалған екеуі – жүйелік бағдарламалық жабдықтар шеңберінде әсер етеді.

г) Сөздіктерді жүргізу құралдары:

- ПОД-тағы жаңа сөздерді сөздік-грамматикалық фильтрлеу процессоры;

- ПОД-тағы жаңа терминдерді тезаурустың фильтрлесу процессоры;

- сөздіктерді актуалдау процессорлары.


Әдебиеттер тізімі

Негізгі


  1. Воройский Ф.С. Основы проектирования АБИС.-М., Либерия, 2002.

  2. Воройский Ф.С. Аналитико-синтетическая обработка и переработка информации в автоматизированных системах НТИ: основные организации и технологии. - М.: ИПКИР, 1991.

  3. Коровякова И.Д. Автоматизированные библиотечно-информационные системы и сети. - М.: МГИК, 1983.

Қосымша

  1. Алешин Л.И. Автоматизация в библиотеке.Ч.1.-М. МГУКИ,2001.


  2. Библиотеки и ассоциации в меняющемся мире: Новые технологии и новые формы сотрудничества: Материалы междунар.конф. «Крым-1995-2001».-М.:ГПНТБ России, 2002.
  3. Дригайло В.Г. и др. Основы управления библиотекой высшего учебного заведения. - М.: Либерия, 2004.


  4. Земсков А.И., Шрайберг Я.Л. Электронные библиотеки.-М.:Либерея,2003.
  5. Зупарова Л.Б. и др. Библиотечная обработка документов.- М.:Леберея,2003..


  6. Информатика/Под ред. Симоновича С.В.-СПб.:Питер,2000.

  7. Кузнецов О.А. Автоматизация в библиотеках.-М.:Книга,1975.

  8. Руководство по UNIMARC: руководство по применению международного коммуникативного формата UNIMARC/пер. с англ.-М., 1992.

  9. Саак А. и др. Информационные технологии управления. - СПб., 2005.

  10. СИБИД (Система стандартов по информации, библиотечному и издательскому делу) ГОСТ 7.1-2003. Библиографическая запись. Введ. 01.07.2004.-М.,2004.

  11. СИБИД. ГОСТ 34.003-90. Автоматизированные системы. Термины и определения.- М.,1991.

  12. СИБИД. ГОСТ 34.601-90. Автоматизированные системы. Стадии создания. - М., 1992.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет