Бұл, аппаратураны жасап шығарушылар оның сипаттамаларын осы желілік операциялық жүйеде немесе
егер бұл хаттамалар әртүрлі ОЖ-лерде қолданылатын болса, оларды іске асырудың осы нұсқасында
қолданылатын хаттамалар қолданатындай етіп оңтайлардырғандығын білдіреді. Хаттамалардың әртүрлі
ОЖ-лерде іске асырылу ерекшеліктеріне байланысты коммуникациялық жабдықтардың сипаттамаларының
бірі болып оның осы ОЖ ортасында жұмыс істеу мүмкіндігіне сертификатталғандығы қолданылады.
Төменгі – физикалық және арналық деңгейлерде – іс жүзінде барлық стектерде (SNA-дан басқасы) бір
ғана хаттамалар қолданылады. Бұл жақсы стандартталған Ethernet, Token Ring, FDDI және тағы басқалары,
олар барлық желілерде бір ғана аппаратураны қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде бар стектердің желілік және одан жоғары деңгейдегі хаттамалары көп әртүрлілікпен
ерекшеленеді және әдетте ISO үлгісі ұсынған деңгейлерге бөлуге сәйкес келмейді.
Жекелей алғанда, бұл
стектерде сеанстық және өкілдік деңгейдің функциялары көбінесе қолданбалы деңгеймен біріктірілген.
Мұндай сәйкес еместік ISO үлгісінің қолда бар және нақты қолданылатын стектерді жинақтаудың нәтижесі
ретінде пайда болғандығына байланысты, керісінше емес.
Достарыңызбен бөлісу: