310
Сүлеймен қарақшы
— Берi кiр, Сүлеймен, — дедi ол. Сосын солдаттарға бұйырды:
— Ұзап кетпей, есiк алдында тұрыңдар!
Сүлеймен оның қарсысына келiп отырды. Бастық қазақ бұдан
не үшiн сотталғанын және вагон iшiнде нелiктен төбелескенiн
сұрады. Сөзге сараң Сүлеймен болған
жайттарды қысқа-қысқа
қайырып айтты.
— Иә, бiр бұлар емес, зонаға барғаныңда, мұндайлардың
талайы кездеседi әлi саған. Қазақсың ғой, қазақ болғанда қандай
мықты жiгiтсiң. Сол үшiн де сенi сыйлап отырмын. Әйтпесе,
осы тiрлiгiң үшiн
артыңнан қағаз жазып, жазаңды одан бетер
ауырлатып тастар едiм. Ал мен ондайға бармаймын. Сен —
сотталушы, мен — милиционер болсам да айтайын. Ешқашан
ешкiмге есеңдi жiберме. Содан соң мынау есiңде болсын. Барған
түрмеңнiң
паханын ұрып жықсаң, сол жердегi қожайын өзiң
боласың. Бiрақ ешкiмге өздiгiңнен тиiспе. Ал өздерi тиiссе,
мынау Аркаша мен Османға ұқсатып, аямай сiлiкпесiн шығарып
таста.
— Маған жаны ашып, сыр айтып отырған мiлисаны бiрiншi
рет көрiп отырмын. Ақыры сыр айтып қалдың ғой, анау Аркаша
мен Османның жағдайы не болады ендi?
— Бiр сарбазды көршi стансадағы
доқтырды алып келуге
жұмсадым. Екеуiнiң жағдайы — сол келгеннен кейiн белгiлi
болады. Оны неге сұрадың? Саған бәрiбiр емес пе.
— Тегi сұрап жатқаным да.
— Иттер қанша сотталса да, босанып кететiн едi... Жатсын ендi
осылай. Қазiр пойыз жүредi. Ешкiммен ерегiспей вагонға кiр.
Мен саған адамгершiлiк жасадым. Сен де маған жаса. Қолымда
билiк болса, сенi босатып-ақ жiберер едiм. Бiрақ амалым жоқ.
— Ниетiңе рахмет, бауырым. Айтшы, бiздi қандай жерге апара
жатыр?
— Сiбiрде Новосiбiр деген қала бар. Соның түбiндегi орманда
үш лагерь бар. Сенi және достарыңды сол лагерлердiң бiрiне
апарады.
— Ұзақ жүремiз бе?
— Жиырма күндей. Ал, Сүлеймен, бар ендi. Жаңағы айтқан
сөзiмдi ұмытпа. Қарауыл, әкетiңдер мынаны!