Дыбыс табиѓаты



бет1/42
Дата14.06.2023
өлшемі460 Kb.
#475062
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Дыбыс табиѓаты


ДЫБЫС ТАБИҒАТЫ



    1. Дыбыс туралы ұғым.

Жаратылыстағы серпінді (сығылмалы) мүшенің, нәрсенің белгілі бір ортада теңселіп, қозғалуының нәтижесінде пайда болған, құлаққа естілетін әр алуан үн, сыбыс-сылдырдың бәрі – дыбыс деп аталады. Ол бізді қоршаған табиғаттан, әлеуметтік ортадан есту мүшемізге (құлақ) сезіліп, әсер етеді. Дыбыс өтетін орта – ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып пайда болуы мүмкін емес.




1.2. Дыбыстың акустикалық мінездемесі


Дыбыстың жалпы теориясын физиканың акустика (грек тілінің akustikos – «естілу» деген сөзінен алынған) деп аталатын саласы қарастырады. Акустика дыбыстардағы төмендегідей белгілерді ажыратады: дыбыс ырғағы, дыбыс күші, дыбыс әуені, дыбыстың созылыңқылығы.
Дыбыс ырғағы белгілі бір уақыт мөлшері (1 сек.) ішіндегі жиілік (16 Гц. – 20000 Гц. аралығында) саны. Жиілік саны неғұрлым көбейе берсе, дыбыстың ырғағы соғұрлым өсіп күшейе береді, керісінше, жиілік саны азайған сайын дыбыстың ырғағы солғындап әлсірей береді. Сөйлеу тілінде айтылатын дыбыстардың ырғағы фразалардың түрлеріне және олардың эмоциялық бояуы мен экспрессивті қызметіне қарай өзгеріп отырады. Дыбыс ырғағының өзгеруі екпінге қатысты құбылыстарда (интонация, мелодика т.б.) айрықша маңызды қызмет атқарады.
Дыбыс күші дірілдің қарқынынан шығады. Егер дірілдің амплитудасы (амплитуда – латын тілінің amplitude «кеңдік», «көлемділік» деген мағынадағы сөзінен алынған), яғни қарқыны, неғұрлым көбейе түссе, дыбыс күші де соғұрлым ұлғайып, күшейе береді.
Сөйлеуде дыбыс күші екпінмен, қарым-қатынасқа түседі. Дыбыс күшінің динамикалық екпінге ие тілдерге қатысы, атқаратын қызметі басым болады.
Дыбыс әуені. Дыбыс толқынын тудыратын дірілдің қозғалысы негізгі тон мен бірнеше көмекші тонның қосындысынан жасалады. Көмекші тонобертон (неміс тілінің oberton – «жоғары тон» деген сөзінен алынған) деп аталады. Дыбыстың әуені осы аталған обертондардың санына және олардың дыбыс ырғағы, дыбыс күші жағынан негізгі тонмен арақатысына байланысты болады.
Дыбыстың ритмикалы және ритмикалы емес деп аталатын түрлері бар. Егер, дірілдің саны уақыт бірлігінің бойында (1 сек. ішінде) өзгермей, тұрақты болып қалса, ондай діріл ритмикалы (біркелкі) діріл деп аталады. Ал, егер уақыт бірлігі бойында дірілдің саны өзгеретін болса, ондай діріл ритмикалы емес (біркелкі емес) діріл деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет