Диктант №3 Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен мемлекеттік стандарт бағдарламасының меңгертілуі деңгейін анықтау Міндеттері



Дата02.02.2024
өлшемі30.48 Kb.
#490538
түріБағдарламасы
Қазақ тілі мазмұндама,шығарма,диктант №3 4кл А-И


Диктант № 3
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен мемлекеттік стандарт бағдарламасының меңгертілуі деңгейін анықтау
Міндеттері: Орфографиялық дағдылар біліктілігі және пунктуациялықережелердің практикалық түрде меңгерілуі. Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдылары.
Бөдене
Қыс суық.Ініміз екеуіміз жол жағалап келеміз.Кенет шиқ-шиқ еткен дыбыс естілді.Біз дыбыс шыққан жерге жақындадық.Бұл қанатымен қар сабалаған бөдене екен.Мен оны аяп кеттім.Қойныма тығып,үйге әкелдім.Оң қанаты сыныпты.Оны таңып қойдық.Бөдене күннен-күнге оңала бастады.
Көктемге дейін үйде асырадық.Терезеден сыртқа қыт-қыттап қарай береді.Күн әбден жылынған соң,оны ұшырып жібердік.Бөдене қуанып,бізге алғыс айтып бара жатқандай болды
(68 сөз)
Грамматикалық тапсырма:

Тапсырмалар

Дескрипторлар

Балл

1.Қос сөздерді теріп жаз.



-мәтіннің ішінен қос сөздерді таба алады;

1

2.Атау септігіндегі сөздердің астын сыз.

-септік түрлерін, сұрақтарын, жалғауларын анықтай біледі;

1

3. «Бөдене» сөзіне фонетикалық талдау жаса.



-дауысты,дауыссыз дыбыстардың түрлерін,
буын түрлерін анықтайды;

1

4.Соңғы сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.

- тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің сұрақтарын біледі, ажырата алады;

1


Қазақ тілі. 4 сынып.
3 Мазмұндама.
Мақсаты:мәтін мазмұнын рет-ретімен баяндауға машықтандыру;
-сөздік қорын,сауаттылығын дамыту;
-құбылыстарды бақылауға дағдыландыру.


Түнгі шайқас
Түн.Қараңғылық қоюлана түскен шақ.Жапалақтап қар жауып тұр.Колхоздың озат жылқышысы Қасен қарт үйірлі жылқыны түнгі тебінге айдап шыққан. Жылқылар кенет үріккендей болды.Қасен сескеніп қалды.Мылтығын оқтай салып, жылқының үріккен шетіне қарай шапты.Жеті қасқыр жылысып келе жатыр.Жыртқыштар үйірге таянып қалыпты.Жағдай қиын,өйткені,қасқыр жетеу, ал Қасеннің оғы үшеу-ақ.Халықтың малын бұдан қалай құтқарып алу керек?Қасен не де болса бар қаруымен,бар оғымен қайрат көрсетуге бекінді.Қасқырлардың алдында келе жатқан арлан қасқырдың дәл маңдайынан тигізіп қалпақтай ұшырды.Қалған бесеуі бөлтіріктер екен.Олар қашып кетті.Жылқыларды аман алып қалғаны үшін Қасенге сыйлық берілді.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: қоюлана түсу,жапалақтап, үйірлі жылқы,түнгі тебінге,арлан бөрі,қалпақтай ұшты.
Мазмұндама жоспары:
1.Қасен қарттың үйірлі жылқыны түнгі тебінге алып шығуы.
2.Жылқының қасқырмен бетпе-бет кездесуі.
3.Қасқырды айламен атуы.
4.Қасқырдың бөлтіріктерінің қашуы.
5.Қасеннің сыйлық алуы.

Шығарма №4
Тақырыбы: «Қыстың қызықтары»
Мақсаты: Оқушы өз ойын жүйелей отырып, ойларын тұжырымдап жазбаша жазуға машықтандыру.
Міндеттері: 1.Тақырыпты ашуда әдеби сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс қолдануы мен сөйлем байланысын дұрыс құруға дағдыландыру;
2. Тақырып мазмұнын ашуда өсиет сөздерді, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді орынды қолдана білуге баулу.


Жоспар:
1. Қыс келді
2.Адамдардың еңбегі
3.Қыс қызықтары.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет