Қазақ тілі сабағында.
Біз биыл сегізінші сыныпта оқимыз. Оқу жылы мамыр айында бітеді. Біздің мектептің оқушылары орыс тілінен басқа үш тілде оқиды. Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Мұғалім әрқайсымызға талап қоя біледі. Тақырыпқа орай көптеген жұмыс түрін орындаймыз: бір - бірімізге сұрақ қойып жауап береміз, қазақ мәтінін оқып, орыс тіліне аударамыз, сөйлемдерге грамматикалық, фонетикалық талдаулар жасаймыз, диктант, шағын шығарма жазамыз. Біз қазақ тілінде еркін сөйлеуге тырысамыз, өйткені қазақ халқының тілін, әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді.(71сөз)
Тапсырма: Бірінші сөйлемде синтаксистік талдау жасаңдар.
Біздің үйіміз.
Біздің үй Қостанайда. Үйім Абай даңғылында орналасқан. Нөмірі алтыншы үй - біздікі. Бұл қазыналық үй емес, жекеменшік үй. Біздің үйдің төрт бөлмесі бар. Кіре берісте кең, үлкен дәліз. Одан ары қарай төргі бөлме. Төргі бөлменің үлкен бір терезесі бар, оң жағында екі кресло, бұрышта түрлі түсті теледидар және қабырғада сурет ілулі тұр. Төргі бөлменің сол жағында диван және журнал үстелі тұр. Әр бөлмеде
кілемдер жатыр. Терезелердің бәрі күншығыс жақта. Әр жексенбіде біз бөлмелерді шаңсорғышпен тазалаймыз, үйіміз бізге өте ұнайды.
(80сөз)
Тапсырма: Синтаксистік талдау жасаңдар.
Абай.
Абай – қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы классигі. Алдымен ол қазақ халқын өнерге, білімге, еңбекке шақырды. Орыс елінің мәдениетімен таныстырды. Ұлы ақын өтірікке, өсекке, надандыққа қарсы күресті. Абай қазақтың ән - күй шығармашылығын жете білген. Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет, жаяу Мұса сынды халық композиторларын ерекше бағалаған.
(52 сөз)
Тапсырма: “ер жүрек”,”жас”,”жауынгер”,”көп”,”сол қол”, сөздеріне
Антонимдерді келтіріп жазыңдар.
Отбасы.
Біздің отбасымыз онша үлкен емес. Отбасымызда бес адам бар. Олар: әкем, шешем, ағам, апам, және мен. Сіңлім, інім жоқ. Менің әкем - дәрігер. Ол егде адам. Шешем мектепте мұғалім. Ол егде адам емес, жас. Апам техникумда мұғалім. Ағам – зауытта жұмысшы. Мен оқушымын. Мен оның қарындасымын. Біздің отбасымыз өте тату. Үйіміз қаланың орталығында. Ол бес қабатты үй. Біздің пәтеріміз бесінші қабатта. Пәтерімізде төрт бөлме бар. Үйіміз жарық және кең. Терезелері үлкен, оңтүстік бетте. Бүгін демалыс күн. Әкем диванда газет оқып отыр. Шешем ас үйде жүр. Апам қонақта. Ағам далада футбол ойнап жүр. Мен кітап оқып отырмын. Бәрі өз жұмысында.(97сөз)
Тапсырма: тәуелдік жалғауы бар сөздердің астын сызыңдар.
Сенбілік.
Бір күні мұғалім апай сенбілік болатынын айтты. Барша жұрттың жұмысқа шығатынын және тегін еңбек ететінін түсіндірді. Мен сенбілік қашан болады деп күттім. Күткен күнге де жеттім. Жұмыс киімін киген бойда мектепке тартып келемін. Біз линейкаға тұрдық. Әр сыныпқа арнаулы тапсырма берілді. Барлығымыз жұмысқа кірісіп кеттік. Мектеп ауласындағы ағаштардың діңін ағарттық. Арықтарды тазарттық. Қаншама қоқыстарды зембілмен алысқа апарып тастадық. Лезде аула тап - таза болып шыға келді.
Түсте үйге қайттық.(62сөз)
Тапсырма: фонетика талдау: сенбілік.
Достарыңызбен бөлісу: |