«Дінсіз қоғам-дымсыз қоғам»тақырыбында баяндама



бет1/2
Дата29.01.2023
өлшемі23.52 Kb.
#468893
  1   2
дінсіз қоғам наурыз баяндама


ШЖҚ «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі» МКК


«Дінсіз қоғам-дымсыз қоғам»тақырыбында баяндама

Дін әлеуметтік өмірмен тығыз байланысты болғандықтан қоғамда өзінің орындайтын функциялары мен рөлі болады. Функция және рөл дегеніміз синонимдік мағына бергенімен, олардың айырмашылығы бар. Діннің функциясы деп діннің қоғамдағы әрбір салалық қызметтерін атайды. Ал, рөлі деп сол қызметтердің соңғы қорытынды тұжырымы, Діннің елеулі функциялары: дүниеге көзқарастық, орын толтыру (компенсаторлық), реттеуші, ұйымдастырушы, мәдениет таратушы және т.б. функциялары бар.


Діннің дүниеге көзқарастық функциясы деп табиғатты, қоғамды және адамның болмысын өзінше бір жүйелік көзқараспен көрсетуге тырысатын функцияны атайды. Себебі діни көзқарастың әлемнің болмысын түсіндіру функциясы бар: әлем қалай пайда болды, әлемдік жеке құбылыстар деген не, онда қандай үрдістер жүріп жатыр; әлемдік қатынас; әлемдік баға; әлемнің мағынасы және тағы осындай компоненттері арқылы әлемнің болмысын өзінше түсіндіреді.
Діннің ең бір негізгі функциясы — орын толтыру (компенсаторлық) функциясы, яғни адам баласы өз дәрменсіздігінің, шамасы келмейтін жағдайларын Құдайға, табиғаттан тыс күшке артып, діннен қорғаныс іздейді. Мысалы: езушілік — рухани бостандық арқылы; әлеуметтік теңсіздік — барлық адамдардың Құдай алдында тендігі; жеке бастық — христиан бірлігі. Психология жағынан: рухани ләззаттық, медитация, катарис, жұбату т.б. функцияларын дін орындайды.
Діннің тағы бір функциясы — реттеушілік функциясы. Реттеуші функция деп жеке адамның, ұжымның, қауым адамдарының белгілі бір идеясын, құндылықтарын, әдет-ғұрып, дәстүр институттар меи адамдардың арасындағы қатынастарды, мінез-құлықтарын, сана-сезімдерін реттейді. Осылай реттеушілердің ішінде ең бір елеулісі белгілі бір жүйелік нормаға (діни құқықтың, мораль және т.б.), үлгімен (көптеген үлгілі нәрселермен), бақылау (әр түрлі ұйғарымды орындау), мадақтау мен жазалаулар болып есептеледі.
Бұл функцияны тікелей дінге байланыстырып қарастырсақ, қандай да бір іс-әрекеттер, қатынастар болмасын, оларды Құдай атынан, Құдай өсиеті мен шариғат арқылы және т.с.с. діни мораль арқылы реттейді. Қорыта айтқанда, діннің басты «реттеуші» функциясы, адамдық қарым-қатынастарын белгілі бір тәртіпке келтіріп, оның құдіреттілігі мен қасиеттілігіне адамдар-ды иландыру, сендіру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет