Дипептид келесі аминқышқылы молекуласымен әрекеттесе алады



бет1/6
Дата28.03.2024
өлшемі2.46 Mb.
#496734
  1   2   3   4   5   6
9-Дәріс. Циклді қосылыстардың органикалық химиясы




9 – Д Ә Р І С


5.2.3. ПЕПТИДТЕР МЕН БЕЛОКТАР

Аминқышқылдарының маңызды реакциясы − полимерлену реакциясы. Тірі ағзалардағы, аминқышқылдарының белок түзетін полимерлену реакциясы ферменттердің катализаторлық әсерінен жүреді. Пептидтер мен белоктар, аминқышқыл молекуласындағы амин тобы мен келесі аминқышқыл молекуласындағы карбоксил тобының амидті байланыс түзе әрекеттесуі нәтижесінде пайда болады:


R O R′ O R O R′ O


| || | || | || | ||
H2N−CH−C−OH + H2N−CH−C−OH → H2N−CH−C−NH −CH−C−OH + H2O
Дипептид

Дипептид келесі аминқышқылы молекуласымен әрекеттесе алады. Осы кезде пайда болған CO − NH байланысы пептидтік байланыс деп аталады.


Аминқышқылдарының көптеген (>100) элементар буындарынан тұратын заттар белоктар деп аталады. Белоктар өздерінің табиғаты мен құрылысы жағынан алуан түрлі. Фибриллярлы белоктар − молекуласының құрылысы түзу тізбекті, сілті мен қышқылдардың әсеріне тұрақты және суда ерімейді. Фибриллярлы белоктарға кератин (шаш, тырнақ, қауырсын, мүйіз ұлпалары), коллаген (бұлшық ет пен сіңірлер), эластин (қан тамырлары мен сіңірлер) және фибрион (жібек) белоктары жатады. Глобулярлы белоктар, мысалы альбумин (жұмыртқа белогы) және казеин (сүттің құрам бөлігі) белоктарының құрылымы үш өлшемді болып келеді. Полимер кеңістігіндегі полипептидті тізбектер, яғни полипептидтердің макромлекулалары құрамындағы аспарагин қышқылының полярлы −CO және лизиндегі NH топтарының, сонымен қатар цистиннің күкіртті көпірлерінің бір-біріменен әсерлесуі арқылы, бір-бірімен салыстырғанда білгілі бір ретпен байланыса орналасады. Белок тізбегіндегі цистин буынының −SH тобы тотыққан кезде, полипептидтік тізбек арасында − S − S − байланыстары түзіледі. Қышқыл мен сілтілердің әсері, температураның артуы белоктардың кеңістіктегі үшөлшемді құрылымын бұзады. Бұл бұзылу процесі белоктардың денатурациясы деп аталады. Глобулярлы белоктар суда жақсы ериді және оңай денатурацияланады.
Ферменттер − глобулярлы белоктар, олардың катализаторлық активтіліктері кеңістіктегі үшөлшемді құрылымы арқылы анықталады. Қыздырғанда, ерітінді рН-ын өзгерткенде немесе ультракүлгін сәлелерімен әсер еткенде ферменттер денатурацияланады да, олар катализаторлық активтілігінен айрылып, ары қарай өз функциясын орындай алмай қалады.
Шаштың құрамындағы белоктың цистин буындарындағы күкіртті көпірлер арқылы полипептидті тізбектер бір-бірімен байланысқан күйде болады. Осы құбылыс шашты химиялық бұйралау кезінде қолданылады. Ол үшін, шашты жеңіл тотықсыздандырғышпен өңдейді де, − S − S − көпірлерін бұзып, − SН топтарға айналдырады. Сонан соң, шашқа белгілі бір форма береді де, шаштағы − SН топтарын қайтадан тотықтырып, тізбек аралық − S − S − көпірлерін түзеді.
Осы процестер барысында шаш жаңа формаға ие болады да, бұйраланады.



S−S S−S SH SH SH S−S


SH
SH
S−S
Тотықсыз- SH Тоты- S−S
дануы ғуы
SH
S−S S−S S−S
SH SH S−S
SH


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет