Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы
№ бұйрығына
2-қосымша
«Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлiктің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштерді қабылдау:
1) Министрлiктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi – ХҚО);
2) www.egov.kz «электрондық үкіметінің» веб-порталы және (немесе) www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын (ХҚО)-қа және порталға тапсырған кезден бастап:
кәсіби дипломды беру – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;
кәсіби дипломның телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күн ішінде.
ХҚО жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты ХҚО-да – 15 (он бес) минут;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты ХҚО-да – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – кәсіби диплом, кәсіби дипломның телнұсқасы.
Көрсетілетін қызметтің нәтижесін берудің түрі: қағаз.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күні мен орны көрсете отырып, хабарлама жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақысыз негізде жеке тұлғаларға көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) ХҚО – Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, түскі үзіліссіз, дүйсенбі мен сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;
қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелу орны бойынша алдын ала жазылусыз және жылдамдатылған қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады,
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
ХҚО-ға:
1) кәсіби дипломды алу үшін:
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
жоғары немесе орта білімнен кейінгі бiлiм туралы құжаттардың (дипломның) көшірмелері;
жүзу өтiлiн растайтын құжат;
кемедегi жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысы (086/е нысанды медициналық анықтама);
мөлшері 3,5х4,5 сантиметр екі фотосурет;
2) кәсіби дипломның телнұсқасын алу үшін:
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
мөлшері 3,5х4,5 сантиметр бір фотосурет;
порталға:
1) кәсіби дипломды алу үшін:
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
жоғары немесе орта білімнен кейінгі бiлiм туралы құжаттардың (дипломның) электрондық көшірмелері;
жүзу өтiлiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
кемедегi жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысының электрондық көшірмесі (086/е нысанды медициналық анықтама);
мөлшері 3,5х4,5 сантиметр екі фотосурет (қызметті берушіге емтихан тапсырған күнде ұсынылады);
2) кәсіби дипломның телнұсқасын алу үшін:
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
мөлшері 3,5х4,5 сантиметр бір фотосурет электрондық құжат түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызмет алушының жазбаша келісімін алады.
ХҚО дайын құжаттарды беру жеке куәлік (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілген жағдайда тиісті құжаттарды қабылдау туралы сенімхат негізінде жүзеге асырылады.
ХҚО бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда, ХҚО сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті алушы бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚО көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін ХҚО жібіреді.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО-ның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, ХҚО-ның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына, мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, mid@mid.gov.kz, (8-7172) 75-44-44 телефоны арқылы немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің блогына (www.mid.gov.kz мекенжайы бойынша «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің блогы» бетіне) беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта, не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және
күні) шағым қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
ХҚО-ның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым ХҚО басшысына ХҚО www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
Қолма-қол, сондай-ақ почтамен түскен шағымдардың ХҚО кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа койылады). Тіркелгеннен кейін шағым ХҚО басшысына жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің Министрліктің атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Портал арқылы шағымданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетте» мемлекеттік қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын шағым туралы ақпарат қолжетімді – болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Жеке тұлғаның шағымында – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет анықтама бюросы, күтуге арналған креслолар және мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсетуге арналған пандустар көзделген ғимаратта көрсетіледі.
ХҚО-ға жеке өзінің келуі мүмкіндігі жоқ бірінші және екінші санатты мүгедек көрсетілетін қызмет алушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет үшін қажетті құжаттарды қабылдау ХҚО қызметкерлерімен көрсетілетін қызмет алушының тұратын жеріне шығумен жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
көрсетілетін қызметті берушінің – www.mtc.gov.kz интернет-ресурсында («Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» кіші бөлімінде);
ХҚО-ның – www.con.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
15. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет портал арқылы көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ болған жағдайда көрсетіледі.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі болады.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
«Кемелердің командалық құрамының
адамдарына диплом беру»
стандартына
1-қосымша
Нысан
Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау жөніндегі комиссияның төрағасына___________________облысы (қаласы) __________________________________________________________
(Т.А.Ә.А, ЖСН)
Өтініш
Сізден мені [Лауазымы] [Тобы] мамандығы бойынша кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беруді өткізуді сұраймын.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1. __________________________________________________________;
2. __________________________________________________________;
3. __________________________________________________________;
4. __________________________________________________________;
5. __________________________________________________________;
6. ...
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20___ж. «____» __________ ________________________
(өтініш берушінің қолы)
«Кемелердің командалық құрамының
адамдарына диплом беру»
стандартына
2-қосымша
Нысан
Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау жөніндегі комиссияның төрағасына_____________________облысы (қаласы) ______________________________________________________________
(Т.А.Ә.А, ЖСН)
Өтініш
Сізден [Лауазым] лауазымына [Топ] № [Дипломның нөмірі] [Дипломның берілген күні] дипломның телнұсқасын мынаған байланысты беруіңізді сұраймын:___________________________________________________________
(себебін көрсету)
____________________________________________________________________
Өтінішке мынадай құжаттар ұсынылады:
1. __________________________________________________________;
2. __________________________________________________________;
3. ...
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20___ж. «____» __________ ________________________
(өтініш берушінің қолы)
«Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру»
мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан
(Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, болса әкесінің аты не көрсетілетін қызметті алушы ұйымының атауы)
________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімшесі (мекенжайы көрсетілсін) «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _______________________________;
2) _______________________________;
3) …
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.
____________________________ _____________
Т.А.Ә. (ХКО қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә.______________
Телефон:__________
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ ж. «__» _________
Достарыңызбен бөлісу: |