әпкел-әкпел күдері-көдіре
әпкіш-әкпіш құптан-қүтпан
бастығырыл-бастырығыл қақсит-қасқит
бопса-боспа* қыруар-қырауыр
былжыра-жылбыра мегзе-мезге
дария-дайра* моқал-молақ*
долана -донала*
нысап-ынсап
дорба-добра* сыпатта-ыспатта
дөрекі-дөкір шуалшын-шылаушын
жалаңаш-жаңалаш шыбжалақта-шыжбалақта
жалау-аужал шыбжыңда-шыжбыңда
Әдеби тіл мүддесі мұндай дублет сыңарының біріне артықшылық беріп отыруды қажет етеді. Бұл жерде кейбір жарыспалы қолданыстың бірін доминанта вариант деп айқындауда сөздің түбір тұлғасын таяныш етіп алуға болады. Нормалаушы сөздіктерде, олардың ішінде орфографиялық сөздікте, негізінен, түбір нүсқасын беру тиімді. Мысалы: түпкір (түкпір емес), шапқы (шақпы емес), тапқыр (тақпыр емес), әкпел емес< т.б. Мұндай екі үдай қолданыстардың түбір тұлғасына сүйене отырып, негізгі вариантын анықтаудың тиімді жағы мынадан да байқалады: түп-, теп-, шап- т.б. түбір сөздерге әртүрлі қосымшалар жалғанып, жаңа сөз жасауға үйтқы болады (түпсіз, теперіш, шабуыл т.б.). Ал метатеза үшыраған варианттарда (түк-, шақ-, т.б.) мұндай қасиет жоқ. Сондықтан дыбыстардың нақтылы бір фонетикалық жағдайындағы транспозициялануы жазуда ескерілмеуге тиіс.
Жарыспалы өздердің
біріне артықшылық беруде, яғни жазуда ескеріп отыруға, ек түбір сөзге сүйену кейбір параллельдер үшін жеткіліксіз. Мұндайда дыбыстардьщ транспозициялану бағытына сүйену тиіді деуге болады. А.А. Пальмбах пен Ф.Г. Исхаков өздерінің «Тува тіліндегі және кейбір Тұркі тілдеріндегі метатеза құбылысы» деген макалалаарында В.В. Радловтың «Тілдің артқы бөлшектерінің түйісуінен кейін іле-шала ерінді түйістіру, еріннің түйісуінен кейін іле-шала тілдің артқы бөлшектерін түйістіруден жеңілдеу» деген пікіріне аназар аударады. Сепкіл, тепкі, әпке, түпкі сөздерінің секпіл, текпі, әпке, түкпі түрінде (пк>кп) айтылуын В.В. Радловтың осы пікірне байланысты қарастыруға блады.
Яғни еріннің түйісуі арқылы жасалатын дыбыстарға (п, б) қарағнда, тілдің артқы бөлшегінің түйісуі арқылы жасалатын дыбыстардың (қ, к) бұрынырақ айтылуы физиологиялық тұрғыдан анағүрлым жеңілдеу болуға тиіс. Сөз шенінде (п,к) дыбыстары тіркесіп келгенде, сөйлеу кезіндегі физилологиялық қолайлыққа байланысты [к] дыбысы [].п -дан бұрын келуге тырысады, ягни дыбыстардың орын алмасуы [п]-дан
[к] дыбысна қарай бағытталған деуге болады. Сөйлеу кезіндегі (в речи) мұндай спонтандық өзгерістердің түп-түгел жазуда еленуі шарт емес. Секпіл, өрекпі, жықпыл тәрізділер - сепкіл, өрекпі, жыпқыл сөздерінің спонтандық варианты. Бұларды мағыналық жүк, стильдік реңк алған айнал-айлан, деме-меде параллельдерімен бір деңгейде қарауға болмайды. Дыбыстардың транспозициялану бағытына сүйене отырып, жоғарыда айтылған жарыспалы сөздердің жазу-сызуда еленетін нұсқасын былайша көрсетуге болады: өрекпі (өрекпі емес), жыпқыл (жықпыл емес), шыпқырт (шықпырт емес), әпке (әкпе емес). Іргелес келген жағдайда жасалу орны ілері дыбыстар жасалу орны кейінгі дыбыстардан соң айтылуға тырысуы біздің жорамалдауымызша тек [к] мен [п] ғана емес, өзге де дыбыстарға қатысты тәрізді. Мысалы: қүптан — қүтпан, бопса-боспа, күбжеңде-күжбеңде, шыбжалақта-шыжбалақта т.б. Мұндағы [п] дыбысы [т]-ға [6] дыбысының [ж]-ға қарағанда жасалу орны ілгері. Дыбыстардың осындай транспозициялану бағытына сүйене отырып, бұлардың жазылуда ескерілетін варианты қүптан, бопса, күбжеңде, шыжбалақта деуге болады.
Герминацияланған дауыссыздармен келетін түбір сөздердің саны тілімізде біршама шектеулі. Оларға мына тәрізді сөздер жатады: мүдде, күллі,
махаббат, әккі, ләззәт, жаппа, ыссы, әдді, гәкку, ләббай (ләппай), жаннат (жер жаннаты), лоққы, жаббар (жаппар), әттең, ыссы, мұттайым, қисса, әлқисса, оппа, құттықтау, құдды әккі, тәкаппар т.б. гемината дауыссыздардың тіліміздегі бір алуыан сөздердің құрамынан орын тебуі бір сөзбен екінші сөзді ажырату қызметінде жұмсалатындығына байланысты мысалы: оппа (оппа қар) - опа (опа бермеу), жаннат (жер жаннаты) - жанат (жанат ішік), жаппа (баспана мағынасында) - жапа (жапа шегу), қисса (қисса дастан) — қиса (етістік) т.б.
Кейбір дауыссыздардың геминациямен айтылуынан «қашықтауға» байланысты молла, әмме, кәззап, алла тәрізді сөздер молда, әмбе, кезеп, алда түрінде игерілгендігі байқалады. Сондай-ақ [ашшы] ащы - ашты, ыссы -ыстық параллельдерінің әуелде жарыса жұмсалуы да осы ерекшелікке байланысты деуге болады.
Бірсыпыра сөздердің геминаталар арқылы қолданылуы дыбыстардың созылыңқы айтылуында болатын әкспрессилық мүмкіндікті пайдалануға қатысты. Мысалы, махаббат, ләззат, мәссаған (модаль сөз), жаннат (жер жаннаты), құдды, әуппай (одағай) т.б. сөздер дауыссыздардың әмфатикалық созылыңқылығына байланысты әкспрессияға ие болып тұрғандығын аңғарамыз. Бұларды "жалған" геминаталар деп атауға да болады. Қазақ орфографиясында шш геминатасының арнайы щ әрпімен таңбаланатын орындары бар. Бірақ бұлардың саны текащы,
тұщы кеще, шщ-ай (одағай) тәрізді үш-төрт сөзбен шектеледі.
Кейбір сөздердің геминаталарға қатысты әліптемесі жазу тәжірибесінде әртүрлі беріліп жүр: жаппар-жаббар, тәкаппар-тәкаббар, ләббай-ләппай; тұлтығу - түтығу, түттықпа-түтықпа, қүттықтау - қүтықтау; молла-модлда; алла-алда т.б.
Тіпті Орфографиялық сөздікте (1978 ж) ләббай- ләппай, жаппар -жаббар варианттарының жаббар, ләббай нүсқасы берілген. Бірақ дәл осы іәрізді тәкаппар - тәкаббар вариантының осы сөздікте тәкаппар нүсқасы негізге алынған. Осы сөздердің орфографиялық сөздікте бұлай берілуі негізсіз емес. Бір жағынан, үяң вариант Түріндегі ләббай, жаббар сөздері,
олардың қатаң Тұріне қарағанда, Тұрақты колданылатын орны, әрі жиірек жүқмсалатын жері көне, кітаби контекст деуге болады. Екінші жағынан, олар пассив лексикаға жататын көне реңкке ие сөздер. Ал тәкаппар-реңкі жағынан бейтарап актив лексикаға жатады. Тәкаппар - тәкаббар варианттарының реңктерін бейтараптық, әкспрессия, көнелік т.б. Тұрғыдан қарағанда, біріне-бірі қарама-қарсы сипатта деуге болмайды. Ал молла-молда, біссімілла-біссімілда варианттары бұл жағынан қарама-қарсы сипатта: молда-бейтарап реңкте,
молла-кітаби, көне реңкте, керісінше , алла, біссімілла, кітаби реңкте, ал біссімілда, алда -сөйлеу тіліне тән реңкте.
[т] дауыссызының бірде геминақияланып, бірде жалаң айтылуына байланысты сөздердің жазылуы да әртүрлі. Мысалы: құттықтау (орфографиялық сөздікте) - құтықтау (орфографиялық сөздікте берілмеген), түтығу (орфографиялық сөздікте) - түттығу (орфографиялық сөздікте берілмеген). Мұндағы күттықтау - қүтықтау вариантын кейде саралап қолдану фактісін кездестіруге болады: қүттықтау «приветствие» (приветственная речь - құттықтау сөз), қүлықтау «поздравление». Ал тұттығу түтығу, түттықпа-түтықпа вариантының геминақиямен айтылатын нұсқасын (әкспрессиялық өң, көне реңк т.б. мақсатта жұмсауды қажетсінбеуге байланысты) сөз қолданыстан бірте-бірте ығыса бастаған деуге болоады. Сондықтан орфографиялық сөздікте бұл сөз жалаң т нұсқасында берілген.
Достарыңызбен бөлісу: